Бір кездері Маннергейм дұрыс таңдау жасады: ең бастысы жер емес, адамдар
1940 жылы Финляндия өз жерінің бір бөлігін КСРО — ға берді, дамудың батыс жолын таңдады және гүлденген мемлекет болды, деп еске алды РФ Премьер — министрінің бұрынғы орынбасары Альфред Кох өз сұхбатында.
Ресейдің украин территорияларын жаулап алудағы ахуал туралы айта отырып, Ресей үкіметінің бұрынғы вице — премьері Альфред Кох сұхбатында тарихта «әлсіздер күштілерден сот арқылы бірдеңені алды» бірде — бір жағдай болған жоқ деп мәлімдеді.
Ол КСРО — ның Финляндиямен 1939 — 1940 жылдардағы кеңес әскери күштері Финляндияның бір бөлігін, оның ішінде Выборгты басып алған оқиғаларын еске алды. «Олар бітімге қол қойып, сызық сызды. Содан кейін Гитлер Кеңес Одағына шабуылдады. Финдер Гитлердің жағын алып, өздерінің ескі шекараларын басып алды. Содан кейін Сталин Гитлерді жеңді — финдер 1940 — ші жылдары Сталинмен келіскен шекараға қайта шегінді.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 1944 — 1945 жж. Маннергейм дилеммаға тап болды: не Сталиннен, шынымен финдікі болып табылатын жерлердің бәрін қайтарып беруді талап ету немесе бұл мәселені шешіп және өз туған халыққа өмір сүруге мүмкіндік беру», — деді Кох. Маннергейм Ресей немесе кеңес армиясының мүмкіндіктерін жақсы білетінін Кох еске алды.
«Сөйтіп, Маннергейм: Егер мен орыстармен сот ісін жалғастырып, әлем қауымдастығын куәгер ретінде шақырсам, американдықтар, ағылшындар «не болып жатқанын қараңдар, жерді тартып алды, оларды бізге қайтарсын!» және тағы басқасың, әрине, олар финдерге ештеңе қайтармайды. Британдықтармен бірге американдықтардың ешқайсысы Финляндия үшін КСРО — мен күреспейді, ал оны финдер өздері жасай алмайды. Бірақ онда Финляндия изгойға айналады. Ешкім оған ақша салмайды (инвестицияны әкелмейді деген сөз), Финляндияға ешкім бармайды, сонымен, оған ешкім қызығушылық танытпайды. Барлығы одан қорқады, өйткені ол өте уыттылығы (токсичность) бар екен ел.
Менде Сталинмен қиындықтар бар, бірақ Сталиннің атом бомбасы бар, Сталин опасыз, арсыз адам. Сталинмен сауда жасаған жақсы. Сталинмен ұрыспаған жақсы. Біздің проблемаларымыз жеткілікті. Еуропаны қайта құру керек, Америка гегемонияны орнатуы керек», — деді Кох.
Содан кейін Маннергейм Сталинмен келісім жасасып, Батыс әлемінің бір бөлігі болуға шешім қабылдайды және Финляндияны керемет мемлекетке айналдыруға бүкіл күшін салды. «Бүгін Финляндия әлемдегі ең өркендеген елдердің бірі болып табылады, Финляндияда Украинаның қара топырағы жоқ, бірақ финдер қатты қолайсыздықтарға қарамастан олар керемет жоғары технологиялық өндірісті қайта құрды. Оларда ең жақсы білім жүйесі бар, бүгінде олар санкцияларға қарамастан Ресейдің солтүстік — батыс бөлігін жартысын тамақтандыратын тиімді ауылшаруашылығына ие. Финляндияға адамдар ірімшікке барады. Ірімшік үшін!… Бұл ең жоғары деңгейдегі өмір сүретін керемет ел, ол барлық азаматтар үшін міндетті кірісті енгізу мүмкіндігін мұқият қарастырады. Германияның өзі әлі дайын емес. Сен түсінесің бе? Себебі, бір кездері Маннергейм дұрыс таңдау жасады: бастысы — жер емес, адамдар», — деді РФ бұрынғы премьер — министрінің орынбасары.
Оның айтуынша, Украина өз аумақтарын қайтаруға ниет білдіріп отыр, бірақ «өмірге байсалды қарау керек». «Украина қай жолды таңдағысы келеді? Ол жаһандық дағдарысқа айналғысы келеді ме? Ресеймен қандай да бір ұзақ, түсініксіз әңгіме болғандықтан ғана бүкіл әлемге белгілі болатын ел ме? Әрине, мен бәрі Украина дұрыс жасап жатыр деп ойлаймын. Бірақ өмірге байсалды түрде қараңыз: мықтылар әлсіздерден бірдеңені таласқанда – оған қарсы тұру өте қиын. Бірақ Ресейдің Оңтүстік Финляндияны аннексиялаудан пайдасы болмады. Ресей ештеңе жеңген жоқ. Ол өзіне ЖІӨ — нің неше пайызын қосты? Нөл», — деді Кох.
Келісім бойынша, 1940 жылы 12 наурызда Финляндия өз кейбір территорияларды КСРО — ға беруге мәжбүр болды — ол өз территориясының 11 %- ын Выборг қаласымен бірге берді. Карел өткелін, Ладога көлі жағалауының бір бөлігі, Фин шығанағындағы бірқатар аралдар және Ханко жартыаралын, оларда кеңестік әскери — теңіз базасын құру жоспарланған болатын, олар бәрі КСРО — ға кетті. 430 мың фин азаматы өз үйінен айырылды. Сонымен бірге Финляндия тәуелсіздігін сақтап қалды.
2014 жылы Ресей заңсыз референдумнан кейін Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысында қарулы агрессияны бастады. Қазір Донецк және Луганск облыстарының кейбір аумақтарын Ресейдің бақылауындағы содырлар басып алды.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты