Биологияны оқыту әдісі | Скачать Реферат

0

Жоспар
1.Кіріспе
1.1.Биологияны оқыту әдісі.
2.Негізгі бөлім
2.1Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
2.2Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Биологияны оқыту әдістемесі — мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика — оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика — оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу — тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы — жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы — зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде … .білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін — осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

2. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
1. Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика.
2. Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз — оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеу.
Туған — өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында — күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі — оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру — адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты — адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
·оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
·экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
·дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
·экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
·оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
·оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі — гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
«Тәнтану» және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы — жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие — бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. «Тәнтану» курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.
Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.
Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика — көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде — бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.

3. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау.

1.Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.
2.Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
3.Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз — адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? — деген сұраққа жауап) — бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты — қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор — мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника Өсімдіктану пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20-ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе-теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы … жалғасы