Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі

0
МазмұныІ — тарау. Зейіннің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері.
1.1 Зейіннің түрлері және қасиеттері
1.2 Зейіннің физиологиялық негізгі және теориялары.
1.3 Төменгі сынып оқыушыларының психологиялық ерекшеліктері.
ІІ – тарау.Танымдық процесте зейіннің алатын орны.
2.1 Төменгі сынып оқыушыларының зейін ерекшеліктері және оны зерттеу.
2.2 Төменгі сынып оқыушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің ролі.
2.3 Тапсырмалар жаттығыулар, ойындардың зейінді дамытудағы ролі.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге
байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған
жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірілері
анық дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар
бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын, сондықтан 2008 жылдан
бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айтып көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениеті елдер қатарына ұмтылуына
байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғаннын
көруге болады. Мұнын өзін егеменді еліміздің білім мазмұны мен құрылымының
әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беру
тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін
қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін
қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды
белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір
өзектісі – бүкіл білім беру жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік
деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және
олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта
білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйнуде. 12 жылдық орта
білім беруге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске асатын мәселе емес. Бұл
білім беру мекемелерінде үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін
қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіру ді
талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білім беруге көшу
осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз
кезінде орындалуы және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын
оқулықтардың, оқу құралдарының недагогикалық, әдістемелік, психологиялық
тұрғыдан негізделуі керек етеді.
Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы
оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды,
әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешенднрді өз
дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.
Орта білім жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп
жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта
білім беруге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі,
бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасында
жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, парта отырып,
оқушылар қатарына өтпек. әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға
физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар
зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр.
Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен
айналысқан ғалымдар: Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Д.Б.
Элкониндермен қатар қазақстандық педагог-психологтары: В.К. Павленко, Қ Т.
Шерниязданова, Б. Баймұратова зерттеулері бойынша баланың дамуға ең ыңғайлы
да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған.
Мысалы, психолог А.А. Люблинскаяның пікірінше алты жасар бала мектеп
жағдайында оқуға дайын, себебі, ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы
әрекет етеді. Ол үлкендер ұсынған тілек-талаптарды өздігінен орындай алады.
Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін
біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетін білгілі дәрежеде
қорытынды шығарады, ойлай, қиялдай біледі деп түйіндеді. Ал, Д.Б. Эльконин
алты жастағы баланың ана тілін дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру
қабілетінің жақсы дамығандағын, сөз қорын жеткіліктігін, олармен
әңгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады.
Сонымен қатар алты жастағы бала маңайдағы адамдардың көңіл-күйіне ортақтаса
алады. Белгілі дәрежеде өздерінің менез-құлқын да басқара алады. Жақсы
–жаман қылықтарды ажыратып, нені істеуге болатынын нені істемеу керектігін
де біледі. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларына
сүйенеді.
Физиологтар болса, алтыдағы баланың ми жасушыларының, құрылысының
үлкен адамдарға ұқсас қалыптасқандығынан, олардың психологиялық және
физиологиялық тұрғыдан мектепте оқуына мол мүмкіндігі барлығын
дәлелдейді.
12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш
буынында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғарғы сыныптарда
оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар, білім
алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік,
жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар
осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами
бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала
жанының жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою
оңай мәселе емес. Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын
бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған
арнаулы сағат бөлініп,ерекше көрсетілді.Мұндағы мақсат-психологиялық
тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра
отырып,біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді
қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл – оқушы, жаңа әрекет – оқу болса,
осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып
кетуіне, маңайымен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің
шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін
керек етеді.
Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз) жастағы бала XX ғасырдағы
өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау қарым-қатынас сияқты іс-
әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен,
өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық
құндылықтарының жоғарлығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін
сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.

Зерттеу жұмысының пәні: Білім беру жүйесінде бастауыш мектеп
оқушылырының таным процестерін, зейінін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының обьектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-
тәрбие үрдісі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін
қалыптастыру және тәрбиелеу жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Зейіннің түрлері мен оның қасиеттерін анықтау.
1. Зейіннің физиологиялық негізі мен психологиялық теориялар.
1. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.
1. Бастауыш мектеп оқушыларының зейін ерекшеліктері және оларды зерттеу
жолдары.
1. Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысын жазу
барысында жасалған ғылыми педагогикалық әдебиеттер, эксперимент жұмыстарын
білім беру жүйесінде қолдануға зор ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының базасы: Ы. Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-
эстетикалық гимназия мектебі.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге
байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері көрсетілген.
Бірінші тарауда зейін түрлері мен оның қасиеттерінің көрініс беруі
және бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы
мәліметтер берілген.
Екінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларының зейін ерекшеліктерін
зерттеу жолдары мен оларды талдау туралы мағлұматтар жазылған.
Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене оырып, білім беру
процесінде оқушылардың зейінін қалыптастыруда және тәрбиелеуде мұғалімнің
рөлі ерекше көрсетілген.

І — тарау. Зейіннің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері.
1.1. Зейіннің түрлері және қасиеттері.
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам
ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына
тоқтата білу қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға
келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын
ойластырамын деп, жас суретшінщ жұмырқа шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының
оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін іс
жатқан әрекетіне шоғырланады, назарын қажетті заттарына аударады, басқа
заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап,
әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Соңдықтан да оның
санасы белгілі мезетте әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар
құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамальлық
сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін
айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт
аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді бөлу
үшін қаңдай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды
тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар
зейінін анау не мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме
төркіні –сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгі іс-әрекетке
шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет
неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшіі әрі өткір болып, ал жұмыс
қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді. Өз кезегінде
зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз обьектердің бәрінен ауыстыра алумен де
байланысты. Зейін күшті толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған
шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде
байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің
санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние дектерінің бәрі сана аймағының
шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың сана-мыздағы
бейнесі айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына
жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-
әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында
көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға
болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы
ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін
интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше
келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда
сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес
танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы
қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да қайшылыты қасиеттері ғалымдар
назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді.
Зейін табиғатын түсіндіруде келесі тұжырымдар тобын алға тартады:
1. Зейін қимылдық икемделудін нәтижесі. Мұндай пікір келесі
негізде туыңдаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшықет
қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары
қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағынын шектеулі болуынан туындайды.
Сана аумағы мен ауқымының қандай мінге ие екенін түсіңдіріп жатпастан,
И.Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын
немесе тежейтінің алға тартады.
3. Зейін – көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті
дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне
негізделеді. Дж.Миль «ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену
мен сол факторларға зейінді қатынас — екеуі де бір нәрсе» -деп
тұжырымдайды.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәгижесі, яғни адам білген, таныған
затына ғана ден қояды.
5. Зейін рухтық сананын ерекше белсенділік қабілеті. Зейін
құбылысының ғажайыптығына таң қалған психологтар оны пайда болуы
түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.
6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл
гипотезаға орай зейін ортальгқ жүйке жүйесінің мекенді тітіркену
қабілетінің үлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше
пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде қаланған елестер
соңғы басқа елестер қозғалыстардың физиологиялық процестерінен
басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.
Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіңдіруге байланысты
пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
— зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін
адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын
тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;
— өз қызметі бойьшша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам
әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбекгегі
үшінші іс зейін арқылы орындалады;
— белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни
бағыттаудьң, өз алдына нәтижесі болмайды:
— психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс
тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда
болу ізімен туындайды.
Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ
әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын
елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған
байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау
негізінде түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта , зейіннің
келесідей анықтамасы қабылданған.
Зейін — бұл кісінің сезімдік, акыл-ес және қимылдық белсенділігін
көтеруге қажет денелік не идеялды нысанға сананың бағытталуы және
шоғырлануы.
Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз
және ырықты болып екі түрге бөлінеді. Ырықсыз зейін – ең қарапайым және
адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар
(пассив), еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына
тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің
қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің
пайда болу себептері әртүрлі, олар іс-әрекет иесінің дене-тәндік
психофизиологиялық және психикалық кейіп – қалпымен байланысты келіп,
өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға
келтіріп қарастыру мүмкін.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен
сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен екеретініміз әсер күші мен
қарқындылығы (интинсивность). Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап
отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау-
мынау жеңіл сыбдыр-шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп
кетіп, «тарс» ете қалған заттың дыбысы, оны еріксіз мойын бұруға мәжбүр
етеді . Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай-шу, көз қамастырар жарық,
екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы
зейініміздің аударылуы әсердің шектен тыс күштілігінен емес, сол әсердің
қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан.
Мысалы, үйде ванна құбырларыңдағы ұдайы болып тұратын су гуілін күндіз
тіпті байқамаймыз да аңғармаймыз, ал сол гуіл түнде күшейіп кететіңдей,
кейде ұйқы бермейді.
Аталған себептер тобына тітіркеңдіргіш әсердің жаңалығы мен
тосыңдылығы (необычность) да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын
білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге
бірдейіне ықпалыңда болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің
өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді
танимыз.
Адамның көңіл-күйіне, мұқтаждық-қажетсінуіне сәйкес тысқы
тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын
құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тағам жөніндегі әңгімені, болмаса
оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.
Зейін себептерінің, төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына
байланысты. Міне осыдан, көше бойлап келе жатып, аула тазалаушыньң назары
қоқысқа түседі, тәртіп сақшысы — орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал
архитектор не суретші — ежелгі ғимраттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағыт-
бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік
күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен,
бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді өзгеріске түсіретін заттар,
жағдайлар, қүбылыстар.
Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі oның саналы мақсатқа
теуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның
еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты
зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады. Қандай да бір
шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол
мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәж-
бүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі — психикалық процесс ағымын
белсенді түрде реттеп басқару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмен
бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында
қалыптасады. Л.С.Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі
алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек
қоршаған ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды,
ал бала ым-ишараны байқаумен, затты танып не сөзді қайталап, сигналға жауап
қайырады. Осьлайьнша қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін
жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейіи дамуы сөз,
сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда
оның өз қылық-әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағыңдыруына
тәуелді, aл содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша
талаптарына көндіруіне байланысты.
Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты
зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесімен орайлас
келеді. Бірақ бұл факторлардың ырықты зейін кезіндегі әсері тікелей емес,
жанама, яғни ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зейін тікелей
әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мәні мен кейінгі нәтижесіне бұрылады.
Ал іс-әрекет болса, өздігінен емес, оның осы мақсат жолында қажеттілігінен
ғана қызықтырады.
Ғалым-психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат
бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін
айырып қарастырады. Бұл зейін адам толығымен іс-әрекетке шомады,
оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі
қығылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс тілді әдебиеттерде
послепроизвольный (Н.Ф.Добрынин) деп атаса, қазақ тіліндегі окулықтарда
үйреншікті зейін атауымен баламалаған (Қ.Жарықбаев, А.Алдамұратов). Қай
іс-әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама мандай тер төккзіп,
қиналысқа түсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе,
дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес оның өзі де адамды өзінен-өзі
баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді
кайталап, еске түсіріп түруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді,
өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.
Үйреншікті зейін өзінің саналы мақсат пен
қызығуларғатәуелділігінен ырықсыз зейіннен ажыралса, еріктік күшітер
қатысынсыз жүзеге асуынан ырықты зейіннен ерекшеленеді.
Педагогикалық процеске орай үйреншіктіі зейін үлкен маңызға ие.
Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог
олардың ерік күшіне арқа сүйгені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды
шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой қуатын босқа
сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен
өтуге тырысады.Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып жатырмын деген
ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өту дегендей сезімнен еңбек
ләззатына бөленуі керек.
Үйреншікті зейін өзінің ұзақ уақыт тұрақтылығы үстемелі ақыл-ой
қызметімен және жоғары еңбектік нәтижесімен сипатталады.
Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі нысмен байланысын
байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері
зейін қасиеттерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің
тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық
— зейіннің уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі нысанға
көзделу мерзімінің ұзақтығын аңдатады. Түрақтылық – перифериялық (шеткі)
және орталық жүйке факторларна тәуелді. Эксперименттік зерттеулерге
қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз
тербеліс сипатында болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен
12 секундқа дейін созылуы мүмкін (Н.Ланге). Мысалы, сағат тықылына зейін
қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде байқалмайтынын сеземіз. Ал
күрделі объекттерге назар аударсақ, ондағы тербелістер басқаша заттың кейде
бір бөлігі, екіншіде басқа бөлігі фигура түрінде елестейді. Бірақ ескеретін
ескеретін жәйт: шын мәнінде, зейіннің қысқа уақыт аралығындағы майда
тербелістері жалпыланған зандылық сипатына ие емес. Бір жағдайда зейін
ауыспалы қысқа тербелістерге келетін болса, ендігі бір
жағдайларда ұзақ мерзімді тұрақтылығымен сипатталады.
Қазіргі күңде дәлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді
шарты – назардағы нысанның жаңа тараптпры мен байланыстарының ашылу
мүмкіндігінің болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат көзге алынып, оның
бөліктерінің өзара байланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа
қырларын ашатын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің
тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазмұны одан әрі
зерттеуде өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса,
зейін күйзеліске келіп, алаңдауға түседі. Басқаша айтсақ, қандай да бір
нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына
байланысты. Көздеген нысанымыз дамуда болып,
өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.
Егер де зейін барша жағдайларда түрақсыздығымен көрініс тапса,
онда қандай да ақыл-ой жүмысы болуы мүмкін емес. Кезегінде, затты
тануға ақыл-ой әрекетінің араласуымен зейін тұрақтылығы күшейе түседі.
Сонымен бірге, зейін тұрақтылығы бірнеше жағдайларға байланысты болып
келеді. Олардың ішіңде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі,
бұрыннан таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субъекттің
оған деген қатынасы, сондай-ақ зерттеуші-үйренушінің даралық қасиет-
тері.
Зейіннің шығарлануы — оның белгілі бір нысанға бағытталып онда
топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-
әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми
қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланыс-ты
(Н.А.УХТОМСКИЙ). Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысаңды ошақтағы
қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа
аймақтардың тежелуінің салдарынан шығады.
Зейіннің бөлінуі деп – адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта
бірнеше әртүрлі нысандарды ұстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне
орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау
мүмкідігіне ие. Мысалы, әйгілі Юлий Цезарь бір уақытта байланыспаған жеті
іспен шұғылдана алады екен. Ал Наполеон өз көмекшілеріне бір уақыт ішіңде
жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп, жаздыратын қабілетке ие болыпты.
Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі
саналы орындау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бірі
саналы зейінді талап етпейтіндей, автоматтандырылған дәрежеде болуы қажет.
Егер бұл шарт сақталмаса, іс-әрекеттерді біріктіріп алу мүмкін емес.
Зейіннің ауысуы – зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және
байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қасиетінен біз қоршаған ортаның
өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкіндігіне
иеміз. Зейін ауыстырудың жеңіл не қиын болуы әр адамға әртүрлі болып,
белгілі шарттарға тәуелді келеді (алдыңғы әрекет пен кейінгі әрекеттің ара
байланысы, оларыңи әрқайсысына болған субъекттің қатынасы). Орындалатын
қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейіннің ауысуы да оңай, ал іске көңіл
соқпаса, оған ден қою да жеңіл соқпайды. Зейіннің ауыспалылығы саналы, көп
қайталанған жаттығуды талап ететін қасиеттердің қатарьша жатады.
Зейін көлемі — ерекше құбылыс. Адам бір уаққыта әртүрлі заттар
жөнінде теңдей ойлап, әрқашан жұмыс орындауы мүмкін емес. Осыдан
сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіңціктеріне орай
тап, жіктейді. Сондай-ақ, адамның бір уақытта өзара байланысы жоқ бірнеше
нысандарды қабылдау мүмкіңдігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып,
қабылдауы – зейінінің көлемін білдіреді.
Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақытта талдануы
қажет бір топ элементтер үсынылып (сан, өріп т.б.), солардың ішінен саналы
есте қалғаны есептеледі. Мұндай есепті жүргізу үшін тахитоскоп аппараты
қолданылады.
Зейін көлемі өзгермелі қүбылыс. Зейін аймағына түсетін
элементтер саны олардың мазмұндық біртұтастығына және олар арасындағы
байланыстарды саналы түсінуге төуелді келеді. Осыдан, педагогикалық
қызметте оқу материалын жүйелестіріп беруге мән аударып, оқушылар
зейініне көлеміне нүқсан келтірмеуді ойластырған жөн.
Зейіннің алаңдаушылығы — бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз
ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс
тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туыңдайды. Алаңдау сыртқы және ішкі
болып бөлінеді. Сыртқы алаңдаушылық — субъектке тысқы, қоршаған орта
жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады.
Әсіресе адамды алаңдататын жағдайлар — заттар мен құбылыстардың кенеттен
пайда болып, күшті өзгермелі әрі жедел әсер байланысты. Сондықтан
оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын
заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл-
күй, толғаныс нәтижесіңце туындайды, орындалатын қызықпаудан,
жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен
байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан аландататын
көңіл-күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу және т.б.) басып отыру керек.
Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушылықты кеміту үшін оларда білімге, оны
игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет.
Зейіннің шашыраңқылығы деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні
мен назарын нақты затқа бағыттай алуын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі түрі
белгілі: жалған және шын.
Жалған шашыраңқылық — адамның бір іске өте беріліп, өзін
тікелей қоршаған заттар мен құбылыстар әсеріне елеңдемеуі. Мұндай
шашыраңқылық әсіресе шығармашылық жұмыстармен шұғылданатын
адамдарда көп кездеседі. Адамның ішкі жан-күйі бағытталуынан болатын
шашыраңқылықтың қызметке онша зияны жоқ, солайда болса, оның
қоршаған ортада бағдар алып жүруінде біраз кедергі жасайды.
Адамға көп нұқсан келтіретін зейіннің түрі – шын шашыраңқылық.
Мұндай құбылысқа кезіккен адамның өзі ырықты зейінін қандай да бір затқа не
әрекетке бағыттап, тоқтата алуы қиындайды, оның көп ерік күшін жұмсауына
тура келеді. Зейін шашыраңқы адамның ырықты зейіні тұрақсыз, алаңдауға
берілгіш келеді. Шын шашыраңқылықтың физиологиялық себебі — ішкі
тежелу күшінің кемдігінен. Сөз сигналдарының әсерінен туындайтын қозулар
жеңіл тарап кетіп, шоғырлануға келмейді. Осының салдарынан зейіні
шашыраңқы адамның ми қабығында қажет болған қозулардың
тұрақсыз көздері орнығады.
Шын шашыраңқы зейіннің себептері әртүрлі. Бұларды біліп қою әр
мұғалім үшін міндетті талап. Бұлар: 1) Жүйке жүйесінің жалпы зақымдануы; 2)
қан аздылық; 3) мұрын, тамақ сырқаттарынан миға оттегінің жеткілікті келіп
түспеуі; 4) дене мен ой шаршауынан; 5) көңіл-күй күйзелістері.
Шын шашыраңқылықтың және бір себебі – мидың күшті әсерлерге көп
душар болуынан. Осыдан оқу жылы барысында баланы көп кино көруден, шектен
тыс думанды жиылыстардан сақтандыру қажет. Шын шашыраңқылық тұрақты
қызығулардың кемдігінен де болады. Кейбір оқушылар жағдайына қарамастан
бірден көп іске араласады (спорт үйірмесі, кітапхана, ән-күй, және т.б.),
бірақ ешбірімен де ыждағатты шұғылдана алмайды. Осыдан бала зейін
шашыраңқылығына ұшырып, оңды оқи алмайды. Шын шашыраңқылық отбасында дұрыс
тәрбиенің болмауынан да туындайды: сабақ дайыңдау режимінің бұзылуы, ойын
мен демалыстың реттелмеуі, еңбектік міндеттерден ажырауы, тілегенін бәрін
орындай беру. Мұғалімнің келеңсіз әрекетінен болатын сабақтағы салғырттық
пен енжарлық — оқушылардағы шын шашыраңқылықтың және бір себебі.

1.2. Зейіннің физиологиялық негізі және теориялары.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді
таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергекгігі арасындағы
байланысынан болады.
Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге
мидағы әлсіз ток (электр) қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ)
аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергекгік 5 күйде көрініс
беретіні дәлелденген: терең ұйқы, калғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік,
белсенді (катерлену) сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек
сабырлы жене белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп
кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы
ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерлерге ғана жауап
беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана
ешбір әсерді елеместен, терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестесінің сәл
ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз.
Зейін механизмдерінің іске қосылуьнда бағдарлаушы рефлекстің рөлі
өте күшті. Бұл құбылыстың негізі –адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы
орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы,
сәл ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа қүлағын
түреді. Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан,
жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті
И.П.Павлов «неміне» рефлексі деп атаған.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып түратын күрделі
процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді
саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық
(шеткі) және орта лық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік)
мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс
шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін
тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі
босаңсып, миға өтетін жағымсыз әсерді басады.
Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты
басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері
күшті болған қозу өзімен бір уақьпта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басьп,
психикалық іс-әрекеттің бағыт-бағдарын ай-қындап отырады. Сонымен бірге,
бір-біріне қуат қосатын бір уақьттағы әлденеше
тітіркендіргіштердің бірігіп, әрекетке түсуі де мүмкін. Қозулардың
мұңдай өзара байланысты ықпалы қажет болған әсерді таңдап,
психикалық әрекеттің белгілі бағытта жүруіне негіз қалайды.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми
дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінің
индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір
аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етеді (бір
мезгілді индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын
ауысады (бірізді индукция), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол
қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер
жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ
сол мезетте — үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына
ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар
саналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта
принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаң түсінігі нақты
бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап,
уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін
қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке
жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен
бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының
әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек
тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің және
жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола
алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі
тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты сипатын
толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз
зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен
оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады.
Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналдық
жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік
(екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді.
Өз кезегінде, алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты
нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан күш алуына
көмектеседі.
Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне тәуелді байланыста болған ми
құрылымының біртұтас жүйесінің әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін
түрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.
Зейін туралы психологиялық теориялар. Зейін өздігінен жеке дара
психикалық процесте, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Солай
болғанымен әрекетке, таным процесіне қатысып адамның мүддесін, бағыт-
бағдарын білдіреді. Зейін кез-келген психикалық процестіңтұрақты бір жағы.
Сөйтіп, ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі боуына септігін тигізеді.
Зейінді өз ырқына қарай бағыттау және шоғырландыру жеке адам белсенділігін
білдіреді. Зейін адамның психикалық өмірінің ерекшелігі (феномені) ретінде
еңбек ету процесі үстінде қалыптасқан. Мұндағы қажетті шарт обьектіні
таңдап алып сананы сол обьектіге барынша бағыттау.зейін сыртқы орта
құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы
мүмкін.
Зейін келесі қызметтерді атқарады:
1. Қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсенді етеді
де, қажет еместерін тежейді.
1. Келіп түсіп жатқан ақпараттарды мақсатқа орай және жинақы түрде
қабылдауға мүмкіндік туғызады.
1. Белсенділікті ұзақ мерзімді уақытқа бір ғана обьектіге бағыттауды
қамтамасыз етеді.
В.Вундт (16.08.1832 – 31.08.1920 ж.ж.) — неміс философы, әрі психологы.
Эксперименталды психологияның негізін салушыларының бірі. 1851-1856 жылдар
аралығында Гейдельберг, Тюбенген және Берлинде медицина саласы бойынша
білім алған. 1864 жылы Гейдельбергте физиология ғылымының профессоры атағын
алған. Ал 1876 жылы Цюрихте философия ғылымының проефссор атанады. 1875
жылы Лейпцигке ауысады да,1879 жылы экспериментальды психология бойынша
әлемдегі тұңғыш лабораторияны ашады. Кейінен ол институтқа айналады.
Институттың ұзақ уақыт бойы үлкен халықаралық орталық болғандығы бізге
тарихтан аян.
Вундт зейінді сананың тікелей көрініс беру сәттерінің бірі деп
есептеген. Ол зейінге ерекше көңіл бөлген. Бұл адамның ерекше психологиялық
күйі, яғни адамның танымдық іс-әрекетінің күшін арттырады. Зейін көзге
көрінер көрінбес, құлаққа естілер естілмес әрекеттерге, заттарға,
үрдістерге және құбылыстарға сананы шүйліктіру болып табылады. Бұл
процестердің барлығы да адам тарапынан аңғарылады және психологиялық түрде
күш жұмсауын талап етеді.
Теодоль Рибо (18.12.1839 – 9.12.1916 ж.ж.) – француз психологы, әрі
философы. Франциядағы тәжірибелі психологияның іргетасын қалаушылардың
бірі. Университет бітірген соң философиядан дәріс берген. Атақты Саргонна
университетінде профессор қызметін атқарған. 1889 жылы Колеж де Франста
тұңғыш ашылған психологиялық лабораторияның директор болған. Францияда
психологиядан бірінші болып журнал жазып, директор қызметін атқарған. Сол
жылы Париждегі бірінші халықаралық психологиялық конгресстің төрағасы
болған. Психология адамның психикалық өмірінің нақты деректерін зерттеуі
тиіс. Психология физиологиялық және әлеуметтік жағдайлармен тығыз
байланысты. Психологияда эксперименталды бағыт болуы қажет, бірақ Вундттың
эксперименталды психологиядан айырмашылығы оның психопатолгиялық
экспериментке мән бермегендігі. Ауру – бұл нағыз эксперимент, оны
табиғаттың өзі жасаған. Бұл қанша әрекеттенгенмен адамның қолынан келетін
шаруа емес. Адамдікі әрдайым жасанды болады.
Рибо теориясы бойынша зейін мейлі күшті болсын, мейлі әлсіз болсын ол
барлық уақытта адамның аффективті күйімен тығыз байланысты болады. Әсіресе,
Рибо эмоция мен ырықты зейін арасындағы байланысқа көңіл бөлген. Оның
ойынша зейіннің ұзақтығы мен интенсивтілігі интенсивті және ұзақ мерзімді
эмоциялық күйлерге негізделген. Ол Рибоны зейіннің физиологиялық
механизмдері қатты қызықтырған. Ол ғалымдардың ішінде бірінші болып ырықты
зейіннің физиологиялық схемасын зерттеген. Бұл жағдайды адамның мәліметті
еске түсіру сәтіндегі ерік күштерін жұмсауымен және олардың ұлғаюымен
түсіндірген. Рибо зейіннің моторлық теориясын ұсынған. Мұндағы негізгі ой
зейін процестерінде негізгі рөлді қимыл-қозғалыстар атқарады. Сол қимыл-
қозғалыстардың таңдамалы және мақсатты белсенділігіне байланысты зейіннің
затқа шоғырлануы (концентрациясы) іске асады.
Рибо ассоциация заңына көп көңіл аударған. Мысалы: А атты затқа
деген зейін ол туралы білінер, білінбес еске түсіруден басталады да, ол
күшейе түсіп Б затты әлсіз еске түсіруді бастайды.
П.Я.Гальперин (2.10.1902-12.08.1984 ж.ж.) – Совет психологы.Харьков
медицина институтын бітірген. 1926 жылы психо-невролог мамандығын
тамамдаған. 1965 жылы психология ғылымдарының докторы, 1970 жылы МГУ-дің
балалар және генетикалық психология кафедрасының меңгерушісі.
Зейін туралы ойларын бөліп қарастырған:
1. Зейін бұл –бағдарлау зерттеу әрекетінің бір сәті. Ол образдар мен
ойлардың мазмұнына бағытталған әрекет.
1. Өзінің қызметіне сәйкес зейін сол мазмұнға бақылау жасайды. Адамның
әрбір әрекетінде бағдарлау, орындау,бақылау жақтары болады, соның
соңғысы – зейін.
1. Басқа әрекеттермен салыстырғанда бақылауда (зейінде) өнім болмайды.
1. Кез-келген бақылау зейін емес,бірақ әрбір зейін бақылау болып
табылады. Егер бақылаудың жаңа әрекеті ой әрекетіне айналса сонда
ғана ол зейін бола алады.
1. Зейіндегі бақылау белгілі бір үлгілердің, критерийлердің және
өлшемдердің арқасында іске асады. Бұл әрекет нәтижелерін салыстыруға
және нақтылауға мүмкіндік береді.
1. Ырықты зейін дегеніміз жоспарлы зейін. Бұл алдын-ала берілген
норматив және үлгі бойынша құрастырылған бақылау.
1. Ырықты зейіннің жаңа тәсілін қалыптастыру үшін біз адамға оның негізгі
іс-әрекетімен қатар сол іс-әрекеттің барысын, нәтижесін тексеруді және
тиісті жоспарды жасауды іске асыру жоспарын ұсынуымыз керек.
1. Зейіннің псикалық бақылау ретіндегі мәні жаңа ой-әрекетінің
қалыптасуымен түсіндіріледі.
П.Я.Гальпериннің ырықты және ырықсыз зейін туралы пікірлері:
1. Ырықты зейін — бұл жоспарлы зейін.
1. Бұл алдын-ала құрастырылған жоспар бойынша ұйымдастырылатын
әрекеттерді бақылау.
1. Мұнда белгілі бір критерийлер және оларды қолдану тәсілдері болады.
Жоспар, критерий және тәсілдер болса, әрине, бақылау іске асады,
яғни адам кездейсоқ көзге түскен затарға емес тек өзі қалаған обьектілерге
зейінін аударады. Мұндай жоспарлы бақылау өзінің табиғатына сай қоғамдық
реңк алады. Оған сөйлеу әрекетінің қатысы бар. Демек, бұл тек адамға тән.
Қоғамдық үлгіде қалыптасқан басқа да әрекеттер секілді, зейін
алдымен өзінің сыртқы формасында игеріледі де, содан кейін барып сөйлеу
формасында ақылға енеді және қсықартылып ырықты зейінге айналады. Бұл
әрекеттер өзінің обьективті қоғамдық деңгейінде ұйымдастырылуына және
біртіндеп игеілуіне байланысты ешқандай да бөтен заттардың тартымдылығына
тәуелді болмайды. Олар әрқашанда ырықты әрекеттері және бұл ырықтылықты
ештеңе де, ешкім де бұза алмайды.
Ырықсыз зейінді де бақылау деп түсінуге болады, яғни затта не
қоршаған ортада өзінен өзікөзге түскендерді бақылау. Әрине мұнда жоспар
болмайды, барлығы да обьектіге тәуелді болады (тартымдылығы). Бірақ мүлдем
бақылау жоқ деуге болады. Бақылау бар, ол зейін әрекетінің мазмұнын
бақылау. Бұл бақылауды ұйымдастырушылар: қабылдау және ойлау, ес және
сезім. Бұған дейін ырықсыз зейінді тек ьағдарлау рефлексіне жатқызып келген
болатын.
П.Я.Гальпериннің ойынша зейінді физикалық әрекеттің бөлек формасы
ретінде қарастыру гипотеза деңгейінде ғана тұр. Бірақ зейінді жап-жақсы
эксперименталды түрде зерттеу мүмкіншілік бар, яғни оның жоспарлы түрде
қалыптасуын қадағалауға болады. Егер зейін әрекетінің мазмұнын ұғынсақ және
ол әрекеттің ой әрекеті ретінде қалыптасатыны анық болса, ол зейін басқа іс-
әрекет қатарынан орын алуға тиіс. Зейін психикалық бақылау жасаушы іс-
әрекет ретінде (ырықты, ырықсызы да) жаңа ой-әрекетінің қалыптасуының
нәтижесі болып табылады. Ырықты да, ырықсыз да зейін адамның жеке
тәжірбиесінде қоғамдық үлгіге сай қалыптасып тәрбиелену тиіс.
Уильям Джеймс (11.01.1842-16.08.1910ж.ж.) – американдық философ
және психолог. Психологиядағы негіздерін қалаушылардың бірі. АҚШ-тың
Гарворд университетінде және Германияда медицина мен жаратылыстану
ғылымдарының дәріс алған. 1872 жылы ассистент, 1885 жылы философия
ғылымының профессорі, ал 1889 жылдан бастап 1907 жылға дейін Гарворд
университетінде психология ғылымының профессорінің қызметін атқарады.
1890 жылы Психология принциптері атты мақаласы жарияланады.
Мұнда адам санасының нақты деректері мен жай –күйлерін зерттеуге шақырған.
У.Джеймс сананы жекелік толастамайтын және өзгермелі ағын ретінде
қарастырды. Мұнда бір рет пайда болған түйсіктер мен ойлар екінші рет
қайталанбайды деп есептеді. Сананың ең құнды қасиеттерінің бірі
таңдамалылығы.
Зейін туралы психофизиологиялық теориялар.
Н.Н. Ланге (12.03.1858 – 15.02.1921 ж.ж.) – атақты орыс психологы.
Ресейдегі эксперименталды психологияның іргетасын қалаушы, көрнекті өкілі.
Петербург университетін тамамдаған, 1883-1888 жылдар аралығында Лейпцигте
В. Вундттың лабораториясында бес жыл стажировкадан өткен. 1888 жылы
Петербург университетінің доценті, ал 1889 жылдан бастап өмірінің соңына
дейін, яғни, 1921 жылға дейін Одесса университетінің профессоры қызметін
атқарған. Ресейде, Одессада тұңғыш рет эксперименталды психология бойынша
лаборатория ашқан (1890 жылы).
Бұл кісінің психологияға деген көзқарасын реалистік, жалпы
биологиялық деп атаған. Ланге бойынша кез-келген психикалық процестің
негізі – бұл қимыл-қозғалыс пен әрекеттеу. Ол қабылдау, әсіресе, зейін
процестері туралы еңбектер жазып, психология ғылымында үлкен із қалдырған
ғалым.
Зейін – бұл психикалық құбылыстардың ерекше қасиеті. Біз бір мезетте
саналы түрде түрлі жұмыстарды атқара алмаймыз, әртүрлі заттар туралы ойлана
да алмаймыз. Бұл қасиетті сананың жіңішкелігі дейді. Барлық психикалық
қасиеттер сана үшін күреседі. Сана бір мезетте олардың барлығына жетпейді.
Бұл күрес психикалық құбылыстар бір-біріне біріктірілмеген жағдайда
байқалады. Адамның санасында өте жарық орын бар, ол – зейін. Психикалық
құбылыстар әлгі жерден, яғни, орыннан алыстаған сайын бұлыңғыр болады. Біз
оларды сезуден қаламыз.
Зейіннің түрлері:
1. Сезімдік зейін – сананың құзырында түс, иіс, дыбыс болады.
1. Интеллектуалдық зейінде – елес пен ой болады.
1. Тікелей және жанама зейін. Тікелей зейінде санадағы әсер рөлін сол
әсердің күші атқарады. Мысалы: өте күшті дыбыс, өте айқын жарық.
Жанама зейін – бұл билеуші әсердің мәні мен мағынасына тәуелді болады.
4. Активті және пассивті зейін. Активті зейін кейде жанамамен
біріктіріледі, бірақ кейіннен активті зейін адам ерекше белсенділік
танытқандапайда болады. Пассивті зейін сол белсенділік болмаған
жағдайда кездеседі. Активті зейін қысқа мерзімді болады, оны қайтадан
туындату үшін белсенділік қажет болады.
Зейіннің туындауына әсер ететін факторлар:
1. Әсердің күші. Күшті дыбыс, айқын жарық, бәсең дыбыспен және анық емес
жарықпен салыстырғанда сананы тез билеп алады.
1. Әсердің немесе ойдың … жалғасы