Дәруменге толы салат

0
Салатымыздың басты ингредиентінің бірі – қызылша. Қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады. Бұл салат тек қызылшаның пайдалылығымен шектелмейді. Салаттың құрамы дәруменге толы. Ас қорыту жүйесін жақсартатын, гемоглабинді көтеруге көмектесетін және күш-қуат беретін салаттың жасалу жолын ұсынамыз.

✅ Қажетті азық-түліктер:

🔹 1 алма;
🔹 100 гр грек жаңғағы;
🔹 100 гр мейіз;
🔹 1 қызылша;
🔹 100 гр жүгері қауызы (кукурузные хлопья);
🔹 1 йогурт.

Қызылшаны пісіріп аламыз. Қызылша толықтай суыған соң төртбұрышты етіп тураймыз.
Грек жаңғағының қабығын ашып, ұсақтап тураймыз.
Дүкеннен жүгері қауызын таңдаған кезде қанты бар немесе балды түрін алған жөн. Мұндай түрінен салатымыз дәмді бола түседі. Егер диета ұстап жүрсеңіз қантсыз түрін таңдаңыз.
Алманы төртбұрышты етіп тураймыз.
Мейізді алдымен жақсылап жуып, одан соң майлықтың үстіне жайып қойыңыз. Толықтай кепкен соң тәрелкеге сала беруге болады.
Барлық дайындап қойған ингредиентті тәрелкеге суретте көрсетілгендей саламыз. Ортасына йогуртты құямыз. Салатты араластырмай, дастарқанға осы күйінде қойған дұрыс. Әйтпесе жүгері қауызы йогуртты сіңіріп алады да, салатыңыз құрғақ боп шығады. Дәруменге толы салатымыз дайын.

loading…