Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

0

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … .3
… … … … … … … … .. … … … ..
1 Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс
жұмыстардың теориялық негіздері … … … … … … … 6
1.1 Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың
мазмұны, мақсат-міндеті, 6
тиімділігі … … … … … … … … .
1.2 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстырдың 12
түрлері … … … …
2 Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру 18
жолдары … … … … … … … … … … … … … …
2.1 Математика пәнінен бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыста
колданылатын тапсырма 18
үлгілері … … … … … … .. … … … … … … … … .
… .
2.2 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды 25
ұйымдастыру … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. … …
2.3 Зерттеу бойынша жүргізілген іс-тәжірибелердің 32
қорытындысы … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … .3 4
… … … … … … … … .. … … .
Пайдаланылған әдебиеттер 35
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … .

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасының Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған
орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс
жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру
керек. деп айтылған[1].
Біздің қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі –оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттыру болып есептеледі және оларда білімді өз
бетінше алып және оны қолдану. Бұл мәселелерді шешу үшін математикалық және
саналы еңбекке бейімдеу, мемлекеттік және қоғамның түрлі салаларында ғылым
және мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен
өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген
қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстардығ тиімділігі, оқушылардығ логикалық ойын дамыту
қарастырылған.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін,
ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен
сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің
өзі көрсетіп отыр.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралы ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген.Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын
салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап
етеді.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру
үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда[2].
Осы жоғарыда айтылған барлық жағдайларды ескере отырып біз, зерттеу
тақырыбымызды Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар деп алуға ұйғардық.
Зертеудің нысаны: Бастауыш сыныпта математика сабағында сыныптан тыс
жұмыстардын тиімділігін сараптау, талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні: Математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда
сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты
жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етедіжоғары
дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселесінің
теориялық негіздерін анықтау.
2. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызын
айқындау.
3. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды
теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің базасы: Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия
Зерттеудің әдістері: бастауыш білім беру мазмұнын айқындайтын
құжаттармен, оқулық, бағдарлама және т.б. әдістемелік құралдармен танысу,
сыныптан тыс жұмыстарды оқытудағы колданылатын оқулықтар мен әдістемелермен
танысу, мұғалімдердің пәнді оқытудағы озық тәжірибелерін бақылау, байқау,
жинақтау, талдау; психологиялық-педагогикалық әдістемелік еңбектерге шолу
жасау, талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін
студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына
байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп
бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер
тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика
сабағында сыныптап тыс жұмыстар жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау;
сабақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды шығармашылық
қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық
шарттар бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды дамытуға ықпал
ететіндігімен анықталады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын,
сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Қурстық жұмыс 35 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және
пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері
айқындалды, зерттеу жұмысының аймағы, пәні, әдістері таңдап алынды.
Бірінші тарауда бастауыш сыныптардағы математика пәнінен сыныптан тыс
жұмыстырды оқыту үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
сипатталады.
Екінші тарауда математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы
оқушылардың білімдерін тереңдету жолдары көрсетіледі, сыныптан тыс
жұмыстарда қолданылатын түрлі тапсырмалар көркетіледі.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың
мазмұны, мақсат-міндеті, тиімділігі

Математикадан  өткізілетін  сыныпта н  тыс  жұмыстар  –  жалпы  білім 
беретін  мектептердегі  оқу–тәрбие   процесінің  маңызды  құрамдас  бөл ігі. 

Математикадан  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстардың 
негізгі               
мақсаты  –  оқушылардың  математика ға  деген  қызығушылығын  арттыру, 
шығармашылық  қабілеттері  мен  дер бестіктерін  жан–жақты  дамыту. 
Сонымен  бірге,  оқушыларды  өзінді к  және  ғылыми -зерттеу 
 жұмыстарының ең қарапайым дағдылар ын үйретуге баулуға жол ашу.  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды   міндеттері: 
 а)  оқушылардың танымдық  белсенді лігі  мен  пәнге  деген  ынтасын  қ алып
тастыру;
б)  математикалық  білімдерін  тере ңдету; 
 в)  дүниеге  ғылыми  көзқарастарын   кеңейту болып табылады.
 Математикадан  жүргізілетін  сынып тан  тыс  жұмыстарды  мазмұны 
жағынан екі топқа бөлуге болады.  
         1. Бағдарламадағы материал ды қосымша өту.  
         2.  Математиканы  ерекше   қабілетпен  қызығып  оқитын  оқушыл армен 

жүргізілетін жұмыстар.  
    Бірінші бағыт әр түрлі себептер мен білім деңгейі, біліктілігі төме ндеген
 
оқушылармен  жүргізіледі.  Мұндай   оқушылармен  дайындық 
 мүмкіндігінше жүйелі  түрде,  әр   оқушыға  нақты  көмек  ретінде  бол уы 
 керек.  Оның  негізгі мақсаты  мат ематика  курсы  бойынша  оқушы  біл імі  м
ен  дағдарысындағы кемшіліктерді де р кезінде жою.  
    Екінші  бағыты  математиканы  ы нтамен  оқитын  оқушыларға  арналад ы. 
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап б ереді.  
1) оқушылардың математикаға қызығушылы ғын тудырып дамыту;  
2) бағдарламалық материал бойынша о қушының білім көлемін кеңейту 
және тереңдете оқыту;  
 3)  оқушылардың  ғылыми  зерттеуші лік  сипаттағы  дағдарысы  мен 
математикалық қабілетін дамыту;  
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамыт ып жетілдіруге тәрбиелеу.  
 Мұндағы  мақсат  –  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту, 
шығармашылық қызметке баулу, іздену шілік қасиеттерге тәрбиелеу[3, 12бет].  

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оның – оқытушылық,
тәрбиелік, дамытушылық функциялары анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясының оқу әрекетіне қарағанда
үстемділігі аздау. Сыныптан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық
функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің, (оқу
іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас
дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге
негізделеді.
Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлестіру бүкіл оқу-
тәрбиелік әрекеттік жүйенің үлкен икемділігін қамтамасыз етеді. Сыныптан
тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу жоспарын сақтау кезінде оқыту мен
тәрбиелеудің сараланған тиімді құралы бола алады. Сабақтың толықтығына
байланысты уақыттың аздығынан, оқу әрекетінің шеңберінде жоюға қиын, оқу
жұмысының кемшіліктерін теңелте алады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттерін бейімділігі мен
ынтасын дамытатын және көрсететін дамытушылық функциясының маңызы зор.
Мысалы, артистік қабілеті бар оқушыны мектептегі мерекелік шараларға, КВН-
ға, информатикаға қабілеті бар оқушыны – олимпиядаларға пайдалы
бағдарламаларды құруға т.б.
тартуға болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын
талаптарды атап кетейік.
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде
алғашқы бастауларды құрайтын – жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.
Мақсатты орнату принципі – оқу-тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, қол
жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жанжақты талдауды талап
етеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы
оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады,
ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді. Бастар
алдында күтілетін нәтижелерді анықтап алу қажет. Бұл жалпы әлеуметтік
тәжірибені меңгеру және құндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру
мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі.
Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын
тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр жұмыстың маңыздылығы оқушыға
анық болу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибиемен байланыс принциптің
мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны және оқушы
қауымын ұйымдастыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағытта болуы керек. Осы
информатика кабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды
жетілдіруде және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты
ұйымдастыруда, информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған
педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – ең алдымен оқу
және сыныптан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының
жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының
ажырамауы – оның тиімділігін арттыруының басты шарты. Осындай
байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында
объективті қарастырылған[4,45бет].
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – дидактикалық
принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен
тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-
тәрбиелік процестің жас дәрежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш,
орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен
алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі – тікелей оқыту және тәрбиелеу
мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты
даму мүмкіндігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты
қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу
заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек.
Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды.
Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі,
соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.
Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі –
сыныптан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың
дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты
таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және
жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру
үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктерді ашады. Оқушылардың даму үрдісінің
барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін
естен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті
қанағатандыру бағытында құру қажет. Оқушының барлық мүмкіндіктері
қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады.
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың
мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару,
мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық жобаларды
дайындау және т.б.). Егер сыныптан тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге
асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді.
Осы жағдайда белгілі бір тәуекел деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы
меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке
келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылар дербестілік
мектебінен өтеді.
Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі – сыныптан тыс жұмыста
осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір
оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.
Бастауыш сыныпта информатикадан сабақтан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың
ой-өрістерін кеңейтуге, өмірдің түсінікті құбылыстармен таныстыруға
бағытталуы керек. Осы жастағы оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың
ең айқын бейнелі және әсерлі эмоциялық формаларын іздестіруді қажет етеді.
Ең тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш сынып
оқушылардың қызығушылықтары әлі анықталмаған, сондықтан олардың
кейбіреулері ғана сыныптан тыс жұмысқа қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық
байланыс дәрежесі әлі төмен, өз күшіне сенімділігі мен дербестілігі аз.
Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек[5,
62бет].
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бейімделген әлеуметтік тәжірибені, баланың
жеке тәжірибесінде іске асқан эмоцияны, бастан кешкен, адам өмірінің әрүрлі
аспектілерді көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының өзгешелігі мына факторлармен сипатталады:
ақпараттыққа қарағанда эмоциалы аспектінің басымдылығы:
тиімді тәрбиелілік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, ақыл-
ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында білім мен ғылымның практикалық жағы
анықтауыш мағынаға ие, себебі сыныптан тыс жұмыстың мазмұны әртүрлі
іскерлік пен дағдының жетілдіруіне бағытталады. Сыныптан тыс жұмыста оқу
дағдысы жетілдіріледі, ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау
біліктілігі, сыныптан тыс әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ынтымақтастық
икемділік, этикалық нормаларды сақтау қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыс
мазмұнында практикалық аспект теориялық аспектіге қарағанда басым
болғандықтан, оны оқушылардың белсенділік позициясынан қарастыру қажет. Сол
арқылы оқушылар әлеуметтік тәжірибенің жоғарыда айтылған екі аспектісін де
меңгереді.
Танымдық іс-әрекет – сыныптан тыс жұмыста танымдық қызығушылықтың
қалыптасуына, оқудың жағымды мотивациясына, оқу дағдысының жетілдіруіне
арналған. Қолданылған формасы басқаша, әйтсе де оқу іс-әрекетінің жалғасы
болып табылады. Ол үйірме, Білім құмарлардың турнирі, Не? Қайда?
Қашан?, КВН және т.с.с[6,78 бет].
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарламалық материал аймағында
білімдерін тереңдетуіне, логикалық ойлауларының дамуына, қиялдарына,
зерттеу дағдысына, информатика тілін меңгеруге, оқушыға информатика
тарихынан хабарлама жасауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық
мазмұны бар есептерді шешу үшін қолданылуы керек, сонымен қатар, мұндай
жұмыстар оқушылардың конструктивті дағдыны меңгеруге, модельдеу дағдысына,
көрнекі және бағдарламалық құрал өндіруге пайдаланылады.
Тәрбие барысында қосымша әдебиетті зерттеуді ұйымдастырып және бағыттап
оқытудың маңызы зор. Мұндай жұмыстың мақсаты — оқушылардың кітаптан білім
көзін көріп, оқу мәдениетін меңгерулеріне көмектесу. Жоғары сыныпта оқитын
оқушылардың кітап оқу аумағы тек көркем жазбамен ғана емес, сонымен қатар
ғылыми-танымал, анықтамалық әдебиет, оларға ұнайтын, кәсіби бағытталған
кітаптардан тұруы қажет. Оқылған материал бойынша конференция және диспут,
библиография сабағын өткізу өте пайдалы. Іс-әрекеттің мұндай түрі реферат,
баяндама дайындау кезінде жүзеге асады.

Бос уақыттағы іс-әрекет – оқушылардың демалыстарының жақсы өтуін
ұйымдастырып, ұжымда жылы ахуал құрып, ашушаңдықты жою үшін керек. КВН,
Компьютерлік әзіл-сықақ және т.б. сияқты формалар өте тиімді. Сыныптан
тыс жұмыста дәл осы танымдық және ойын аспектілері бірігеді. Мысалы,
Таңғажайып алаң, Қызықты информатика, викториналар және т.б. Бұл екі
аспектінің қайсысы басқарушы екенін білу үшін нақты формада ұстаздың іске
асыратын мақсатын, міндеттерін, үстемділік функциясын саралау керек.
Еңбек іс-әрекеті – сыныптан тыс жұмыста еңбектің әртүрлі формаларының
мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек ісәрекетін ұйымдастыру,
ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де оның еңбегі, оқушылардың
әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік қорытындысын береді.
Мұндай нәтиже еңбекке деген қалыптасқан қажеттілікте, өз орнын таба алуда
көрінеді. Сыныптан тыс жұмыста көрнекі құралдар құру, кабинетті
көріктендіру, педагогикалық бағдарламалық құралдар құруды ұйымдастыруға
болады.
Шығармашылық іс-әрекет – оқушылардың қызығушылығының дамуы мен
шығармашылық потенциалдың ашылуын көрсетеді. Шығармашылық іс-әрекет:
бағдарламашылардың конкурсы мен компьютерлік графика, шығармашылық жобаның
көрінісі түрінде ұсынылады. Жоғарыда келтірілген іс-әрекет формалары
мақсатының бірі — адамгершік, әсершіл және жігерлі дүниетаным
компоненттерін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбие – сыныптан және мектептен тыс жұмыста адамгершікке
тәрбиелеу басты орын алуы қажет. Оның басты мақсаты — оқушыларда саналы
түрде қоғамға қатынасының борышын қалыптастыру, күнделікті өмірде сөзі мен
ісінің бірлігін ұстанатын мінезді тәрбиелеу. Информатика бойынша сыныптан
тыс жұмыста оқушыларды ақпарат және бағдарламалық әдістерді қолданудың
құқықтық нормалармен таныстыру.
Эстетикалық тәрбиелеудің – сыныптан тыс жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты
дамуын қадағалайды. Мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдің пәндері
көп орын алмаса да, осы ісәрекеттің өзі ерекше мағыналы екені көрініс
табады.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің төмендегідей мәселесін шешеді: эстетикалық
сезім мен талғамды қалыптастыру, жақсылықты қабылдай алу, одан ләззат алып,
қоршаған ортаға өз үлесін қосу; табиғат, қоғам және адам тәртібіндегі
сұлулық туралы ойын дамыту, шығармашылық қабілеттілікті, іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру; шығармашылық дүниетанымның кеңейтілуі, оқушылардың
өнер саласымен танысуы.
Сыныптан тыс жұмыстар қатарына информатикада компьютерлік графикада жұмыс
істеуі мүмкін, анимация және музыка, мультимедиалық, гипермәтіндік және
әдеби жобалары. Оқушылардың көпшілігінің қызығушылықтары Web-графика,
дизайн, интернет-шығармашылықтары болып табылады[7,52бет].
Оқушылардың шығармашылық топтарының қызықты формаларынің бірі — журнал
немесе газет дайындау. Компьютердің көмегімен өңделген электрондық түрде
немесе Интернетке мектеп сайттарында көрсетілуі мүмкін. Эстетикалық дамудың
шексіз мүмкіндіктері компьютерлік анимациялы мектептік студияларды ашады,
олар тек қана оқушыларға ғана емес мультипликациялық фильмдерді жасау және
жас көрермендерді тәрбиелеуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар үшін үлкен
қызығушылық туғызатын мектептегі бейне-студиялар болып табылады. Мұғалімдер
компьютерлік технология арқылы әдеби бейне-фильмдерді мультипликацияларды
жасауға мүмкіндік алады.
Бұл іс-әрекеттердің қызық жері — компьютерлік өнердің әртүрлі
көрсетілімдері. Оқушылардың ең басты көзқарасына экономикалық, экологиялық
көзқарастары жатады. Олар компьютерлік жобаларды қолдануда қалыптасады.
Әрбір мектеп және мектептен тыс мекемелер өздерінің сыныптан тыс
жұмыстарының мазмұнын өздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып
анықтайды[8,95бет].
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектептерде бірдей емес. Оған
мына факторлар әсерін тигізеді:
Мектептің дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы: егер мектептің пәндік
бейіні болса, онда сыныптан тыс жұмыста танымдық аспектілердің үстем болуы.
Әдеби, экономикалық, физикалық, математикалық және т.б. тәрбие, соған
сәйкес кәсіби мектептермен сыныптарға тән.
Жас ерекшеліктері, сыныбы, оқушылардың жеке мінездемелері.
Компьютерлік техниканың мүмкіншіліктері, ерекшеліктері, информатика
кабинетінің кесте бойынша жүктемесі.
Мұғалімнің өз ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, икемділігі және
талаптары[9,53бет].
Егер мұғалім оқушыға білім беруде жоғары нәтижеге жетуге тырысса, онда
сыныптан тыс жұмыста мақсатқа жету үшін танымдық іс-әрекеттерді
ұйымдастырады.
Сонымен қатар, оқудан тыс танымдылықтың көлемі қиындық деңгейімен ғана
сәйкес келмей, үйренушілердің жеткен деңгейлерінен асып түсуде, жан-жақты
дамумен сәйкес келуі керек.

1.2 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстырдың түрлері

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына
қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық
газет, математикалық бұрыш, математикалық үйірме, математикалық кеш
ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар
болып бөліне береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері мен мақсаттары
айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері
таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі,
оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс
түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына
тоқтайық.
Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына
бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта етілетін, бірақ қиын
шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып,
оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын
артыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп
зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа,
есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ
есеп өмірден алынатындығын таны-татындай болуы қажет.
Қызықты есептер өлең, әзіл, ермек, викторина түрінде де жазыла береді.
Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп
құрастырылады. Онда не белгілі, белгісізі не екендігі айтылады. Олар есепті
ше-шуде байланыстырылады. Табылған жауаптың дүрыстығы тексеріледі. Кейде
есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп,
өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік
қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні
қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның,
өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады.
Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты
дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп-
дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез
талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп
керсетіледі[10, 26бет].
Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе
бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарым-
паз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі.
Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы
ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа,
еңбектене білуге тәрбиелейді.
Математикалық тақпақ мәнерлеп оқылады. Оны оқудың үлгісін мұғалімнің өзі
көрсетеді. Сондықтан мұғалім тақпақ сөзін оқушыға жаттатқаннан кейін,
дұрыстап оқуды үйретеді. Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын,
қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз. Кейде ол арқылы оқушының мінезқұл-
қын, оның кемшілігі мен жетістіктерін сынаймыз. Мұндай әдіс нәтижесі әсерлі
келеді, оқушыларды ұжымдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, Отанды
сүюге, математиканы кұрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа
тәрбиелейміз.
Математикалық жұмбақ жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық
ұғымдар, символдар, терминдер енеді. Жұмбаққа қойылатын талаптар мұнда да
сақталады. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де, ребустар, викториналар түрінде
де келтіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымны
қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер
етеді. Жұмбақ жауабы да, осыдан, түрліше болуы ықтимал.
Математикалық жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін
қолданылады. Тіл — ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл
сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге, халық
қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Математикалық монтажды бір сыныпта немесе сыныпаралық кеште ұйымдастыруға
болады. Математикалық монтаж әдеби монтаж сияқты белгілі тақырыпқа арналып
өткізіледі. Монтажға қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өлеңді,
қара сөзді кезектесіп, мәнерлі, көтеріңкі, ырғақты дауыспен орындайды.
Бұлай орындау, екінші жағынан, ойдың мазмұнын ашу үшін де керек. Осындай
жаттығу, орындау үстінде, оқушы ойды түсінуге, дұрыс сөйлеуге,
ұстамдылыққа, сыпайылыққа үйренеді. Математиканы құрметтеуге басқаларды
үгіттейді[11, 45бет].
Математикалық турнир – командалық жарыс. Турнир бір сыныптағы жұлдызшалар
немесе параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Турнир болатындығы
алдын ала хабарланады. Оған команда мүшелері бірігіп даярланады. Турнир
белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, жануарлар мен жәндіктер,  өміріне
транспорт түрлерінің техникалық сипаттарына, халық шаруашылығындағы
табыстарға, кейде есептерге арналады. Турнирде талданған тақырып оқушыларды
қызықтырып, олардың білімін толықтыруға тиіс. Турнирді ұйымдастырудың
тәрбиелік мағынасы да ұмытылмауы тиіс. Турнир болатын күн хабарланып, оны
салтанатты ашу турнирдің ұйымшылдықпен өтуіне көмектеседі. Командаларды
қамқорлыққа алған сынып оқушылары даярлайды. Командаларға берілетін
сұрақтар, есептер алдын ала іріктеледі. Оны мұғалім анықтайды. Турнирге
қатысатындар команда бойынша нөмірленіп, бірегей нөмірлер өзара жарысады.
Көп ұпай жинаған команда озады. Жеңімпаздар суреті газеттен орын алады.
Турнирге берілген есептер, сұрақтар үйірме отырысында талданады. Әдетте
турнирді жабу кезеңінде қорытынды жасалады[12, 88бет].
Математикалық сайыстар турнирмен мазмұндас. Тек мұнда қарсы командаға
берілетін есептерді, сүрақтарды оқушылар даярлайды. Бірақ оны мұғалім қарап
шығып, толықтырады. Бұл жарысушыларға бірыңғай талап қоюга мүмкіндік
жасайды. Екіншіден, сайысқа қатысушылар біріне-бірі тапсырманы күні бұрын
береді. Тапсырманы орындау мерзімін мұғалім тағайындайды. Тапсырма
тексеріліп, соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда айқындалады. Кей
жағдайда сайысқа қатысушылардың математика дәптері де үлгі ретінде
қарастырылып, оған ұпай белгіленеді. Мұндай жағда оны мұғалім жыл басында-
ақ хабарлап қояды. Сайыстар оқушыларды қиындыққа төзуге, ұстамдылыққа,
жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдыққа тәрбиелейді.
Математикалық викторина — жарыстың түрі. Оны кеште, жиында, үйірме
отырысында пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де
өткізіледі. Басқарушы есепті, не сұрақты дауыстап көпшілікке оқиды.
Сондықтан оны жиынға қатысушының кез келгенінің шешуге мүмкіндігі бар. Кім
бұрын қолын көтерсе, содан жауап алынады. Егер жауап дәл немесе толық
болмаса, онда басқадан сұралады. Жауаптарға байланысты ұпай қойылады. Дұрыс
жауапқа комиссия 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай береді. Көп ұпай жинаушы
жеңімпаз атанады. Сұрақтардың саны 3-4 -тен аспағаны жөн. Егер сұраққа
ешкім жауап бере алмаса, оның жауабын басқарушы немесе мұғалім айтады.
Викторина түрлі мазмұнды материалды қамтиды. Сондықтан ол оқушының білімі
мен даярлығы болуын талап етеді. Мұғалім осыны ескеріп, газет бетінде
материалдар жариялап, не жеке параққа жазып шығарып отырады. Параққа әуелі
сұрақтар, кейін оның жауаптары жазылады. Оқушының викторинаға арналған
дәптерінің болғаны да артық емес.
Викторинанық кейбір есептерін жазу үшін тақта, плакаттар да қажет.
Викторинаға тұжырымдалуы қысқа, көп есептеуді талап етпейтін, ауызша шешуге
ыңғайлы, қарапайым есептер беріледі.
Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп, жан-жақты дамитын болады.
Сұрақ қойып, сөйлеу мәдениетіне үйренеді. Көзқарасын жақтауға баулынып, өз
бетінше жұмыс істеуге, аңғарымпаздыққа тәрбиеленеді.
Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі.
Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді,
ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.
Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме
мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-
сырмалар беріледі. Өздерін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме
мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істер үйірме
мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген ата-ана да
мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Математикалық кешті жарты жылдық
қорытындыға ұйымдастыруға болады.
Кеш еткізу — күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын
жүргізілгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі
мақсаты — оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын
арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.
Залды жабдықтау үшін фотомонтаж шығарылып, оқушылар дәптерлерінің көрмесі
ұйымдастырылады. Ребустар, есептер, суреттер ілінеді. Иллюстрацияларды
эпидиаскоп арқылы кітаптан, журналдан түсіріп алуға болады.
Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп,
скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін
келті-реміз[13,14бет].
Математикалық газет – математикаға қызығушылардың, сондай-ақ бүкіл мектеп
окушыларының айнасы. Оның бетінен тәуір үлгірімді оқушылар суреттерін, әр
звеноның үлгірімдік диаграммасын, оқушылар шығармашылығын, қызықты
есептерді, математикалық жарыстар нәтижелерін, математика тарихы
элементтерін, дидактикалық және басқа ойындарды табуға болады. Аталған
мәселелер қысқа, қызықты, әрі көрнекі етіліп, түрлі шрифтерді пайдаланып,
бояу, тущь және пламастермен өрнектеледі. Кейде иллюстрациялық материалды
газет-журналдардан қиып алуға болады. Тек оларды жапсырғанда білдірмей,
орынды пайдалану керек. Газет материалдары үйірме отырысы және кеш
материалдары-мен қабысып, астарласып жатады. Тақырыптары да Ойлан да
тап!, Сен білесің бе?, Сөзжұмбақ, Есептер, Бүл не?, Ребус,
Қайсысы дұрыс? деген сияқты материалдың мазмұнына сәйкес, қысқаша қойылуы
дұрыс. Газет атауы да Жұлдызша, Өрнек, Икс, Плюс, Куб, Архимед,
Альфа тәрізді айтуға жеңіл, әрі қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Әсіресе
бірінші шығарылған газет қызықты, оқуға жеңіл, көз тартарлықтай, жазуы аз,
иллюстрациясы көп, шрифтісі мазмұнына сай, өмірмен тығыз байланысты болғаны
жөн. Осындай газетті әрбір оқушы оқиды. Әрі газеттің тәрбиелік мәні бар.
Сонда ғана оны қызыға оқиды. Газет оқушыны тартуы үшін ондағы жазу ірі,
әдемі әріппен жазылғаны дұрыс.
Газетті оқушы бойы жететін жерге ілу керек. Егер газетті жоғары ілсек,
ондағы жазуды оқушы оқи алмайы. Газетті таза сақтау үшін фанерге не қатты
картонға кнопкамен бекітіп, бетін әйнектеп қою керек. Әйнекті бекіту үшін
фанерге жұмсақ қаңылтырдан құлақшалар қағып, оны қайырып бекітсе болады.
Газет үшін сурет альбомының парағы жарайды. Егер оны ұзыннан желімдесек,
бір жарым парағы, ал тігінен желімдесек, екі парағы жеткілікті. Әдетте бір
парақ та жетеді. Газеттің мұндай көлемі ықшам, суретті газет шығаруға әрі
оны папкада сақтауға ыңғайлы келеді. Папкада сақталған газеттер үйірме
журналы міндетін атқарады. Сондықтан оны керек кезінде қайыра пайдалануға
мүмкіндік туады. Әсіресе, үйірменің соңғы отырысында немесе жылдық
қорытынды кезінде көрме ұйымдастыруға, математикалық кеш үстінде сыныпты
безендіруге жарамды әрі даяр материал екендігі аян.
Газеттің материалын мұғалімнің өзі таңдап даярласа, оны шығарысуға
қамқорлыққа алған жоғары сынып оқушылары көмектеседі.
Математикалық ойындар. Санмен ойындар, әр түрлі заттармен ойындар,
фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шық), басқатырғылар
(түрлі фигуралар құрастыру) болып бөлінеді. Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты
да тереңірек. Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға, индукция мен
дедукцияға, аналогияға, математикалық заңдылықты ашуға, зейін мен есті
дамытуға, ұжымдыққа, жігерілікке, ұстамдылыққа, кейінге көз тастауға,
тапқырлыққа тәрбиеленеді. Сондықтан да біз кітапшада келтірілген ойынның
көпшілігіне әдістемелік нұсқау мен оның оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз.
Математикалық үйірме. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған
түрі — үйірме жұмысы. Жас буын түрліше құбылыстың сырына құмартып, әр
нәрсеге әуестене, жауап іздейді. Осы құштарлықты арттыруға, ой-өрісін
бағыттап, кеңейтуге үйірмеде қаралатын жұмыс түрлері жауап береді. Үйірмеде
математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру,
талдау, синтездеу, индукция мен дедукция, аналогия арқылы тұжырым жасауға
үйренеді. Үйірмеге қатыстыру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжым намысы
үшін күресуге баулимыз. Әсіресе бұл қасиеттер көрнекі құралдарды даярлауда,
газет шығаруда, экскурсияға барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда  айқынырақ
байқалады[14, 45бет].
Сыныптан тыс жұмыстың формалары
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары – бұл мазмұнына қарап қойылатын
талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс формаларының саны орасан көп
болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде
объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие
бағыттарын негіздеп жіктеуге болады (4.1-сурет). Сыныптан тыс жұмыстарды
жеке, топтық және көпшілікті біріктіруі бойынша, ал жеке және көпшілікпен –
фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.
Жеке жұмыс – өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушының өздік іс-
әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің
тапсырмаларын орындау үрдісі.
Баланың санасында өзін-өзі кемелдендіру, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі
түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл
үрдісті тұлғаны әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырылымдалады.
Жеке жұмыстың тиімділігі, қойылған талапқа сай, жеке жұмыстың формасын
дәл таңдаудан басқа, баланы әрекеттердің қандайда бір формаларыне икемдеу
болып табылады[15, 59бет].
Сыныптан тыс жеке жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат – нақты тұлғаның
толыққанды дамуы үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң
Мен-концепциясын қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке
басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі
болған оқыту тәсілдерінің бәрінде еркін меңгеріп, әрбір нақтылы жағдайларға
орай солардың ең тиімдісін таңдап алу шығармашылықпен қолдану ұстаз
шеберлігінің басты белгісі болмақ
Қорыта айтқанда, бастауыш мектептерде математика пəні бойынша сыныптан
тыс жұмыстар ұйымдастырылуы кезінде сол сыныптағы пəн мұғалімі мен үйірме
жетекшісі арасында алдымен тығыз қарым-қатынас орнауы тиіс. Оқушының пəннен
байқалған қызығушылығын сыныптан тыс сабақтарда дамыта түсу мақсатына
бағытталған тапсырмалар қамтылса, тиімділікті арттырады.
 

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
2.1 Математика пәнінен бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыста
колданылатын тапсырма үлгілері

Тапсырманың маңыздылығы : Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны
қалыптастыру үрдісінде өзін-өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық
тілдік ұғымдармен таныстыру.
Практикалық бағыт бойынша:
— жылдам есептей алу;
— математикалық ұғымдарды меңгеру
— шығармашылық және логикалық қабілетін арттыру.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған
мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын
жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және
ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін
көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық,
білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы
білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың
қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың
жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында сынып
оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім,
білік дағдыларын арттыру мақсаты Қызықты есептертапсырмалары жасалынған .

Қызықты есептер тапсырмасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz