БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ ҮЛГІЛЕРІ

0

Мазмұны

Кіріспе.

1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік.

1.2. Оқушының ақыл- ойын дамытуындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеті.

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ
ҮЛГІЛЕРІ.

2.1. Халықтық педагогикадағы мақал – мәтел, жұмбақтардың тәрбие
сабақтарында қолданудың маңызы.

2.2. Ауызша логикалық есептерді және дидактикалық ойындарды пайдалану
арқылы ақыл-ой тәрбиесін дамыту әдістемесі.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің білім беру саласындағы негізгі
өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын, педагогикалық-
психологиялық негіздері тұрақты, халықаралық білім кеңістігінде кіріктіруге
ыңғайлы жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға, оқыту үрдісінің
сапалылығын арттыруға, жастарды кәсіби еңбекке дайындауға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар
бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш-мектеп – орта
мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да
бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, таным мүмкіндіктерін
дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы
табиғи нәрсе.
Ол талаптарды орындау оқыту үрдісіне оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,
интелектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі
шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып, олардың өз бетіндік – таныдық
белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мектепте оқытылған әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар.
Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының ғылым негіздерін нәтижелі
зерделеудегі дайындық деңгейін арттыруда есептердің алатын орны ерекше.
60-жылдары бастауыш білім беруді жетілдіру жолдарын іздестіруде белгілі
ғалымдар Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконинің және т.б. ғалымдардың
басшылықтарымен жүргізген жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
интелектуалды өсуін тежейтіні және олардың танымдық мүмкіндіктерін
анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Осыған орай, бастауыш мектеп бағдарламасының өзгертуіне байланысты
көптеген математика – әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И. Нешков, А.М.
Пышкало,
А.Д. Семушин, қазақстандық оқымыстылар Т.К.Оспанов, Е.Е. Шәкілікова
және т.б.) математикалық білімдерді қалыптастыруда оқу есептерін
пайдалануға баса назар аудара бастады. Есептердің сан алуан атқаратын
міндеттері (білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші) анықталып, олар және
тармақтарға бөлініп қарастырылатын болады. Бұл кейіннен көптеген арнайы
зерттеулердің негізі болды. Олардың ішінде мыналарды атауға болады:
Мазмұнды есептер төменгі сынып оқушыларының логикалық ой қорытуын дамытудың
(С.И. Сельдижова), олардың оқудағы іс-әрекеттерін қалыптастырудың (Е.Е.
Царева), математикалық ұғымдарды меңгеру сапасын арттырудың
(В.М.Гергенева), арифметикалық білудің құралы және т.б.
Білім мен тәрбие беру жүйелеріндегі бетбұрыстар, тірбие салаларының
барлығын, қазақ халқының ерекшеліктерін еске ала отырып қайта қарауды қажет
ететіндігі қазақстандық ғалымдар А.К. Кобесов, Қ.Б.Жарықбаев, С.Калиев,
С.Ұзақбаев, Е.Сағындыкова және т.б. көптеген еңбектеріне қарастырылады.
Тәрбие салаларының ішінде ақыл-ой тәрбиесі оқыту үрдісіне көбірек қатысы
бар мәселердің бірі болып табылады. Білімнің қадірін халқымыз ерте түсінген
Бақыт жолы тек біліммен табылар дейді. Ахмет Игунеки бабамыз.
Ата – бабаларымыз ежелгі замандардан бастап-ақ жас балаларға
тиянақты тәрбие берумен қатар, олардың білім өрісін кеңейтуге көп көңіл
бөлген, қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ой-пікірдің
қалыптасуы және даму тарихынан алынған мәліметтерді қазіргі мектеп
практикасында пайдалану жөнінде ұсыныстар Қ.Нұрсұлтанов, Е.Сағындықов, Б.
Қосановтардың еңбектерінде айтылған.
Педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы
зерттеулерді талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін ақыл-ой тәрбиесінің
психикалық жақтары терең қарастырылып, мақсат міндеттері анықталып
отырғанына қарамастан, жалпы мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой тәрбиесін
қалыптастыру және дамыту міселелеріне сәйкес, бұрынғы классикалық
педагогикада, халқтық педагогикада арнайы әдістемелер, эксперимелер,
эксперименттік зерттеулердің аз екендігін дәлелдеп отыр. Зерттеулердің көп
бөлігі бұл мәселе бойынша тек қана ақыл-ой есінің дамуына, артта қалушылығы
бар оқушылар үшін жүргізіліп келген, ал қалыпты күйдегі, балалардың ақыл-ой
тәрбиесі әртүрлі сабақтар барысында өзінен-өзі қалыптасатын мәселе деп
қарастырылған, сондықтан зерттеуші ғалымдардың, педагог-психологтардың
назарынан тыс қалған тәрізді.
Дегенмен де, бастауыш білім мазмұнын жетілдіре түсу бағытындағы
жүргізіліп отырған жұмыстар мемлекеттік көрсетілген міндетті білім деңгейін
меңгеруде, оқытудың жалпылама біліктері мен іскерліктерін, дағдыларын
қалыптастыруда әлі де болса күткен нәтижелерді бере алмай отыр. Әдістемелік
әдебиеттерге жасалған талдау мектеп тәжірибесі көрсеткендей, күні бүгінге
дейін біз зерттеп отырған проблеманың көптеген аспектілері жеткілікті
зерттелмеген. Оның ішіндегі негізгісі-бастауыш саты оқушысының оқу іс
әрекетінің қалыптасуында, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту мақсатында оқу
есептерінің қолданылуы осы күнге дейін өз шешуін таппаған мәселе. Оқыту
үрдісінде жалпылама оқу біліктерін қалыптастыруда бастауыш математика курсы
оқулықтарындағы оқу есептерінің жүйелі мүмкіндіктерінің пайдаланылуы
жеткіліксіз. Біздің зерттеу жұмысымыз негізінен бастауыш сынып оқушыларының
теориялық материалды игерудегі, оларда ақыл-ой тәрбиесі негізінде танымдық
процестерінің қалыптасуындағы оқушылардың теориялық материалды игерудегі,
оларды оқыл-ой тәрбиесі негізінде танымдық процестерінің қалыптасуындағы
оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруда.
Кеңес жүйесі негізіндегі психолог-ғалым Л.И. Выготский балалардың
танымдық процестерінің ішінде ойлау процесінің қалыптасуының кезеңдеріне
тоқталған кезде, олардың логикалық ойлауының он-он бір жаста қалыптасатының
көрсеткен. Әлемдік балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы мен дамуына
тоқталсақ, біздің еліміздің балаларының ойлау қабілеті басқа елдердегі,
мысалы, жапондық және америкалық балалардың түсініп ойлауы сегіз-тоғыз
жаста қалыптасатындығын әдебиеттерден байқадық.
Қазіргі бастауыш мектептегі Ата-мұра баспасынан шыққан оқулықтардың
мазмұнын талдай келе, оларда ойлау процесінің қалыптасу кезеңдерін осы
әлемдік жүйеге жақындату мәселесі қалыптастыратындығы байқалады. Бұған
мысал осы оқулықтардағы деңгейлік тапсырмалар болып табылады.
Осы мәселелер біздің зерттеу тақырыбымыздың Бастауыш сынып
оқушыларының ақыл-ой тәрбиесінің маңызы деп атауымызға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Бастауыш сыныптың оқу тәрбие әдістерінде оқушылардың психологиялық
жас ерекшеліктеріне сәйкес ақыл-ой өрісінің қалыптасуын қарастыра келіп,
ақыл-ойын дамыту үшін балалардың мақсаттылық әрекеттерін, математикалық
жұмыстарды, халықтық ауызша логикалық әдістерді, дидактикалық ойындарды
пайдалануға мүмкін бір нұсқасын жасау.

Зерттеу міндеттері

1. Педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттердегі
арнайы зерттеулерге сүйене отырып ақыл-ой тәрбиесінің теориялық және
педагогикалық негіздерін қарастыру.
2. Ақыл-ой тәрбиесін дамытудың тиімді жолдарына талдау жасау.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде және оқудан тыс кездердегі жүргізілетін іс
шаралардың ақыл-ой тәрбиесіне тигізетін ықпалын анықтау.

Зерттеу орны:
Тараз қаласы № 48, Тұрар Рысқұлов мектебі, 4 А сынып

Зерттеу пәні.

4 сыныпта математиканы оқыту басында, сабақтан тыс іс-шараларда ақыл-
ой тәрбиесін дамыту үшін логикалық тапсырмалар мен есептерді пайдалану
әдістемесі.

Зерттеу нысанасы

Бастауыш мектепте математика оқыту үрдісі және сыныптан тыс жұмысы.

1. Психологиялық-педагогикалық әдебиетерді талдау
2. Бақылау, әнгіме, мектеп құжаттарды талдау.
3. Педагогикалық эксперимент.

Зерттеу болжамы:

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту басқа пәндермен
салыстырғанда, математика пәні оқытуда, сыныптан тыс жұмыстарды қазақ
халқының ауызша есептерін шығаруда жүзеге асады.
Ұлы дана адамдардың ақыл-ой туралы айтып келген тұжырымдамаларын,
қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалану оқушылардың бойына дүние танымдылық, ой
мүдделерін дамытуға деген қызығушылықты, соған байланысты іс-әрекет
белсенділіген, логикалық ойлау қабілетін арттырады.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелелік ғылымдар саласындағы
озық идеяларын және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту туралы философиялық
ұлттық тұрғыдағы тарихи тұжырымдарды, халық педагогикасының ақыл-ой
тәрбиесіне қатысты мұраларды қолдану көзделеді.

1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік.

Бала айналасындағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі
мағлұматтар мен дағдылар, білімберді игереді.
К.Д.Ушинский айтқандай ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған
білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай,
саналуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан
балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып түсіндірілмеген, өзінің тікелей
өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтер мен дағдылар өмір
құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, қалған
түсінктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта құбылысы мен адамдар, олардың
озара құбылысы мен адамдар, олардың озара қарым-қатынасы жайлы дұрыс
мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы
құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарымқатынасы мен көз
қарастарын қалыптастырады.
Ақыл-ой тәрбиесі-адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп есебіне жол
ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесін тәрбиенің
барлық салаларымен ұштасқан біртұтас процесс деп танимыз.
Балалардың ақыл-ойының дамуын көптеген ғалымдар, педагогтар,
психологтар қарастыра келе, бұл мәселесінің адамның санасының ой-өрісінің
қалыптасуына және өмір тәжірибесіне көп әсері бар екенін атап өткен.
Мысалы: В. Гумбольт:
Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл-ой жұмыстары да адамға сондай
әсер етеді, абыржыған көңілді сейілтеді, бойы да біртіндеп жеңілдетеді,
жылытады, рухты көтереді.
В.А. Сухомлинский :
Ойсыз, оқусыз, ой толғамай өткізген әрбәр күн-зая кеткен күн, яғни
білімсіздіктен білімдікке апаратын әрбір күн зая кеткен күн -деген екен.
Ұлы дана адамдардың ақыл-ой тәрбиесін дамыту жайлы тұжырымдамалары
берілген.
Білімсіздіктен білімдікке апаратын дәйекті ой процесі-нақтылы
пайымдаудан абстрактылы ойлауға және одан практикаға өту арқылы орындалады
демекші, ғылымды жүйелі түрде терең оқып игеруге ерекше мән берілген.
Саналы оқудың мән мағынасын білдіріп, ақыл-ойды дамытатын құрал-әдеби тіл.
Ақыл-ой тәрбиесі балалардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай
дидактикалық талаптар сапалық, белсенділік, өз ақылымен істеп үйрену,
ұғыну, есте қалдыру, ал оқу жоспары бағдарламалар, программалар, оқулықтар,
жүйелі түрде құрылған сабақтар, экскурсиялық дидактикалық ойындар арқылы
жүзеге асырылады. Сабақты өткізу әдістемесіндегі елеулі мәселе балалардың
ойлау жүйесін басқарып отыру. Бүл үшін негізгі әдіс-тәсілдері жетілдірудің
(көрнектілік, әнгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, үлгі сөз, мәжрлеп оқу,
үйрету, еске түсіру, бақылау, талдау, ескерту, мадақтану) маңызды өте зор.

Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз-баланың жасына байланысты оқыту мен
тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын
сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Ақыл-ойды дамытудың шарты-баланың сан қилы іс-әрекетінің тиімді
ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым қатынасы, тілді
меңгеруі, қабылдауы мен түсінуі, берілетін білімнің сапасы.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы айналадағы адамдар, заттар,
табиғаттағы қоғамдық құбылыс осылардың әсерінен баланың дүниеге көз-қарасы
кеңейіп, танымы дамиды.
Баланың ақыл-ойы үлкендермен қарым-қатынасқа түсе отырып, сонымен қатар
өз құрдастарымен ойын барысында және де бала-бақшаға барып тәрбиелеу
мақсатында дамиды.
Осының ішінде бала-бақша ақыл-ойды дамытудың ең ыңғалы да жеңіл түрі
болып табылады. Бала-бақшада балаларға білім беру-сабақ формасы ретінде
өтіледі. Сабақ түрінде берілген білім балалардың сабақты толығымен тыңдап,
сұрақтарға жауап іздеп, сабақта білген тақырыпқа байланысты тақпақтар,
жұмбақтар айтып, білімдерін малайтып, өздерін еркін ұстап отырулары арқылы
жүзеге асады.
Жылдан-жылға балаларды бала-бақшада тәрбиелеу жұмыстары күрделеніп,
оларға білім беру мазмұны кеңеюде.
Жаңа этапта ақыл-ой дамуы балада әртүрлі даму кезеңдерде жүреді.
Баланың ақыл-ойы өз білім дәрежесінде әр түрлі қарым-қатынасқа түсіуі
арқылы, өз бетімен әр түрлі іс-қимылдарға, ойындарға қатысуы арқылы,
берілген тапсырманы өз бетінше ойлап сол жұмысты ояғына дейін орындап
жеткізуі арқылы дамиды. Көптеген психолог –педагогтардың ақыл-ойының
физикалық жетістіктерінің және эстетикалық тәрбиелеуіне қойған талаптары
қазіргі таңда көбісі орындалып, іске асырылып жатыр. Адамның ақыл-ойының
дамуының тиімді кезеңі, осы мектепке дейінгі кез болып саналады.
Ақыл-ой дамуының ең қарқынды кезеңі мектепке дейінгі кезең болып
бекітілген деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат бойлық жоқ, Ақылды сатып
ала алмайсың, Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ деген халықтың
даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып
жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуы талап етті. Халық
педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ Көзбен көрген,
құлақпен естілген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген-ақиқат.
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың
анықтамаларының да ғылым педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі
байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттерді
ойлау қабілеттерін, сана сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады
ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және
ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дамытуға
тәрбиелеулердің мақсаты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз. өйткені, балалар
бұл жаста заттың тек сырт бейнесін ғана емес, оның ішкі бейнесін, құрылысын
түсінеді, мектепке дейінгі кезеңде балаларда қорытындылау, заттарды бір
бірінен ажырату, айыру секілді алғашқы абстракция формасы қалыптасады.
Мысалы: ересек топ балалары жануарлардың сыртқы түр-түсінің бір бірінен
айырмашылығын және өмірде олар не үшін қажет екендігін өздерінше ойлап,
қорытынды жасай алады.
Екі-үш жас аралығында балалар тек заттың сыртқы бүтін бейнесін, түсін
ғана қабылдайды. Мысалы: қоңыр түсті аю. Олар осы аюлар туралы оның сыртқы
бейнесі үлкен, түсі қоңыр екендігін ғана игереді.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып
келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым
орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген
ғылымнан деректерін, түсініктерін және заңдарын бейнеленген ғылымның
деректерін, түсініктерін және заңдардын мақсатты игерудің нәтижесі.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсаты ықпалымен
шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін
еске алу қажет. Бұл кеңірек ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жанжақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі
еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең
бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы
екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар,
тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене
күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру
мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі.
Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой
күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері,
олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелерінің бірі. Сондықтан
біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек
атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп- заттар мен құбылыстардың
арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық
процесті атайды. Ойлау таным – бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге
қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам қызметінің нәтижесі. Ой түсіну, қабылдау, елестеу арқылы
алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау
барлық адамдарға тән туындайтын түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие
қоятын мәндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе
түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең
түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білу, оқшылардың
ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы
сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз.
Мұны кейде көрнекті ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау
балалардың ойнау және оқу процесінде адамдардың еңбек іс әрекетінде
байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді.
Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ойпікірлеріміз,
яғни байымдау, ой жүргіту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп
те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде
түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтау ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ
принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың
жинақталу дәрежесі, оның ауқамы жалпылық тұрғыдан қараудың қамтуына
тәуелді.
Алгоритімдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты
әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивитік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді
баяндауда ойын жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға, қарай қозғалуын
қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау
процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттерінің нақты зиялылық білігін сипаттайды.
Адамның өмір тәжірибесіне, іс-әрекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының
ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой
күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге
асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгертуге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту
барысында дамыту оқу материаларының мазмұның игеру, зиялылық біліктерді
қалдыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу
әрекеттерін ұйымдастыруға арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған
оқыту әдістемесі дамыта оқыту тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып
қиындықтың жоғары деңгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қоры
жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалардан тұруы
қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл-ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке
деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту
әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнының іріктеу мен әдістерін таңдап
алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл
анықтауға тіреледі.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен
тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл ойының дамуын қамтамасыз
ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы
мұғалімінің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың
түрлері ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу
тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал есебінде кейбіреулерін еске
түсірмекшіміз.
1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бас тапсырмалар бақылау,
эксперимен жүргізу, саяхаттар бақылау, экспедициялар, ауыл шаруашылық
тәжірибелік жұмыстар т.б.
2. Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз
бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі
тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т.б.
3. Саластыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
4. Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар, алгоритмдерді,
алгоритмдік нұсқамалары пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру т.б.
5. Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды,
құбылыстарды топқа бөлу.
Жалпы айтқанда, ақыл-ой тәрбиесін оқыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде
тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап
тұрғысынан оқушы тұлғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне жалпы және
әдістемелік мәдениетіне, оның өзіндік танымдық күшінің дамуына байланысты
екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту,
түрлі тапсырмалар пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы
дамуын және рухани қажеттіктерінің қамтамасыз етеді.

2. Оқушының ақыл- ойын дамытуындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеті

Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгісі таным әрекеті. Баланың
жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен дамуына тығыз
байланысты.
Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде бір құнды
сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда
білімдер көлемін білім беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер
көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім
көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке
мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған
мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін
берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы
біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл ой дамуы және ойлау білігі негізі ойлау операцияларын меңгеруді
қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі негізгі ойлау
операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез салыстыру, классификация
жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтінді жеке
қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез-бұл заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе
құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілі мен қасиеттерін біріктіру.
Анализ бен синтез біріне-бірі қарама – қайшы ойлау операциялары
болғаны мен, олар бір-бірімен үздіксіз байланысты болады.
Белгілі бір сабақтастықты нақты бір белгілі немесе бір қатар белгілер
бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды саластыру
деп аталады. Саластыру жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Аралығындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе
құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және
нәтижесі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын
көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие
жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-
әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет. Баланың оқу
әрекеті күрделі, жан жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани
күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.
Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік
сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады.
Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдылары
қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін
арттырып отыруға көңіл аудару керек. Еңалдымен баланы өз жұмысының мақсат-
міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін
қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінің білсе,
онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат міндеттеріне
сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға,
бағалауға, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен
ғылыми заңдылықтары түсіну және практикалық міндеттері шешуге бағытталған
ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми
білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен
нәтижесі болып табылады.
Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой
тәсіл амалдары);
3. Бақылау оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қаблеті
қалыптасады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлаудың
өркендету жолдары көп. Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі жас балаға
ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлаудың өркендеткенде,
сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер пәм ашық суреттеулердің көп
болуына иждаһат қылу керек. әсерленулер, суреттеулер өздері өз болып және
дұрыс һәм ашық болмаса, баланың үғым, хүкім жасауға ой шығаруы қажет
болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық
болуы керек. Қанша дегенмен адам, суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан
балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қажет жоқ.
Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ топқа бөліп
үйретсін. Мысалы: дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ топқа болу
сықылды. Бірақ баланы, заттарды, көріністерді топ топқа бөлгізіп
үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді көшуді естен шығармауға керек.
3. Көріністердің ойлардың аралалығындағы байланыстарды һәм олардың
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін, бұл мысалдардын ереже заң
шығартқызып үйрету сықылды істермен болады.
Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер
етеді. Бастауыш мектептегі оқытудың мазмұнында ерекші орын алатын пән – ана
тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай деген: Оқытатын
пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қапсырып, орап алатын пән – ана тілі
екендігі даусыз.
Оқушылардың танымы – өзіне тән ерекшілігі бар күрделі психикалық үрдіс.
Оқышының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе
себептер болады.
Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш-
түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі
қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі. Оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу
міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгісі қайшылық. Ол-
педагогикалық міндет талаптармен оқушының мүмкіндіктерінің арасындағы
қайшылық. Бұған тағы да оқушының теориялық білімі мен практикалық ойлауы
мен репродуктивтік ойлауы арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай
қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек
етеді.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі-мотивтер. Мотивтер
деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады. Оқушының
мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу
үшін білімнің өмірде керек екенін түсіну және сол білімге қызығуы қажет.
Л.С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына
қарау керек деп ескертеді, осыған орай, ол бала дамуының екі зонасы
болатының айтады. Бала – зона – бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы,
осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамуының ең
жақын сатысына жеткізуге міндетті екендігін айқындайды.
Бұл орайда мұғалім бала дамуының мынандай негізгі белгілерін біліп,
(дербестігін, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлауын) оқушылармен
жеке дара жұмыстар жүргізуі керек.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасуы.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқышының оқуға, білімге деген ынта –
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды. Қимыл, сөйлеу, ойлау, таным,
өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Абай он бесінші сөзінде адамның ақыл-ой қабілеті туралы мынандай
пікір айтады:
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын
көрдім.
Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық
көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін ізденген көзі өмірінің ең қызықты
уақыты болып ойында қалыптасады.
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балаладың
белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді – амал
тәсілдерін қалыптастырады, басқаша түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда салыстыру амалының маңызы өте зор.
К.Д. Ушинский салыстыру – түсінудің, ойлаудың негізгі: Дүниеде барлық
болып жатқан құбылыстарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш
нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат
нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат пікір, бір ауыз сөз де айта алмаған
болар едік.
Оқу еңбеігінң қаруы-ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау
біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттіңнегізгі өзегі болып келді. Ол
үшін әр адам өз орнында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның
сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.
Қоғамның ой-санасың биіктеп өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау
кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің қатарына қосылуы жаңа
заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана
қоймай, олардың жаңашыл болуын, ізденістерін ұштауын талап етеді. Бұл
орайда математика, логика, информатика пәндері басты мәнге ие. Есептер
шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі, логикалық түсініктемелерге,
әр түрлі ситуацияға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным
қанағаттан арлық сезімге бөлеу үшін адамның ғылыммен ішкі үрдестігі және
логикалық түсінігі тұтас болғаны жақты. Тек осындай жағдайда ғана білімнің
қыры-сары ашылады, түсінбегі жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау әрекеті
сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге құлшынысы
артады.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-
қайраты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің
мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.
Бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып үйрену, болашақ ұстаздың
шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіруде
ұстаздық мамандыққа қызығушылықты, сүйіспеншілікті қалыптастыру ерекше орын
алады.
Оқушының оқуын қалыптастыруда мұғалім өзінің шеберлігіне, өтілетін
тақырыбының мазмұнына байланысты кітаппен жұмыс істеудің әр түрлі жолдарын
тапсырмалар беру арқылы іске асырады. Бұл жөнінде педагог Н.Крупская Ең
маңыздысы оқушының оқуға үйрету, мұның өзін ол үшін басқа біреу істеп
береді деп үміттенбеуге үйрету.
… Үйретіп қоймай, өздері жұмыс істеуге, оқуға, оқығандарын түсінуге,
көп нәрсені зерттеу жолымен түсінуге үйрету керек-деген еді.
Зертеуші – педагог Л.А. Концевая оқушылардың кітаппен жұмыс істеу
әдістерін былайша сыйпаттайды.
Оқу-ізденіс, маңызды нәрсені біліп алу мағынасына қарап топтау, оқу –
сұрыптау.
Жоспар, конспект, тезистер, диаграммалар құру.
Қорытындыларды тұжырымдау.
Өзінің зерттеуін басқа автарлардан зерттеулерімен салыстыру.
Оқығанын сын көзбен бағалау, гипотеза ұсыну.
Және осы негізде кітаппен жұмыс істеудің үш дәрежесін ерекше бөліп
көрсетеді.
1 – танымдық, оқушы мәтінде барды түсінеді және пайдаланады.
2 – шығармашылық мәтінді таңдау, оны сан көзбен бағалау шеберлігі.
3 – шығармашылық, оқығанды негізінде өзіндік іске жарату.
Жоғарыда аталған авторлардың бұл пікірлері кітаппен жұмыс істеудің
әртүрлі әдістеріне назар аударуды ұсынады. Осыларды ескере отырып, мұғалім
өзінің сабақтарында оқу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуға таным
әрекетіне жетелейді.

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ
ҮЛГІЛЕРІ.
2.1. Халықтық педагогикадағы мақал – мәтел, жұмбақтардың тәрбие
сабақтарында қолданудың маңызы.

Қазақ халқы әдебиеті мен мәдениеті жөнінен ұлттық тәрбиесі
тұрғысынан өте белгір ел болған. Халық даналығы үлкен ойды оядай қалыпқа
сыйғызып, асқан шеберлік танытқан.
Ауыз әдебиетінің күрделі бір тармағы, көнелерден келе жатқан үлкен
мұрасы болып есептелетін мақал-мәтелдерді ана-тілі сабағында тиімді
пайдаланудың жаңаша әдіс тәсілдерін сөз етпекпіз.
Мақал-мәтелдер шешендік өнердің бір үлгісі. Олар сөздік құрамының
байлығын, тереңдігін байқататын тілдік көрсеткіштердің қатарына жатады.
Мақал-мәтелдер өзінің тәрбиелік құрылысына, құрамына, мазмұн-мағынасына
қарай төмендегіше әр алуан тақырыпты қамтиды.
Мақал-мәтел бір біріне ұқсас, алайда бұл екеуі бір түсінік емес,
олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашылықтары бар. Ол айырмашылық
белгілі ойды түйіндеуден және құрылымы жанынан бір немесе бернеше сөйлемнен
құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде келеді, Мезгіл
жетсе, мұз да ерір.
Ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар
сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді
Орақ ауыз, от тілді, Қой семізі қойшыдан, Көппен көрген-ұлы той.
Мақал мәтелдің жалпы мағынасына тікелей қатысы болмайтын сөдер қалып
кетіп отырады. Бірақ, онан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан
келмейді. Мысалы Ақыл жастан, асыл тастан дегенде шығады сөзі қалып
қойған, бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ. Мұндайды тіл білімінде
элипстік құбылыс деп атайды.
Мақал-мәтел құрамындағы сөйлем мүшелерінің бірі болмаса бірін түсіріп
айту риторикалық қызмет атқарады.
Мақал мәтелдер өмірді жан-жақты көрсетіп қана қоймай, адам баласын
отанды сүюге, орын таза сақтауға, еңбекке, құрметке, сүйіспеншілікке,
мейірімділікке бейімдейді. Сондықтан әдебиет сабағында оқушарды халқымыздың
ғасырлар бойы жинап келген асыл қазынасы – сөз шеберлімен таныстыру, тапқыр
сөйлеуге үйрету негізгі мәселелердің бірі болып келе жатыр. Осы мақсатта
істелген жұмыстар оқушыларды халық ауыз әдебиетін сүйіп, қызығып оқуға,
құрметтеуге үйретудің бірден-бір жолы.
Менің мақсатым мақал-мәтелдердің оқытылу ерекшеліктерін көрсету
болғандықтан, мақал-мәтелдердің бағдарлама мен оқулықтарда орын алуына
тоқталайық.
Мақал-мәтелдермен оқушылар бастапқы сыныптан – ақ танысады.
Енді Ана тілі оқулығына назар аударалық 3-4 сыныпта ауыз әдебиет
түрлері ішінен ертеңгілер, аңыздар, әңгімелер, батырлар, хан, билердің
сөздерін өз дәуіріне лайықты етіп, шешендік сөз үрдісіне сүйене отырып әр
тұлғаны өзіне лайықты тілде сөйлетеді. Сөз саптауда халқымызға тән
имандылық, ізгілік сияқты ұлттық мінездерімізді әр кейіпкердің бойынан
табамыз. Осы кейіпкерлеріміздің іс-әрекеттеріне қарай отырып, міндетті
түрде жоспар жазылады. Оның сөздерін құрғақ жай сөздер етіп алмай, мақал-
мәтелдермен алсақ, жоспарымыз ықшамды, жинақы шығарып даусыз.
Мақал-мәтелдерді жоспарға қолданып отыру дағдысын қалыптастырудың
себебі оқушыларға тіл ерекшеліктерін, оның қырымен сырын түсіндірумен қатаң
оның адамгершілікке баулу жақтарын үйретіп, үлкенді сыйлау, кішіге
қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін бойына сіңіру болып
саналады. Өйткені шәкірттерімді сөз өнерінің асыл қазынасын жете меңгеруге
жете ретті жерлерінде қолдануға пайдалана білуге дағдыландыру – бүгінгі
таңдағы басты міндет. Осының бәрін іске асыру тетігіне келер болсақ,
төмендегі жеке ізденіс әдісіне сүйене отырып, оқыту үрдісін ұйымдастыруға
болады.
Жеке ізденіс әдісі

1 Мақсаты Оқушының іс-әрекеті халық ауыз әдебиетін сүйеніп, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз