Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі
1 бет
ОҚО Түлкібас ауданы Аманкелді атындағы негізгі орта мектебініңбиология пәнінің мұғалімі Накипбеков Абилкаир Мухтарович
Сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.9 Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар
Оқушылардың басым
Кейбір оқушылар
Қантамырлар түрлері мен олардың құрылысындағы ерекшеліктерін сәйкестендіру;
Қантамыр қабырғасының құрылысын сипаттау;
Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты түсіндіру;
2 бет
Мақсаттар тақырып бойынша мынандай дағдыларды дамытуға бағытталан
Қантамыр қабырғасының құрылысын сипаттайды;
1 тапсырманы орындау барысында қантамыр қабырғасының құрылысын сипаттау барысында оқылым жазылым және сыни тұрғыдан ойлау дамиды
Қантамырлар түрлерімен олардың құрылысындағы ерекшеліктері сәйкестендіреді;
Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді.
2 тапсырманы орындау кезінде Қан тамырлар түрін олардың құрылысындағы ерекшеліктерімен сәйкестендіріп, оқылым және өзара қарым – қатынас орнату дағдылары дамиды
3 тапсырманы орындау барысында Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты түсіндіре отырып, оқылым айтылым және шығармашылық ойлау дағдылары қалыптасады.;
4 бет
1 тапсырма.“Допты қағып ал” әдісі
2 тапсырма. “Пікір алмасу” әдісі
3 тапсырма. “Допты қағып ал” әдісі
Осы әдіс арқылы кері байланыс орнатамын. Допты алған оқушы сұраққа жауап бере отырып, өз сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
Белсенді оқыту әдістерінің тиімділігі
Әрбір топ осы тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бір жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерімен ауысады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Осы әдіс арқылы кері байланыс орнатамын. Допты алған оқушы сұраққа жауап бере отырып, өз сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
5 бет
Тапсырма
Саралау
Дереккөздер
Қолдау көрсету
Бағалау
Оқушылардың білім деңгейіне байланысты спиральділік қағидатқа сүйене отырып, қарапайымнан күрделіге қарай тапсырмаларды, кестелерді, тапсырмаларды саралап беремін.
Оқушыларға өте тиімді және қолжетімді дереккөздер пайдалануға оқулықтар, деңгейлік тапсырмалар, электронды оқулықтармен жұмыс жасауға мүмкіндік жасаймын
Тапсырмаларды орындау кезінде кейбір оқушыларға көмек көрсету қажет болады.тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға сөзбен қолдау және түрлі ынталандырулар көрсетіп отырамын
Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушыларды “Пікір алмасу” әдісі арқылы кері байланыс орнатамын.Әр тапсырма бойынша алған ақпараттары туралы мәлімет алу үшін кері байланыс жасап, саралап отырамын.
Қорытынды
Әр тапсырманы орындағаннан кейін топтық, жұптық, жеке жұмыс жасағанда оқушылардың нәтижелері сараланады.
6 бет
Критериалды бағалау
Дескриторлар
Бағалау критерийлері
Қалыптастырушы бағалау
— Қан тамырының құрылысын сипаттайды.Қантамырлар түрлерімен олардың құрылысындағы ерекшеліктері сәйкестендіреді — суреттер арқылы қан тамырлар түрлерін атайды;- қан тамырлар құрлысындағы ортақ құрылымды анықтайды;- қызметін сипаттайды
• Қантамыр қабырғасының құрылысын сипаттайды;•Қантамырлар түрлерімен олардың құрылысындағы ерекшеліктері сәйкестендіреді;•Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді.
Қалыптастырушы бағалау — оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Білім сапасын арттыру бірін – бірі толықтырып отырады. Оқушылардың бірігіп талдау мәдениеті қалыптасады. Сыни және шығармашылық ойлауы дамып, сұрақтарды қолдайтын орта қалыптасады. Өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жаксарту сенімі нығаяды, күтілетін нәтиже алдын –ала нақтыланады.