Бауыржан Момышұлы ашық сабақ
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 9 сынып
Ұлы Отан соғысында елін, жерін, отанын қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып қадір тұту.
Сабақтың тақырыбы: «Қаһарман келбетіндегі-Бауыржан Момышұлы»
Эпиграф: Есіл ер тайсалмаған қалың топтан,Қайтпаған, қаймықпаған атқан оқтан.Ерлік пен батырлықтың үлгісіндей,Ұран сап Отан үшін жауға шапқан. Аямай Отан үшін шыбын жанын,Аямай бойда қуат, қасық қанынТөнгенде басқа қауіп, қатерлі күн,Жау жолын оқпен кескен қаһарманым! Мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін, отанын қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып қадір тұту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа, батырлыққа тәрбиелеу. Аты бүкіл әлемге аңызға айналған Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту, Оқушы бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге, оны қорғау жолында жанын садаға ететін болашақ ұрпақ өздері екенін сездіру, туған елін, жерін, тәуелсіздігін қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, интерактивті тақта, ББҮ, кестелер, оқулықтар, газет-журналдар, батырдың бейнесін сомдайтын слайдтар, т.б.Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сыныпты топқа бөлу.1-кезең: Мәтін топтағы оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар мәтінді оқып шығады.2-кезең: Бауыржан Момышұлы жайында бейне ролик көрсетіледі. Әр топқа төмендегідей тапсырмалар беріледі.1-топ – ақпараттар, фактілер2-топ – логикалық позитивті ойлау3-топ – шығармашылық ойлау 4-топ– ойлау процесін басқару3-кезең: Чайндат. Бауыржан Момышұлының өмір жолы.Жылдар бойынша тиісті мағлұматтарды жаз
………………………………………………………………………………………………………………..…………………………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………………………………………. ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………………………………………4-кезең: Заманымызда сирек кездесетін, содан соң кездеспейтін, тұлғалар болады. Ол-Бауыржан Момышұлы. Ол үшін қай қазақ мақтанбайды! Себебі оның бойында ұлтжандылық пен қазақы намыс ерекше жарқырап тұратын! Егер Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме бола қалса, оны Бауыржаннан бөліп қарай алмаймыз. Ол туралы талай аңыздар таралған. Қай жерде жүрсе де, «мен қазақпын» дегеннен танбаған. Қазағының намысы үшін Бауыржанға атақ-мансаптың да құны көк тиын. Біз Бауыржанның осы қасиетін ашатын шағын қойылым дайындағанбыз. Соны тамашалайық!Шағын қойылым.5-кезең: Ой сергіту «Бауыржан»Дөңгелекке әр сөздің бас әрпі жазылады. Сонда дөңгелектердегі әріптерден «Бауыржан» шығуы керек.
6 кезең: Бауыржан Момышұлы жастарды жирендірген және жақсы сөздермен үндеген сөздерін кестеге жазамыз. Бауыржан Момышұлының еңбектерін, нақыл сөздерін, басқа қасиеттерін бағалай келе, біз оның халық мұрасын жалғастырушы, әскери педагог-психолог болғанын байқаймыз. Батыр жастарды төмендегі 14 қасиеттен жирендіріп, он бес қасиетке баулуға тырысқан. Сол қасиеттерді кестеге толтырамыз(слайд көрсету). Бұл қасиеттерді сіздерге таныстыру үшін ЭЭ-146 топ оқушысы Ерғалиев Нұрболды шақырайық.
Бауыржан Момышұлы жастарды | |
|
Жирендірген:
|
үндеген | |
Нәтижесінде патриот тәрбиелеу |
Сабақты қорытындылағанда оқушылардың дайындығын, ізденіс жұмыстарын бағалау. Парта үстіндегі көрнекіліктермен таныстыру.Үйге тапсырма: Бауыржан Момышұлы туралы эссе жазып келу тапсырылады.
Мұнайлы ауданы
Ашық сабақ
«Қаһарман келбетіндегі Бауыржан Момышұлы»
Өткізген: Дзельбаева С.А.
2014-2015 оқу жылы
Оқытушының кіріспе сөзі.
Айдана (жүргізуші): Қадірменді ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға — Бауыржан Момышұлына арналған «Азамат. Қаламгер. Қаһарман» тарихи кешіне қош келдіңіздер! Бауыржан Момышұлы — елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арналған тарихи кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
(Баяу ғана күй орындалып тұрады). ІІІ курс, ЭЕМО-136 топ оқушысы Ельмуратова Мадина Б.Момышұлының өлеңін жатқа оқиды. Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,Ойым бар, көңілім бар жан тербеткен.Ақ жалды, асау теңіз ортасындаАзды-көпті төрт-бес жыл өмірім өткен, Аңсап, арнап алыстан келгенімде,Рахым түсіп, кім еді мейірім еткен?Есімде жоқ, жаратқан сол қай пендеПіріндей қол кусырып құрмет еткен?Әлде дос, әлде қастың бірі ме еді,Батырға көппен бірге жымың еткен?Әлде құл, әлде күңнің біреуі ме,Құлқы үшін жалбарынып қызмет еткен?Әлде ақын, әлде күйші, жыршы ма еді,Әнге сап зор атымды – лақап еткен?Жәдігөй, әлде сиқыр жезтырнақ па,Сыбырлап алды-артымды өсек еткен?Әлде нәзік, ақ ниет хор қызы ма,Ілеспей тозаңыма ғайып боп кеткен?Әлде сайтан қырмызы қызы ма еді,Сұм ізіне су төгіп жоқ боп кеткен?Ұмытшақ алаңғасар жазған басым,Сол кім едің жүрекке әсер еткен (26.11.1947 ж., Мәскеу). Айдана (жүргізуші): Батыр атамыз осылай жырлап кеткендей, енді Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі өміріне, соғыстан кейінгі өміріне, нақыл сөздеріне, марапаттаулары мен шендеріне, әдебиетке қосқан үлесіне тоқталып кетейік. Тарихымыздан үлкен орын алған, қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан ата жайлы білу — ұрпақ парызы. Ендеше Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, отбасы жайлы деректерді тыңдап көрелік. Алдарыңызға І курс, ЭЭ-146 топ оқушысы Үмбетбаев Рүстемді шақырамыз.
Үмбетбаев Рүстем: 1910 жылы 24-желтоқсан күні дүниеге келді;1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді;1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады;1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді;1933 жылы полктық мектепті бітіреді;1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады;1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шықырылады;1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-ші арнаулы танкке қарсы шабуылдайтын дивизияның командирі болып тағайындалады;1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады;1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады;1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады;1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста дивизияны басқарады;1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады;1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-гвардиялық әскерінің, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады;1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды;1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады;1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы;1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник;1982 жылы 10-маусымда Алматыда дүниеден өтті.Айдана (жүргізуші): Алдарыңызға «Батыр Бауыржан» өлеңімен І курс, ЭЕМО-149 топ оқушысы Мұратбаева Лизаны шақырамыз. Мұратбаева Лиза: Батыр БауыржанЕсіл ер тайсалмаған қалың топтан,Қайтпаған, қаймықпаған атқан оқтан.Ерлік пен батырлықтың үлгісіндей,Ұран сап Отан үшін жауға шапқан. Аямай Отан үшін шыбын жанын,Аямай бойда қуат, қасық қанынТөнгенде басқа қауіп, қатерлі күн,Жау жолын оқпен кескен қаһарманым! Айдана (жүргізуші): 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қаншама Кеңес адамы сол соғыста мерт болды. Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды. Соғыс — адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс — адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғыста Кеңес Одағының миллиондаған адамы болды. Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған. 1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыләскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.
Оқытушының сөзі (мәлімет). Айдана (жүргізуші): Халықтың дәстүрі, тілі, ділі қалпына келмейінше, ұлттық сана да болмайды. Осыны жақсы түсінген Бауыржан Момышұлы өзінің саналы өмірін туған халқының дәстүрін, тілін, ділін, тарихи жадын сақтап қалуға арнап, сол жолда еңбек етті. Барлық рухани күшін осыларды сақтап қалуға жұмсады.Қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы өзінің бүкіл өмірін туған халқы мен туған елі рухының еркін самғап, биікте тұруына арнады. Біздің қасиетті Атамекеніміз – тәуелсіз Қазақстанда бұл күндері лек-легімен өсіп-өркендеп, болашаққа бет алып келе жатқан мыңдаған жауынгерлер – сол Бауыржан Момышұлы армандаған қайтпас қаһармандықтың айқын мұрагерлері. Бауыржан Момышұлының Отан, отаншылдық, әскери тақырыптарына арнап жазған қанатты сөздері, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мән-маңызы өз алдына бір төбе. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріне көңіл бөлейік.
Үмбетбаев Рүстем (ЭЭ-146 топ оқушысы):
- Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір.
- Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
- Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында.
- Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
- Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
Несипбаев Бақытжан (ООГХ-148 топ оқушысы):
- Ердің туы – намыс.
- Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
- Ердің Еділ тобығынан келмейді.
- Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.
- Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
Аманқұлов Рүстем (ЭД-145 топ оқушысы):
- Жауды өлтірсең — өлімнен құтылдың, өлтірмесең — өлімге тұтылдың.
- Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа – елдікі, оған тимегін.
- Қырағының өзі де, көзі де батыр.
- Ерлік елеусіз қалмасын.
- Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
ҚұрманбекДархан (ЭД-145 топ оқушысы):
- Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рақаты.
- Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
- Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
- Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады.
- Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.
Ерғалиев Нұрбол (ЭЭ-146 топ оқушысы):
- Командир – аға, солдат – іні.
- Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.
- Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
- Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
- Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
Құрманғалиев Нұржан (ЭЭ-146 топ оқушысы):
- Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
- Әдіссіздік — әлсіздік,
Ептілік те – ерлік.
- Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
- Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,Жеңдім дей бер…
- Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
Айдана (жүргізуші): Осындай нақыл сөздерімен Бауыржан Момышұлы жас жауынгерлерді ерлікке, патриоттыққа, елін, Отанын сүюге шақырады. Тәрбиелеп, адам бойына жақсы мінез-құлық қалыптастырады. Ендігі кезекті көрініске берейік. Қатысушылар: Б.Момышұлы – Несипбаев Бақытжан (ООГХ-148 топ оқушысы), Батырдың келіні Зейнеп Ахметова – Мұратбаева Лиза (ЭЕМО-149 топ оқушысы). Айдана (жүргізуші): Алдарыңызға ЭД-145 топ оқушысы Жұмағұлов Ернарды шақырайық. Ернар бізге «Бауыржан Момышұлы — әскери өмір мен соғыс жылдарында» атты деректі айтып береді.
Жұмағұлов Ернар: Бауыржан Момышұлы 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтық қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді….… 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді…Батырлықтың туы сіз,Намыстың да нұры сіз.Келген дұшпан сескенген,Батыр бабам жырым сіз.Аңыз елге атыңыз,Батыр ата Бауыржан.Ерлігің мәңгі өшпейді,Ұмытылмас сіздің даңқыңыз.
Айдана (жүргізуші): «Ой тұғыр». Бауыржан Момышұлының естелігіне сөз берейік. Алдарыңызға ЭЭ-146 топ оқушысы Асанбаев Сұңғатты шақырайық.
Асанбаев Сұңғат: Кенеттен қатты ауырып Жуалы ауданының милициясының бастығы қызметінен босап қалдым. Аумалы-төкпелі заман емес пе, басшылардың бірі келіп, бірі кетіп жатқан тұс болатын. Мені қызметке тағайындағандар аудандық партия комитетінің хатшысы да, райисполком төрағасы да қызметтерінен ауысып кетіп орындарына басқа біреулер келді. Ауруханадан шыққаннан кейін қызмет сұрап бірінші хатшыға барып едім, мені онша жақсы қабылдамады. Бір-екі күннен кейін келсем, мені аудандық ауылшаруашылық бөліміне агрономдық қызметке тағайындағанын мәлімдеді. Мен «ауылшаруашылық маманы емеспін» деп, ат-тонымды ала қаштым. Олар жұмсаған жерлеріне бармайтын болсаң, «онда біз сені комсомолдан да, профсоюздан да қуамыз» деді. Сөйтіп, бір күннің ішінде мен екі бірдей билеттен ажырап, жұрдай болдым. Ол аз болғандай, «Кетсін комсомолдан» деген аудандық газетке мен туралы бір беттік мақала жарияланды. Содан ауданның бірінші хатшысын орындыққа отырғызып қойған мақала үшін де мені жазалады. Бір-екі күн демалып алған соң Алматыға тарттым, поездан түскеннен кейін көшеде келе жатып, мен Сырғабеков ағама жолығып қалдым. Болған жағдайды жақсылап түсіндіріп бергеннен кейін ол ішек-сілесі қатқанша күліп алды да, менің комсомолдық, профсоюздық билеттерімді алуыма көмектесті. Сөйтіп ауылға қайтпай, Сырғабеков ағамның көмегімен мединститутқа келіп түстім. Бір-екі күн оқығаннан кейін бұл оқу маған ұнамай, тастап кеттім. Көшеде келе жатып Фурманов көшесінің бойында ауылшаруашылық институтына келдім. Ректоры Ораз Жандосов екен. Ол маған қарап тұрып: «Қарағым, жеті жылдық біліммен институтқа қабылданбайды. Сен бірінші біздің кешкі рабфакқа түс. Соны бітіргеннен кейін институтқа қабылдаймын», — деді. Сөйтіп, менің жағдайымды ескере отырып, әрі өзіне көмекші етіп жалақы төлеп, әрі оқушы етіп қабылдады.
Айдана (жүргізуші): Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, — деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев айтқандай, келесі кезекті әнге берейік. Ән: «Алға, қазақ жігіттері».
Айдана (жүргізуші): Бауыржан Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында аса көрнекті жазушы ретінде танылды. Оның қаламынан шыққан әскери және көркем шығармалар, роман-әңгімелер, хикаяттар ел игілігіне айналды. 45 жасында Б.Момышұлы отставкаға шығып, содан бері қарай әдебиет майданына еңбек етіп келді. Көптеген кітаптар жазды. «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» кітаптары жоғары бағаланды. Әдебиеттегі еңбегі үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. «Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы» атты деректі айту үшін ЭД-145 топ оқушысы Құрманбек Дархан талпынып тұр.
Құрманбек Дархан: Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті арқылы танылған болатын (слайд көрсету).Бауыржан Момышұлы туралы жазылған және батырдың өзі жазған кітаптар бар. Еңбектері: «Офицердің күнделігі» (1952ж.), «Бір түннің тарихы» (1954 ж.), «Москва үшін шайқас» (1958 ж.), «Жауынгердің тұлғасы» (1958 ж.), «Майдан» (1961 ж.), «Майдандағы кездесулер» (1962 ж.). Қазақтың қайсар ұлын әлем таниды. Оқытушының сөзі (мәлімет).
Айдана (жүргізуші): Ортаға биші қызымыз Мұратова Айгерімді ду қол шапалақпен шақырайық.
Айдана (жүргізуші):Бауыржан Момышұлының еңбектерін, нақыл сөздерін, басқа қасиеттерін бағалай келе, біз оның халық мұрасын жалғастырушы, әскери педагог-психолог болғанын байқаймыз. Батыр жастарды төмендегі 14 қасиеттен жирендіріп, он бес қасиетке баулуға тырысқанын айқын аңғарамыз (слайд көрсету). Бұл қасиеттерді сіздерге таныстыру үшін ЭЭ-146 топ оқушысы Ерғалиев Нұрболды шақырайық.
Ерғалиев Нұрбол:
Бауыржан Момышұлы жастарды | |
|
Жирендірген:
|
үндеген | |
Нәтижесінде патриот тәрбиелеу |
Асанбаев Сұңғат: Халықтың батыр атасы,Біледі қазақ баласы.Батыр ата Бауыржан,Даналардың данасы.Ерлігің мен даңқыңды,Мақтан тұтам әрқашанМақтанышпен атыңды,Жалықпаймын айтудан.
Айдана (жүргізуші): Батыр шықты қазақ деген қауымнан,Қорықпайтын боран менен дауылдан.Францияда туылса, болар еді Бонапарт,Қазақстанда туылып,Болып қалған Бауыржан!- дей келе «Батырдың бейнесі» дерегін баяндауға ортаға ІІІ курс, ЭЕМО-136 топ оқушысы Ельмуратова Мадинаны шақырамыз.
Ельмуратова Мадина: Бауыржан Момышұлының қай суретіне қарасаң да, оның көз жанарының оттай өткір, боданадай үлкен екенін байқайсың. Көзкөргендердің айтуынша, соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың отындай жарқылдаған. Бұл – Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі. Бет-әлпеті сұсты, маңдайы кең, шашы тікірейген қайратты, фотосуреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде оған қарсы сөз айтпақ түгілі, көзіне тіке қарау мүмкін емес. Мінезі тік. Жалған сөйлейтін, жасанды мінез көрсететін жандарға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Ал енді, әңгімесі жарасқан, көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады. Бала көрсе маңдайынан сипап, бауырына тартатын балажан.Әрбір уақытын есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзіне құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын қиюға дайын тұрған. Игерген өнерлері көп. Атап өтсек:
- Құралайды көзге атқан мерген.
- Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.
- Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен және атбегілігімен аты шыққан.
Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы аңыз әңгіме көп.
- Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Генералдарға сабақ берген
ұстаздығы да – бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.
- Кітабы әлемге тараған жазушы, ақын. Шығармаларын орыс және қазақ
тілдерінде жазған.
- Көпшілікке белгісіздеу өнері – суретшілігі.
- Бильярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқтатпай торға тоғытқан сәттерін
ескерсек, бүгінгі ең мықты бильярдшылармен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.
- Сөзге шешен және тапқыр.
Айдана (жүргізуші): Сонымен қатар Б.Момышұлының кісілік келбетін баяндау үшін І курс, ЭЕМО-149 топ оқушысы Мұратбаева Лизаны ортаға шақырамыз. (слайд көрсету).
Мұратбаева Лиза: Бала Бауыржан – Көпшіл, зерек, зерделі, қайсар, ұқыпты, әділ, сүйікті де сүйкімді ұл. Жігіт Бауыржан – қайратты, сұсты, жауынгер, айлалы, майдангер, үздік атқыш, спортшы, гимнаст, жазушы, патриот, адал дос, саяси ұстаз.Қаһарман Бауыржан – майдангер-жазушы, халқының қамқоршысы, өнегелі ұстаз, тәлімгер, Кеңес Одағының Батыры, Қызыл ту орденінің иегері.
Айдана (жүргізуші): Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, Жүрек бәріне бірдей берілмеген, — деген Батырдың сөздерін айта келіп, келесі кезекті Бауыржан Момышұлының естелігін оқып беру үшін ортаға ЭЭ-146 топ оқушысы Құрманғалиев Нұржанға сөз берейік.
Құрманғалиев Нұржан: 1920 жылдардың аяғында мені Ленинградқа бір жылдық бухгалтерлік курсқа оқуға жіберді. Жол жүріп бара жатқанда әкем Момыш: — Әй, ана Рысқұлдың баласы Тұрарға соға кел. Ағайын ғой қиналсаң, көмегі тиер. Әйтеуір көкірегіңнен итермейді. Ол сонда үлкен қызметте болуы керек, — деген болатын. Алайда оқуға кешігіп барғандықтан, мені қабылдамай кері қайтарды. Ауылдан біраз қаражатпен барған болатынмын. Қайтар жолда Мәскеуге түсіп, біраз қыдырып, елге қайтпақшы болдым. Мәскеуге келгеннен кейін, әкемнің әлгі сөзі есіме түсіп мен Тұрекеңе телефон арқылы хабарластым. Сөйтсем, ол кісі совнаркомның төрағасының орынбасары екен. Мені жылы шыраймен қабылдады. Жай-жапсарға толық қанығып алғаннан кейін, телефонның тұтқасын көтеріп, біреуге өтініш жасап мені Мәскеуге оқуға орналастырды. Мен бір оқпен екі қоянды атып алдым. Біріншіден, маған Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі және совнаркомның арнайы тағайындалған стипендиясымен оқитын болдым. Бұл ол кезде кішігірім бір министрдің жалақысымен бірдей болатын. Мен ол кісімен одан кейін кездескен жоқпын.
Айдана (жүргізуші): Б.Момышұлының шендері мен марапаттары туралы деректі айтуға І курс, ООГХ-148 топ оқушысын Несипбаев Бақытжанды ортаға шақырайық. (Слайд көрсету).
Несипбаев Бақытжан: 1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені» (2 рет), «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Оқытушының сөзі (мәлімет). Айдана (жүргізуші): Батырдың естелігін оқи отырып, слайдтан көрсету үшін ЭЭ-146 топ оқушысы Ерғалиев Нұрболды ортаға шақырайық.
Ерғалиев Нұрбол: Біз Әбділдә екеуміз Шымкенттегі 7 жылдық мектепті бірге оқып, бірге бітірдік. 1942 жылы майданға қазақтың өнер майталмандары өнер көрсетуге келді. Солардың арасында аяғының кемтарлығына қарамастан менің Әбділдә Тәжібаев досым да келді. Әбділдәнің мұнысы көзсіз ерлік болатын. 1942 жыл фронттағы ең ауыр кезең еді. Ысқырған бомба жауып тұрған оқтың астына келіп, өзінің өлеңін оқығанын мен ерлікке баладым.(Слайд көрсету).
Айдана (жүргізуші): «Батыр Бауыржанның қайсар мінезі мен шындықты сүйгіштігі» атты деректі баяндау үшін ортаға ЭД-145 топ оқушысы Көкеков Ерланды шақырайық.
Көкеков Ерлан: Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: «Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?» деген сұрағына: «Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?» — деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады.
Айдана (жүргізуші): Тарихи кешіміздің келесі кезегін көрініспен жалғастырамыз.Бауыржан Момышұлының рөлінде – І курс, ООГХ-148 топ оқушысы Несипбаев Бақытжан.Көрініс. (Музыка ойнап тұрады. Ортаға Бауыржан Момышұлы шығады).
Айдана (жүргізуші): Б.Момышұлының тағы бір естелігіне сөз берелік. Ортаға ЭД-145 топ оқушысы Молбаев Нұржанды шақырайық.
Молбаев Нұржан: Талғардан майданға аттанғалы тұрғанымызда, маған әйелім келді. Оның аяғы ауыр, ай-күніне жетіп отырған болатын. Мен шошып кетіп: — Әй, сен мұнда неге келдің? Саған мұнда келуге болмайды. Біз ертең соғысқа аттанамыз. Сен тұп-тура елге қайт, Жуалыға бар. Ел арасы ғой, күніңді көрерсің. Сені ешкім көкірегіңнен итере қоймас, — деген болатынмын. Ол менің айтқанымды екі етпестен тұп-тура Жуалыдағы біздің үйден бірақ шығыпты. Бір-екі күн өткеннен кейін әскер тиеген біздің эшелон тұп-тура Бурное станциясының үстімен өтті. Эшелон станцияның үстімен жылдамдығын бәсеңдетіп өтіп бара жатқан болатын. Мен терезеден туған жерімді көремін бе, көрмеймін бе — әлде қаңғырған оқ тиіп майданнан оралмай қаламын ба деп өз ойыммен әлектеніп тұрғанымда, станцияның маңындағы шағын базарды аралап тұрған әйелімді көрдім. Сөйтіп, көкейде тұрған бір уайымнан айырылдым. Ал, ол байғұс өзінің күйеуінің әскер тиелген эшелонмен қан майданға аттанып бара жатқанын қайдан білсін.
Айдана (жүргізуші): Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,Әр кеудеде бір шер барын білем мен. Қан майданда ерлік етсе біреулер, Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас, көзімізден жас ақты.Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар,Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің,Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің.Қара емендей қатып қалған әжеңді, Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін!
Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің, Сағасында өткен жастық, өткен күн.Қаршадайдан қара шаруа атанған, Сен әкеңді батыр емес деп көргін!
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған,Сондағы мен ерлігіме мақтанам. Балғын ұрпақ, сенің болашағыңдыБіле білсең, мына біздер сақтаған!
«Ән – көңілдің ажары» демекші, келесі кезекте «Ән, сал, сарбаз» әніне берелік.
Викториналық сұрақтар: 1. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен қандай қасиеттерді білуге болады, бұл аталы сөздерден біз бойымызға қандай үлгі-өнеге алуымызға болады? 2. Батыр атаның қазіргі ұрпағы жайлы кім мағлұмат айта алады? 3. Б.Момышұлының қандай еңбектері бар?4. Б.Момышұлының бейнесін кім ашып бере алады?5. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары.
Оқытушының қорытынды сөзі.АЗАМАТ – Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Бауыржан Момышұлы — әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.ҚАЛАМГЕР – Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында аса көрнекті жазушы ретінде танылды. Қаншама үлгі-өнеге беретін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, «Ұшқан ұя», «Майдандағы кездесулер», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Наш генерал», «Жонарқа», «Наша семья», «Адам қайраты» атты шығармалардың авторы. ҚАҺАРМАН – КСРО-дағы ірі әскербасы-маршалдармен бірге, өз қол астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен бірге жүріп, 1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына 1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып, Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті. Маған деген атақты,Міндет етсең, өзің ал.Әділетке бас ұрып,У берсең де маған бал, — деп батырдың өзі жырлап кеткендей, халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы, Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына арналған «Азамат. Қаламгер. Қаһарман» атты тарихи кешіміз осымен аяқталды.
(тарихи кеш)
Оқытушы: Карсайдаров С.К.
2010-2011 оқу жылы
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.