Деңгейлі бағдарламалардың жеті модулі және курста оқытудың жаңа форматының тиімділігі

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Деңгейлі бағдарламалардың жеті модулі және курста оқытудың жаңа форматының тиімділігі

Автор: Джумагулова Бану Омаровна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-01


Материал туралы қысқаша түсінік

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті арттыру курсында шеберлікті шыңдап, алдағы оқуды жақсарту мақсатында тиімді оқудың қажеттілігі.




Джумагулова Бану Омаровна Ә.Хасенов атындағы №11 ЖББМ Жамбыл облысы, Меркі ауданы Bany-1979@mail.ru

Деңгейлі бағдарламалардың жеті модулі және курста оқытудың жаңа форматының тиімділігіДамыған 50 елдің қатарына еніп, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай – сенімді психолог, тынымсыз еңбекқор,ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы , гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге сенімдімін.Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін — ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, ақылшы, көмекші, талдаушы, саралаушы, түрткі жасаушы, ұйымдастырушы, эмоция тудырушы, мақтаушы, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйтқысы болу керек.Ал жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттылық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталған рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы шарт.Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – орта білім беру жүйелеріне әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу үшін оқушыларды қалай оқу керек екендігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ойы бар және ойын жеткізе алатын ынталы, сенімді, сыни пікір мен көзқарастары дамыған білікті тұлға қалыптастыру.Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Атап айтқанда жаңа форматты оқыту бағдарламаның жеті модульдеріне негізделген:1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;4. Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану;5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу;7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Жеті модульді пайдалану әр сабақта оқушы өз бетімен дамитыны, ізденетіні аян.Курста оқыту сабақ берудің әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіредіКурста өтілген әр күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы. Жаңа бағдарламамен  ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп,  түрлі сабақ үлгілерін көрсетуде.  Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып,  курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы жаңа оқу жылына тың өзгерістер мен ерекше құлшыныспен кірісуге дайын деп айта аламын.Аталған курс мен үшін өте тиімді. Сабақ беруді түрлі әдістермен қызықты етіп өткізу, білім саласындағы тың өзгерістерді танып-білу , өз біліміңді  көтеру үнемі жаңалыққа ұмтылу қазіргі таңда аса маңызды.  Осыған орай мұғалімдерді бағдарламаның барлық қыр-сырымен терең таныстырып, сапалы білім беріп жатқан әдіскер ағайымыз Дубанов Нұржан Бақытұлына алғыс айтқым келеді. Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбегіңіз жемісті болыпбілімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіз.Елімізде, әсіресе, облыс орталықтарында ұйымдастырылған осындай курстар білім беру саласына оң әсер беретініне сенімдімін

Э С С Е М Ә Т І Н І

Э С С Е М Ә Т І Н І

Э С С Е М Ә Т І Н І

Э С С Е М Ә Т І Н ІЭссені рәсімдеудің техникалық талаптары:

  • Эссе жазу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (таңдау бойынша);
  • Көлемі бір беттен аспауы тиіс;
  • Эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында рәсімделеді;
  • Шрифті – Times New Roman;
  • Әріпаралық интервал – 1;
  • Парақтардың параметрлері:

-қағаз көлемі – А4;-бағыты — кітапша;-шет жолдары: жоғарғы – 2,5см; төменгі – ; сол жағы – 1,25см; оң жағы – 2см;-шеткі жағынан колонтитулға дейін: жоғарғы – 1,2см; төменгі – 1,25см.

  • Көлемі 3×4 түрлі түсті фотосуреттің болуы міндетті.
  • ФотосуретJPEG-те жеке файлмен қосымша берілуі керек.Файлды өз тегіңіз бен аты-жөніңізді жазып белгілеңіз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.