Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

0

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын
қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгілі –өнегелі, іс- әрекеттерді
үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады.
Басты мақсат-ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін
меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық,
қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана
отырып, оқушының ой өрісін дамыту Бастауыш мектеп — бұл оқушы тұлғасы мен
санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі.
Сондықтан да бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы.
Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды
меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту — бүгінгі күннің
басты талабы. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана тіліміздің, мемлекеттік
мәртебе алып, өркендету кезеңінде жас бұлдіршіндерді халықтың салт дәстүрі,
әдеп-дәстүрі, әдет ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу өте ұжымды жұмыс.
Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек
болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып
өсетіні сөзсіз. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие
дәстүрлерінен басшылыққа алу басты талап бұл міндетті шешудегі шаралардың
қайнар бұлағы сарқылмас көзі-халықтық педагогика.
Зерттеудің әдісі — педагогиқалық және әдістемелік
озат бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, бақылау,
ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу пәні: Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің объектісі — екінші сынып
оқушыларына математиканы оқыту процесі.
Зерттеудің базасы: №53 орта мектебі.
Зерттеудің мақсаты — балаларды халықтық педагогика арқылы
ұлттық сана сезімі оянған, өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да,
парасатты азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы — егер математика сабақтарында
халық педагогикасын қолдану арқылы оқушылардың математиқалық
білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығы нәтижесі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері —
1. Тақырып бойынша жинақталған әдебиеттерге шолу жасау.
2. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы
пайдалану арқылы балалардың ой-өрісін даму мүмкіндіктерін
анықтау.
Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдалану
арқылы балалардың ой-өрісін дамытудың әдістерін және оның тиімділігін
тексеру.

Зерттеудің ғылыми практикалық жаңалығы
a) екінші сыныпта математиканы оқытуда;
b) пәндерді кірістіре оқыту әдістерін жетіддіруде;
c) математиканы оқыту әдістемесі пәнінен арнайы семинар да,
студенттердің педагогиқалық іс-тәжірибесінде көмекші құрал
ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері: 1-Теориялық бөлімде: материал жинақтау, жүйелеу; 2-
Тәжірибелік бөлімде: практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру, қорытындылау.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны,
пәні, әдіснамалық негізі, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы, зерттеудің
ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі тұжырымдалды.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1 Ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-
пікірлері
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы әр адамның жан-жақты
дамуына мол мүмкіндік жасайтын құжаттардың бірі.
Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім —
тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата — ананың да, мектеп ұйымының да басты
борышы.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы
ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми — педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты, өмірлік мұра қалдырды. Орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К.
Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, В.И. Водовозов, Г.С.
Виноградов, Чуваш педагогы Г.Н. Волков, татар педагогы Я.И. Канбиков,
азербайжан педагогы А.Ш. Ғашимов, грузин педагогы А.Ф. Кинтибидзе,
Қырғызстан ғалымы, академик А.Э. Измайлов, казақтың көрнекті жаңашыл
педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан акыны, педагогы Мағжан Жұмабаев
т.б. Кейбір ғалым — педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық
педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды байқауға болады. К.А. Ушинский әрбір
елде халықтың мүддесіне, мүқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру
жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогиқалық теориясында
тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді.
К.Д. Ушинский халық дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген.
Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол
тәжірибесіне негізделген тәрбие еш уакытта тең бола алмайды — деп
тұжырымдады ол. Осыған орай халық педагогикасының тәрбиелік
ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық бірінші тәрбиені,
ал халық ертегілері — халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын
әрекеті.
XX ғ. алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының
проблемаларына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г.С.
Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру
мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен іскерліктің
жиынтығы деп сипаттайды. Г.С. Виноградовтың пікірі бойынша жасөспірімдерді
оқыту және тәрбиелеу мақсатында көзқарасын, қолданатын құралдарын — халық
педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасының халықтық
өмірі нәтижесі. Халық педагогикасының жан — жақты зерттеген ғалымның бірі
Г. Н. Волков. Ол екі монографияның авторы. Г.Н. Волков ең алғаш рет Этно-
педагогика терминін қолданды. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық
тәрбиесі өмір үйелмен педагогикасы ру, тайпа, ұлыс және ұлт жайлы Г.Н.
Волков кіргізген ұғым. Этнопедагогика — бұл ғылым, теориялық ойлардың
өрісі.
Халық педагогикасы туралы ұғымдардың анықтамасын білу үшін кейбір
ғалымдардың, педагогтардың пікіріне токталған жөн.
А.Ш. Ғашимов халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие жөнінде
халық идеяларына аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп: Халық
педагогикасы кең — мағынада айтқанда тәрбие мәселері бойынша халық
дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының, идеяларының жиынтығы — деді. Белгілі татар
педагогы Я.И. Ханбиков бірсыпыра авторлардың көзқарастарын қуаттай келіп,
өзінің анықтамасында халық еңбекшілер бұқарасы қолданылатын тәрбие және
оқыту мақсаттары мен міндеттері. халық құралдарының жиынтығы, іскерлік пен
дағдылар кіретін халықтық эмпириқалық білімдердің саласын — халық
педагогикасы деп атайды.
Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп
қарастырады. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және
қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық
педагогикасында оқыту процесінің де маңызы өте зор. Өйткені халық
жастарды оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, спорт ойындарына
үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты бір
текті, яғни тұтас педагогиқалық процес деп қарастыру керек.
Әр түрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп, халық педагогикасы туралы
ұғымның мәнін Орта Азия және Қазақстан халықтарының педагогоиқалық
көзқарастарын зерттеген А.Г. Измайлов былай анықтауға болар еді дейді:
Халық педагогикасы бұл жиналған және эмпириқалық білімнің практикасымен
тексерілген, ұрпақтан — ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен
дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибенің жемісі. Әр
түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет -ғұрыптарының мақсаты жас ұрпақты
бүкараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу.
Ұлт педагогикасы — бұл ұлттық қазына, кең өріс XIX ғасырдың екінші
жартысында Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш.
Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б. педагогиқалық ой -пікірлерді
дамытқан қазақ халықтарының ғүлама ғалымдары. Бұл демократ -ағартушылардың
еңбектеріндегі қазақ халқының әдет — ғұрыптары, салт -дәстүрлері, мақал
— мәтелдері, фольклорлық жырлар мен көркем шығармалары, тілі мен
мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды. Қазақ халқының ұлы педагогы,
этнографы, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогиқалық
еңбектерінде казақтың фольклорын, мысалы Қобланды батыр, Жәнібек батыр,
Қара батыр т.б. түрлі әңгімелері (Ағаштар бағы, Жомарт адам, Әке мен
бала, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш т.б. сонымен бірге, Жақсылық пен
жамандық, Адам, бала, ата — аналар) пайдалана білген.
Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогиқалық
мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ
халқының ұлттық мәдениеті мен салт — дәстүрін қайта жаңарту кезінде кең
мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.
Ұлт педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан
Жұмабаев үлкен үлес қосты. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерінде
(Бесік жыры, Ана т.б.) өзінің терең педагогиқалық ойларын ортаға
салды. Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткіз, білім алуға тырыс,
білімді адам ел басшысы және мейірімді, көреген азаматы бол деп тілеген.
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Қ. Жарықбаев, профессор
С. Қалиев тағы да басқа бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы
жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда. Қ.
Жарықбаев төңкеріске және кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда
педагогиқалық ойлардың даму тарихы жазылған біркатар ғалымдардың зерттеу
жұмыстарына сүйеніп, қазақтың халық педагогикасы жөнінде өзінің ой —
пікірін жазған. Оның шағын кітапшасында қазақ халқының үзак тарихи өмірінде
жастарды тәрбиелеуде жазылған бай тәжірибесі, сат — дәстүрлері, әдет —
ғұрыптары, адам мінез — құлқынын ережелері, тәрбие принциптері, тәсілдері,
құралдары баяндалған. Көшпелі қазақ елінің әлеуметтік — экономиқалық,
тарихи мәдениеті, табиғи -климаттық жағдайларында оқыту және тәрбие
ісінде балаларға, жасөспірімдерге қойылатын психолгиялық —
педагогиқалық талаптар жөнінде автор сөз еткен. Қазақтың халық
педагогикасында адамгершілік, еңбек, эстетиқалық тәрбие, дене тәрбиесі,
әсіресе ер және қыз балалар арасындағы тәрбиенің ерекшелігі, мазмұны, ата —
аналар және ересек үйелмен мүшелерінің беделі, сонымен бірге тәрбие жөнінде
мақал -мәтелдердің және халық ауыз әдебиетінің алатын орны жайлы Қ.
Жарықбаев өзінің пікірін, көзқарасын байымдаған.
Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің бірлесіп жазған Национальные аспекты
обучения и воспитания, в Казахстане атты кітапшасында қазақтың ұлттық
тәрбиесі жөнінде мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында
әлеуметтік және табиғи климаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке бойында
қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Міне, осындай
мәселерердің сонымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал — мәтел,
терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір
айтылған. VI — XV ғасырларда, XX ғасырдың басында және кеңес өкіметі
дәуірінде жинақталған философиялық және педагогиқалық ойлардың негізінде
Қазақстанда халық дамуына авторлар өздерінің шабыттылық үлесін қосты.
Қазақ халқының өте әріден ата — бабаларының өмір сүрген кезінен
бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның
бірі — халықтық педагогика.
Әр халықтың өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек ізгі ниетті ар — ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесінің сыннан өткен салт —
дәстүрлері педагогиқалық әдіс — тәсілді пайдаланып келеді.
Ұлтттық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып,
жаңғырып, шым бойлатпай тіршілік тынысы және салт — дәстүрлерімен біте
қайнасып, бірге жасасып келе жатқан құнды қазына.
Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе
түседі. Олар: ертегілер, «жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар,
мазақтамалар, мақал — мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері,
халықтық ойындар мен ойыншықтар.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның
қиялын дамытып, жан — дүниесін, мінез — құлқын қалыптастырады, дарын
нышандарын өрнектейді.
Батырлар жыры мен лириқалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік
жыры адамгершілік тәрбиесінің куатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке,
халқын сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш
сезімін тудырады.
Аңыз әңгімелер шыншылдықка, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге
зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық
түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой — өрісін
кеңейтеді.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып,
қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.
Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға
тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар
балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық,
юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке
тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де
болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы
сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.
Мақал — мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ
халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес
оның мақал — мәтелдері де мол. Ауыздан — ауызға тарайтын бұл жанрды халық
күн сайын толықтырып отырады.
Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата — бабаны
—ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән
— мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой
қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле
би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының
шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия.
Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет — ғұрыптардың заманға сай,
ұрпақтарымызды өркендететін орнектерін халық жоғары ‘бағалайды. «Дәстүрдің
де озығы бар, тозығы бар» — деп халық ең озық дәстүрлерді дұрыс дәріптеп,
ұрпақтан — ұрпаққа мол мұра етіп қалдыруда, әдемі әдет, әдемі әдеп, аталық
дәстүр, рәсім бәрі — бәрі ғасырлар бойы қалыптаскан халық педагогикасы,
адамгершілікке толы үлгі — өнеге. Әрбір ұлттың әдептілік қағидалары сол
ұлттың тарихи — мәдени дәрежесін айқыы көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін
бейнелеп тұрады. Қазақ халқының әзілқойлығы, қалжыңбастығы ұлттық әдет
болса, оның ізеттілігі мен инабаттылығы, меймандостығы, сыйласымдылығы тағы
басқа игі әдеттері ұлттық дәстүр болып табылады.
Ұлттық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады.
«Ақсерек пен көксерек», «Алтыбақан» сияқты ойындармен бірге «Көкпар»,
«Аударыспақ» тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Жас
қыздар қуыршақ ойынын кейде күрделендіріп «қуыршақ театры» сияқты сюжетте
құрып ойнайтын. Әсіресе қыз баланың үй ішінің тіршілігіне үйренуі осы
қуыршақ ойындарынан басталады. Ертеде ойыншықтарды, көбінесе балалардың
өздері жасап, өз талғамы, өз еңбеп, өз өнері арқылы іске бейімділігін,
ойын дамытып отырған.
¥лттық мерекелер мен тойлардың да тәрбиелік мәні зор. «Шілдехана
тойы», «Тұсау кесер», «Атқа мінгізу», «Наурыз тойы» тағы баска тойлар мен
мерекелер баланы шаттыққа бөлейді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп,
халық тойға дайындық кезінде баларды өнерге ынталандырып, еңбекке баулиды,
салтанатты салттарды қайта өткізу жолдарын үйретеді. Әулеттік тағылымдар
мен тәжірибелер бір атадан тараған әулеттік тұрмыстық әулеттік, әдептік
өзгешеліктері болып табылады. Яғни әр бір әулеттің өзіне тән қалыптасқан
дәстүрі болады. Дәстүр әдеттен, дағдылану мен әдеппен, қалыптасады. Мысалы,
сәулет өнері белгілі бір әулеттің өзіне тән тәлімдік мұрасы болуы мүмкін,
сол сияқты күйшілік, әншілік, шешендік өнері де бір әулеттің өмірлік мәніне
айналған қымбат мұрасы болуы ықтимал. Халықтық педагогика сан салалы,
мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім — тәрбие ісінде пайдаланып келеді.
Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие
ісіне арқау ету борышымыз.
Әрине қазіргі таңда халықтық педагогиканы оқу — тәрбие жұмысына
мақсатты түрде енгізіп отыр.
Ұлттық салт — дәстүр, әдет — ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің
негізінде шәкірттерге тәрбие берудің жолдары мен бағыттарын анықтауда
біршама ұнамды тәжірибелері жинақталған.
Ұлттық педагогика тәлім — тәрбиелік ой — пікірің бастауы, халықтың
рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар этнопедагогика атауы жиі
қолданылады.

1.2. Қазіргі таңдағы мектептердегі ұлттық тәрбие берудің
жағдайы мен болашағы
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және
жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім
мен тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап
отырғандығы мәлім. Осыған орай, бүгінгі тавда қоғамның ұлттық мәдени
тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани казынасымен, ұлттық
тәрбиеннің озык, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде
жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту
көзделеді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы, оның рухани және материалдық
дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнбе — күн сезінетін,
еститін, көретін заттары құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең
негізгісі — қазақтың халық педагогикасы.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық
мұрасы, салт — дәстүр, әдет — ғұрып, аңыз — ертегілері, жұмбақ, мақал —
мәтелдері, өлең — жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға
жетпес асыл қазына.
Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл мәселе жан -жақты
талданған. Кейбір пәндер — математика, әдебиеттік оқыту, дүниетану, еңбек
сабақтарында ұлттық педагогика: ұлттық әдет — ғұрып, салт — дәстүр тиімді
пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде
педагогика ғылымының докторы, профессор А. Әбілқасымованың ғылыми
жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Бастауыш мектептегі математиканы оқыту
үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану арнайы
курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш
сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында қолдануды
меңгерту және сол алған білімдерін мектеп қабырғасында қолдану көзделген.
Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.
Ұлттық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың
ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ы.
Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлының педагогиқалық идеяларына сүйенбей өте
алмаймыз. М. Жұмабаевтың Педагогика оқулығында оқытудың білімілік және
тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негізделгенде ғана оның сапалы білім
беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтылады.
А. Байтұрсынұлы Әдебиет танытқыш еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын
Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете
сипатталады. Д. Әшімхановтың Бес арыс еңбегіне шолу жасағанда кемеңгер
ойшылдарымыздың қай — қайсысы да балаға тәрбие беруде, олардың білімін
кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім -тәрбиенің, әдет — ғұрыптың
алатын орньгғгбаса көрсеткен.
Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы — жастарды жан — жақты дамыту
үшін нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп, берілетін білімді
ұлттық педагогикаға негіздеу арқылы олардың бойында халықтың рухани
байлығын сіңіруге болатынын дәйектейді.
Ұлттық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда
жүйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа ә’діс — тәсілдерімен үштастыра
пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың
математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының,
ойлау қабілетінің дамуына, адамғаршілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті
дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне ашады. Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика
элементтерін пайдалану — мазмұндық тұрғыдан білім көздерінін бірі.
Сондықтан ол гылыми негізде жасалған оқытудың құралыи және мектептердің іс
— тәжірибесінде сыналған әдістемені кажет етеді.
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік
мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет.
Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады,
өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған
ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса,
еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға
ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге
отар ел болып тұрғанымызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық
идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін
болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз”
интернационалистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін.
Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында
өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке
бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс
өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі
батыстану – бұл тек батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық
өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін
қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік реттеудің (адам құқығы, жеке
адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзімділік, әдептілік, т.б.)
мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі
қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі
келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылықта
болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһандану барысында Батыс мәдени
құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық
сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіпке әкеліп тірейді.
Өйткені, өткен ғасырдың орта шенінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі
қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке бүгінгі күні экономикада,
саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы
басқа салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы,
техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің
қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық
тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мәселеде бізге үлгі бола
алмайды. Сондықтан Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың
нышаны емес. Тағы да қайталап айтудың реті келіп тұр, батыстың
технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы
жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани
тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық,
әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс
өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға
ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды еш уақытта
тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын
шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал
Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени
құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда
табу. Қанша аз уақыт жұмсалса, сонша пайдасы көп. Алайда басы ашық
мәселенің бірі – қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану
үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл шығар күндей
анық мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің
болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін
құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа
икемдей алмасақ, оның ықпалына түсіп алып, жалаң еліктеуге ұрынатын болсақ,
онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та геосаяси тобырға
айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді.
Ендеше, оған қарсы тұру үшін не істеу керек? Одан өз бітім-кескінін
сақтаған қазақ қоғамын аман алып қалудың қандай тетіктері бар? Біздің
ойымызша, оның ең тиімді үлгісі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Қазіргі
кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі –
осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, әрине. Ұлттық
тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке
адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең
сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып
жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса
керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы мемлекетшілдік, ұлттық сана, ұлттық
ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені, біздің төлтума
бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды,
қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау
аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге
кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға
ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын,
өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман
алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай
болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге
асатынын мойындауға мәжбүрміз.
Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен
туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір
қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген
ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі
үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл
жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді
үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық
тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың
алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер
тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет
жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға
тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған
өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі
болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық
тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге
пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын
қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне
айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа
интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді.
Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы
емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан
халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала
халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық
жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр.
Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық.
Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет
осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік
өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң
бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында
да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр.
Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық
мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен
студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде:
болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты
талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап
берді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен
интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген
тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын,
ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын
жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы да биік
мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім
алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы
менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде
интеллектуалдық тапшылықты” “дефициті” қай кездегіден де жоғары.
Ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар
мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың
еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге отбасы
тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы
түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім,
ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттері, ізгілік
сынды тағы басқа сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі болады.
Одан басқа жаһандану жағдайындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті,
толеранттық-төзімділік қасиеттер де ұлттық тәрбие дәрістерінде көрініс
табуы тиіс деп ойлаймыз. Айтпақшы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі
жылдың 26 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген
сөзінде осы мәселеге айрықша тоқтағаны жайдан жай емес. Ол бүгінгі күн үшін
өте маңызды Қазақстанның Ұлттық бірлігі доктринасы туралы ой-ұсынысын айта
келіп, “ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда
этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы,
қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық
біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет.
Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ
маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас
бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің
өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық
құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны
тәрбиелеу. Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық
тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен
тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында
жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ
елінің индустриялық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары
парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және
мәдени рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын
қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының
өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.
Қазақ халқы қашаннан еркін де арда халық. Мұның дәлелі: “ Арым
жанымның садағасы ”- деген сөздер еркөңілділік пен арлылықтың, азаттық
пен ардалылықтың белгісіндей сайрап тур емес пе?! Өздері осындай болған ел
болашағы – баласын да осы жолда тәрбиелеген. Айтып жүргеніміздей, қазіргі
білім берудің ұлттық нұсқасы дегенде, ең алдымен ой еркіндігі мен
ардалылықты, азаттық сүйгіштік пен еңбекқорлықты, шешендік пен арлылықты,
түптеп келгенде, шынайы ұлтшылдықты тәрбиелеуіміз қажет. “Баланы жастан”-
деген қазақ ойының нағыз мәнін осы тұрғыда пайдалану керек, кішкентайынан
ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндетіміз.
Халықтық педагогиканың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.
Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі
озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты
міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз
ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін “Тауына қарай аңы,
заманына қарай заңы” деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата
салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және
тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ
тәрбиелеуді талап етуде.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие
жұмысына шығармашылық пен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
керек. Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі- ұлттық ойындарымыз.
Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңінен бері бірталай өзгеріске
құрылысы өзгергенімен, негізгі мазмұны сәбиді кішкентайынан шапшаңдық,
төзімділік, сыйластық, мергендік, дәлдік сияқты қасиеттерімен қатар сөздік
қорын байыту, ақыл-ойын, дүниетанымын кеңейту, сонымен қатар дене еңбегі,
мүсіннің дұрыс қалыптасуы сияқты жайттарды да кеңінен қамтиды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар бойына осы асыл қасиеттерді
сіңірумен қатар, жастарға халықтық педагогиканы дарыту, осы ұлттық білімнің
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын қамтамасыз ету сияты кең көлемді мәселелер
есепке алынады .
Бала ағзасы қимыл – қозғалыссыз тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі
жасында түрлі ойындармен ойнап үлгірген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға ,
қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Оқушылардың сабақ уақытында алған тәлім-
тәрбиесі, оның саналы, игерілуі де сабақтан тыс уақытта, көпшілік орындарда
қарым-қатынасына, үлкендерді сыйлауына байланысты көрініс береді. Бастауыш
сынып мұғалімдерісабаұтан тыс айналысатын, сабақ үстінде ойнауға болатын
ойындарды таңдап алады.Белсенді, қабілетті оқушыларды жетекшілік рөліндде
пайдаланады. Балалар ойын барысында тынығады, өмір танымын кеңейтеді,
бірлеседі, ұйымшылдыққа үйренеді.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, өзін-өзі тежеу сияқты
қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады.
Мұғалім ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі нәтижесінде
балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуы жүзеге асады.
Ойын – баланың өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзінің қоршаған
ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын
арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей
араласып, іс-әтекетке көшіп нақты қарым-қатынас барысында біледі.
Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі
заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі,
сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.
Ш. Уалихановтың “ Жоңғар очерктерінде ” айтқан пікірін тілге тиек
етіп, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одаөта
ересектер арасында дамыды да, кейін келе жасөспірімдердің үлесіне
өалғандығын талдайды. Себебі, үлкендерден көргенін бала өздері үшін үлгі
санап, өнеге ретінде күн ұзаққа ермек етіп, үйде де, далада да ойнйды. Бала
ойынсыз өсіп, өркендей алмайды. Бұл-заманның шындығы, өмірдің заңдылығы.
Ұлттық кіндіктен нәр алған халықтық ойындар тек көне … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz