Биғали Шоманның өлеңдері, шығаралары, тақпақтары

0
102

Жаным менің, сені іздеп кезбедім мен шалғайды,
Шалғай алыс – шартарапта, арманымды алдайды.
Мақсатым сол, байланғамда сені тауып жаныңа –
Жарқыратып келсең деп ем мен тұратын маңайды.

Дәметпессің менен өзің ханға лайық сарайды,
Мен де сенен сұрамаспын аспандағы арайды.
Қаңсығанда таңдай кеуіп, наз көркіңе шөліркеп,
Күліп тұрып, жайраң қағып көже ұсынсаң жарайды.

Биғали Шоман