Денис Тенге ән арнаған Димаш Құдайберген сахнада жылап қалды (видео)

0
153
Димаш Құдайберген Лондон төрінде марқұм Денис Тенге ән арнады. Әнші өзінің жеке концертінде спортшы досын еске алып, сахнада көз жасына ерік берген деп жазады nur.kz.

Лондон қаласында концертін дүркіретіп өткізген Димаш Құдайберген көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Тенге арнаған әнін орындап жатып, көзіне жас алған.

Желіге жүктелген бейнежазбада Димашқа дәл осы әнді орындау қиынға соққанын аңғаруға болады. Себебі досының қазасы жанына батқан әнші соңында сахнадан, жүгіріп кетіп қалады.

Желідегілер Денистің бұл өмірде жоқ екеніне әншінің әлі күнге де сене алмай жүргенін болжады.