Баспана — басты мәселе |

0


Оқылды:
5

Қарағанды қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алып, заманауи талаптарға сай келетін зәулім ғимараттар бой көтеруде. Жаңа үйден баспаналы болу көпшілік үшін қолжетпейтін арман болып көріндеді. Әйтсе де, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз салымшыларына тиімді несие шарты арқылы нарық бағасынан әлдеқайда төмен сомаға пәтер алу мүмкіндігін ұсынуда.

Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі – күн тәртібіндегі өзекті тақырыптардың бірі. Әсіресе, соңғы жылдары ауыл халқы жаппай қалаға қарай қоныс аударып, қала тұрғындарының үлесі артып келеді. Бұл тұрғын үй нарығындағы сұраныстың ұлғайып, пәтер бағасының шарықтап кетуіне жол ашты. Десек те, мемлекет тарапынан күрделі мәселені шешуге бағытталған батыл қадамдар жасалуда. Елбасымыздың тапсырмасымен қабылданған «7 – 20 – 25», «Нұрлы жер» бағдарламалары талай жанның қуанышына ортақтасып, қоныс тойлардың куәсі болды. Бұқара халықтың баспаналы болуына осыдан 15 жыл бұрын «Бәйтерек» холдингінің жанынан құрылған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» АҚ да сүбелі үлес қосқанын айта кеткен жөн. Бұл банктің басты мақсаты – салымшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Оны жүзеге асыру барысында арнайы бағдарламалар дайындалған. Солардың бірі – «Өз үйім» бағдарламасы.

ң бірі – «Өз үйім» бағдарламасы. Қарағанды қаласында аталмыш бағдарлама аясында құрылысы аяқталған алты бірдей нысанның пәтерлері сатылымға қойылған. Алдыңғы күні олардың сапына Тәттімбет көшесінің бойындағы тұрғын үй кешені қосылды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «СК Құрылыс Қарағанды» ЖШС арасындағы келісім бойынша, жаңа үйдегі 23 пәтер «Өз үйім» бағдарламасының қатысушыларына сатылады. Үш бөлмелі, жайлы пәтерлердің әр шаршы метрі – 210 000 теңгеге бағаланып отыр.

«СК Құрылыс-Қарағанды» ЖШС директорының орынбасары Сергей Рудниковтың айтуынша, тұрғын үй кешенінің жертөлесі қойма ретінде салынған. Яғни, бірнеше бөлікке бөлініп, есік салынған. Ол жерге тұрғындар пәтерге сыймаған, артық заттарын сақтай алады. Тұрғын үй кешенінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Қазірдің өзінде осы үйден пәтер алу бақыты бұйырған жандар баспаналарының кілтін алып, жөндеу жұмыстарын бастап кетіпті.

Қарағанды қаласы.