Home Lifestyle Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

0
91

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 24 қараша күні Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохикомен (16-2-2, 12 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекті қазақстандықтар «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Маркос Даниярдың кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласы. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Қазақстандық боксшының осыған дейінгі төрт кездесуі де 6 раундтық болған еді.

Қазақстандық боксшының 33 жастағы қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізген. Оның 16-да жеңіске жеткен. Тіпті бір қарсыласымен 5 рет кездесіп, барлығындаұтқан. 2 рет жеңіліп, 2 рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Барлық жекпе-жегін өз елінде өткізген. 

Шаршы алаңдағы жекпе-жек 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.

Монакодағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы экс-чемпион ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.