ББЖ 6 сынып үшін

0
197







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




ББЖ 6 сынып үшін

Автор: Бектурова Аяужан Куанышпаевна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

Материал бөлім бойынша қосымша материал бойынша жинытқы бағалау . Қосымша материал ретінде




«Қазақ тілі Т2» бөлімше бойынша жиынтық бағалау жұмысыТыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Көлікке мінгенде Қаламызда қырандай, Самғар көлік табылар. Троллейбус пен трамвай, Автобустар тағы бар. Автобусқа асығып, Жолды кесіп өтпеймін. Доп тепкендей асырып, Бос қалбырды теппеймін. Жол шетіне трамвайКеле алмайды күтсең де. Болу керек тым абай, Мінгенде не түскенде. Өзім барар бағыттың, Нөмірін де білемін. Ережеге қанықпын, Артқы есіктен кіремін. Жұрт аяғын баспаймын Бүлдірмеймін, шашпаймын. Жол ақысын «қоянша», Төлеместен қашпаймын. Шаршап кейде жүрсем де, Орын берем үлкенге. Қатты шулап тұрмаймын, Құрбылармен күлсем де. Аялдама аттарын Жаңылмастан жаттаймын. Жолда жүру тәртібін Мен осылай сақтаймын.1.Өлеңнің идеясын анықтаңыз. А) өмір құндылықтарыВ) жол ережесін сақтауС) бағдаршамды сақтауD) көліктер[1]2. Автордың ойын қорытындылаңыз.Жолда жүру тәртібін А) пайдалыВ) жайС) сақтаймынD)мәңгілік[1] 3. Тыңдалым мәтінінде көлік түрлерін жазыңыз. _____________________________________________________________[1] 4. Ақпараттарды шын/өтірік/ айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.[2]

1. Өзім барар бағыттың нөмірін де білемінА)шын
2. Мен автобуспен саяхатқа барамынВ) айтылмаған
3. Жолды кесіп өту-өмір талабы.С) өтірік

ОқылымМәтінді мұқиятоқып,тапсырмаларды орындаңыз.Көлік Адамдар баратын жерлеріне көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.Көліктердің зияны: көліктерден шыққан түтін,улы газдар  қоршаған ортаның ауасын ластайды,адамдардың ағзасына яғни денсаулығына кері әсерін тигізеді.Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза  табады,сондықтанда жолдан өткенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.Жолаушылар жүретін көліктердің ережелері бар: автобус,пойыз,троллейбусқа мінгенде  міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.Үлкен адамдарға орын беру керек. Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек. (95сөз)1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз. ауыр – _____________________жылдам – ________________________ улы -______________________ сөндіру– ___________________ Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. _____________________________________________________________________________ [1]

3.«Үлкен қалаларға барғанда, бағдаршамға қарап өту керек» деген автор пікірімен келісесізбе? Ойыңызды дәлелдеңіз._____________________________________________________________________________ [1] 4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.Мәтінде көліктің зияны туралы қандай себептер көрсетілген? _____________________________________________________________________________ [1]

Жазылым«Көліктен шыққан газдар адамдар денсаулығына зиянды »деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз._____________________________________________________________________________[10] АйтылымБерілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут).Ұлттық сөз әдебімен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Диалог тақырыптары1. Көлік адамға қажет.2. Сен мектепке қандай көлікпен келесің?3. Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.