Білім берудегі ақпараттық жүйелер
Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» – деп, ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр.
Қазіргі ақпараттандыру дәуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.
1-кесте – Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдары
Аппараттық құралдар: |
Педагогикалық мүмкіндігі |
Компьютер |
Кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрал |
Интерактивтік тақта |
Оқу сабақтарын ұйымдастыруға және семинарлар мен пікірталастар өткізуге ыңғайлы құрал |
Принтер |
Мұғалім мен оқушылардың дайындаған ақпаратын қағазға шығаруға арналған құрылғы |
Проектор |
Сабақтың көрнекілік деңгейін арттыруға және оқушылардың өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуге арналған құрал |
Телекоммуника-циялық блок |
Отандық немесе әлемдік ақпараттық ресурстарға кіруге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға, басқа мектептермен хат алысуға көмектесетін құрал |
Пернетақта және тышқан |
Мәтіндік ақпаратты енгізуге және экрандағы нысандарды басқаруға арналған құралдар |
Сыныптағы және мектептегі желі |
Ақпараттық желіге кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық, техникалық және уақыттық ресурстарды тиімді қолдануға көмектеседі. |
Дыбыс-бейне құралдары |
Сканер, фотоаппарат, видеокамера, магнитофон қоршаған әлемнің ақпараттық бейнесін оқыту үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді |
Программалық құралдар: |
Педагогикалық мүмкіндігі |
Ақпараттың өзегі — интернет |
Ұйымдастырылған ақпараттық массивтер – компьютердегі энциклопедиялар, ақпараттық сайттар және Интернет жүйесі |
Виртуалды конструкторлар |
Көрнекілік, математикалық және физикалық нақтылықтың символдық үлгілерін құрастыруға, осы үлгілерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік береді |
Жаттықтырғыш-тар |
Ақпараттық нысандармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға – мәтінді енгізу, экрандағы графикалық нысандармен жұмыс, жазбаша және ауызша жұмыстар жүргізуге бағытталады |
Компьютерлік тест программалары |
Оқушылар автоматты түрде компьютер арқылы тапсырманы орындайды және нәтижесін алады. Компьютер оқушыны бағалайды |
Оқытушы кешендік жиынтық (электрондық басылым) |
Жоғарыда аталған программалық құралдардың сәйкестігіне қарай дәстүрлі түрде оқыту үдерісін автоматтандырады, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін дербестендіреді |
Басқарудың ақпараттық жүйелері |
Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен- оқушылар, мұғалімдер, басшылық, ата-аналар, қоғам мүшелерінің арасындағы ақпараттық ағындардың жүруін қамтамасыз етеді |
Қорыта келе, ақпараттық технология құралдары білім беру үдерісінде қолдану – өзінің тәсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан, олар арқылы орындалатын оқу әрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, дәстүрлі оқыту кезінде оқушыға қалыптастыруға келмейтін арнайы іскерліктерді қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: Юрист, 2008. — 240 б.
2.Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образования // Информатика и образование. — 2003. №1. — С. 2-6.
- Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010ж
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
- “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл