Cабақ жоспары Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? 6-сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Cабақ жоспары Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? 6-сынып

Автор: Нуржанова Нагима Жоламановна

Бағыты: Дүние жүзі тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-02


Материал туралы қысқаша түсінік

Күнделікті сабаққа қосымша көмек.




Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

Мектеп: 6 орта мектеп
Күні: 14.11.18 ж Мұғалімнің аты-жөні: Нуржанова Нагима
Сынып: Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
Сабақ мақсаттары Тарихи дереккөздерді талдау негізінде, крест жорықтарының себептерін анықтайды және кескін картада бағыттарын көрсетеді.
Бағалау критерийлері
  • кем дегенде 3 себептерін анықтау;
  • кескін картада 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілеу;
  • крестшілдер құрған мемлекеттерді кескін картада белгілеу;
  • кескін картада крест жорықтарының кем дегенде үш маңызды қаласын белгілеу.
  • Тарихи концепт (фокус) Себеп пен салдар
    Тілдік мақсаттар Тілдік құзіретті дамыту:Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.Пәнге тән лексика мен терминология: Крест жорықтары, крестшілер Ордені, Қасиетті жер, Құдай қабірі, Рим папасы, Урбан II, Салах-ад-дин, Арыстан жүректі Ричард.Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады…

    Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық …. болған

    Ең маңызды өзгеріс немесе жетістік … болған.Дереккөз нені хабарлайды/ көрсетеді?Еуропалық католиктердің исламға қарсы не крест жорықтарын ұйымдастырудың бірінші себебі, …. болды.Басқа да себептері …. болды. Мен бұл дереккөздерден қандай қорытынды шығара аламын? Бұл дерек …. көрсетеді.Мен тағы қандай сұрақтарды қоя аламын ? Менің тағыда білуіме …..қажет болып табылады

    Құндылықтарды дарыту жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту
    Пәнаралық байланыстар География (кескін карта)
    Бастапқы білім Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

    Сабақ барысы

    Сабақ элементтері, уақыт Жоспарланған іс-әрекет(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) Ресурстар
    Сабақтың басыҰйымдастыру кезеңі 0-2 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқу құралдары
    Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау Мұғалім христиан шіркеуінің бөліну картасын көрсетеді және оқушыларға сұраққа жауап беруді сұрайды: бұл карта қандай ақпарат береді? 1054 жылы христиан шіркеуінің католик пен провинцияға бөлінуі туралы оқушыларға түсінік беру.

    Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

    Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

    1. Крест жорықтарының себептерін анықтау.2. Крест жорықтарын ұйымдастыруда шіркеудің рөлін түсіндіру;3. 1-4 крест жорықтарының бағыттарын кескін картаға белгілеу.4. Сабақтың тақырыбына қорытынды жасау.

    Сабақтың ортасыЖұптық жұмыс түрі

    Зерттеу жұмысы

    5-15

    Мұғалім екі картаны талдауға тапсырма береді: неліктен орта ғасырда Иерусалим әлемнің орталығы деп саналады?Оқушылардың жорамалдарын талқылау. Мұғалім крест жорықтарының басталуы туралы бейнені көруді ұсынады. Бейне клип көріп жатқанда, оқушылар тапсырмаларды орындауы керек:

  • Крест жорықтарды ұйымдастыру себептерін анықтауңыз.
  • Неліктен жорықтар «крест» деп аталды?
  • Қандай әлеуметтік топтар Папаға қолдау көрсетті және неге?
  • Дескрипторлар: • Бейнедегі ең маңыздысын ажыратады;• Крест жорықтарының себептерін анықтайды;• «Крест жорықтары» атауының ерекшеліктерін түсіндіреді;Сыныптың талқылауы, мұғалім оқушылардың жауаптарына түзетулер енгізеді.

    15-20

    20-30

    30-40

    Мұғалім алдын-ала дайындалған крест жорықтарының себептері бар карточкаларды таратады, оқушылар карточкаларды салалар бойынша топтастыру керек. Саяси себептер, экономикалық, әлеуметтік, діни. Оқушылар келесі тапсырма орындайды. (дидактикалық материал)1.Кестені толтырыңыз:2.Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтардың ортақ себептерін анықтаңыз. Дескрипторлар: Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтарды анықтайды;Крест жорықтарына қатысу себептерін анықтайды;Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтардың ортақ себептерін анықтайды.Қорытындылау үшін мұғалім тақтадаға әлеуметтік топтар мен олардың мақсаттары бар кестені ұсынып, сәйкестендіруді сұрайды.Кескін карта бойынша тапсырмалар: 1) крест жорықтары кезінде болған мемлекеттерді белгілеңіз: Византия, Германия корольдігі, Франция корольдігі, Италия корольдігі, Англия корольдігі, түрік-салжұқтары т.б.2) Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларын белгілеңіз.3) 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілеңіз.Дескрипторлар:

  • Кескін картада крест жорықтары кезінде болған мемлекеттерді белгілейді.
  • 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілейді.
  • Жұмыстың соңында өзін-өзі тексеру жүргізіледі. Оқушылар аяқталған тапсырманың дұрыстығын тексереді. Мұғалім крест жорықтарының негізгі бағыттарын сипаттайтын қысқаша түсіндірме береді.

    Дидактикалық материал «Крест жорықтарының себептері карточкалары»
    Сабақтың соңы

    Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45

    Оқушыларға «Урбан Рим папасының сөзі» атты тарихи деректі оқып, тапсырма орындайды. Дескрипторлар: христиандардың мұсылмандарды жек көрушілігін анықтайды;папаның бекіткен билік түрін анықтайды;христиан діннің маңыздылығын ашады;Рефлексия: есте сақтадым. …. атап өттім.…. түсіндім.ой елегінен өткіздім.
    Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды. Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.