БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУДАҒЫ СӘТТІЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

5





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУДАҒЫ СӘТТІЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Білім алушыға күштеп кітап оқыту, ересектің нұсқауымен жүріп-тұру т.б. олар үшін тұлғалық мәнге ие болмайды, оның өмірінің маңыздысы, әрі қымбат қажетті нәрсесі бола алмайды. Мұның сыртында өзіне ұнамайтын іспен айналысқан адам, оны бітіре салысымен ол туралы тезірек ұмытуға, оны өмірдің өткен кезеңіндегі өз әлемінен шығарып тастауға ұмтылады. Жұмысқа тек өмір сүруге қажетті қарсы табу қажеттілігімен ғана баратын адамдардың, олар айналысатын мамандыққа қызығушылығы жоқ екендігі, одан рахат таппайтындығы, өздерінің бос уақытында өздері ұнатпайтын істі ұмытып қана қоймай, соған байланысты тақырыптағы әңгіме айтуға да тиым салатыны белгілі. Жалпы өз жұмысын сүйетін, жанына жақын іс таңдап алғандар ол туралы қалай қызығушылықпен беріле әңгімелейтіні де жасырын емес. Субъектіге табыс пен жоғары қанағаттануын әкелетін іс-әрекет ғана ол үшін даму факторы болып қалыптасады. Мәжбүрлеу немесе қажеттілік бойынша жасалатын іс-әрекет тұлға дамуында қозғаушы күш болып табылмайды. Мұндай іс-әрекет барысындағы дүниесін өзара байланыс объектінің дүниеге танылуын, оны тұлғалық құндылықтар құрылымына қосылуын, тұлғаның рухани әлемінің мазмұнын кеңейтуді білдірмейді. Болашақ кәсіптік оқыту педагогы ұйымдастыратын іс-әрекеті өзінде табыс жағдайы болуы туралы ойлануы қажет. Бұл жекелей де, топтық та іс-әрекетке қатысты. Табыс шамасы әртүрлі болады. Бірақ, табыс сөзсіз болуы тиіс, әйтпесе, ұйымдастырылатын іс-әрекет тікелей қарама-қарсы нәтижеге соқтыруы мүмкін, мысалы, өнерді сүймеу, еңбекке өшпенділік, этикетті жек көру, ғылыми білімдерді көзге ілмеу, адамдарға қатысты жауығу, басқалардың табысына ызалану, тағы басқадай болуы мүмкін. Өмірдегі күйіну немесе бірнәрсеге өшігу көбінесе адамның өз іс-әрекеті барысында алатын қанағатқа көп байланысты. Өмір сүру факторына байланысты қанағаттанумен қатар, қиялдағы нәтижеге, іс-әрекет өніміне бағытталған жасампаз күш ретіндегі шығармашылық бақыты да болады. Мұндай түрдегі күштердің табысы терең әрі ұзақ рахаттануды бастан өткізудің негізі болып табылады. Олар, басқаға қарағанда, білім алушыларға табыс әкеледі. Біз табыс жағдайы туралы айтқанымызда, іс-әрекет табысын өткізуіндегі дәлелдерді ескеруіміз керек. Іс-әрекеттің объективті табыстылығы (мысалы, әнді жақсы айтты, жаттығуды үздік орындады, жарыста жеңіп шықты) бұл әлі табыс жағдайы емес. Табыс жағдайы – бұл істі атқарушының, құбылысты жасаушының физикалық немесе психикалық шынығуының қорытындысымен қанағаттанудың ерекше жағдайы, субъективті сезінуі. Табыс сезімі өз қорқынышын, өз ұяңдығын, түсінбеушілігін, жасқаншақтығын, қолынан іс келмейтінін, сасқалақтауын, қиналысын т.б. жеңе білген субъектіде пайда болады. Табыс жағдайы-адам үшін қандай-да бір шарықтау, өзінің тұлғалық жетілуінде бір сатыға жоғары көтерілу. Ол педагогқа білім алушыны дамыту үшін қажет. Егер нәтижеге жету үшін барлық құрал жақсы болмаса, онда бұл жерде осы принцип ерекше қатаң, табыс жағдайында, тұлғаның өзі табысты анықтаған кезде ғана қол жеткізіледі. Білім алушының жеке басының тырысуынсыз табыс жағдайы болмайды. Білім алушы табысқа емес, бағаға қалай қуанса, спортшы да наградаға солай қуанады, ол жеңіске жету жолындағы қиындықты сезбейді. Егер іс табысты аяқталмаса, тұлға белсенділігі және әркімнің жеке жауапкершілігі – тұлғаның дамуындағы күшті және шешімді бетбұрысы. Американдық психолог У.Глассер былай дейді: Өткен сәтсіздіктердің санына, мәдениетіне, шығу тегіне, терісінің түсіне немесе материалдық жағдайына қарамастан, адам өзіне маңызды бір нәрседе бір кезде табысқа жетпесе, ол өмірде ештеңеге үлгермейді… Егер оқушы мектепте табысқа қол жеткізсе, онда өмірде де оған табысқа жетудің барлық мүмкіндіктері бар …. Табыс әсері тіпті тәжірибелі педагогтарды да таң қалдырады. Білім алушы жүріс- тұрысында өзгерулерді қадағалай отырып, кейде өз көзіңе өзің сенбейсің. Тыныш және ұялшақтан ол кенет өзіне сенімді әрі еркін адамға, бұрын үндемейтін және түксиіп жүретіннен әңгімешіл әрі көңілдіге айналады және айналасындағылардың барлығын өз оптимизмімен, өмірге қуану шеберлігімен қызықтырады. Табыс жағдайы-бұл жеңіс, яғни, адам қиындықты жеңгенде, тағдырдың еңбек сіңбеген сыйы ретінде емес нәрсені сезінуі. Табысты бастан өткізу, өзін, өзінің білімсіздігін, қолынан іс келмейтіндігін, тәжірибесіздігін білгенде жүреді. Білім алушы тұлғасы табыс кезінде өскендей болады, ал сол уақытта, сәтсіздіктер оны жабығуға, өзінің төмен сезіміне тұйықтануға мәжбүрлейді. Бірақ, бір табыстың тұлға дамуына әсерінің қалай екенін біле тұра, біздер, ата-аналар мен педагогтар, өзіміз өте жақсы көреміз деп сендіретін өз балаларымыздың табысқа жетуіне өте аз қамқорлық жасаймыз. Біздің ойымызша, табыска кедергі болатын екі себеп бар. Біріншісі, қоғамның әлеуметтік құндылығы ретіндегі жеке тұлғаны жеткіліксіз бағалауымыз. Екіншісі, біздің кәсібилігіміз, қазіргі заманауи педагогтарында педагогикалық техника мен педагогикалық технологиялардың жетіспеуі, аз болуы. Іс-әрекеттегі табысты қолдау үшін, кәсіптік оқыту педагогының іс-әрекет субъектісіне белгілі бір психологиялық әсерлер керек. Бұл жерде субъект ретінде жеке білім алушы да, сол кезде айналасындағы білім алушылардың барлығы педагогпен бірге оның табысын қолдайды, сондай-ақ кәсіптік оқыту педагогымен жұмыс істейтін білім алушылардың жеке тобы да болуы мүмкін. Бірінші кезекте, біз қойған мақсатқа жету үшін, білім алушыны психологиялық қыспақтан бастаудың ең керек тәсілі ретіндегі іс-әрекет алдындағы қорқынышты алып тастауды қажетті шарт деп атағанымыз жөн. Ол менің қолымнан келмейді…, Мен білмеймін…, Менен ештеңе шықпайды… дейді және тұйық енжарлыққа бой алдырады, жолдастарының жетістігін қайғыра бақылайды, өзі таңдап алған тұрғыдан зардап шегеді. Егерде бұл қарапайым, бұл жеңіл болмай қалса-ештеңе етпейді, істеп көр, ештеңе де жоғалтпайсың немесе кел, бірге көрейік, болмаса басқа тәсіл іздейміз… деп айтатын болсақ, онда қысым азаяды, білім алушы сәтсіздікке ұшыраудан босана алады. Қазіргі техникалық және кәсіптік колледждерде бүгінгі тәрбие тура қарама-қарсы түрде құрылады. Сәтсіздік алдындағы қорқыныш лексикалық және интонациялық түрде үйіріледі. Бұл қиын пән, сондықтан сендер міндеттісіңдер…, Бақылау жұмысы қиын, сондықтан сендердің міндеттерің…, Өзіңнің бар күшіңді осы қиын жұмысқа жұмылдыр…, Мұны жасау оңай емес… және сол сияқты білім алушыны түбегейлі қорқытып, оны психологиялық тығырыққа тірегіміз келгендей болады. Әрине, төмендегідей сұрақ туады, біз білім алушыға табысқа ерте жетесің деп, оны ойға алған нәтиженің қол жетімділігіне бағдарлай отырып, алдамаймыз ба? Оның келесідей жауабы: біріншіден, біз білім алушыға, оның қолынан келмейтін … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер