Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары

0
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық
технологияны ендіру жолдары

Шымкент, 2009

МАЗМҰНЫ

КlРlСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3

1.1 Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық
негіздері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … .6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияларды пайдалануда пәнге
қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары
… … … … … … … … ..2 5
1.3 Бастауыш сатыда оқыту технологиясы … … … … … … … … … … … 34
1.4 Жаңаша оқытудың негізгі түрлері … … … … … … … … … … … … …36

ІІ Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …44
2.1 Сабақ процесінде техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын
арттыру
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 44
2.2 Сабақ процесінде проекциялық аппараттарды пайдалану
… … … … … … .48
2.3 Сабақ процесінде компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістері
… … .48
2.4 Сабақ процесінде диафильмдерді пайдаланудың маңызы
… … … … … … .53
2.5 Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін
анықтау … … … … … … … …58
2.6 Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік
талдау … … … … … … … . … … … ..62

lll ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… 64
3.1. Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін анықтау
нәтижесі … … … …64
3.2. Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік талдау
көрсеткіші … … … … … ..65

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … .. … … … … … … … ..67

ӘДЕБИЕТТЕР
ТlЗlМl … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … .70

КІРІСПЕ

ОСЫ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНСІЗ ӘРІ АЛЫСТЫ БАРЛАП, КЕҢ АУҚЫМДЫ ОЙЛАЙ
БІЛЕТІН ОСЫ ЗАМАНҒЫ МҰҒАЛІМДЕРСІЗ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА ҚҰРА
АЛМАЙТЫНДЫҒЫМЫЗ ЖАЙЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮСТІМІЗДЕГІ
ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНА АРНАҒАН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН,
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ХАЛЫҚ ҮШІН, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТ ҮШІН АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА
ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТІЛІП, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
МҮМКІНДІК БЕРЕТІН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ЖАҢАРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ САЙ
БІЛІМ КЕРЕКТІГІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛҒАН БОЛАТЫН. АЛ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛДІҢ
ӘРБІР АЗАМАТЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН.
Бастауыш сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты
баспалдағы. Бүгінгі таңдағы бастауыш мектептердің алдында тұрған мәселе
оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың
оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға
қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны
өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу
үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазақстан аз дамуында жаңа серпілістер жасауы қажет. Қазақстан
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін
білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс.
Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу –
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.
Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарлы, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.
Білім беру саласындағы алға қойылып, отырылған басты
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру .
Қазақстанның Республикасы Білім туралы Заңының 8 бабында
Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халақаралық коммуникациялық
желілерге шығу ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау деп атап көрсеткендей — ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің
алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс –
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру.
Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді
даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау конспектісінің бірі
және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыруға үрдісіндегі іс —
әрекеттің нәтижесі болып табылады. Қазіргі педагогика теориясына елеулі
өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында
жаңа технология өмірге келді. Технология дегеніміз қандай да болсын
істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология
педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім
амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы — деп түсіндіреді В.
Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық
жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт
алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды
ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны
практикада пайдалану қажет.
Осы ретте менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы
балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары деп
аталады.
Диплом жұмысының өзекті мәселесі: Мұғалімнің инновациялық даярлығын
қалыптастыру. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық
технологияны ендіру жолдары.
Ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы: Оқушылардың үлгеріміне,
әлеуметтік жағдайына мониторинг жасау арқылы білім деңгейін анықтаймыз.
Бұл мәліметтерді мектепте кеңінен қолдануға болады.
Жұмыстың мақсаты: Оқыту процесінде жаңа технологияларды
пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік
қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі
іскерлікпен қолдана білу.
Жұмыстың міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының жаңа
технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді
жолдарын білу, кіші мектеп жасындағы оқушылардың сабақ үлгерімін,
мұғалімнің сапалық деңгейін анықтау.
Зерттелінетін объект: Мектеп оқушылары
Зерттеу материалдары мен әдістері: Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың жаңа технологияларды пайдаланып өтілген сабақтарда ой-өрісінің
дамуының сандық және сапалық көрсеткіштерін мониторинг әдісі

1.1 Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық
негіздері

“Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің
қандай негізге құрылыуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм
өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек,
келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра
алмасақ, келешегіміз күңгірт деп ұлы педагог М. Жұмабаев
айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды.
Мектеп — мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру
саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық – мемлекеттік жүйе.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан саулығының,
интеллектуалды потенциялының қамын ойлау — тәуелсіз Қазақстанның
алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі.
Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр:
• Республикасының ақыл – ой әлеуетін қалыптастыруға белсене
қатысу, жеке адамның рухани жаңаруына жағдай жасау;
• Жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде және факультативтер

мен арнайы курстар, пәндерден білім беру барысында
ақыл –ойы
ұлттық сана – сезімі жоғары жеке
тұлғаны тәрбелеу;
• Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар
туғызу;
• Оқушыларды шығармашылық жұмыста бағыттау;
• Жеке адамның өзіне — өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу,
т.б.
қасиеттерін дамыту;
• Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен
Айналысуға қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға
туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және
оқу тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау.
Жалпы практикалық, философиялық, психологиялық және эстетикалық
дайындықты күшейту. Технология — шеберлік, іскерлік деген ұғымдар берсе,
ал П.В. Беспалько Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы,
оны тәрбиеге жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеге
жүзеге асатын жобасы деп қарастырады. Ал Т.И. Шамова Білім беру
технологиясы оқуышаларға ыңғайлы қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету
мақсатында білім беру үрдісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы мұғалімдер мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үрдістік жүйесі деп анықтама береді.
Қалай дегенмен де технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа
формалары, амалдарымен іздене отырып, жоғары нәтижеге жетуге талап етеді.
Жаңа педагогикалық технология ұғымына тән, белгісіз, жаңа оқыту амалдары,
іс-әрекетімен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі оның ғылыми
нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы
жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім деңгейін
шығармашылық деңгейге жеткізу деген сөз.
Оқыту технологиясын қолданудағы басты мақсат баланы жеке тұлға
ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Бұл мәселеде
ғалым педагог Л. Занков Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі
қажет десе, көрнекті психолог Л. Выготский: Жақсы оқыту деп, баланың
дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады деп оқу баланың
өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.
Сабақта тақырыпты эмоциялық тұрғыдан саналы игеру-алған білімнің
дәйектілігін қамтамасыз етеді. Материалды саналы меңгерген оқушының жауабы
логикалық байланысы мығым, көңілге қонымды, нақтылы болып келеді.
Жалпылама берілген білімнен гөрі оқушының өз тәжірибесіне негізделген
білімнің тартымды болып, шәкірт жәгері мен ынтасын арттыратындығы даусыз.
Шығыс даналығы былай дейді: Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде
қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын. Яғни, баланың ынтасын
арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: Маған айтсаң ұмытып
қаламын, көрсетсең есіме қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын.
Яғни, баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту тасқа басқан таңбадай болары
сөзсіз. Қызығушылықпен алған білімін бала өз өмірінің мақсаттарына қолдана
біледі.
Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға ізденімпаздықпен
қарау қай мұғалімнің болса да басты міндеті. Оқушыларға жүйелі білім,
сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін
жетілдіріп отыру бүгінгі күн талабы.
Оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат — баланы өз заманына лайық адам етіп
шығару болса, осы оқыту стратегиялары арқылы бала білгенін салыстырып,
сынап дұрыс пен терісті, ақ пен қараны саналы түрде айыратындығын байқадым.
Бала оқуға емес оқу балаға қызмет еткенде оның ынтасы да, жігері де бір
мақсатқа жұмылатындығын көрдім.
7-сыныптың қазақ әдебиетінде М.Әуезовтың Көксерек әңгімесі
берілген. Әңгіме мазмұны балаларға бұрыннан киносы арқылы таныс
болғандықтан және осы кезеңіндегі балалар психологиясына өте жақын
болғандықтан оқушылар әңгіме негізіндегі авторлық көзқарас, проблематика
көмескі қалады. Әңгіме оқушының сезім күйі, эмоциясын жаулап алады да,
оның негізіндегі басты мәселелер соның қалтарысында қалып қояды.
Әңгімедегі негізгі ойды, яғни, адамдардың қасқырлардан да қатал, тағы
екенін оқушылардың өздеріне қалай аштыруға болады?
Әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағандағы бір артықшылығы -әдебиет
тәрбие құралы. Сабақта алған білімді өмірде қолдана білуге, адамгершілік
қасиеттерге жетелейді.
Кейбір сабақтарда + белгісімен белгіленген сұрақтар төңірегінде
ойды әрі қарай жалғастырып мағынаны таныдық.
Сабақтың ІІ бөлімінде, яғни, мағынаны тану кезеңінде кубизм
стратегиясын пайдаланып топтық жұмыс жүргіздік.
Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп әр топқа мынандай тапсырмалар бердім:

Зерттеңіз
а) Әңгіме бөлімдері бойынша тақырыптар қойыңдар.
ә) Әңгіме тақырыбы мен негізгі ойы қандай оқиғалар арқылы берілген?
Суреттеңіз
а)Көксеректің тағылық бейнесін суретте
ә) Кейіпкерлер туралы пікір. (Әңгімеден мысалдар ала отырып дәлелде)
Салыстыр
а) Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдардағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр

ә) Қасқыр мен адам бейнелерін салыстыр
Қолданыңыз
а) Әңгімеден теңеу, эпитет, синекдоха, кейіптеулерді тауып мысалдар келтір.

Өз ойыңмен байланыстыр
Көксеректе қазір бұрын ешқашан білінбеген долылық бар, жойқындық бар
еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтылардан дегендей,
жығылып, домалап жатқан балаға тап берді.
Берілген уақыт ішінде әр топ өз тапсырмаларымен жұмыс жасап, өз
ойларын ортаға салды. Толық жауап болмаған кезде өзге оқушылар пікірлермен
толықтырып отырдым.
Ой толғау бөлімінде оқушылардың өздеріне қаратыла қойылған сұрақтары
бойынша эссе жаздырдым. Үйге тапсырмаға Адам және табиғат деген тақырыпта
эссе жазу.
Оқушыларды топтық жұмыста бағалауда әр топтың топ басшыларының
белгіленуіндегі бағалау қағаздарын пайдаландым.
Сабақтарды осылай жүргізу маған және менің оқушыларыма не берді деп
ойлайсыз?
Сабақта мұғалім білімге бағыттаушы, ал оқушылар белсене қатысушы
болды;
Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екенін сезіне бастады;
Кейіпкерлер ерекшелігін өзге кейіпкерлермен салыстыра отырып ашуға
тырысатын боды;
Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөлісіп, бір-біріне құрмет
көрсетуге үйренеді;
Өз пікірін ашық түрде қорғай бастады;
Жеңілден ауырға өтуге тиімді жол іздей бастады;
Өзіндік ой-пікір, қиял дүниелері дамып, жазу жұмыстарына кһзқарастары
өзгерді.
Сабақта оқушылар белсенділігін көтеріп, қызығушылықпен жұмыс
ұйымдастырып, тек танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде сабақ өткізуге
болатындығына көзім жетті.
Өткізген ашық сабағымда оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығының
көп болуы.
Жаңаша педагогикалық технология-ғылым жетістігі. Қазақстанның
тәуелсіз мелекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі
реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды
жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін
технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде
оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне
енгізіліп жатыр.
Олар мыналар:
Лысенкованың алдын ала оқыту
Хазанкиннің есеп шығару
Палтышевтің физиканы есептеп шығару
Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану)
Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді
әдісі т.б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технолоиясымен В.М.
Монаховтың, Дяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор
Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде
қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық
технологиясын оқу тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы
ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және
ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге;
оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми
негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.
Мектептерде жүргізіліп отырған қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың
басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне
енгізу болып табылады. Мәселен Л.В. Замков, Д.Б. Эльконин В.В. Давыдовтың
бірлесе жасаған Дамыта оқыту жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста әрі
мынадай ұстанымдардан құралады.
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші рөлі
3. Оқу материалдарын жеделдете оқыту
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Л.В. Замковтың
оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік
мүмкіндігімен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім
түсіндіруші, оқытушы тұрғысынан емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы,
бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның
субьектісін қалыптастыруға амалдары бағытталаған оның құрылымы мынадай: Оқу-
танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан
танымдылық іс-әрекетті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерініңде (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы оқыту әдістемесі деп
отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек
белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады.
Бұл жереде алға қойылатын басты мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз
ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиет сезімін
дамыту.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет.
Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса
бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория — Л.С. Выготскийдің оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысу туралы
теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді
төртке бөледі: Бірінші деңгей — міндетті, оқушылық, екінші-алгоритмдік
үшінші-эваистикалық, төртінші-шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың
жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдардың талпарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа
тұрыптағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар-әңгімелесуші-оқулықтар
мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлер.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу —
мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік
тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенімен, оқушылардың өз бетімен білім
алу үрдісі, басқаруға ыңғайсыз делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары:
оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе, қате
болады дейді.
Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен
жүргізетін танымдық іс-әрекет үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей
бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты
мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология
бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың
сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі
тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде үлгерімі кейіндеп қалып,
өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай
жұмыс істеуіміз қажет? деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі
қарастырылған.
Олар мыналар:
– Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге
көмектеседі,
– Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің
үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Бұл
қалайша жүзеге асырылады? Енді аз-кем соған тоқталып өтейік.
– Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат-сынып оқушыларын
қабілеті және қабілетсіз деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырма. Ос ыарқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық
оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп
оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс
орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын,
өзінің жақсы оқитындығына қарамастан оқушылық міндетті, яғни
бірінші деңгейдегі жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық
оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы талаптарына сай міндетті бірінші
деңгейдегі толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алып (зачеттік)
жүйесін жүргізу нәтижесінде білімді толық меңгеріп алатынын
тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық
және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді, Міндетті
деңгейдегі толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне
өзінің сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы қосу
әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі
деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі
талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне
қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы
шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған
тапсырмалар жоғарыда есеп-зачетка алынып отырады дедік. Зачеттің
екіліктен айырмашылығы: бірінші деңгейдің есепке алынбаған тапсырмалары
қашан есепке алынғанша міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді. Өзін-
өзі бағалау қосу әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай екілік
аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс
пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей
тәуелді.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытудың ізгілендіру
мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап,
дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына
жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында
тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай оқулықтар буынын
жазу болып отыр.
Ғылыми технологиялық прогресс өндірістің көптеген салаларын ғана
технологияландырып қоймай, мәдениеттің, білімнің гуманитарлық саласына
батыл еніп дами бастады. Қазір ақпараттық, медициналық т.б. технологиялық
салалармен бірге білімнің технологиялық мәселелері қарастырылуда.
Өндіріс процесін технологияландырумен салыстырғанда, педагогикалық
бағдарлама одан да қиын әрі күрделі процесс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Алайда, бұл программа эксперимент түрінде дәлелденіп, оптимизацияланып және
тиімділігін көрсетіп, тексеріліп барып жоспарлы түрде жүргізілу арқылы
білімді технологияландыруға қолданылып келеді. „Егер жоғары оқу орындары
мен білімді, біріншіден, оны өндіріс орындармен салыстырсақ, сондағы
„шикізат„ , екінші жағынан, „оқушы„ дайын күткен өнімі болып табылады.
Педагогикалық технологияның артықшылығы, басқа технологиялардан
айырмашылығы „тірі материалдармен„ , демек қоғамдағы үстеме өндіріспен
байланыстылығымен ерекшелене түседі. Педагогикалық технология басқарудың
көптеген теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды. Олар, оқытудың
құралы мен әдістері және оқу процесін ұйымдастыру. Осы арқылы олар
педагогикалық ой-пікірді тарата алады және міндетті – деген, ХХ ғасырдың
басындағы прагматикалық психология мен педагогиканың негізін
қолданушылардың (У. Джеймс, Д.Ж. Двюн, С. Холл) тағылымдарын растай түсуде.
Индустриалдық педагогиканың өкілі Ф.У Тейлордың да ой-пікірі осыған ұқсас.
30-жылдары АҚШ-та жасалған аудиовизуалдық оқудың алғашқы
программасының кіріспесінің өзі, білімдегі технологиялық революцияның
бастамасы ғана емес, қазіргі кезеңдегі дамыған, мәні, пәні, концепциясы,
морфологиясы, әдебиеттері толық жазылған жаңа пән – педагогикалық
технологияның негізін салды.
Кәсіптік білікті педагогтар мен технологтардың арнаулы программаны
тездетіп жасауы педагогикалық технологияның лексикалық сөздігін оның
түсінігін нақтылай түсуге мүмкіндік туғызады.
Алғаш 20-жылдарда „Педагогикалық технология„ термині педагогтардың
еңбектерінде негізделген. Ол И.П. Павлов, В.М. Бехтерев, А.А. Ухтомский,
С.Т. Шацкий, П.П. Блонский, Қ. Бержанов т.б. жұмыстарында көрініс тапты.
Бұл кезде ол басқа түсінікте „Педагогикалық техника„ термині түрінде
таратылды. Екіншіден, бұл 30-жылдары педагогикалық энциклопедияға оқу
сабақтарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал мен тәсілдің жиынтығын
анықтайды – деген ұғымды берген болатын. Сондай-ақ, педагогикалық
технологияға көрнекі құралдарды пайдалану және оқу мен лабораториялық
сабақтарды өткізу процестері де жатқызылған.
Бұл жылдар „Педагогикалық технология„ ұғымын программалап оқытуға,
техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырып отырды. Алайда, бұл пән
ретінде оның фактілері мен материалдары дамытылып, қайта өзгертіліп,
өндіріс адамдары, педагогтар мен ғалымдар өздерінің өндірістік және оқу-
тәрбиелік мақсаттарына қарай өзгертіп отырады. Терминнің атауы „Технология
білімге„ және „Білім технологиясы„ кейіннен „Педагогикалық технология„
болып өзгертілді. Осылай, оның маңызы, міндеті оқу-тәрбиелік сипаты
біртіндеп толықтырыла түсті. Ол үш дәуірге бөлінді.
Бірінші дәуір – 40-50 жылдардың орта кезінде әртүрлі техникалық
құралдар арқылы ақпаратты хабарлар беріле бастады. Әр түрлі техникалық
жазбалар, оны жаңғыртып қайта жазу техникасы келіп шықты, „аудивизуалдық
құралдар„ пайда болды. Магнитофон, пластинка ойнатқыштар, проектор мен
телевизорлар мектептің оқу-тәрбие жұмысында қолданыла бастады. Бұлар
әсіресе, тұрмыста жиі қолданылып жүрді. Сөйтіп, сол жылдары „Білімді
технологияландыру термині оқу-тәрбие процесінде инженерлік ой-пікірдің
жетістіктерін уағыздауға көп көңіл бөлді.
Екінші дәуір (50-жылдардың ортасы мен 60-жылдарды қамтиды). Бұл
жылдардың ерекшелігі, теориялық негізі – программалап оқыту болып
есептелетін технологиялық қарым-қатынас, онымен жұмыс істету тәсілдері атты
жаңа ой пікір келіп шықты. Аудиовизуалдық құралдар жасала бастады, ол оқу
мақсаттарын жақсартуға арналды, оған сәйкес әдіс пен тәсілдер, объектілер:
қайта байланыс құралдары, электронды кластар, оқыту машинкалары, лингафон
кабинеттері болды. „Білімге – технология„ термині „Оқытудың техникалық
құралдары„ болып өзгерді. Ал „Білімді технологияландыру„ біртіндеп, ғылыми
атауы кеңейтіліп „әдістер мен құралдар жиынтығы„ термині келіп шықты. 60-
жылдары программалап оқытудың мамандары және аудиовизуальдық білімдер
маманы „Педагогикалық технологияны„ — жаңа пән ретінде таныды.
Үшінші дәуір (70-жылдар). Оқу-тәрбие процесінің технологиясына жүйелі
қарым-қатынас жасала бастады. Ал, зерттеушілер педагогикалық технологияны
(ПТ) ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде оқу-тәрбие процесін
оптимизациялауға пайдалану және оны қайта жасау сол 60-жылдардың орта
шенімен, 70-жылдардың басында жақсы дамыған капиталистік елдерде – АҚШ-та,
Англияда, Испанияда, Жапонияда – педагогикалық технология мәселелеріне
арналған журналдар шыға бастады. Бұдан кейінгі кезеңдерде бұл
проблемалармен Ұлыбритания мен АҚШ-та педагогикалық технологияға арналған
арнаулы кеңестер айналыса бастады.
70-жылдардың соңында, 80-жылдарда техниканың дамуы нәтижесінде,
сонымен бірге әлем тілдерінде оқытуды компьютеризациялаудың бастауы,
„Оқытуды технологиялау„ және „Педагогикалық технология„ ұғымын оқу-тәрбие
процесін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру жүйесі
ретінде пайдалану тұрғысында түсіне бастады. Бұл ретте педагогикалық
технологияның екі қыры белгіленді: біріншісі, практикалық технологияның
міндеттерін шешу үшін жүйелі білімнің болуы, екіншісі, оқу процесіне
техникалық қондырылғыларды пайдалану (М.Кларк Д.Дж. Хокрид – Ұлыбритания,
К. Челуик, Д. Фини – АҚШ. Бруслинг – Швеция, Т. Сикамото – Жапония, Т.А.
Ильина, С.Т. Шопавленко Л.С. Прессмон – Ресей). Бұл ой-пікірлер АҚШ-тың
педагогикалық коммуникация және технология ассоциациясында ерекше қолдау
тапты. Олардың документтерінде мынандай анықтамалар жазылған: Педагогикалық
технология – жинақталған интегралдық процесс – білімнің барлық түрін
меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау проблемаларын талдай, оқу
құралдарын жасау жолдарын көрсету, оған адам күшін пайдаланудың
экономикалық тиімділігін арттыру т.б. жатады. делінген.
Төртінші саты 80- жылдары басталды. Ол педагогикалық-технологиялық
эволюциялық ұғымы. Оның ерекше сипаты компьютерлік лабораториялар ашу,
соған сәйкес программалар жасап, интерактивті видеоларды пайдалану. Бұдан
кейінгі кезеңдерде ғылым мен техниканың дамуы адамдардың, ғылымның алдына
кең жол ашты, жаңа технологиялар пайда болды. Мысалы: өнеркәсіптік,
электрондық, ақпараттық. Сондай-ақ, көптеген оқыту ресурстары жасалды.
Сөйтіп жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудивизуалдық құралдар
пайда болып есептеледі. Осы негізде оқу-тәрбие процесінде жоғары оқу
орындарында жаңа техникалық мамандықтар ашылды. Міне, мұндай нәтижелер мен
жетістіктер „Педагогикалық технология„ ұғымының өзіндік ерекшеліктерін тағы
да көрсете түсті.
АҚШ-тың оқытудың технологиясы туралы комиссия Президент пен
Конгресске жасаған баяндамасында: „Педагогикалық технология табиғатының екі
жақты маңызы бар екенін анықтады: Олар – технологиялық революция
нәтижесінде пайда болған оқу процесін пайдалануға болатын процесс„. Оны
барлық оқу процесін бағалауға, ұйымдастыруға, жоспарлауға т.б. жүйелі
жұмыстарға қолданады. Сондай-ақ, оны оқу процесін жаңаша құруға және
оптимизациялауға қолданады. Әлемдік педагогикалық ой-пікірде педагогикалық
технология – оқу процесін жаңарту мақсатында қолданылады делінген.
Педагогикалық технология әлемдегі барлық елдерде және оқу процесінің
барлық саласына қолданыла бастады. Бұған дәлел Бразилия педагогы – Ж.
Батист Араужу мен Оливейра зерттеулері дәлел. Кембридж университетінің
барлық оқу орындарында олар бұған тжірибе жасап оқу процесінің сапасын
арттыратынын дәлелдеген, ең бастысы олар сауатсыздықты жоюдағы оның маңызды
мақсаты оқу процесінің тиімділігін арттыра түсті.
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше
бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни білімге, Қазіргі қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,
яғни талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік
көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды
гуманизациялау, оқытуды дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына
жол ашады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын мәселесі – әрбір оқушының
жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-
құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке инттелектуалды дамуы, сөйлеу
мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс
тастауы т.б. ) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырмайды,
керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз
нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген
қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген жазалау
емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін
көтермелеу құралына айналады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне сай соңғы жылдары
педагогика саласына түбегейлі өзгертулермен қоса жаңалықтар
енгізілуде. Солардың ең бастысы — мектепті басқару ісі. Мектепте шын
мәніндегі білікті, ізденісі мол мамандарды қалыптастыру, олардың
шеберлік деңгейін қазіргі ғылыми педагогикалық талапқа сай дамыту,
сол арқылы оқушылардың білім сапасын мемлекеттік стандартқа
лайықты, сондай –ақ тәрбиелеу саласында педагогикалық теорияның
жаңашыл әдістемелерін шеңберіне жеткізе пайдалана отырып, баланың
сана –сезімін көтеру, шығармашылығын арттыру – бүгінгі таңда кезек
күттірмейтін ең ең негізгі мақсат.
Еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, оқушылардың шығармашылық потенциялын
дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруын талдап
етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында “Қазіргі
мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық
игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуальдық қуатын
жетілдіру, елімңіздің материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай
дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып
жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп
ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар
мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа
практика жаңа қарым қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетулері
мұғалім іс-әрекетіне бағыт сілтейді. Бұл заңда қазіргі кезеңде
мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің
ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен
дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми – педагогикалық
негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелірінің бірі. Инновациялық процесс
зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайда көшуі
және жаңалыққа көшуі және жаңалыққа енгізу процесіне басшылық
жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын М.В. Кларин, М.М.Потанин,
И.И.Нидкасистый, В.И. Загнязинский, А.Я.Пайн, О.Г.Хомерный, П.Р.Ройфекова
және т.б зерттеулерінде қарастырылған.
Жаңа енгізілген жаңалық немесе инновация адамның кәсіптік
қызметінің бәріне тән болғандықтан ол табиғи түрде зерттеудің ,
талдаудың және тәжірибеге енудің нысанасына айналады. Инновация
өздігінен пайда болмайды. Ол – ғылыми ізденістердің, жекелеген
мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл
процесс стихиялы дамыматындықтан ол басқаруды қажет етеді. Тұтас
педагогикалық процестің инновафиялық стратегиясында жаңашылдық
процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры,
мұғалімдер мен тәрбиеленушілердің ролі арта түсуде. Оқу процесінің
көп түрлілігіне қарамастан — дидактикалық, компьютерлік, модульдік
және басқа да жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің
еншісіне қалып отыр. Оқу тәрбие процесіне қазіргі заманғы
технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбие
кеңесшінің, ақылшының және тәрбиеші қызметін одан әрі игеруде.
Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана
шектелмей педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие
технологиясы салаларының қазіргі заманның білімдерін де қамтитын
болғандықтан мұғалімнің арнайы психологиялық – педагогикалық дайындық
талап етіледі. Осы нагізде педагогикалық инновацияны қабылдау,
бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады [1-11].
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген мағынаны
білдіреді. Инновация құрал және үрдіс ретінде әлдебір жаңалықты
ендіру деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдісте инновация
оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына,
мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық
енгізуді білдіреді.
Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық
енгізу, ұйымдастыру яғни, инновациялық процесті мазмұнды дамыту,
жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп,
жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс –тәсілі мен технологиясын
қамтитын құбылысты түсінеміз.
Ғалым Романова И.А. “Инновация дегеніміз – білім беру процесін
өзгетуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ал жаңалық енгізу
– мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет”, -дейді. Ол міндетті
төмендегідей екі талапты көрсетеді. Олар:
• Инновацияның қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет
идея ретінде қарастыру;
• Инновация мектептің әдістемелік жұмымын жоғары сатыға көтеруге
бағыттау;
Біздің ойымызша, “инновация – білім беру жүйесінде жаңалық
енгізу”, — деп айтсақ, бұл ұғымның ауқымын тарылтқандай боламыз.
Сонымен қатар, белгілі бейімделуден өткен идеялар жаңа жағдайда
қолданылса, лоарды инновациялы деуге болады екен.
Сондықтан, бұл ұғымды тәжірибеден өткен жаңалықтар, қайта
өзгертілген идеялар белгілі бір уақыт мезгілінде маңызды роль
атқаруы деп түсінуге болады.
И:А.Романова ғылыми — зерттеу жұмысында және педагогикалық
зерттеулерде инновация мәселесіне жалпы әдіснамалық және тарихи
педагогикалық баға берілмеген деген пікірді айтып, дәлеледейді.
Инновацияның білім туралы арнайы саласының білім беру
жүйесінде қалыптасуы жаңалықты тәжіибеде іске асыру жолдарын
зерттейтін педагогикалық инноватиканың қалыптасуы мәселелерін
қарастырады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе және шығармашылықпен
қызмет етуші ұстаздар қызметінің теориясына сүйене отырып, осының
негізінде зерттеудің бірізділігін анықтау;
Педагогика теориясының жалпы қағидалары мен оқыту
әдістемелерінің негізгі мәселелеріне — жаңалық пен және оның
педагогикалық ақиқатын өзгеру мәселелері.
И.А. Романованың зерттеулеріне сүйене отырып, оның ой-пікіріне
қосыла отырып, инновация теориясын біз бірнеше аспектіде қарастыруды
жөн көрдік. Сонымен, И.А.Романованың инновация теориясының дамуы,
қалыптасуы жайлы зерттеуін былай деп қорытындылауға болады. Инновация
жеке ғылыми — әдістемелік талдау пәні ретінде тек 70 –жылдардың
ортасында ғана қалыптасты. Бұл кезеңдерде ғалым -пегагогтардың
зерттеулерінде алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе” , оның
сипаттамасын , өлшемдерін, тиімділігін, оны жалпы білім беретін
мектептерге енгізу жолдарын анықтау мәселесін көтереді [12,13].
Білім берудегі инновациялық процесстердің мәнін
педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық
педагогиканы зерттеу, жинақтау, және тарату проблемасы және
педагогикалық – психологиялық ғылмдардың жетістігін практикаға енгізу
проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің
мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір – бірінен оқшау
қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы
тұрғысынан қарастырырлуы тиіс, яғни инновациялық үрдістердің мазмұны
мен механизмі осы кезге дейін бір –бірінен оқшау қарастырылып
келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан
қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен
практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық
жаңалықтарды қолдана алуға тиіс. Бұның барлығы педагогмкалық
жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің
маңыздылығына көз жеткізе түседі.Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық
технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы,
зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы
үрдісті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі
немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау
және қолдануын қамтамасыз етеді.Ал педагогикалық қызметте инновациялық
бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени дпму
жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының
қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік — экономикалық
қайта
құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу
орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын
түбірнен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау,
игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің
инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына
айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі,
пәндерінің төлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу
пәндеріннің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын
үздіксіз іздестіруді талап етеді.Осы жағдайда мұғалімдер арасында
педагогикалық білімнің ролі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және
қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу–тәрбие үрдісінің
мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз
бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы
уақытта инновациялық қызмет негізінен, жоғарыда ұсынылған
жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол
барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да
мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды
бағыттарының бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап,
баға беру,оны іске асыруға қолдануға жағдай жасау болуға тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық
қатынастырға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу
орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте
іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған,
бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген
мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану
қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен
талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-
әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық
тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Педагогикалық
тәжірибе озық және көпшілік болуға тиіс. Озық педагогикалық тәжіибе
тарихилығымен ерекшелінеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің
материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіншіліктерінің
кеңеуімен педагогикалық қызметтің жаңа жолдары пайда болды.Сонымен
бірге озық тәжірибе педагогика ғылым мен практикасының қазынасын
үнемі толықтырушы, жаңартушы қызметін атқарады. Озық педагогикалық
тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен роль
атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау
жасап, оны қолдануға кіріскенде субьективті факторлардың ықпалын
ескерту арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне
болжам жасау керек көбіне құлшына кіріспейді.Үшіншіден, жаңалық
автордың баяндауында жүйелі–ғылыми және әдістемелік негіздеме таба
алмауы мүмкін. Төртіншіден, автор инновация және оны іске сыру
жолдары туралы баяндағанда өзінің немесе әріптестерінің жеке
тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты, мұғалім — әріптестері тарапынан
кері тебу реакциясына тап болуы мүмкін. Бесіншіден, аталған топтың
функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау
және түзетумен де айналысады. Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық
мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз
материалдары және жоғары оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа
идеялар, технологиялар мен конценцияларды жүйелі түрде талдап, іріктеп
отырады.
Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл
жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес
шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы
жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны
жасаушылар мен насихаттаушылардың күні біріктіріледі . Нақты
практикада инновациялық үрдістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұны
мен енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен , сол сияқты
мұғалімдердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен
ерекшеленеді. Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық мәдениетті
көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы қызметінің бүкіл
қызметін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз
көтеріп отыруы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен
аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін
қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп
отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес
педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер
мұғалім қоғамдық орында белсенді позиция ұстанып, оның дербес
тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп,
педагогиклық ұжымның қолданысына ие болып, кәсіптік шығармашылық
ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен
педагогиклық мәдениеттің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес
жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында
немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факульттеттерінде
арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілігін көтеру немесе
педагогикалық
ЖОО базсында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық
тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуді қажет ететіндігі
аңғарылады.Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік
жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткісіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және ерекшеліктер ескерілген
жағдайда мұғалімдердің ғылыми -әдістемелік дайындығын жетілдіруге
деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке
ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субьективті, обьективті алғы
шарттарға байланысты. Ең бастысы, мұғалімнің ғылыми әдістемелік
дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал,
әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар
субьективті, обьективті алғы шарттарға байланысты. Ең бастысы,
мұғалімнің ғылыми -әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және
кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжіибесі ескерілуі тиіс.
Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерінін
сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де
мектеп директорының оқу –тәрбиі ісі бойынша орынбасарының
құзырында болады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері,
мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана
емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді
болады.Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін
былайша тұжырымдауға болады:
• Мектептің педагогикалық ұжымының педагогикалық іс-тәжірибесін
жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарту, педагогика ғалымының
жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде
инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
• Мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық педагогикалық
дайындық деңгейін көтеру;
• Жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын , мемлекеттік білім
стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән
мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбишілерге;
педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен
мұғалімдерге;
• Жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау -әдістемелік материалдарымен ;
танысуды ұйымдастыру;
• Ғылыми -әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді еске
ұйымдастыру –жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып
жетекшілері мен тәрбиешілері; педагогикалық жұмыста белгілі бір
қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;
• Педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б;
• Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік
–педагогикалық мәденитінің құрамды бөліктерін ескере отырып
айқындаған дұрыс деп білеміз. Олар – мұғалімнің жалпы мәдени
дайындығы: әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік
–адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың
мазмұны кәсіптік –педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойыша
нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеу нысанына айналуы
мүмкін.
Жалпы білім берудің мазмұнын жаңарту және балалар оқыту мен
сапасын жетілдіру, республикалық дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік
–экономикалық және саяси жағдайлары мен өркениетті елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан
шаралар жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби
даярлықтарын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Зерттеу барысында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің
кәсіби даярлығын қалыптастыру проблемасының әртүрлі бағытта
жүргізілгені анықталады.
Бірінші бағыт мұғалімінің теориялық білімінің және оқу тәрбие
жұмысын атқаруға қажетті педагогигалық біліктері мен дағдыларының
мазмұны мен жүйесін анықтауға бағытталған (Құрманәлина Ш, Шевченко
И,Н, Каримжанов және т.б) [14,19].
Екінші бағыттың өкілдері мұғалімдердің инновацмялық даярлығын
оқу пәндерінің, педагогикалық практиканың дидактиклық бағыттылығын
күшейту және арнайы оқыту арқылы жетілдіру (Пағымжанова Қ.М,
Байдыбекова А.Ө, Қадырбаева Б:А, Попова Л.Г, Сардарова Ш.С.)
Үшінші бағыт мектепті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз
ету, соған сәйкес мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік
даярлығын қалыптыстыру бағытында жүргізіледі.
Ш.Х.Құрманалина Педагогиклық колледж жағдайында бастауыш
сынып мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісін жетілдірудің
дидактикалық енгізі – ең алдымен анық мақсатын, мазмұнын,
ұйымдастырылуын, технологиясын, құралдарын, басқарылуын және
құрылымын жандандыру мен олардың өзар байланысын жүйеле түрде
реттеумен сипатталатындығы тұжырымдалады.
Сондай –ақ, ғалым Ш.Х. Құрманалина педагогикалық колледж
жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің … жалғасы