«Барселонаға» Мессисіз ойнап үйрену керек

0
59

Әйгілі футболшы Йохан Кройфтың ұлы Йорди Кройф «Барселона» клубы жаттықтырушыларына өз кеңесін айтты, – деп жазады sport.es.

Футбол маманы каталондық клуб Роналдудың «Реалдан» кеткенінен үлгі алу керек деп санайды.

– Месси – үздік футболшы. Ол болмаса команданың ойнауы қиын. Бірақ «Барселона» бұған дайын болу керек. Роналдусыз «Реалды» көрген болар. Онда мықты футболшылар бар. Бірақ арасында бас көтеретін басшы ойыншы жоқ. 0:2 есебімен ұтылып тұрса да, рухтандыра білу керек. Месси дәл сондай ойыншы. Роналду да командасын жинақы ұстай білді, – дейді Йорди Кройф.

Айта кетейік, Месси биылғы маусымда 15 ойын өткізіп, 15 гол соқты. 11 нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда «Барселона» 37 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді.

Аргентиналық сұрмерген мен каталондық клубтың келісімшарты 2021 жылы аяқталады.


Дереккөз: https://massaget.kz/