«Білім — өмірге, өнер — баршаға» Математикалық сайыс 8 сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

«Білім — өмірге, өнер — баршаға» Математикалық сайыс 8 сынып

Бағыты: Математика Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 8 сынып

Оқушылардың пəнге деген қызығушылығын, маиематикадан алған білімін қорытындылауда, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы өте зор. Мектебімізде математикалық апталығына орай өткізілген математикалық сайыс жоғары деңгейде өтті.

Білім – өмірге, өнер — баршаға атты математикалық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.
Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін — өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 8 және 9 сыныптар арасында өтетін “ Білім – өмірге, өнер — баршаға “ атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі — білімде — деп айтқандай бүгінгі сайысымызға тапқырлығы мен білімін көрсетуге келіп отырған сайыскерлерімізбен таныс болайық. Әрбір сыныптан екі оқушыдан қатысып отыр. Сонымен 12 топ болады.
1-жүргізуші:
Сайысуға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын кәне, өнерімен ортамызға. Ортаға сайысуға келген оқушыларымызды шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
1-жүргізуші: Сайыс барысымен таныстырсақ:
Сөз құрастыру (12 топ қатысады
Математикалық лото ойын (10 топ қатысады)
Есептер шығару (8 топ қатысады)
Сиқырлы қалташа ( 6 топ қатысады)
Сұрақ-жауап (4 топ қатысады)
Қорытынды
2-жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
1-жүргізуші:
Білімді азамат –ел ертеңі, Білікті бірді, білімді мыңды жығар деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз (екеуі бірге).
2-жүргізуші: Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Әрбір топқа сөз беріледі. Сөздегі әріптерді қолданып сөз құоастыру керек. Кім аз сөз құрастырады сол ойыннан шығады.
1-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Математикалық лотоойын сайысына кезек берейік. 10 топқа тапсырма беріледі. Соңында қалған 8 сыныптан, 9 сыныптан екі топ ойыннан шығады. (Ұпайлармен берілген сұрақтарға жауап береді.)
2-жүргізуші: Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік. Есептер шығару
Әрбір топқа есеп беріледі.
1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып, Сиқырлы қалташа ойынына кезек берейік. Мұнда әртүрлі тапсырмалар болады.
2-жүргізуші: Ойла- ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген,
Формуланы білмесең,
Өте алмайсың көпірден.- дей отырып кезекті Сұрақ-жауап ойынына береміз.
1 тобының сұрағы
Тәуліктің 1/24 бөлігі?
Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
13 санының квадраты нешеге тең?
Жердің жасанды емес серігі?
Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?
тобының сұрағы
1.Диаметрдің жартысы
10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі
Ең кіші натурал сан
Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі
Синустың косинусқа қатынасы
3 тобының сұрағы
Дәлелденбейтін тұжырым.
Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді
Санауға қолданылатын сандар
15 санының квадраты
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
тобының сұрағы
Қиылыспайтын түзулер
Табиғи жарық көзі
Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы
2-жүргізуші:Жарыс заңы ежелденЖеңімпазды анықтауЖенімпаз болу шарты солЕңбектеніп, жалықпау.Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. (қорытындысын айтады)
1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздерменен кездерсеміз біздер әлі.
Әділ –қазы көрермен сау тұрыңыздар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен Білім – өмірге, өнер- баршаға атты математикалық сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламатта болыңыздар!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.