Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2018 жылдың 1-4 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

— Қыстың алғашқы күндері ызғарлы болады. Қар жауу, бұрқасын және күшті ұйтқымалы жел соғады. Республиканың басым облыстарында суық атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады. Ал фронттардың артынан таралатын күшті антициклон алдымен оңтүстік және оңтүстік шығыста, артынша қалған аймақтарда суық ауа райын тудырады, — делінген «Қазгидромет» РМК өкілдерінің ресми ақпарында.

Айта кетейік, ертең 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесі. Сенбі күнге сәйкес келгендіктен қазақстандықтар 3 желтоқсан күні демалады.