Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Автор: Секенова Аягуз Майрашовна
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-03
Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Дауысты дыбыстар. Жуан Жіңішке а,о,ұ,ы ә,ө,ү,і,е Дауыссыз дыбыстарҚазақ әліпбиінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. | Дауыссыз дыбыстар қатаң,ұяң,үнді болады.Қатаң дауыссыздар: қ,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.Ұяң дауыссыздар.б,в,г,ғ,д,ж,з,х. Үнді дауыссыздар.р,л,м,н,й,ң Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады. |
1. Мәтінен қатаң дауыссыздарды тауып, белгілеңіз.Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты –Қырандай күшті қанатты.Мен жастарға сенемін.Көздерінде от ойнар,Сөздерінде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенемін.
2. Ұяң дауыссыздарды бір сызықпен, үнді дауыссыздарды екі сызықпен белгілеңіз.
- Мен кітап оқығанды жақсы көремін.
- Бос кезімде спортпен шұғылданамын.
- Бақшада гүлдің түр-түрі бар [1,17б.].
3. Жаңа сөздер.ат – собственное имя бұл – это, этот, эта кім? – кто?менің – мой, моя, мое Сау болыңыз! – до свидания сенің – твой, твоя, твоетанысып қой – (ты) познакомься танысып қойыңыз – познакомьтесь танысқаныма қуаныштымын – рад знакомству с вами [2,145б.].
а) жаңа сөздермен талдау жұмысын жүргізу.
4) Сөйлесіп жаттығыңыз.
- Сәлеметсіз бе! Танысып қояйық, сіздің атыңыз кім?
- Сәлеметсіз бе! Менің атым Әсет. Сіздің атыңыз кім болады?
- Менің атым …. Танысқаныма қуаныштымын.
5. Өзіңіз жайлы әңгімелеп беріңіз. Сәлеметсіз бе. Менің атым Наталья. Мен Қазақстанда тұрамын. Ұлтым орыс. Менің жасым жиырмада. Танысқаныма қуаныштымын. Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш. Г.Қ.Досмамбетова, З.С.Ерназаров, З.С.Күзекова, А.О.Тымболова – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2012 — 308 бет
- Қазақ тілі. Қарапайым деңгей: оқулық/ Г.Қ.Досмамбетова, А.К.Балабекова, А.Т.Бозбаева-Хунг, А.Д.Сейсенова. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2012 -164 бет
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.