Бойжеткен бұрынғы жігітінен неке жүзігінің құнын өндіріп алды

Канадада қызық оқиға орын алды. Бойжеткен бұрынғы жігітінен неке жүзігінің құнын өндіріп алған.
2017 жылдың басында жігіт қалыңдығына сөз салып, қолын сұрамақ болған. Бірақ өзімен бірге несие картасы болмағандықтан ол қалыңдығының картасын сұрап алып, неке жүзігін соның ақшасына алған. Бірақ бойжеткен ол ақшаны жігіттің қайтаруын талап еткен. Жігіт ай сайын 500 доллардан қайтарып отыратын болып келіскен. Жігіт бірінші қызға, содан кейін өзіне неке жүзігін алған. Екі жүзікке 3,49 мың доллар ақша жұмсаған. Бірақ бірнеше айдан кейін олар екі жаққа кеткен. Ақшасын ала алмай қалған қыз сотқа жүгінген. Сот жігітті жұмсаған ақшаны қайтарып беруге міндеттеген. Ал қыз ақшаны алғаннан кейін неке жүзіктерін жігітке қайтаруы тиіс.

Дереккөз: Сегодня