Данияр Елеусінов пен никарагуалық Маркос Мохиканың жекпе-жегі

0

Тікелей эфир: Данияр Елеусінов пен никарагуалық Маркос Мохиканың жекпе-жегі

23 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен никарагуалық Маркос Мохиканың жекпе-жегіне қатысты брифинг өтті. Монакодан тікелей эфирді «Хабар» телеарнасы 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де көрсетеді. 

Брифинг барысында Данияр Елеусінов Монакодан тікелей қосылып, дайындығы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ «Хабар» арнасы Өндірістік бағдарламалар бөлімінің Бас редакторы Саят Жөкен мен «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Аскат Жақаев алдағы жекпе-жек пен телеарнаның спорт саласына қатысты жоспарларын айтып берді.

Монакодағы жекпе-жек сегіз раундтан тұрады, бұған дейінгі кездесулер алты раундтан болған еді. Елеусінов пен Мохиканың кездесуі «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінің бір бөлігі. Бұл кештің басты кездесуі – бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы ресейлік Денис Лебедев пен америкалық Майк Уилсон арасында өтеді. 

«Хабар» арнасы бірінші кездесуден бастап Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновты кәсіби алаңда қолдап келеді. Даниярдың өзі де жанкүйерлерін жеңістерімен қуантуда және осы жолы да Даниярды жеңіс тұғырынан көреміз деген сенімдеміз. Осы жолғы қарсыласы Маркос Мохико, ол өзінің отанында ең күшті боксшы болып саналады. Әр жекпе-жек сайын қарсыластар тәжірбие жинақтап, күшиеді және олардың жұдырықтасуын бақылаудың өзі қызықты бола түседі. «Хабар» Агенттігі қазақстандық спортшыларды үнемі қолдап, олар қатысқан шараларды көрсетуге бар күшін салуда», — дейді «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Асқат Жақаев.  

Бұл кездесу Данияр Елеусіновтың кәсіби алаңдағы бесінші кездесуі. Ол алғаш рет 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласында Ноа Киддпен кездесіп, нокаутпен ұтқан болатын. Екінші рет 6 маусым күні Лондон қаласында Золтан Шабомен кездесіп, 60-54 есебімен жеңген еді. 4 тамыз күні Кардифф қаласында Габор Горбичпен шаршалаңға шығып, жеңіске жетті. Ал төртінші кездесуде жерлесіміз қарсыласы Мэтт Догертиді алғашқы минуттарда накаутқа жіберіп, айқын басымдық көрсетті.