Бүгін Микки Маустың туған күні

0

Бүгін Микки Маустың туған күні

Микки Маустың туған күні туралы мәліметтер әржерде әртүрлі көрсетіледі. Алайда, ресми түрде Миккидің туған күні 1928 жылдың 18 қарашасы деп саналады. Дәл осы күні әлемге «Вилли кішкене кемесі» атты мультфильм көрсетілді. Бірақ, көрермен Миккимен сол жылдың 15 мамырында «Ессіз аэроплан» атты шағын фильмде танысқан болатын. Дисней әлемінің ең танымал кейіпкеріне айналған Микки Маусқа бүгін 90 жыл толды. Осыған орай, ол туралы 12 факт ұсынамыз.

1. Егер Уолт Дисней қателеспегенде, Миккидің дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ол Universal Pictures студиясымен келісімді мұқият оқымағандықтан, Освальд атты қоянға авторлық құқығынан айырылып қалады. Барлық эксперименттік бейнелердің (бақа, күшік, мысық) ішінде ең сәттісі тышқан болды.

2. Ұмытылмас суретті Дисней студиясының жоғарғы иллюстраторы, суретші Аб Айверкс ойлап тапты. Көңілді Микки қатысқан алғашқы мультфильмдерді Айверкс салған. Оның аты тіпті, титрде шықпағандықтан, ол студиямен келісімді бұзады.

3. Бастапқыда тышқанды Мортимер деп атайды, алайда Уолт Диснейдің әйелі Микки деген жеңіл атты алуына кеңес берген.

4. Микки – сценарий бойынша 32 жастағы ер адам. 1947 жылға дейін оны Уолт Диснейдің өзі дыбыстаған.

5. Анимациялық кейіпкер Чарли Чаплиннің жүрісі мен қозғалысын еліктеп салады. Бұл әдісті де Уолт Диснейдің әйелі ойлап тапқан.

6. Миккидің қолғабы алғаш рет «Опера үйі» (The Opry House) мультфильмінде пайда болды. Қолғап ақ-қара түсті мультфильмдегі қол қозғалысына екпін қойғызды.

7. Микки Маус тышқаны бар мультфильм Германияда және Италияда (Муссолини басқармасы кезінде) тыйым салынды.

8. Бұл тышқанды Қытайда «Ми Лао Шу», Италияда «Томолино», ал Финляндияда «Мики Хири» деп атайды.

9. Екі дөңгелек құлақтары бар Микки-логотипті Дисней компаниясының көптеген мультфильдерінен байқауға болады. Оны «жасырын Микки әсері» деп атайды.

10. 1932 жылы Микки «Уолт әкесіне» Оскар алып берді.

11. Голливудтық «Даңқ аллеясында» Миккидің өз жұлдызы бар. Ол 1978 жылы пайда болды.

12. Forbes Миккиді 5,8 миллиард долларға бағалап, оны әлемдегі ең қымбат мультипликациялық кейіпкер деп мойындады.