«Денсаулық зор байлық» тәрбие сағаты.

0
818

«Денсаулық зор байлық» тәрбие сағаты.

 

Автор: Жуманова Гаухар Бестерековна

 

Бағыты: Басқа Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 6 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2018-12-31

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

денсаулық туралы айтып өту


Күні: 14.09.2018жСабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»Мақсаты:Білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.Тәрбиелік – денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтелдер, слайдтар.Барысы:    Ой ашар сұрақтары:А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) Ә)   Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)– Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.      Тапсырмалар:1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не? 5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?   Денсаулық – жеке адамның басты байлығы. Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.     Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», – деп мұғалім қорытынды жасайды.–    Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.Денсаулық – ол күлуің,Көңіл-күйің жадырай.Денсаулық – ол жүруің,Ешбір жерің ауырмай.– Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?– Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.3. Ыстық тамақтан соңсуық нәрсе ішпеу керек.4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.6.Тәттіні көп жеуге болмайды.7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.Дәптермен жұмыс– Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.2.Ісің түсіп тақсырға барма, Аурулы болып бақсыға барма.3. Бақсы көрінсе дерт қозады, Ұста көрінсе таға тозады.4.Жарлының байлығы – денінің саулығы.5..Ауру атанды да шөктірер.6.Қотыр қолдан жұғады,   Таз тақиядан жұғады.7.Бас ауырса жан қорқады.8.Жұғын бар жерде – шыбын бар,   Шыбын бар жерде – шығын бар.9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.10.Жан ауырса – тән азады,   Қайғы басса – жан азады.11.Өліспеген көріседі.12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,   Қойдың ойлағаны – амандық.13.Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.14.Мың жұмақтан – бір күн тірлік.15.Қасапшыға мал қайғы,   Қара ешкіге жан қайғы.16.Емнің алды – еңбек.17.Ауру желмен келіп, термен шығады.18.Аман болса бұл басым,   Тағы шығар бұл шашым.19.Азған денеге ауру үйір.20.Қайғы қартайтады,   Қуаныш марқайтады.Сергіту сәтіОйын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.  «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»    Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қорыҚызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.Дымқылдап күнде сен,қолыңа сүйкесең.Кетіп кір-ласың,Тап-тазаболасың. (Сабын)Шомылған баланы,Аймалапалады.Сүртедіқолын да,Сүртедіжонын да. (Сүлгі)Аузыжоқ, көзіжоқ,Тіліжоқ, өзіжоқ.Бірақ та тісі бар,Басыңмен ісі бар. (Тарақ)Бізедік, бізедік,Отызекіқызедік.қатар-қатартізілдік,Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)Қорытынды сөз:   – Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)– Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)– Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)– Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы. «Кім тапқыр?»Д – Дәрі шөптен, ақыл көптен.Е – Емнің алды – еңбек.Н – Негізгі байлық – денсаулық.С – Саулық – байлық негізі.А – Ас – адамныңарқауы.У – Уланудан сақтан.Л – Ластың досы – шыбын.Ы – Ыдысы тазаның, ырысы таза.Қ – қотыр қолдан жұғады.    – Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.        Елбасының «Жаңа онжылдықжаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген

Қазақстандықтар  спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрідәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұлүкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7- сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық халықтар осы айтулы мерекені атап өтеді.Слайд     Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.» Тырнақтарымызды жиіжиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді                            қоректену керек.» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.» Атаананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.   –  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір», – демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.Слайд    Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегідені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,Таза болып жүреміз.Біз баламыз шыныққан,Денсаулығы мықты жан.

Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақСабақтың мақсаты:1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;2. ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.Сабақтың барысы:Сайысқа түсетін оқушылар:Еркебұланқызы АқботаЖарасова ГүлжамалБітімов АқниетӘділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 1. Танысытыру;2. «Тәрбие көзі – халықта3. »  мақал-мәтел сайысы;4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;5. «Дені саудың – жаны сау» қимыл-қозғалыс ойындары6. «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» шығармашылық тапсырма7. ҚорытындыI.    Танысытыру;Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.Өмірде бақыттысың денің сауда.«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.Денің сауда күштісің бұл әлемде,Денің сауда сұлусың жер бетінде .Сол мықты денсаулықтың арқасында,Жетерсің әлі талай бақыттарға. – дей отырып алғашқы турымызды бастаймыз.IІ. «Тәрбие көзі – халықта».Денсаулықты сақта түзу өсесіңКүнәдан пәк жәннат өмір кешесің.Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,Харамменен тәніңді улап не етерсің?Жаман әдет көп шектірер қасірет,Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.1) Денсаулық – зор байлық2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.3) Жан ауырса, тән азады.4) Тәні саудың – жаны сау.5) Тәуіптің жақсылығы – ауруға ауру жамамағандығы6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай  өледі.8) Ауруын жасырған өледі9) Денің сау болса … жарлымын деме10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.ІІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;Денсаулықты сақта түзу өсесіңКүнәдан пәк жәннат өмір кешесің.Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,Харамменен тәңірді улап не етерсің?Жаман әдет көп шектірер қасірет,Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің. Біз сайысымыздың кезекті туры «Сөз тапқанға қолқа жоқ»-қа береміз.А                                       Б                                        Ж1. Жасыңыз нешеде?2. Денсаулығыңыз жақсы ма?3. Сабақта басыңыз ауырса не істейсіз?4. Денсаулық – зор байлық па?5. Қан тобыңыз қанша6. Адамда қанша саусақ бар?7. Спортпен шұғылданасың ба?8. Ден сау болу үшін не істеу керек?9. Сүйікті тағамыңыз қандай?10. Гигенаны қалай сақтаймыз?11. Бөлмені қанша уақыт сайын желдету керек?12. Іш ауырса не істейсің?13. Дәрігерден қорқасың ба?14. Мақалды жалғастырыңыз: «Денсаулықтың қадірін …..»15. Денсаулық жайында тілек айтыңыз.ІV. «Дені саудың – жаны сау» қимыл-қозғалыс ойындарыДенсаулық- ол шынықанБарлық дене мүшесі:Ден саулық- ол тыныққанЖүйке тамыр жүйесі.Денсаулық – ол  күлуің,Көңіл күйің жадырай.Денсаулық- ол жүруің,Ешбір жерің ауырмай.Болсаң да әлі қаршадай,Ойнау үшін шаршамай,Оқу үшін мектепте,Ашу үшін тәбетті,Құру үшін сен сауықКерек мықты денсаулық.1. Қасқырдан қорқып, қашып келе жатқан қоянның қимылын көрсетіңіз. 1 минут2. Балға тойып алған аюдың аралардан қашуын көрсетіңіз. 1 минут3. Иесі тамақ әкеле жатқан күшіктің қимылын көрсетіңіңз. 1 минутV. «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» шығармашылық тапсырмаБасты байлық – денсаулық.Бабам айтқан даналық.Сақта жолын сен тауып,Осы шақтан балалық.Дені саудың- жаны сау.Денсаулық сенің байлығың.Мықты болсаң досым ауЖуымас саған қайғы мұң.1-топ:…………………………………………баламыз,………………………………………….аламыз.……………………………………………..………………………………………….санамыз.2-топ:…………………………………………күлеміз,………………………………………….жүреміз,……………………………………………….……………………………………………сүреміз.3-топ:…………………………………………жанымыз,………………………………………….әніміз,……………………………………………….……………………………………………сәніміз.Флешмоб – 9-сыныпСайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. VII Қорытынды:Денің сау болсын десең,Ұзақ өмір сүргің келсеЖаңа достар тапқың келсеКөңілің сергек болсын десең,Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,Салауатты ғұмыр кешем десең,Арманыңа жетем десең,Үлгілі болам десеең,Таза болам десең,Өнерлі болғың келсе,Өз еркіңе тоқтау салып,Спортпен шұғылдан!Ән: Көңілді күн    Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.