Дәрет алу және ғұсыл алу үлгісі (сурет + видео)

0

1. Ниет.
Дәрет алу және ғұсыл алу үлгісі (сурет + видео)
Балақты түріп, екі қолды шынтаққа дейін сыбанып, «Ә’узу» мен «бисмиллаһты» айтып дәрет алуға іштей ниет етеді.

2. Қолды жуу.

Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керек.

3. Ауызды шаю.

Оң қолмен үш рет су алып ауыз шайылады.

4. Мұрынды шаю.
Үш рет оң қолымен мұрынға су тартылып, сол қолымен сіңбіріледі.

5. Бетті жуу.

Маңдай мен қоса құлақ басталған тұс пен иек астына дейін үш рет бет жуылады.

6. Оң қолды жуу.

Оң қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.

7. Сол қолды жуу.

Сол қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.

8. Басқа мәсіх тарту.

Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіледі.

9. Құлаққа мәсіх тарту.

Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады.

10. Мойынға мәсіх тарту.

Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.

11. Аяқты жуу.

Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет.

12. Қолды қайта шайып дәретін тәмәмдайды.


Ер адамның дәрет алу үлгісі


Ғұсыл алу үлгісі