Денесіне металл өздігінен жабыса беретін қария жұртты таңғалдырды (фото)
Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде бойында ерекше қасиеті бар жан тұрады. 72 жасқа қадам басқан Қилыбай Монанұлы Ирсаевтың денесіне кез келген металл бұйымдар қиындықсыз жабысады деп хабарлайды ernur.kz.
Бойында емшілік қасиеті бар қария осы уақытқа дейін 7 мыңға жуық адамды дертінен айықтырған.
Қилыбай Ирсаев 1985 жылы әкесі Монан ақсақал дүниеден өткен соң қатты ауырып, аяғы жеткен жердегі дәрігерлерге көрініп, дертіне шипа таба алмаған.
Сөйтіп жүріп Арнасайдағы Иманқұл молдаға барып, дем салдырып, молдашылық ем қабылдайды.
Молданың емі қонып, науқасынан айыққан Қилыбай қажының бойындағы ерекше қасиетті байқаған Иманқұл молда батасын береді.
Міне, сол сәттен бастап өзінің бойындағы ерекше қасиетін пайдаланып Қилыбай Ирсаев өзі де ақырындап адам емдеумен, дем салумен айналыса бастайды.
Адамдарды емдеуден бөлек жетпістен асқан ақсақалдың елден ерекше тағы бір қасиеті – денесіне кез келген металл бұйымдардың жабыса беруі. Олардың ішінде қасық, шанышқы, пышақ, тіпті, үтік те бар.
Ал Қилыбай қажы жас кезінде 10-15 метр жердегі адамды бойындағы биомагнит арқылы құлата алатын болған.