Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні

0
103

Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні

Әр жыл сайын 15 қараша күні төрткүл дүние «Түрмедегі жазушылар күнін» атап өтеді. Бұл мереке 1981 жылдан бері халықаралық ПЕН-клуб тарапынан жазықсыз абақтыға қамалған жазушыларды босату ұсынысымен тойлана бастады.

Халықаралық ПЕН-клуб 1960 жылы құрылып, бүкіл әлемнің жазушылар қауымдастығына айналды. Негізінен клуб сөз бостандығы үшін күресіп, өз көзқарастары үшін қорқытып-үркітіп, ұрланған, шабуылға ұшыраған, қамауға алынған, азапталған және сол үшін мерзімінен бұрын қайтыс болған барлық жазушылардың намысын қорғайды. 

ПЕН-клубтың мәліметінше, жыл сайын жазушыларға, журналистерге және баспагерлерге шамамен мыңға жуық шабуыл жасалады екен. Олардың 200-ге жуығы темір торға қамалып, кейбірі 20 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі, қалғандары әділетсіз соттардың, қуғын-сүргін мен қатерлердің құрбаны болады. 

Түрмедегі жазушылар күні – сөз бостандығын қалаған, солақай саясатқа қарсы бүкіл жазушыларды қолдау күні. Жыл сайын ПЕН-клуб бұл оқиғаны репрессияға ұшыраған, абақтыға жазықсыз түскен бірнеше жазушыларға қоғамның назарын аудару үшін атап өтеді. 15 қарашада жұртшылықты аталған жазушыларға көмектесуге, ақшалай қайырымдылық жасауға үндейді.