Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны

0
370

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны

Орындаған: Арай
Тобы:
Жетекшісі:

Қызылорда , 2018
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3-7б.
І. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ, ОНЫ ҚОЗҒАУШЫ
КҮШТЕРІ
1.1. Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту … .7-11б.
1.2.Педагогикалық процестің құрылымы … … … … … … … … … … … .11-16б.
1.3.Оқыту процесінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметінің
бірлігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..1 6-18б.
ІІ. БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС
ҰРПАҚҚА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1.Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлттық тәрбие қатар берілуі керек
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 19-23б.
2.2.Жастарды ұлттық және рухани құндылықтар негізінде
тәрбиелеу мәселелері … … … … … … … … … … … … … … … … 24-28б.
2.3. Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі … … … … … … … . … … …28-37б.
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … .38-42б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … .43б.
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …44б.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру –
жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны
Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім мен өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын, жанашыр, түсіністікті көрсету, жанашырлық танытуға, ынтымақтасуға мүмкіндігі бар, адал болуы — қоғамдық сананың барлық осы ерекшеліктері ғылым мен техниканың нақты қалыптастыру алыс тұлғасының этикалық қасиеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға асып фактісі басшылыққа алады.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле – рі – нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі – сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре – тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Зерттеу жұмысының міндеті: Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатырдеп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тақырыптың өзектілігі: Білім ордасы – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Тақырыптың ғылымилығы:
Ұлттық код және ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып білім жүйесін жаңғырту.Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарта отырып, жаңаша жолдарын іздестіру.
Күтілетін нәтиже: Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп , саяси – әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ – сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет – кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс – тары – мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты – руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң – ғыру – ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Өйткені, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы,-дейді
Елбасының мақаласы тарихшылар мен археологтарды тың бастамаларға жігерлендіріп отыр. Сондықтан алда әлі де зерттеп-зерделеуді қажет ететін тың дүниелер көптеп табылады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: Тәрбиесіз қолға білім салма деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар. [1]
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ.
Ы.Алтынсарин Мұғалім – мектептің жүрегі,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында Ұлы дидактика деген еңбекті жазып шығараған педагог Я.Коменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагог өз еңбегінде Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек? деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек? Ойлауға қалай үйрету керек? Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты – оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты – оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты – ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

І. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ, ОНЫ ҚОЗҒАУШЫ
КҮШТЕРІ
1.1. Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту
Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. Дидактика – педагогиканың маңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика (didaktikas – оқытушы, didasko – оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Кейінірек бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің Ұлы дидактика еңбегінде оның неігіздерін анықтайды. Я.А. Коменскийдің ойынша, дидактика Нені оқыту? және Қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі ғылым бойыеша дидактика – Кімді? Қашан? Қайда? Неге оқыту?- деген сұрақтарды қарастырады. [2]
Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ, беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс – әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйрену, оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттары және нәтижелері. Жекеленген дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әр түрлі оқу пәндерінің оқытылуын, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселесі – оқыту.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс – әрекет. Оқыту – қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.
Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту процесі – бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс – әрекет.
Оқыту процесі – білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс – әрекет барсы (Ж. А. Әбиев).
Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесі- бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуі барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі (М.Р. Қоянбаев).
Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:
1) оқыту – мақсатты процесс;
2) оқыту – таным процесі;
3) оқыту – даму негізі
4) оқыту – екі жақты процесс;
5) оқыту – жоспарлы процесс;
6) оқыту – бұл күрделі процесс.
Оқыту – мақсатты процесс, оның басты мақсаты, әдіс – тәсілдері, мазмұны, міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. В.А. Сластенин оқыту – педагогпен басқарылатын танымның ерекше процесі деп анықтады. Тапнымдық іс -әрекет – бұл сезімдік қабылдау, теоретикалық ойлау, практикалық іс – әрекеттің бір бөлігі. Оқытудың міндеті – оқушыны айналадағы ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқыту – даму негізі. Оқыту процесі ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек жасап, жеке бастың жан – жақты дамуын жетілдіреді. Оқывтуда бала логикалық ойлау болмасының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес іс – әрекет жасауға дағдыланады. Оқыту баланың рухани жетілуін қамтамасыз етеді. Ол бала дамуының алғышарты.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс – әрекеттердің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарлы, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл – ой мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзегеасады.[3]

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалык дайындылығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл – ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Төменеде оқыту процесінің құрылымы көрсетілген:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны)
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).
3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті)
4. Оқыту әдістері.
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық қүралдары.
6. Оқыту нәтижесі.
Оқытудың құрамас бөліктері: білім, іскерлік, дағды.
Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуы мүмкін емес.
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.нде қалыптасады.
Сонымен, оқыту процесінде іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі жэне ақыл-ой дамуытның арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт – ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет. [4]
2.1.Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлттық тәрбие қатар
берілуі керек
Елiмiздiң ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор.
Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы –
отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару – біздің басты мiндетiмiз.
Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 22 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады. [5]
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі
Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. [6]
Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. [7]
Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. [8]
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып
келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. Жеті атасын білу заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. Жеті атасын білмеген ер жетім,Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. [9] Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне , ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет.. Баланы жастан демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын.Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек. [10]
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз.
Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған ті
лін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз. [11]Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр адамның дұрыс ой түйіп, өнеге ге жол сілтеуі,рухани күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне ізет көрсету отансүйгіштік тәрбенің бастамасы болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесі-адамзат баласының асыл мұраты. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында әр ұстаз адамгершілік, ізгілік кішіпейілділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелейді. Бұл ретте мектептегі тәрбиенің мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,парасатты, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.
Тәрбие – өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші, мектеп – мұғалім. [12]
Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға мұғалім – тәрбие көзі.Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.

2.2.Жастарды ұлттық және рухани құндылықтар негізінде
тәрбиелеу мәселелері
Патриоттық тәрбие тәжірибелері мен тарихын сараптап алмай тұрып, адамдар санасына ұлттық патриотизм ұғымын орнықтыру мүмкін емес. Қазақстан сан түрлі күрделі тарихи аласапырандарды бастан өткізіп барып құрылған тәуелсіз әрі көпұлтты республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық және интернационалдық тәрбиені дұрыс жолдарға қоя білуіне әдбен байланысты. [13]
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ежелден жиып-терген мол тәжірибесі, заңдылықтары бар. Халқымыз өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырған. Ендеше, осы тәрбие – денсаулық көзі. Адамның жан тыныштығы, жан саулығы – денсаулық кепілі. Баланың дені сау болып ер жету үшін – адамгершілік, руханилық, имандылық ауадай қажет. Бұл бесік жырынан басталады. Тәрбиенің асыл көзі – көнеден келе жатқан, ғасырлардан шыңдала жеткен бабалар ұлағатынан екенін ғұлама Платон да айтқан.
Жан-жақты өзгеріп жатқан көпұлтты қоғам жағдайында адам факторы белсенділігін күшейтудің әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетудің, егемен мемелекетті қорғаудың басты құралы – осы ұлтжандылық не қазақстандық патриотизм болып табылады.
Ұлтжандылық не патриотизм сөзі – отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін отан игілігі мен мүддесіне жұмсау- деген мағына білдіретіні бәрімізге аян. Туған жеріне, ана тіліне, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизмнің қарапайым элементтерін бүгінгі таңда ұлттық мемлекеттілік тұрғысынан қайта жаңғырту міндеттері тіындап тұрғаны белгілі. [14]
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Қай заманда болса да адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – есті де еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өз ұрпағын адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданды, дені сау болып өсуін қалайды.
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух – қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты – «қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру» – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. [15]
Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады. Патриоттық тәрбиенiң күре тамыры ежелгі сақ, ғұн, Түркi қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен көптеген Жәңгір, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр т.б. хандарымыз бен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен, ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып отырған Қазақстан халықтарының еңбек-
терiнен көрiнiс тауып отырғаны анық. Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда негізге орын алады. [16]
Еліміздің алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi.
Осы орайда ең негізгі мақсатымыз ұлттың болашағы болғандықтан, оқу орындарында өз халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдени, рухани байлығын, әдебиетін, өнерін, тарихын оқып-үйрене отырып, осы қасиеттерді шәкірт бойына молынан сіңіруіміз керек. [17]
Экономика өрлеп, әлеуметтік саясат тереңдеген сайын рухани құндылықтар алға тартыла бастайтыны – тарихи заңдылық. Сондықтан бүгін бәсекелестік экономика, қорғаныс, қаржы, басқа да салаларда, әсіресе рухани салада шиеленісіп тұр. Рухани құндылықтардың көздері тіл, дін, салт-дәстүр десек, соның ішіндегі бүгінгі таңда жастар тәрбиесінде келелі орын алатыны – дін.
Жастар арасында болып жатқан нашақорлық, жезөкшелік, қылмыс істер, түрлі аурулар – барлығы да қоғамдық, экономикалық жағдайдың жайсыздығы мен руханилық тамырымыздан ажырауға байланысты деп ойлаймын.
Жастар – қоғамның тұтқасы дейміз. Сондықтан дін жастарға әсер етпей қоймайды. Жалпы, дін қоғам психологиясына күшті әсер етеді. Жастарға олардың психологиясына әсер ету арқылы ғана имандылыққа, әдептiлiкке тәрбиелеуге болады. Жастырымыз иманды болса, ел де иманды болады. Ал иманды ел – инабатты ел. Сонда иманды елде қылмыс кемiп, ар мен ұят үстемдiк құрады. Ал адамзаттың түпкi мақсаты – соған бiртiндеп жол салып, жету болып табылады. Егер, жастардың жадында пайғамбарымыздың хадистерінен ғылымға, бiлiмге үндейтiн сөздері сақталса, нұр үстіне нұр … жалғасы