Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 5-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта күн жылынады.
– Аязды және жауын-шашынсыз ауа-райына әсер етіп келген Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден циклондар және атмосфералық фронттармен жылы, дымқыл ауа массалары келеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылауы мүмкін, бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжуымен қар, бұрқасын, батыстан соғатын күшті жел, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман болуы мүмкін, — деп хабарлайды «Қазгидромет».
Дереккөз: https://massaget.kz/