Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі

0

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .6
1.1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..6
1.2 Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру … … … … … … … … … … … … … … … … ..9

2 БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӨЛ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 15
2.1 Бірінші сынып математикасының білім мазмұнының
дамытушылық сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..15
2.2 Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері … … … … … … . … ..24

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … ..43

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда (Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған) оқыту үдерісін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап көрсетілуі жайдан жай емес. Өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеуішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 атты бағдарламасында егемен еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді.
Жоғарыда көрсеткеніміздей Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми – әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады – деген түйіндемесі жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Осы мақсатқа жету және сәйкес міндеттерді шешу мұғалімнің дамыта оқыту идеясы және оның теориялық негіздері жайында жан-жақты және терең білімінің болуы, сондай-ақ дамыта оқытудың технологиялық әдіс-тәсілдерін оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып тиімді пайдалануға қатысты кәсіби дайындығының болуын және шеберлігінің қалыптасуын, яғни жаңа тұрпатты мұғалім, креативті тұлға болуын талап етеді. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
1997-98 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы бастауыш мектептерінің тәжірибесіне енгізіп, 2001-2004, 2008-2009 жылдары қайта жетілдіріп шығарылған төл оқулықтар дамыта оқытудың идеясына негізделе жасалған. Мұнда математиканы оқыту үдерісі дәстүрлі әдіс-тәсілдерді дамыта оқыту технологиясының құрамды бөлігі ретінде, онымен үйлестіре қолдануды көздейді. Алайда тәжірибеге қарағанда мұғалімдер қауымы осындай түбегейлі өзгерісті жүзеге асыруға қатысты теориялық және практикалық тұрғыдан дайын еместігі байқалады. Сондықтан да дамыта оқытудың теориясы мен тәжірибесінде қарама-қайшылық орын алып отыр деуге толық негіз бар. Осыдан дипломдық жұмыстың Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтар арқылы оқушыларды дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары атты тақырыбының көкейкесті екендігі туындайды.
Бастауыш сынып оқулықтарында дамыта оқыту бағытын нақты жүзеге асыру жолдарын анықтауға арналған біздің диплом жұмысымыздың мақсаты – 1-сыныптағы математика сабақтарында оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асырудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Бастауыш сатыдағы оқыту үдерісінің теориялық негіздерін сипаттай отырып, оған қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін анықтау, дамыта оқыту ұғымының мән-мағынасын ашу.
2. Математика сабақтарында төл оқулықтар арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыруда қолданылған технологиялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін нақты тәжірибеде мысалдар келтіре сипаттап беру.
Зерттеу аймағы – бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні – математика төл оқулығы арқылы бірінші сыныпта дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтардағы дамыта оқыту идеясын басшылыққа алып оқушыларды дамыта оқытатын болсақ, онда қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейі халықаралық дәрежеге жетеді, интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: бастауыш білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттармен, оқулық, бағдарлама және т.б. әдістемелік құралдармен танысу, мұғалімдердің пәнді оқытудағы озық тәжірибелерін бақылау, байқау, жинақтау, талдау; психологиялық-педагогикалық әдістемелік еңбектерге шолу жасау, талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Оқушыларды дамыта оқытуға: оқулықтағы беріліп отырған білім мазмұнын және оны қарастырудың рет тәртібінің; нақты мәселені оқытып-үйретуге арналған жаттығулар жүйесінің тапсырмалар құрамы мен оларды топтастыру рет-тәртібінің; тапсырманың тұжырымдалу формасының және онымен байланысты іс-әрекет түрлерін орындауды таңдап алудың, жалпы алғанда нақты мәселені оқыту әдістеменің, жұмыс түрлерінің бәрі дерлік әсер ететіндігі анықталды.
Зерттеу жұмысыныңпрактикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижесін бастауыш сынып мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және педагогикалық колледж студенттерінің, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жұмыстарында пайдалануларына болады.
Біздің іс-тәжірибемізде педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттеу тақырыбымыз бойынша материалдар жинақталды. Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі анықталып, математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтар арқылы оқушыларды дамыта оқыту бағытында жүргізілген іс-тәжірибелерімізді қорытындылап диплом жұмысымызға енгіздік.
Зерттеу орыны: Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 1-а сыныбы.
Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері айқындалды, зерттеу жұмысының аймағы, пәні, әдістері таңдап алынды.
Бірінші тарауда бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері сипатталады.
Екінші тарауда математика оқулықтары арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары көрсетіледі
Қорытындыда дамыта оқыту идеясын мектеп тәжірибесіне негіздеген түйіндеме жасалды.

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық
негіздері

1.1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
тиімділігі

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.Даму ұғымы сөздікте … мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды.Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды.Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор:
Біріншіден,дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талаптанады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады.»Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
+ Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді
әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
+ Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды
қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
+ Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
+ Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл
бөлу.
+ Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
+ Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. Жасырын дыбыс деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Ана тілі сабақтарында шығармашылыққа іздендіретін өз бетінше өлең не әңгіме құрастыруға және мәтінді толықтыруға, мазмұнын сурет бойынша әңгімелеуге машықтандырдым.

1.2 Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру

Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі коғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарлауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның болашақта бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына енуін жоспарлап отыр. Осы алдыға қойған мақсатқа жету бүгінгі ғылыми – техникалық прогрестің, жаңа ақпараттар ағымының қарыштап өсуі өндірісті автоматтандыру, комьпютерплендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендеп отырған өтпелі кезеңде жас ұрпаққа ғылым негіздерін меңгертуде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселеге айналып отыр.
Таным – қоғамдық тәжірибенің дамуымен тәуелді адам ойлауында шындықтың бейнелену және қайта жаңғыру барысы, нәтижесі әлем жайлы жаңа білімдер болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие барысының мәнін құрайды.
Танымдық белсенділік – тұлғаның әрекеттік күйі, білімді меңгеру барысында оқуға ұмтылумен, ақыл-ой кернеуімен, ерікті күш жігерімен көрінеді.
Физиологиялық негізі – бүгінгі күй мен өткеннің арасындағы келісімсіздік – деген анықтаманы профессор Р.М. Қоянбаев өзінің педагогикалық сөздігінде берген.
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие процесінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу процесін белсендендіру жолдары оқушылардың қызығушылығын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болсын қызығушылықпен уәждеиелеуге (мотивация) бағытталады. Білімді демократияландыру мен ізгілендіру оқушы қызығушылығын негізгі орынға қояды.
Танымдық белсенділік категориясы бірқатар психологиялық-педагогиалық еңбектерде қарастырылған (Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубенштейн және т.б.). мәселен ,қызығушылықты қалыптастыруда Н.К.Крупская қоршаған ортаны және балаға жақсы тенымал деректер мен құбылыстарды, білімді меңгеруде зерделі көзқарасқа тәрбиелейтін мақсатты сананы тірек ету қажеттігіне тоқталады.
Танымдық белсенділік арттыру үшін оқушыдның таным қызығушылын қалыптастыру қажет. С.Т.Шацкий қызығушылықтың психологиялық негізіне белсенді іс-әректке деген қажеттілікті жатқызды. Бұл қажеттіліктен көзқарастар, ой-пікірлер, дағды, іс-әректтер, қызығушылық туындайды. Балаларды баурап алатын құбылыстар ақыл – ойға, эмоцияға, күш – қуатқа нәр береді, ал бұл болса олардың іс- әрекетінде еөрініс табады. С.Т.Шацкийдің қызығушылықты іс-әрекетке тәуелді етіп көрсеуі қызығушылық теориясына қосқан елеулі үлесінің бірі болды, алайда іс – әрекеттің рөлін және баланың оқу барысындағы өзіндік тәжірибесін әсірілеп көрсету күнднлікті меңгерілетін білімнің ролін жете бағалаушылыққа әкеледі
Баланың жалпы даму мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытудақызығушылықтың маңызын Л.С.Выготскиий де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге (мотив) тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ол оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс – әрект түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты балады. Баланы қоршаған ортағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып,қолынан келетін іс – әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс – әркет түрлерімен белсенділікпен жан – жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Математика пәнінің білім стандарты – Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық түрлеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайыдайтын құжат.
Математика пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын оның құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:
+ Ізгілендіру
+ Интеграция
+ Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.
Математикалық білім стандартында математикалық білім, білік, дағдыларды игеру, танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу, оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту көзделген.Сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың және ұлттың болмысты дүниежүзілік мәдени мұраларын үндестіру, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдық берілген.
Математика да өнер сияқты таным әдісі. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін, ойын-сауықтардың, қызықты сұрақтардың, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің математикалық негізін біліп, оларды тұжырымдауда қолданылатын математикалық тілдерді меңгеріп, оқиғаны өмірмен байланыстырып, оның тәрбиелік мәнін ашып отыру қажет. Мұны математика пәнінің мазмұны да, оқу бағдарламасы да талап етеді. Көптеген зерттеу жұмыстары мен мектептегі озат тәжірибелерді баспа бетінде жариялау мұны мойындағанымен, оқыту үрдісінде қалай пайдалануға болатындығына нақты материалдың жоқтығы мәселені қиындата түседі. Біздің зерттеуіміздің теориялық та практикалық маңызы бар.
Математика күрделі пән болу үстіне, ол ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні мен практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.
Математиканы оқытудың жалпы білімдік мақсаттары мұғалімнен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді:
+ Оқушыларға математикалық білімнің, біліктің белгілі жүйелерін
меңгерту;
+ Болмыстағы ақиқатты танудың математикалық әдістерін меңгерту;
+ Математика тілін, терминологиясын меңгерту, қалыптастыру;
+ Математикалық интуициясын дамыту;
+ Оқу қызметін ұйымдастыруға қажет болатын математикалық
мағлұматтарды тиімді пайдаланудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
+ Оқушы аталған мақсаттарды жете түсініп, білімді берік, саналы және
жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін іске асырып, күнделікті тұрмыста кездесетін алуан түрлі мәселелерді шеберлікпен шеше алады.
Сондықтан мұғалім бірінші сабағында-ақ, сол сияқты жыл бойы, реті келгенде оқылып отырылған немесе түсіндірілетін материалдың практикалық және теориялық қажеттігін ашып отырады. Мысалы, интеграл дененің көлемін тапқанда, тізбек шегін, нақты сандарды шектеусіз ондық бөлшек көмегімен жазуда, функция үзіліссіздігінің эпсилон – дельта тіліндегі анықтамасында, сандық әдістерде пайдаланылады.Ал сандық әдістердің практикалық маңызы зор.Оқушының практикалық мазмұны бар мәселелерді шешуде математикалық әдісті пайдалануы үшін алдымен қажетті математикалық білімі болуымен бірге, математикалық құралды дұрыс пайдаланып, қарастырылып отырған математикалық үлгінің қолданылу аясын білуі қажет.
Танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерттеулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр.Математика әдістері әр салада қолданыс табуда.Мәселен, математикалық есептеуіш машинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді.Оның мәнісі – картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек?дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К. Аппель мен В. Хакен 1976 жылы дәлелдеген. Сол сияқты, биологтардың вирусологиядағы табыстары вируспен ауырған өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға көмегін тигізуде. Бұл да математикамен байланысты. В он екі витаминін синтездейтін бактерияның өсіп-өну жылдамдығы мен оған әсер ететін құраушыларының арасындағы байланысты көрсететін математикалық теңдеу қорытылып шығарылды.
Биология мен математика саласындағы ғалым – мамандардың бірлескен еңбектерінің нәтижесінде кейбір тірі организмдердің өсіп-өну заңдылықтары, жыртқыш пен оның жемтігі болатын жануарлардың қатар өмір сүру мүмкіндігінің теңдеуі, олардың арасындағы тәуелділік есептелініп табылды.Соның нәтижесінде жыртқыштарды аулаудың мерзімі тағайындалды.Біз бұл арада анықталған тәуелділікті біле отырып, алдымен математика әдістерін пайдаланып, тиісті қорытындыдан кейін тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады дегенді айтамыз.
Оқыту үрдісінде жоғарыда айтылғандарды біртіндеп кірістіріп, оқушыларға түсіндіре жүру – мұғалімнің жұмысы.Әрбір оқушы мұғалім назарынан тыс қалмауы тиіс, өйткені қазір дара тұлғаны тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне тұр.Математиканың жалпы мәдениетті көтерудегі қызметін сабақ үстінде де, сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс кездерінде де, ерікті шұғылданыстар кезінде де айтуға болады.
Оқыту, тәрбие жұмыстары нәтижелі болуы үшін:
1) Жұмыс жоспарлы түрде, үздіксіз жүргізіледі;
2) жұмыстарды еріктілік, саналық негізде ұйымдастарып, оқушының оқу қызметін қамтамасыз ету қажет.
Көптеген математикалық ұғымдар ойлаудың дамуына белсенді әсер етеді.Мысалы, функциялық тәуелділік сияқты математиканың негізгі ұғымы қарастырылып отырған үрдістер мен құбылыстардың, сандық сапасын сипаттайды. Осы жерде Декарт енгізген айнымалы шаманы сипаттап, Декарттық координаталар жүйесіне тоқтаған жөн.Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы пайымдауы қажет.
Белгісіз объектіні жанама жолмен танып білу тікелей шешуге болмайтын қиындықтан туады.Мысалы, Жер шарының меридиан ұзындығын біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Кереннен шыққан Эратоспен есептеді.Меридиан ұзындығын табиғи жолмен есептеу мүмкін емес.мұндай есептерді шығару үшін модель құру керек. ал, Самостан шыққан Аристарх бұл қашықтықты геометриялық жолмен есептеп шығарды. Осы сияқты оқушылар Жер бетіндегі өлшеу жұмыстарына байланысты (тоған, жаяу адам, көлік) есептерді шығару кезінде кездеседі.Теңдеу мен теңдеулер жүйесін құра білу, алгоритмдермен жұмыс істей алу, сыныпта отырып-ақ, мұндай есептерді шығаруға мүмкіндік береді.Сонда алгоритмдер мен теңдеулер және теңдеулер жүйесі есепті шығарудың моделі болып табылады.
Танымның басқа да әдістері бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.Математика ұғымдарының дерексіздігі мен жалпылығы оның қолдану аясын кеңейте түседі. Тек қатыстар мен математикалық символдарға тиісті жаңа мағына бере білу керек.
Әркім өз мамандығына қарай, бір нәрсені әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл – шығармашылық, жетістік. Бізге де керегі де осы. Мәселен, сызықтық, функция – біреуге түзу болса, екіншіге – берілген телеграмманың құнын есептейтін формула, үшіншіге – сызықтық ұлғаюы, төртіншіге – жол формуласы т.т. Мұндай мысалдар математикада жеткілікті.
Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек, – деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім-біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет.
Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында дамыта оқуды өз сабағына қолданған К. Шаймолданованың сабақ жоспарын ұсынып отырмын.Білім алуға деген рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру адамның қызығушылығын, танымдық қабылдауын тәрбиелеуден басталады. Жеке тұлғаның қызығушылығының ішіндегі ең күрделілерінің бірі – танымдық қызығушылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында озат мұғалімдер танымдық ойындарды қолданып жүр. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін танымдық, ролдік, психологиялық ойындардың маңызы зор.
Бастауыш мектеп оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын ойдағыдай меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану және оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру талап етіледі.
Оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалардың әр алуан және мол болғаны жөн.
1. Математика сабағында оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі жұмыстары таным белсенділігін арттырады.
2. Математика сабағындағы өзіндік жұмыстар баланың оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады.
3. Бастауыш сынып математика сабақтарында танымдық белсенділікті арттыру оқудағы саналық пен беріктікті қамтамасыз етіп, оқушыға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастырып, оқушының оқуға ынтасын арттырады.
Дамыта оқыту термині қазіргі кезде психологиялық, педогогикалық және әдістемелік әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ал дамыта оқыту идеясын зерттеу педогогика ғылымында ғана емес, мектеп тәжірибесіне енгізуде де көкейкесті мәселе болып отыр. Алайда, дамыта оқыту ұғымының мән мағынасын ашу және түсіндіру тұрғысынан педогогика ғылымының өзінде әралуан пікір орын алуда.
Сонымен дамыта оқыту ұғымының мән-мағынасын ашу және дамытудың белгілерін тағайындау, әдетте тұлғаның қандай да бір сапалық қырымен байланыстырылады, сондай-ақ оның психикалық сапалары мен қырларының тізімімен және сәйкес көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады деп түйіндеуге болады. Осыдан дамыта оқыту ұғымының түрліше түсіндірілуі туындайды және олардың формалары әртүрлі болғанымен мазмұндары бір-біріне парапар сияқты.

2 Бірінші сынып оқушыларын төл математика оқулығы арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру тәжірибесі

2.1 Бірінші сынып математикасының білім мазмұнының
дамытушылық сипаттамасы

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулер болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді – деген атақты ғалым Д.И.Писарев Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, оқулықтарды, әдістемелерді пайдалана отырып, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру, дамыту біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет етеді.
Қазақ тарихының деректеріне қарағанда мектептер қазақ сахарасында ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде – ақ пайда бола бастаған. Алғашқы кезде бұл метептерде кездейсоқ оқу құралдарын пайдаланды немесе оқу құралдарының ролін оқытушының білімі ауыстырды. Осы мектептерде білім алған қазақ зиялыларының алғашқы легі қазақ балалары үшін осы оқу құралдарының аса қажеттілігін түсіне отырып, оларды дайындауға атсалысты.
Мұндай оқу құралдарының әзірге ғылымға белгілісі Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы атты оқу құралы болып отыр, сонымен бірге ХІХ ғасырдағы дүниелік қазақ мектептерінде Уфа, қазақ тіпті Стамбул, одан әрі араб елдерінде басылған әр түрлі оқу құралдары пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында қазақтардың бақытына қоғамдық өмірге Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының үлкен тобы араласты. Олар революциядан кейінгі алғашқы оншақты жылда қазақ мектептері үшін оқу құралдарының үлкен жиынтығын дайындады. Бұл кезде бастауыш сыныптардағы математика пәнінен М.Дулатовтың, С.Қожановтың, Қ.Жаленовтың, Қ.Қайменовтың т.б. авторлардың оқу құралдарын пайдаланды. Тіпті олар (оқу құралдары) көрші республика тілдерінде (қырғыз, өзбек) аударылып басылды. Бірақ осы бір қарқынды басталған игі іс 30-жылдарының басындағы Сталиндік бұрмалаушылыққа байланысты мүлдем тоқталып тасталды.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған Математика оқулықтары 1964-1996 жылдар арасында академик П.М. Эрдниевтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстардың нәтижесінде өмірге келді. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалық білім технологиясы дамыта оқыту теориясына негізделген. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды
қатар оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес
салмағының артуы. [55]
1986 жылы білім беруді жақсарту жөніндегі жаңа көзқарастар қолдау тауып, оқыту мазмұнын жетілдірудің жолдарын анықтау тұрғысынан, төл оқулықтарға байланысты тың ой-пікірлер айтылды. Сондай-ақ түрлі ізденістер көпшіліктің пікір таласын тұғызды.
1992 жылы алты жасарларды оқытумен байланысты Қазақстан жағдайына лайықталған 1-сынып математика оқулығы практика жүзінде іске асып, 1997, 2001, 2008 жылдары қайта өңделіп, пайдаланылуда.
Бірінші сынып математика оқулығы бағдарламаның мақсаттарымен міндеттерін нақтылай түсетін және ондағы жаттығулар арқылы оқушылардың білім, білік және дағдыларды игеруін қамтамасыз ететін оқытудың негізгі құралы болып табылады. Бұл оқулықтағы әрбір сабаққа лайықталған жаттығулардың жүйесі және олардың мазмұны қарастырылуының әдістемесі арқылы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда оқулықтың өзінде дамыта оқытудың технологиясы жасалып берілген деуге толық негіз бар, өйткені алдыңғы тарауда қарастырылған дамыта оқытудың негізіне алынатын дидактикалық ұстанымдар, математиканың ішкі мазмұнын, оны оқытудың әдістемесін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Бірінші сынып математика курсында сандардың нумерациясы, арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері, есептеу тәсілдері және сәйкес білік пен дағдыларды қалыптастыру, шамалар және оларды өлшеу, есеп және оны шешу үдерісі, алгебраның және геометрияның элементтері сияқты мәселелер қарастырылады. Осылардың қайсысымен болсын байланысты нақты материалды оқытып – үйретудің әдістемесі оқулықтағы жаттығулар жүйесінде ашылған. Мұндағы ең басты мәселе – білім, білік және дағдыларды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырудың қажеттілігі және мүмкіндігі. Осыған орай жаттығулардың көлемі, оларды қарастырудың рет тәртібі, құрамы мен құрылымы, ұсынылу түрі, тұжырымдалу тілі және т.б. дамыта оқытуды жүзеге асыруға бағытталған және бағдарланған. Демек, сәйкес материалды оқушылардың игеруі оқулықтағы жаттығуларды орындауды тиімді ұйымдастыруға тәуелді.
Демек, біздің түсінігімізше, мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқулықтың сәйкес жаттығуымен байланысты іс – әрекет ұйымдастыру, бақылау, бағыттау, реттеу және өзіндік іс – әрекет түрлерін орынды алмастыру, соның нәтижесінде балалардың өздігінен білім алуына мүмкіндікпен жағдай туғызу. Оқулықтағы кез келген жаттығуды баланың білім алуымен бірге дамуына да септігін тигізетіндей түрде орындауға болады. Осы тұрғыдан алғанда жаңа ұғыммен байланысты қайталауға арналған, оқушының танымдық қабілеттерін дамыта түсетін және шығармашылық жаттығулардың қайсысы болсын өзіндік міндет атқарады және әрқайсысының орны мен мән-маңызы бар.
Математика оқулығы арқылы дамыта оқытуды жүзеге асырудың негізгі жолдарының бірі теориялық білімнің жетекші роль атқаруын қамтамасыз ету. Осы орайда терминдердің, ұғымдардың қасиеттер мен заңдардың пәрменді жұмыс істейтінін атаған жөн. Мәселен, көрсету арқылы енгізілетін геометриялық терминдер, түзу және қисық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, бес бұрыш, алты бұрыш фигураларды топтауда, жіктемелеуде және оларды бір-бірінен ажыратуда пәрменді жұмыс жасайды.
Ал өрнек, өрнектің мәні, теңдік, теңсіздік, қосынды, айырма, қосындының мәні, айырманың мәні, қосылғыштар, азайғыш, азайтқыш және т.б. терминдер біртіндеп балалардың сөздік қорына енеді және күнделікті сабақта белсенді жұмыс жасайды. Осыларға негізделе және сүйене отырып сәйкес тапсырмаларды оқушылардың өздері нақтылай түседі және тұжырымдайды. Мұның өзі оқушыны әр алуан іс – әрекет орындауға бейімдейді, ізденіске баулиды, ойлауға мәжбүр етеді және де бір сарынды үнемі қайталанатын жаттығулардан бас тарта отырып, оларды дамыта түсу бағытындағы жұмыс түрлеріне басымдық сипат береді.
Мәселен: Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. Сонда 2 – ні қосу кестесіндегі теңдіктің нешеуін пайдаландың? Қосындының және айырманың мәндерін тап: 3 + 2, 5 – 2, 2 + 3, 5 – 3. Қосу кестесіндегі өзің қолданған теңдікті жаз және мәндерін тап. Неше айырма жаздың? Тағы бір айырма жазып көр, Азайғыш пен азайтқыш тең болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. Неше айырма жаздың? Тағы бір айырма жазып көр.

3 + 2 8 + 2 4 + 2 7 + 2 5 + 2 6 + 2
2 + 3 2 + 8 2 +4 2 + 7 2 + 5 2 + 6

әр бағандағы қосындыларды салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше? Қосындылардың мәндерін тап және салыстыр. Не байқадың? Қосудың қандай қасиетін қолдандың?

3 + 2 8 + 2 4 + 2 7 + 2 5 + 2 6 + 2
5 – 2 10 – 2 6 – 2 9 – 2 7 – 2 8 – 2

әр бағандағы өрнектердің байланысы неде? Әр бағанға сол сандарды қолданып неше өрнек жазуға болады? Жаз. Әр бағанда неше өрнектен болды және т.б. Осындай жаттығулардың әрқайсысын орындау бірнеше іс-әрекетті қамтиды. Ал дәстүрлі оқулықтардағы жаттығулардың басым көпшілігі тек ғана көрсетілген амалдарды орындау қажет болатын қарапайым бір сарынды мысалдар ғана болып келетін. Міне, оқулық жаттығуларының осы аталған ерекшелігін дамыта оқытуды жүзеге асыруға арналған арнайы тапсырмаларына тән деуге болады.
Шындығында дәстүрлі оқулықтарда:
8 – 8, 8 – 7, 8 – 6, 8 – 5, 8 – 4, 8 – 3, 8 – 2, 8 – 1, 8 – 0
сияқты тапсырмалар бағандарға лайықталған мысалдар ретінде берілген. Орындау барысында кестелік азайтуға сүйене отырып сәйкес нәтижелер табылатын. Соның нәтижесінде осындай жаттығуларды жиі-жиі ұсынып, бір сарынды іс-әрекет орындау барысында есептеулер жүргізуге қатысты білік пен дағды қалыптастыру көзделген. Демек білімді оқушыларға игерту мүмкін болғанымен бала дамуына ықпалы соншалықты бола қоймайтын.
Ал енді төл оқулықтың жаңа толқынындағы жоғарыдағы мысал ретінде келтірілген жаттығулардың кез келгенін алып қарастырайық та, қандай өзгерістің болуы мүмкін екенін талдайық. Мәселен:

Азайғышы 8 болатын айырмаларды ата.

Айырмаларды өсу ретімен жаз және мәндерін тап.

Қосу кестесіндегі өзің қолданған тендіктерді жаз.

сияқты тапсырмаларды орындауда әр алуан іс-әрекет орындау балалардың өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастырылады.
Айырмаларды атау үшін неше сан болуы тиіс? Айырмадағы сандар қалай аталушы еді? Азайғышы 8 болса, сәйкес айырманың азайтқышы қандай сан болуы мүмкін? Азайтқыш бола алатын ең үлкен санды ата? Ең кіші саңды ата? Міне осындай бірнеше іс-әрекет тапсырма талаптарына сәйкес айырмаларды атау кезінде орындалады.
Айырмаларды өсу ретімен жазу үшін не істеу керек? Алдымен ең мәні кіші айырманы жазамыз ба? Әлде ең мәні үлкен айырманы ма? Айырманың ең кіші мәні азайтқыштың қандай мәнінде болуы мүмкін? Айырманың ең үлкен мәні ше? Айырманың мәнін қалай есептеп таптың? Қосу кестесіндегі өзің қолданған тендіктерді жаз, яғни кестелік қосумен байланыстыларын теріп жазуға тура келеді.
Міне оқулықтың бір ғана тапсырмасын орындау барысында әр алуан ақыл-ой іс-әрекетін орындау, болжам айту және оны негіздеп беру, ұсыныс енгізу және оны талқылау, ізденіс ұйымдастыру және т.б жүзеге асырылуы мүмкін. Демек бұл жағдайда білім алу дамумен табиғи ұштастырыла жүргізіледі. Осындай тапсырмалар нәтижесі іс-әрекет орындаудың қажеттігін көрсетеді. Олай болса бұған математиканы оқыту барысында баса көңіл бөлуге тура келеді. Олай болмағанда тапсырма өзінің міндетін және қызметін атқара алмайды.
Оқулықтың жекелеген тақырып бойынша әр сабаққа лайықталған жаттығулары дамыта оқытуды жүзеге асырумен бірге нақты мәселені оқытып үйретудің әдістемесін де анықтайды. Мәселен:
Санды өрнек және әріпті өрнек тақырыбы бойынша өткізілген сабақта алдымен оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде

6 және 4 сандарының қосындысын және 10 мен 7 сандарының айырмасын жаз. Олардың мәндерін тап

тапсырмасы ұсынылады. Бұл – балалардың келіп жеткен (міндетті) деңгейіне сәйкес, өйткені осындай өрнектерді жазу және олардың мәндерін … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз