Бүгін – Әшірбек Сығайдың туған күні
Бүгін – театр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығайдың туған күні.
Әшірбек Сығай 1947 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы кенші отбасында өмірге келген. 1969 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген соң, сонда ұстаздық қызметке қалдырылады. 1974–1994 жылдары Республика Мәдениет министрлігі театр бөлімінің, өнер басқармасының бастығы, Қазақстан КП Орталық Комитеті Мәдениет бөлімінің жауапты қызметкері, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтының ректоры болған. 2003 жылдан ҚР Мәдениет министрлігінің Алматы қаласындағы өкілі болып қызмет атқарған.
Шығармалары
• «Іңкәр шақ»;
• «Сыр сандық»;
• «Сахнаға сапар»;
• «Жарнама алдындағы ой»;
• «Сахна саңлақтары»;
• «Театр тағлымы»;
• «Толғам»;
• «Талдықорған театры»;
• «Ой төрінде – театр» (2008);
• «Ән тағдыр» (2008);
• «Актер әлемі» (2009);
• «Сахна әлемі» (2009).
Өмір жолы
• 1969 ж. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
• 1974 — 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы,
• 1978 — 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі,
• 1979 — 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мәдениет белімінде нұсқаушы,
• 1983 — 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары,
• 1989 — 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры,
• 1991 — 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарған.
• 1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану факультетінің профессоры.
• 2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы каласындағы өкілі.
Оның қазақ тіліне аударуымен Ж.Мольердің «Еріксіз үйлену», К.Гольдонидің «Күлкілі оқиға», О.Иоселианидің «Арбаның ізімен», Ш.Роквидің «Мазасыз әжей», т.б. драматургиялық пьесалары республика театрларында қойылған.
Марапаттары
• ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000);
• Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;
• «Құрмет» орденінің иегері (2004);
• Платиналы «Тарлан» сыйлығының (2005) лауреаты;
• Кентау, Түркістан қалаларының Құрметті азаматы.
Театр сыншысы, қаламгер 67 жасында, 2014 жылы өмірден өтті.
Дереккөз: https://massaget.kz/