«Білім әлеміне саяхат»
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Білім әлеміне саяхат»
Автор: Толымбекова Нуржамал Тореевна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-05
Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, «Білім әлеміне» қош келіңдер! Білім әлеміне тек білімді, өнерлі балалар ғана келеді. Сендерде білгір, өнерпаз, дарынд, боларсыңдар ?
Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар өз білімін шыңдау үшін білімдерін көрсету үшін келіп отыр. Қуыршақ, сенің қандай тапсырмаларың болса да, балалар барлығына жауап беруге дайын.Қуыршақ: Солай ма, балалар! Онда мұқият тыңдаңдар. Мына алма ағашындағы алмалар жай алма емес. Сиқырлы алмалар. Олардың әрқайсында тапсырмалар жазылған. Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма ?Балалар: Әрине, дайынбыз.Қуыршақ: Онда іске сәт,балалар!Тәрбиеші: Рахмет қуыршақ. Балалар бұл тапсрмаларды жақсы орындайды деп үміттенемін. Сен төрлет, жоғары шығып отыр. Балалрдң жауабн тыңдарсңдар. Қуыршақ жоғары шығып, орындыққа отырып, балалардың өнерін тамашалайды.Тәрбиеші: ал, балалар қазір бір бала шығып, бір алманы үзіп, онда жазылған сұраққа жауап береді. Ал кім шығады? Алуа шығып, бір алманы үзіп, береді:Тәрбиеші: мына суретке қарап, әңгіме құраңдар. Балалар, бұл бізге таныс сурет екен. «1- қыркүйек Білім күнінде» біз бұл сурет бойынша әңгіме құрғанбыз.кәне есімізге түсірейік.Алуа: бұл суретте оқушылар мектепке бара жатыыр. Олар өте көңілді. Сөмкелерінде кітап, дәптер, қаламсап, өшіргіш, сызғыштарыы бар. Оларды мұғалім қарсы алып тұр. Оқушылар мектептен оқуд, жазуды үйренеді. Біз де мектепке барып жақсы оқушы боламыз.Тәрбиеші: Жақсы. Алуа сурет бойынша әңгімені жақсы айтты. Ал,енді кім шығып, алманы үзіп, екінші тапсырманы орындайды ? никита келе ғой. Никита алманы үзіп алып, тәрбиешіге береді.Тәрбиеші: Екінші тапсырма «Білім, өнер жайлы» тақпақ айтып бер.Никита: Талаптанып, қанаттанып, Өмір сырын ұғамыз Білім алып, тұлғаланып Азамат боп шығамыз. Алуа: Бар білімді меңгерген, Ғалым болғым келеді Жетпіс өнер меңгерген Дарын болғым келеді. Бала: үшінші алманы үзіп, ондағы тапсырманы орындайды. Достық, білім, туған жер жайлы мақал-мәтел айтыңдар.
- Кітап білім бұлағы , білім өмір шырағы.
- Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Жақсымен дос болсаң
Жетерсің мұратқаЖаманмен дос болсаңҚаларсың ұятқа.
- Білекті бірді жғады,
Білімді мыңды жығады.
Жұмбақ жасырып, шешуін табу:
- Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
- Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (Қалам)
- Қате жазып жаңылсақ,
Тазалайды қатеңді. (Өшіргіш)
4 тапсырма. «Соқыр теке» ойынын ойнау.5 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
- Ән ұран, елтаңба, ту.
- Астанамыз қай қала?
- Астанамыз – еліміздің бас қаласы- Астана.
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Біз Тараз қаласында тұрамыз.
6 тапсырма. Жапсыру оқу іс-әрекетінен түрлі-түсті қағаздан қуршақтың көйлегіне гүлдер, дөңгелектер жапсыру. Қуыршаққа сыйлық жасау. 7- бала қуыршақтың көйлегін әсемдейді. 4- бала моншақтарды, гүлдерді, түсті қағаздармен көйлекке жапсыру. Балалардың жұмыстарын бағалау.Қуыршақ: Рахмет, сендерге балалар! Сендердің сыйлықтарың маған ұнады. Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Өте білімді, өнерлі, дарынды балалар екенсіңдер. Менің көңілім көтерілді, сендерге риза болдым. Тағы да «Білім әлеміне» келіңдер. Сау болыңдар балалар, келесі кездескенше.Қорытынды: Тәрбиеші: Ал енді соңғы бір алма қалыпты, соны кім үзіп алады? Бір бала алманы үзіп әкеліп, 7 тапсырма орындалады.Үстел үстіндегі қағаз алмаларға балалар көздерін жұмып, үрлеген кезде, алмалар шын алмаға айналады, алмаларды балаларға беру.Балалар қонақтармен қоштасып, ұшып болып ұшып кетеді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.