Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, шаруашылығының жалпы сипаты

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, шаруашылығының жалпы сипаты
Бағыты: География Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлау | |
Пәні | География |
Сыныбы | 11ә |
Сабақтың тақырыбы: | Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, шаруашылығының жалпы сипаты |
Сабақтың мақсаты: | Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері туралы білім беру. |
Сабақтың міндеті: | Батыс еуропаның мемлекеттеріне сипаттама беру және салыстыруТоптық жұмыс жасай отырып ойлау, өз пікірін еркін айта білу дағдыларын дамытуАлтын ережені сақтай отырып, тапсырмалар бойынша ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері жөнінде біледі.Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттерді талдайдыӨздігінен білім алу қабілеттері дамиды.Картаға қарай отырып тақырып бойынша тапсырмаларға сипаттама жаза алады; Өз ойларын жазып, салыстырып, ортақ қорытындыға келеді. |
Сабақта қолданылатын әдістер: | Топтық жұмыс |
Сабақта қолданылатын модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерОқыту үшін бағалау және оқуды бағалауОқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалануДиалогтік оқытуЖас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуСТО |
Бағалау әдістері: | Өзін-өзі бағалауы, Температураны өлшеу, Бағдаршам арқылы бағалау, бағалау парағы |
Тақырыпты ашуға қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: | «Жүректен — жүрекке» «Элективті тест», «Идеялар себеті», «Кім жылдам?», «Рефлексия пирамидасы», |
Негізгі дерек көздері мен құрал-жабдықтар: | Оқулық, Интернет материалдары, тақырыптық суреттер мен таныстырылым, стикерлер түрлі-түсті, атлас карта, кескін карта, дидактикалық таратпа материалдар |
Сабақ кезеңдері | Мақсаты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру.Жылы қарым-қатынасты орнықтыруСыныпты топқа бөлу | Сыныпты топқа бөлуде а,б,с белгілерін қолданамынІ топ БельгияІІ топ НорвегияІІІ топ ПортугалияПсихологиялық ахуал орнату «Жүректен — жүрекке»Бағалау парақтарын тарату | Оқушылар қолдарындағы белгілер бойынша топқа бөлінеді. Топтар жүрекке бір сөзбен тілек жазып келесі топқа береді |
Үй тапсырмасын тексеру | Теориялық материалды еске түсіру арқылы оқушының қызығушылығын ояту | «Элективті тест» тапсырмасымен тексеремін | Оқушылар алдарындағы парақтағы тест бойынша қолдарындағы белгілерді көтереді |
БілуТүсіну | Тақырыптың мақсаты мен міндетін ашу. | «Идеялар себеті» арқылы диалог орнатуСтикерге бүгінгі сабақта біз қандай мәліметтермен танысатынымыз туралы ойларыңызды жазып, себетке іліңіздер | Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын жазады |
Қолдану | Географиялық нысандар атауынесте сақтау. | «Кім жылдам?» ойыны бойынша кестені толтыруға және кескін картаға астаналарды түсіруге тапсырма береді | Тапсырмалар бойынша мемлекеттердің астаналарын кестеге жазады және кескін картаға астаналарын түсіреді |
Талдау | Постер қорғау. | Топқа тапсырмалар беруІ топ-Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттерІІ топ-ЭГЖ, ХалқыІІІ топ- -шаруашылығы мен ішкі айырмашылықтары | Оқушылар топтық жұмыс тапсырмасын картаға қарап орындайды және постерге шағын ақпаратпен түсіріп қорғайды |
Жинақтау | Жаңа тақырып бойынша білімдерін тұжырымдау | Дәптермен жұмыс тапсырмасын орындауға тапсырма беремін | Мәтінді қолдана отырып Еуропалық Одаққа кіретін елдерді дәптерге жазады |
Бағалау | Жаңа тақырып бойынша өз ойларын жеткізе білуі | Мәтінді қолдана отырып Батыс Еуропа мемлекеттерінің даму дәрежесіне баға беруді ұсынады | Мәтінді қолдана отырып Батыс Еуропа мемлекеттерінің даму дәрежесіне баға береді |
Үй тапсырмасы | Картамен жұмысШығармашылық тапсырмалар | ||
Кері байланыс | Сабақ соңындағы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау | Оқушыларға кері байланысты орындатады«Рефлексия пирамидасы» | Оқушылар «Рефлексия пирамидасы» кері байланысын орындайды |
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар: | |
Не сәтті болды? | |
Не сәтті болмады? | |
Нені жақсартуға болады? | |
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады? |
«Кім жылдам?»
№ | Мемлекеттер | Астанасы |
1. | Бельгия 1-ТОП | Брюссель |
2. | Нидерланды | Амстердам |
3. | Австрия | Вена |
4. | Швейцария | Берн |
5. | Ирландия | Дублин |
6. | Норвегия 2-ТОП | Осло |
7. | Швеция | Стокгольм |
8. | Дания | Копенгаген |
9. | Финляндия | Хельсинки |
10. | Исландия | Рейкьявик |
11 | Португалия 3-ТОП | Лиссабон |
12 | Испания | Мадрид |
13. | Грекия | Афины |
14. | Лихтенштейн | Вадуц |
15. | Мальта | Валлетта |
1. Италияның жалпы жер аумағы:А. 301,3 мың км2
2. Италияны басқару формасы:Б. Парламенттік республика
3. Италияның мемлекет басшысы:С.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақ
7. Италияның басты саласыС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы — Б. Өсімдік шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол — Б. Күн жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992ж «Кім жылдам?»
№ | Мемлекеттер | Астанасы |
1. | Бельгия 1-ТОП | |
2. | Нидерланды | |
3. | Австрия | |
4. | Швейцария | |
5. | Ирландия |
«Кім жылдам?»
№ | Мемлекеттер | Астанасы |
1 | Норвегия 2-ТОП | |
2 | Швеция | |
3 | Дания | |
4 | Финляндия | |
5 | Исландия |
«Кім жылдам?»
№ | Мемлекеттер | Астанасы |
1 | Португалия 3-ТОП | |
2 | Испания | |
3 | Грекия | |
4 | Лихтенштейн | |
5 | Мальта |
Топтық жұмыстағы «Алтын ереже»1. Уақытты тиімді пайдалану2. Бір – бірін тыңдау және тыңдату3. Топтық келісімді сақтау4. Бағалауды ұмытпау5. Сыни тұрғыдан бір – бірінің қателіктерін түзету.
1. Италияның жалпы жер аумағы:А. 301,3 мың км2Б. 10,5 млн км2С. 285 мың км2
2. Италияны басқару формасы:А. Федеративті республикаБ. Парламенттік республикаС. Конституциялық монархия
3. Италияның мемлекет басшысы:А. Премьер-министрБ. ПатшаС.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адамБ. 1 км2/293 адамС. 1 км2/183 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?А. 3Б. 4С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақБ. Құрылыс, машина жасауС. Тігін, құрылыс
7. Италияның басты саласыА. тігінБ. өндіріс шикізаттарынС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы — А. Мал шаруашылығыБ. Өсімдік шаруашылығыС. Омарта шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол — А. Құс жолыБ. Күн жолыС. Құм жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992жБ. 1995жС. 1997ж 1. Италияның жалпы жер аумағы:А. 301,3 мың км2Б. 10,5 млн км2С. 285 мың км2
2. Италияны басқару формасы:А. Федеративті республикаБ. Парламенттік республикаС. Конституциялық монархия
3. Италияның мемлекет басшысы:А. Премьер-министрБ. ПатшаС.Президент
4. Италия халқының орналасу тығыздығы:А. 1 км2/199 адамБ. 1 км2/293 адамС. 1 км2/183 адам
5. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүниежүзінде қаншасыншы орында?А. 3Б. 4С. 5
6. Экономикасындағы негізгі салаларыА. тігін, тамақБ. Құрылыс, машина жасауС. Тігін, құрылыс
7. Италияның басты саласыА. тігінБ. өндіріс шикізаттарынС. машина жасау
8. Ауылшаруашылығындағы жетекші саласы — А. Мал шаруашылығыБ. Өсімдік шаруашылығыС. Омарта шаруашылығы
9. Оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыру мақсатында салынған дүниежүзіндегі тұңғыш кең жол — А. Құс жолыБ. Күн жолыС. Құм жолы
10. Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылдан басталды?А. 1992жБ. 1995жС. 1997ж Нидерланд. Нидерланд патшалығы (бейресми атауы – Голландия) – Батыс Еуропадағы мемлекет. Батысында Бельгиямен, оңтүстігінде және шығысында Германиямен шектеседі. Солтүстігінде Солтүстік теңізбен шайылады. Жер аумағы 41532 км². Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тұратын Бас Штаттар. Астанасы – Амстердам қаласы (үкімет резиденциясы Гаага қаласында орналасқан). Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Ірі қалалары: Роттердам, Нага, Эйндховен, Бреда, Утрехт. Ақша бірлігі – еуро (2002). Ұлттық мейрамы – Патшайым күні (патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған күні) – 30 сәуір.Нидерланд аумағының көпшілік бөлігін ойпатты жазықтар (40%) алып жатыр. Оңтүстік-батысында Арденн сілемдері орналасқан (ең биік нүктесі – Ваалсберг тауы – 321 м), қысы мен жазы жылы, жұмсақ теңіздік климат. Қаңтардағы орташа температурасы 1 – 30С, шілдеде – 16 – 170С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 750 мм-ге тең. Нидерландта өте тығыз өзен тораптары (Рейн, Маас, Шельда өзендерінің атыраулары) бар. Аумағының 70%-ын мәдени жер бедері (егіндіктер, қолмен егілген шабындықтар), 9%-ын ормандар (қылқан жапырақты, ірі жапырақты) алып жатыр. Ормандарын ақ тиін, сусар, күзен, қоян, елік, тағы басқа аңдар, құстардың 180-дей түрі мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, шымтезек, ас тұзы, каолин кездеседі.Халқы 16 млн. Тұрғындарының 96%-ы голландықтар. Орташа орналасу тығыздығы – 378,5 адам/1 км2. Ұдайы өсуі – 4 адам. Орташа өмір сүру жасы: ерлер– 76 жас, әйелдер– 81 жас. Урбандалуы – 78%. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға жуығы – католиктер, 40%-ға жуығы – протестанттар, атеистер – 20%.Нидерланд – экспортқа бейімделген жоғары өнімді ауыл шаруашылығы бар, дамыған өнеркәсіпті ел. Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады. Мұнай, табиғи газ өндіріледі. Өнеркәсіптің жетекші салалары: мұнай өңдеу (органикалық химия өнімдерін өндіру), мұнай-химия, машина жасау, кеме және ұшақ, газ және химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер жасау, металлургия мен металл өңдеу, электротехника (Нидерланд – дүние жүзіндегі бейне және дыбыс аппаратураларын шетке шығаратын ең ірі мемлекеттердің бірі), дәмдік тағамдар шығару. Алмас пен қымбат бағалы тастарды өңдеу бұрыннан жақсы дамыған сала болып есептеледі. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара өсіру басым. Нидерланд – дүние жүзіндегі сүт пен сүт өнімдерін сыртқа ең көп шығаратын мемлекеттердің бірі (сары майдың дүниежүзілік экспортының 1/5; қоюлатылған сүттің 1/2 ; құрғақ сүттің 1/4; ірімшіктің 1/4 бөліктері Нидерландның үлесіне тиеді). Сондай-ақ сыртқа көп мөлшерде шошқа, құс етін, жұмыртқа, темекі, арақ-шарап пен сыра шығарады. Жылыжайда көкөніс пен жеміс-жидек (жылыжайлардың көлемі жөнінен дүние жүзіндегі алғашқы орындардың бірін иеленеді), гүлдер мен гүл түйнектерін (жылына 2 млрд-тан астам қызғалдақ түйнектерін шет елдерге сатады), саңырауқұлақтар өсіру жақсы дамыған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, картоп, қант қызылшасы. Балық аулау, шетелдік туризм де қазынаға елеулі пайда келтіреді.
Испания. Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Солтүстігінде – Пиреней тауы, оңтүстігінде – Андалуз жазығы. Ең биік нүктесі Буласен тауы. Басты өзендері Тахо, Эбро, Гвадалквивир. Климаты – субтропикалық, жерортатеңіздік. Орта температурасы+160.Халқы 40 млн. астам. Негізінен, испандар, католондар, галисилер, баскилер, т.б. Орналасу тығыздығы — 79 адам./1 км2. Убандалуы 76,79%. Ұдайы өсуі – 6 адам. Орташа өмір сүру жасы: ерлер – 75 жас, әйелдер – 81 жас. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Діні — католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы.Ірі қалалары Барселона, Валенсия, Севилия. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электротехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. Ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын Испанияға 62 млн. шет ел туристері келеді. Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда И. королі Хуан Карлос Қ Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан Карлос Қ-мен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті.
І топ-Батыс Еуропаның құрамындағы мемлекеттер
ІІ топ-ЭГЖ, Халқы
ІІІ топ- -шаруашылығы мен ішкі айырмашылықтары
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.