Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері

0

1.Кіріспе
1.1.Биологияны оқытудың әдістері жүйесімсн олардың негізгі белгілері және классификация топтауы мен таныстыру
2.Негізгі бөлім
2.1.биологияны мультимедиялық әдістері туралы ұғым беру
2.2Жекелеген оқыту әдістері, оларға сипаттама
2.3Оқыту әдістерінің жүйеленуі
2.4Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
3.Қорытынды
Дидактикалық бірлік (категория) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілерімен анықталатын күрделі құбылыс.
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Әдіс (грек тілінен- бағыт, таным тәсілі, зерттеу)- нысанды игеруге бағытталған практикалық және теориялық әрекеттер жолы.
Оқыту әдістері — биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Биологияны оқыту әдістерінің дамуына биология ғылымының және практиканың, әдіснаманың даму бағыттары мен ой-пікірлері, биология әдістемесінің және дидактиканың жетістіктері әсер етеді.
Оқыту әдісі — бұл оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының, ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Ал осы максаттар білім беру мазмұнында іске асса онда білім мазмұнын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жеткізеді. Келтірілген анықтамада әрекеттестік жөнінде тегін айтылмаған, өйткені оқыту әр уакытта оқушы мен мүғалімнің бірлескен әрекетін меңзейді, сондықтан да әдістің өзіндік белгілері бар. Біріншіден, оқыту әдісі мазмұнның бір құрам бөлігін игеруді және мазмұнын оқу материалында нақты іске асуын ұйғарады.
Екіншіден, ол мазмұн құрам бөлігіне байланысты қандай да бір игеру тәсілін (жолын) ұйымдастырады. Үшіншіден, ұстаз бен оқушы әрекетінің сипаты қажет. Мынадай мысал келтіруге болады.
Жаңа білімді игеру, жаңа ақпаратты қабылдау, оны түйсіну, содан сол түйсінгенді еске сақтау. Олай болса ең алғашкы әдіс те — қабылдату әдісі, ол әр уақытта түсіндіруден, көрсетуден басталғаны дұрыс. Міне, осы әдіс — түсіндірмелі-көрнекілік (безендірілмелі) деп аталады.
Түсіндірмелі — көрнекілік әдіс, бұл — дайын ақпаратты хабарлау, яғни
плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылғанқұстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім оқушыларға гүлді өсімдікті немесеқоңызды мүшелерін, бөлшектерін анықтап қарау үшін беруі мүмкін, лекция (дәріс) оқуы мүмкін т.б, Осының бәрі сол бір әдіс — өйткені барлық осыжағдайда да мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әртүрлі жолмен береді.Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілілерімен қатынастырады, ұғынады, ссте сақтайды да сұраған кезде естігендерінқайталайды, білетінді, танысты еске түсіреді. Түсіндірмелі — көрнекілік әдістің педагогикалық мәні де міне, осында.
Оқытудың қазіргі талаптарында түсіндірмелі — көрнекілік әдістен білімді құрылымдауға көңіл қою талап етіледі: ұстаз оқушыларда оқылатын тақырып элементтерін олардың әуелі жақын байланыстарында, сонан соң қашығырақ байланыстыратында жете түсінуді қалыптастырады.
Білімді қолдану тәсілдерін, жолдарын игеру үшін — нұсқаушы -ойға түсіруші (қайта жаңғыртушы) әдісті пайдалану қажет.
Нұсқаушы — ойға түсіруші әдіс. Бұл әдісті былай сипаттауға болады, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді (білім немесе әрекет), яғни, істелетін немесе орындалатын жұмыска нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады.Осы нұсқаушы — ойға түсіруші әдіс оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеп айтып беру, тәжірибені қайталау сияқты жаттығулармен жүзеге асырылуы- мүмкін. Көбінесс оқулық мәтінін айтып беру басым болады.
Қарастырылған әдістер окушыларды білім, білік, дағдымен (Б.Б.Д)қанықтырады, бірақ оқушыларға жеткілікті, олардың шамасына сәйкес дәрежедегі шығармашылық әрекеттер тәжірибелерін меңгеруге мүмкіндік
бермейді. Осы мақсатқа жету үшін эвристикалық (демеу- іздеушілік)
зерттеушілік және проблемалық баяндау әдістерін қолдану қажет.
Демеу- іздеушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдісте ұста проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалылығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп (бұл кезде де проблемалық жағдай тудырылады), соңғы нәтижеге оқушының кадамдай, жылжуын, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып (болжам айту не оны тексеру жолдарын ұсынып) ұстаз оқушыны ішнара шешім табуға кірістіреді.
Зерттеушілік әдістің мәні- ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құралы.
немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі, ойлаудың дәстүрлі еместігі, болжамдар кұру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді тасымалдау т.б.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның
шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру әрекет түрлермен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.Проблемалық оқыту -дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалықтапсырмалар әртүрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылыққабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қияз танымдық мотивация қалыптасады.
Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудыңсызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты,белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы қояды; болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну,шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану. Осындайсызбанұсқа біз қарастырып өткен түсіндірмелі-көрнекілік және қайтажаңғыртушы әдістерден негізді айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Проблемалық жағдаятты анықтап, ұстаз оны шешу жолының логикасын ашады, қарама -қайшылықтарды және оның туындау кездерін көрсетеді, сонан соң проблеманы шешудегі әрбір қадамды дәлелдейді.
2 Оқыту әдістері үш топқа бөлінеді: ауызша (білім көзі біреу сөз), көрнекілік (білім кезі екеу — сөз және көрнекілік) және практикалық (білім көзі үшеу — сөз, оқу нысаны және пәнді практикалық тексеру).
Ауызша әдістер тобына әңгіме, пікірлесу, түсіндіру, дәріс оқу жатады. Бұл жерде мұғалімнің әрекеті сөз жүзінде көрінеді, ал оқушылардың әрекеті тыңдау, ұғыну және ауызша немесе жазбаша жауаптар беру.
Әңгіме әдісі биологияны оқытуда жиі қолданылатын ауызша әдістің түрі. Пікірлесу пікір алмасу тұрғысында болатын сұрақ- жауап түрінде оқу материалын талдау, оған мүғалім мен оқушы қатысады. Пікірлесудің мақсатты бағытталғандығы мәнін ашу үшін алынатын нақты сұрақпен анықталады, оған оқушылар білімдері пайдаланылады. Пікірлесу белгілі бір қорытындымен тұжырыммен аяқталады.
Пікірлесуді оқу материалын қайталау үшін, сабақ соңында білімді бекіту үшін, жаңа сабақтың басында оқушыларды жаңа мәліметтерді қабылдауға ыңғайлау үшін қолданады. Сабақ барысында ұстаз пікірлесуге қосатын сұрақтарын күрделендіруі қажет. Сұрақтарға сәйкес жауаптар да дамып күрделене түседі. Сөйтіп, оқушылар бірте-бірте күрделі логикалық міндеттерді шеше бастайды, бұл олардың ой-өрістерінің дамуына қажетті жағдай.Түсіндіру биология сабактарында және танымжорык кездерінде жиі қолданылады. Ол оқу материалын деректер мен дәлелдемелер негізінде нақты, логикалық баяндап қорытындылар жасаумен сипатталады.Түсіндіру ойлап саралаумен жүреді. Практикалық, сабақтар жөнінде қысқа, анық нұсқау беру де түсіндіру болып табылады. Мектеп дәрісі — ол оқу материалы мазмұнын 20-25 мин. ауызша баяндау. Мазмұнына қарай және оқушылардың дайындығына байланысты дәріс әңгіме немесе пікірлесумен араластырыла алады.
Көрнекі әдістер тобына тәжірибелер мен көрнекі құралдар көрсету, заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекі, сурет түрінде (сурет, сызбанұсқа, нақпішін, нобай) көрсету жатады. Мұғалім сөзбенен оқылатын нысанды бақылау, карауды ұйымдастырады, ал оқушы, бакылап отырып оны ұғынады, корытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді.
Практикалық әдістер тобына биологияда оқылатын нысанмен немесе окулықпен орьшдалатын жұмыс түрлері жатады. Оларды сабактардағы зертханалық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақтарда таным жорықтарда, тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе алаңында пайдланады.3 Биологияны окытудың мультимедиалық әдістері қазіргі таңда тек сыныпта ғана колданылады, себебі, комппьютерлер және мультимедиялық құралдар бөлмеде, бір орында ғана тұруы тиіс.Мультимедиа ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі.Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар окушыға автоматтық жүйемен жұмыс барысында виртуальды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданылады.
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), керсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді) және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта кұрудың керегі жок. Білім көзінің басым сипатына қарай (ақпарат көзіне) кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әдістер тобына кіре алады.Әйткенмен мультимедиалық (кешендік) оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері — олар ақпараттар беретін барлық каналдарды өзінде тоғыстырған. Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуальды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.
Биологиядан оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Биология сабақтарының ерекшеліктері
экскурсияны өткізу әдістемесімен, оның білімдік және тәрбиелік маңызымен
таныстыру
экскурсия өткізу жоспарларын құрастыруға үйрету
Биологияны оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама
Биология сабақтарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері
1 Оқыту -оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы оқушы мен мүғалім арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Оқыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны оқыту әдістемесінде көп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы — сабақ тұрады.Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану қажеттілігі негізделген.
Осы уакытқа дейін сыныптағы сабақ — оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екенін айттық, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді. Биологиядан және экологиядая берілетін білім жүйесі мен біліктілікті игеру үшін оқытудың басқа да формаларының маңызы зор.
2 Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың танымдық әрекетін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді, ол таным әрекетін белсендіру деген сөз.
Таным әрекетін белсендіру — бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер етуі қажет. Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру сияқты белсендіру құралы.
Сабақта мүғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқытумазмұнын-меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Ұстаздың міндеті:оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде. білім-білік игеруге қалыптастыру болып табылады. Ұстаз шеберлігінің мәні оқушының оқу материалының алдынан шығуы кезінде және және оқушымен оку мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы делдал болуында.
Оқушылардың топтық, жалпысыныптық, жекелеген жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың таным әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Оқьпу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін, қызығушылығын дамытатын, ұжымды ұйымшыл ететін, жеке тұлғаның өзін танытуына ықпал ететін оқушылардың ұжымдық әрекетінің негізінде құрылады. Оқытудың ұжымдық сипаты оқушылардың жекелеген мүмкіндіктерін ескеруді талап ететін жіктелген ыңғайлы қарастырады. Сынып тобы шегінде жіктеп оқытуды жүзеге асыруға оқушылардың жұмыс әрекетін ұйымдастырудың, жекелей, топтық және жалпысыныптық түрлерін жүргізу жолдары ықпал етеді. Жалпысыныптық және топтық әрекетті ұжымдық жұмыс түріне жатқызады, өйткені осы кезде оқушылар бірге жұмыс істеудің ортақ мақсатын сезініп, өзара жұмыстарды бөлісіп, жауапкершілікті сезініп топтың әрекетін өздері бақылап отырады.
Биологияны және экологияны оқытуда тегіс қамтитын, жалпысыныптық жұмыс түрі (фронталдық) жиі қолданылады, өйткені мұғалімнің басқаруымен барлық сынып ортақ тапсырманы шешуде жұмыс атқарады. Бұл кезде, әрине, жұмыс барысы кезеңдерге жіктеледі. Жұмыстың бір кезеңі аяқталған соң, барлық оқушылар келесіге көшеді. ал мұғалім олардың әрекетін бақылайды.
Жалпысыныптық жұмыс үрдісі кезінде әрбір оқушы тұтас ұжымның бір мүшесі ретінде еңбек етеді, өйткені әркімнің жұмыс қарқыны мен пәрменділігінен барлық сыныптың тапсырманы орындау сәттілігі байланысты болады.
Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі дидактикалық мақсаттар үшін
пайдаланылады: жаңа материалды оқу үшін, білім тексеру барысында, оны
бекітуде. Сонымен жалпысыныптық жұмыс өсімдіктер мен жануарлар
систематикасын цитологиялық,гистологиялық,анатомия лық-морфологиялық оқу материалынан микропрепараттар даярлау мен оларды көру кездерінде жүргізіледі.
Биологияны оқыту жүйесіндегі кластан тыс жүмыстардың маңызы
— сабақ-семинарларды өткізу әдістемесімен таныстыру,
— сабак-семинарлардың негізгі қызметтері және оның өткізу формалары туралы ұғым беру
— дидактикалық мақсаттар және міндеттерді ескере отырып семинарларды жоспарлауға үйрету
1 Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері
2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмүны және оны ұйымдастыру
3 Сыныптан тыс жаппай жұмыс
1 Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уакытта
ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу (бағдарламасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.
Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс, бірақ мектептен тыс мекемелер (жас натуралистер стансасы, үкіметтік емес ұйымдар шаралары, оқушылар сарайы т.с.с.) өткізетін жұмыстарды ажырата білу керек. Мектептен тыс мекемелер үшін сабақтың арнайы бағдарламасы шығарылады.
Бақыланатын құбылыстардың нақтылығы, бақыланғанды қысқаша жазып алу қажеттілігі, тиісті қорытынды жасау, сонан соң сол туралы сабақта немесе үйірме отырысы кезінде әңгімелеу — осының бәрі оқушының ойлауының, бакылағыштығының дамуына себін тигізіп, бұрын олар көңіл қоймай жүрген мәселелеріне де көңіл аударуларына себеп болады.
Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялык олимпиада, көрмелер, қабырға газеттерін шығару, табиғатта қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т.б. елеулі орын алады.
Топтық эпизодтық жұмыс әдетте жаппай мектептік шараларға дайындық және оны өткізу, мысалы: Құстар күні, Денсаулық аптасы т.б. кезінде ұйымдастырылады. Осы жұмысты жүзеге асыру үшін мұғалім, биологияға қызығатын оқушылар тобын таңдап алып оларға қажетті материал табуды, қабырға газетін шығаруды, баяндама, көркемөнер ұйымдастыруды т.б.тапсырады.
Топтық эпизодты жұмыс ұстаздың жергілікті табиғатты оқып үйренумен шұғылданғысы келуімен байланысты мәселелер, мысалы жергілікті өзен, суларды мекендейтін құстардың түр кұрамын анықтау, сол өлкедегі ағаштар мен бұталарды есепке алу, өсімдіктердің биологиялық сағаттарын анықтау т.б. Топтық эпизодты жұмыстар қажеттілігі әдетте мектепке үйірме жұмыстарының болмауы себепті туындайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары әртүрлі болады. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың нәтижесі көбінесе оның мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларда қызығушылық тудырып, оларды әртүрлілігімен тартуы тиіс. Осылай болуы, оны мектепте оқылатын биология пәндерінің қосымша сабағы ретінде, сыныптағы сабақ, зертханалық т.б. сабақтар сияқты өткізбеуге байланысты. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс белгілі бір дәрежеде оқушылар үшін міндетті оқу сабақтарынан бір демалыс ретінде болуы керек.
Жалпы орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс жұмыстардан
жинақталған тәжірибенің көрсеткеніндей негізінен ұстаздың жетекшілігімен
жүргізілетін дербестік, өз бетімен практикалық сипаты басым оқушылар
жұмысынан тұруы тиіс, олар: дербес бақылаулар мен тәжірибелер, дене еңбегі, анықтамалармен, ғылыми-көпшілік әдебиеттерімен, журналдармен жұмыс.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мазмұнын қоршаған тірі табиғатпен, орман шаруашылығының, … жалғасы