Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту
Мазмұны:
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 2
2. Оқушылардың оқу материалын шығармашылықпен игеру деңгейін қалай анықтау
керек?. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 3
3. Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . . . .
. 6
4. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық
әрекетін дамыту . . . . . . . . . . . . .
. . . 16
5. Физика есептерін шығарудағы оқушылардың өзіндік жұмыстары . . . .
19
6. Физика еліне саяхат . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 22
7. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 25
8. Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 27
Кіріспе
Қазіргі уақытта жас мамандардың даярлық сапасының деңгейі төмен болуы
олардың орта мектепте алған білімнің нашарлығына байланысты екенін
мұғалімдер жүргізген зерттеулер көрсетіп отыр. Сондықтан физика
сабақтарының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан
тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту
теориясы мен әдістемесінің педогогикалық зәру мәселесінің бірі.
Қабілеттіліктер дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа
бітуі немесе генетикалық құбылыс болуы да мүмкін емес. Қабілеттіліктің
дамуына негіз болатын туа біткен факторларға дарындылықты жатқызамыз.
Табиғи қасиеттер (дарын) мен қабілеттіліктің айырмашылығы сол, табиғи
алғышарттар әлі де сапа жағынан анықталмаған, мазмұны бекімеген күйде
болады. Дарын әр түрлі нәрсе. Соның негізінде қабілеттілік дамиды, бірақ
оның қалыптасып, күш алу үшін іс-әрекет керек. Оқушы қабілеті дегеніміз
оның педогогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту,
оқыту әдістері оның шығармашылық қабілетінің оң немесе кері дамуына әсер
етеді. Төменгі курс студенттерінің шығармашылығы да мектеп оқушылары
тәрізді қоғамға пайдалы өнім әкелуді ғана емес, білімін, практикалық және
зерттеушілік, шығармашылық қабілетін, қызығуын қалыптастырып, дамытуды
түпкі мақсат етіп ұстанады.
Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық – дамытушылық оқытудың
мақсаты. Тұлғалық – дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке
тұлғанының дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез-келген оқыту шығармашылық
қабілетті дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс
бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады.
Тұлғалық – дамытушылық оқытуға көшу дамытушы әсерлерді арттыру, оқу
ісіндегі шығармашылық элементтерді күшейту дегенді білдіреді.
Оқушылардың оқу материалын шығармашылықпен игеру деңгейін біз қалай
анықтаймыз?
Есеп шығару және физикалық тәжірибелер жасай білуге баға беру үшін
төмендегі белгілерден тұратын 4 деңгейді қолданамыз:
1. Оқушы “Таным” деңгейіндегі қарапайым есепті шығарады. Мысалы, екі
электронның немесе екі протонның арасындағы өзара әсердің электрлік
және гравитациялық күштердің қатынасын табу. qm бөлшектің меншікті
зарядының қандай мәнінде бұл күштер теңбе-тең болады?
2. Оқушы “Түсіну”, “Қолдану” деңгейіндегі есепті шығарады. Мысалы,
диогоналы 10 см квадраттың төбелерінде модулі бірдей 25 мкКл зарядтар,
олардың белгілері квадрат бойынша +,+,-,-, тәртібімен орналасқан.
Квадрат орталығындағы Е электр өрісінің қуаттылығын табыңдар.
3. Оқушы сыныпта мұғаліммен бірге есепке ұқсас шығармашылық есепті
өздігінен шығарады. Немесе аздаған көмекті пайдаланып шығарады. Бұл
жақсы репродуктивтік деңгей.
4. Оқушы сыныпта мұғаліммен бірге есепке шығарылған есептен де күрделі
есепті өздігінен шығарады немесе оған ұқсамайтын есепті қарастырады.
Бұл – шығармашылық деңгей.
Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады,
яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын
дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан
ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі
оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге орта және жоғары
мектепте сабақтағы бірден-бір белсенді тұлға – оқу материалын түсіндіруші
мұғалім, ал оқушының ролі тыңдаумен, оқумен және оны білім тексеру кезінде
қайта айтып берумен шектеледі.
Барлық ғалымдар көрсеткендей, шығармашылық үрдістегі басты мәселе –
есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік
арқылы жеңу. Ақиқатқа қол жеткізер алдында эмоциялық қобалжу анық
байқалады. Толғандырған мәселенің шешімі күтпеген жерден табылған сәттегі
ахуал “инсайт” деп аталады. Қай уақытта адамның “көзі ашылады?”
Толғандыратын мәселе (есеп, зертханалық жұмыс т.б.) оны толық билеп, күші
мен назары соған ауғанда. Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да, оның сана
түкпірінде осы мәселенің шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы
шығармашылық қызметтің тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір
апта немесе одан да көп уақытта шығару мүмкін. Ол оның сана түкпірінде
жүреді. Ол есепті міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы
маңызды. Шығармашылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрыннан да
тез шығарылатын болады.
Қалыптасқан жүйелі білім мен біліксіз шығармашылықта болу мүмкін
емес. Ең әуелі білім алуды үйрену керек. Ресей Білім Академиясының
академигі А.В.Усова 1958 жылдан бергі зерттеулер барысында оқушылармен
бірге мынаған көз жеткізген: білім алу — білу – оқу танымдық қызметтің
негізін білу деген сөз, оған бақылау жасай білу, тәжірибе жүргізу, кітаппен
жұмыс істеу, есептер шығару, сондай-ақ талдау, түзету, салыстыру, қатар
қою, ортақ мәнді анықтау, жіктеу, жүйелеу және жалпылау тәрізді ойлау
операцияларын іске асыру жатады.
Оқу үрдісінде игерілетін білім жүйесінің белгілі — бір құрылымы, яғни
өзара байланысқан қандай да бір элементтері бар. Ғылыми білімдер жүйесінің
негізгі құрылымдық элементтері – бұл ғылыми фактілер, ұғымдар, теориялар,
зерттеу әдістері, әлемнің ғылыми бейнесі. Олар жаратылыстану және қоғамдық
ғылымдардың бәріне ортақ. Солар арқылы әлемнің ғылыми бейнесі қалыптасады.
Ғалымдар ғылыми фактілерді анықтайды, табады, оларды ұғымдармен
белгілеп, құбылыстар мен үрдістер бағынатын заңдарын ашады. Олар ашқан
жаңалықтарын түсіндіріп, теориясын жасайды. Қазіргі замандағы физиканың
өзегінде іргелі физикалық теориялар жатыр.
Осылайша ақиқатты тану үрдісі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
Фактілерден (тәжірибелік және теориялық) ұғымдарға, заңдар мен теорияларға,
олардан әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуына, міне, физика да осы жолмен
оқытылуы тиіс.
Білім мен білік жүйесі оқу әрекеті үстінде меңгеріледі.
А.Н.Леонтьевтің айтуынша, әрекет дегеніміз — белгілі бір қозғаушы күшке
жауап беретін іс-қимыл жүйесі. Ішкі және сыртқы қозғаушы күштер болады. Оқу
әрекетінің ішкі қозғаушы күші – қызығу. Адам қызығады, сол себепті оқиды.
Сыртқы қозғаушы күштер – жазадан қорқу, жоғары бағаға, білім туралы құжат
алуға ұмтылу т.с.с. Кез келген әрекетті рет-ретімен жүзеге асырылатын іс-
қимылдардан тұратын жоспар бойынша орындау нәтижелі болмақ. Бұл әрекет
құрамында тапсырманың сипатына, оны орындау шартына байланысты емес іс-
қимылдар болады. Осы іс-қимылдарды қоса алғандағы жоспар жалпылама жоспар
деп аталады.
Оқытушының жетекшілігімен оқушылардың бірлесіп іздестіруі, талқылау
арқылы құбылыстарды, шамаларды, заңдарды, теорияларды, т.б. зерттеудің
жалпылама жоспарлары жасалады. Олар ғылыми таным логикасын бейнелейтін
теориялық жинақтау нәтижесі болып табылады және үшінші дәрежедегі әрекеттің
бағдарлық негізі (ӘБН) қызметін атқарады.
Оқулықпен, қосымша әдебиетпен жұмыс істеу барысында оқушыларға ең
алдымен білім жүйесінің негізгі құрылымдық элементтерін оқылатын мәтіннен
бөліп алу, содан кейін жалпылама жоспарды пайдаланып, ондағы сұрақтарға
мәтіннен жауап табу және сол бойынша құбылыстарды, заңдарды, теорияларды,
т.б. мәселелерді түсіндіретін жауаптар құрастыру ұсынылады.
Мұндай жағдайда оқулықпен жұмыс мақсатты, терең мағыналы сипатқа ие
болады да, оқушылар мәтінді механикалық түрде жаттап алудан бірден бас
тартады. Мәтінмен жұмыс шығармашылық сипат алады.
Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысына орта білім
берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттілігінен туындылап
отыр.Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалып мектеп практикасына еңгізілуде. Атап айтқанда,
В.М.Монаховтың оқыту технологиясы. Дьяченконың жұмыстарында айтылатын
оқытудың ұжымдық тәсілі.
Професор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде
қолданып жүрген:
— оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
— білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне
негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет
зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырлған оқытудың педагогикалық
технологиясын оқу-тәрбие процесіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы
ретінде енгізген болсақ, онда:
— білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,
— оқыту сапасын арттыруға,
— басқару тиімділігін жетілдіруге,
— оқушылардың дамуына бақылау жасауға,
— оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың тиімді
пайдалануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде
жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік – сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті
– дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне
енгізу болып табылады.
Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын
(В.П.Беспалько) белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде
де жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту
мақсаты болып қалады.
Бірақ ол мақсат — өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті
белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік
жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының)
өзара байланыстағы қалыптары мен өзгерулерін талап етеді. Осы талапты
орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз:
1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен танып, ізденіс іс-
әрекетін әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістерді мұғалімдердің
күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар.
Демек, біздің жағдайымыздағы оқыту әдістемесі — деп отырғанымыз оқушы —
мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда
бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз
беделі, қадір-қасиет сезімін дамыту. Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе,
бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет
деп отырмыз ғой. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап
етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық
іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі
оқулықтар мұндай талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың
өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол
оқулықтардың қандай болуы керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде
компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін
ескере кету қажет, себебі компьютерлік техника – оқушыға, ол ізденіс және
зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік
береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда – оқу материалдарының
мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып, дами алатын жеке тұлға
қалыптастыру болғандықтан теориялық материалдың мазмұны әңгімелесуші –
оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы
және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін
оқулықта келтірілетін тапсырмалар, негізінен, жаңа тақырыптар бойынша
заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігімен
құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым
мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші – оқулықтардың мазмұны,
бұл жағдайда,білім құралына айналады.
Технологиямыздың тағы бір бір психологиялық негізі болып табылатын
теория – Л.С.Выготскийдің Оқыту процесінде оқушының ақыл-ойының дамуы
актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына аусуы туралы
теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр
түрлі деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – міндетті
оқушылық, екінші алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші –
шығармашылық деңгейлердегі қабылдау.
Сондықтан да оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін,
оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік
принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақтар түрлеріне
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтармен оқу құралдары қажет. бұлар
әңгімелесуші – оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар
берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші — оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен
оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмалары
орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы ФИЗИКА пәнінен төмендегі талаптар
қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы
кере;
Физика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған
есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі
шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл
аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы
тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін
түрлендіріп пайдалану қажет болады. Физикада мұндай іс-әрекетке келтірілген
тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер кері байланыс функциясын
атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2) Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы
болуы қажет болады. бұлар: логикалық есептер, ребустар және сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегіше
топтастырдық:
1) Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау
барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым
білімдерін (заңдылықтарын шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.)
жетілдіріп тереңдетумен қатар, ол тағы да ол жаңа білімді меңгеріп, өзі
үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және
салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын
қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап
болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер
іздеуі керек.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару,
өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті
жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін
тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым,
түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған
дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін
байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды
оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегімен қорытып шығару).
2) Олимпиадалық есептер.
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Сонымен қорытып айтатын болсақ, бұлар: бірінші деңгей үшін –
игерілгенді пысықтау мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.
Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту мен
жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу
процесі басқаруға ыңғайсыз — делініп, сыналып жатады. Сондағы
айтатындары: оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті,
көбінесе, қате болады — дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша
өздігімен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарын жүргізген кезде
солай болса, болған шығар.
Бірақ оқытудың жаңа технологиясы жағдайына:
— оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс әрекеті үшін
тапсырмалалар күрделілігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;
— оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
— барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса,
оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология
бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың
сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Олар өзара бәсекелесе отырып
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, физикалық басқатырғыштар сияқты әр
деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп
ұпай алуға тырысқан. Себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде
екіліктер жойылумен қатар, үштік алып жүрудің өзі де ұят саналатын
болған.
Осы жерде, үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір
себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? —
деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
• Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар
үлгермеушілерге көмектеседі.
• Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің
де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол
сынып оқушыларының өздік жұмыс іс әрекеттерін тек ұйымдастырып,
басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау
… жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz