Балуандардың техникалық тактикалық даярлау маңызы
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР … … … … … … . … … … … … … … … … .
3
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР … … … ..
4
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
5
1
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ТЕХНИКА- ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙНДЫҒЫН ҒЫЛЫМИ — ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ…
9
1.1
Спорттық күрестегі техника мен тактика … … … … … … … … … … … … …
9
1.2
Спорттық күрестегі техникалық-тактикалық даярлау құралдары мен әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
13
1.3
Балуандардың техникалық тактикалық даярлау маңызы … … … … … … …
19
1.4
Жарыс жекпе-жегінде балуандарды өзара әрекетінүлгілеу … … … … … …
22
2
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ … … … … … . … ..
29
2.1
Зерттеу әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
29
2.2
Зерттеудің ұйымдастырылуы … … … … … . … … … … … … … … … … … … …
30
3
СПОРТТЫҚ МЕКТЕПТЕ СПОРТТЫҚ ЖЕТІЛДІРУ ТОБЫНДАҒЫ БАЛУАН САМБОШЫЛАРДЫ ТЕХНИКА-ТАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ … … … … ..
32
3.1
Самбо күресіндегі тактикалық-техникалық құрылымдар және олардың өзара әрекет типтерін анықтаушылар … … … … … … … … … … … … … … … .
32
3.2
Техникалық әрекеттер көлемін анықтау … … … … … … … … … … ..
40
3.3
Тәжірибелік топтағы оқу-жаттығу сабақтарының … … … … … … … .
43
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … … … … .
56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … …
60
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
МББС (ГОСТ) 7.32 — 2001. Ғылыми — зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар.
МББС (ГОСТ) 7.1 — 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы 27 шілде 2007 жылғы №319-Ш (01.01.2017 ж. Өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.
АНЫҚТАМАЛАР
Қимыл-іс әрекеттері — адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқада мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимыл қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл дағдысы — құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Дене тәрбиесі — адамға тән қимыл әрекеттерімен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру — адамның денелік дамуын жетілдіру ден саулығын нығайту, қимыл әректеттерін жетілдіру мақсатында жасалатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары — дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР — Қазақстан Республикасы;
ТТҚ — Техника-тактикалық құрылым;
С.к. — Спорттық күрес;
т.б. — тағы да басқалары;
т.с.с. — тағы да сол сияқты;
БЖСМ -Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
ТТҚ — тактикалық-техникалық құрылымдар
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі самбошылардың жаттықтыру әдістемелерін жетілдіру қажеттілігімен анықталады. Арнайы әдебиеттерде ұстасу кезіндегі балуандардың жанжалды қатынастарын ашып көрсететін және осы қатынастардың тактикалық — техникалық құрылымдар түрінде процессуалдық дамуын қарауға мүмкіндік беретін жаңа теориялық әзірлемелер пайда болды [1]. Жаттықтырушы жұмысының практикасы тәжірибені интуициялық беруден жетекші балуандардың тактикалық-техникалық жаңалықтары жаттықтырушының тактикалық білім мүмкіндігін толықтыратын балуандардың спорттық шеберлігін игерудің дамушы әдістеріне көшу туралы мәселені табанды түрде қойып отыр. Бұл жаңа тиімді тактикалық және техникалық әрекеттерді спорттық практикадын балуандарды үйрету мазмұнына көшіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоғары мораль және адамгершілік ахуалын қалыптастыру проблемасы өсіп келе жатқан жасөспірімдер өмірінің өзге де салалары сияқты дене тәрбиесі және спорт аса үлкен маңызға ие.
Егеменді еліміздің олимпиадалық ойындарында қай спорт түрінен болмасын, үлкен жетістіктерге жетуінде жасөспірім спотшыларды дайындау мектебінің үлкен орын алатындығы белгілі, әйтсе де олардың дене дайындығы мен жаттығуларына арнаған ғылыми және тәжірибелік әдебиеттердің ойдағыдай толық емес екендігі абыржытады.
Еліміздің және алыс-жақын шетелдің мамандырының тәжірибелік ұсыныстар мен зерттеулерінде, палуандардың тәжірибелік ұсыныстармен зерттеулері мен жетістіктерге жетуіне бірден бір үлкен орын алатын негізгі мәселе, ол олардың технико-тактикалық және дене дайындықтарын жетілдіру екендігін басып көрсетеді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы: Қазақстандағы өсіп келе жатқан жас палуандардың техникалық тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестіру мен тығыз байланысты.
Сондай мүмкіндіктерді, біз алғашқы жылғы 16-17 жастағы жасөспірім самбошылардың бір жылғы технико-тактикалық меңгеру қабілетімен және айналысу мерзімінде олардың дене дайындықтарына әсер ету жиілігін зерттеу жұмысы жүргізілді.
Халқымыздың жан тәнімен құмарта шұғылданатын, ата-бабамыздан қалған, ұрпақтан — ұрпаққа мұра етіліп келе жатқан спорт түрі — бұл күрес.
Педагогикалық процесс тиімділігі үшін жаттықтырушыда сол процестің ақырғы нәтижелері туралы нақты түсінік болуы қажет. Оқу-педагогикалық процесті жүргізудің мақсатты бағытталуы жаттықтырушының жекпе-жек кезіндегі жанжалды өзара әрекеттерді үлгілеуге мүмкіндік беретін, балуандарды техникалық-тактикалық даярлаудың ғылыми негізделген әдістемесімен құралдандыру міндетін қояды.
Субъект-объект аралық даулы қатынастардың әдістемелік позициясына негізделген күресу үлгісін жасау [2] әртүрлі стратегиялардағы балуандардың өзара даулы әрекетін анықтауға және ең бастысы, жекпе-жектегі жанжалды шешудің процессуалдық үлгісін құруға және спорттық күреске тән негізгі тактикалық-техникалық құрылымды қарастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық процесстің тиімділігі үшін жаттықтырушының процесс барысынан және соңғы нәтиженің қорытындысы жөнінде нақты байламы болуы тиіс. Оқу-педагогикалық процессті жүзеге асырудағы мақсаттылық жаттықтырушыға жекпе-жек барысында текетірестік іс-қимылды қалыптастыруға мүмкіндік беретін палуандардың техника-тактикалық дайындығының ғылыми негізделген әдістемесін меңгеруді міндеттейді. Белдесу барысында іс-қимылдың текетірестік жағдайында балуандардың мінезін айқындау күрестің бірнеше түрлері бойынша жүргізіледі. Текетірестік іс-қимылды құрылымдар бойынша В.Л.Деменов пен О.Б.Малков [3], техника-тактикалық дайындықтың әдістемесі бойынша В.М.Игуменов, В.В.Березняк, О.Б.Малков, В.Л.Деменов [4] бұл аталған авторлар текетірестік әдіс палуанның мінезін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге ең маңыздысы жаттығу барысында техникалық іс-әрекеттің көмегімен тактикалық тұрғыда жұмыс жасауға үйрететінің атап көрсетеді. Бірақ та, күрестің әр түрі текетірестік белдесуде тек қана жалпы заңдылықтарға сүйеніп қана қоймайды, сонымен қатар жарыс ережесімен анықталған өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады.
Зерттеудің нысаны — самбошылардың оқу жаттығатын процесі.
Зерттеудің пәні — қазіргі таңда самбошылардың техника-тактикалық дайындықтың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Самбошыларды бастапқы техникалық-тактикалық даярлау проблемалары және спорттық мектептерге қатысты проблемалар бойынша арнайы әдебиеттерді талдау зерттеудің міндеттерін, зерттеу тәсілдерін және ұйымдастыру процедурасын нақтылауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің міндеттері:
1 Қазіргі кезеңде күресшілердің техникалық-тактикалық дайындықтың ғылыми теориялық алғы шарттарын анықтау.
2 Самбо күресіне тән негізгі тактикалық-техникалық құрылымдарды анықтау.
3 Спорттық жекпе-жектің вариативті даулы жағдайларға тән үлгілеуге негізделген самбошыларды техникалық-тактикалық даярлау әдістемесін әзірлеу.
4 Самбошыларды техникалық-тактикалық даярлаудың әзірленген әдістемесінің дәстүрлімен салыстырғанда тиімділігін тәжірибелік анықтау.
Зерттеудің тәжірибелік және теориялық маңыздылығы — жұмыстың нәтижелері спорттық күрес секцияларында, балалар жасөспірім спорт мектептерінде (БЖСМ) және дене тәрбиесі мен спорт мамандығына арналған дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсында қосымша теориялық материал ретінде қолдануға болады, алынған нәтижелері балалар мен жасөспірім спорт мектептері мұғалімдерінің, мектептегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің және жоғары оқу орындары (ЖОО) оқытушыларының, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенттерінің практикасында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми негізі мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебие ттер тізімінен тұрады, көлемі дипломға қойылатын талапқа сай келеді.
1 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ТЕХНИКА-ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
0.1 Спорттық күрестегі техника мен тактика
Қазіргі заманғы спорт жарыстарында жеңіске жету спорттық қызметтің ақырғы нәтижесіне ықпал ететін көптеген деректерге байланысты. Спорттық күресте жеңіске жетудің шешуші факторларының бірі спортшының техникалық және тактикалық шеберлігі болып табылады [5,6].
Жетекші мамандар мен жаттықтырушылар техникалық-тактикалық шеберлік аса көп шамада жоғарғы нәтижелерге жетуге ықпал етеді деп санайды [7].
Бұл ереже санақтық зерттеулермен дәлелденген, онда авторлар техникалық-тактикалық әрекеттерді орындау арқылы қарсыласынан артықшылыққа жету есебінен жеңген жеңістер үлесі 80%-ға жуық деп көрсетеді. Сөйтіп, жоғарыда мәлімденгендер техникалық-тактикалық даярлауды спорттық күрестегі балуандардың негізгі буыны ретінде бөліп көрсетеді [8,9].
Спорттық күрес арсеналы өте көлемді және ол әрдайым жаңа техникалық-тактикалық әрекеттермен көтеріліп отырады. Күрестің техникалық және тактикалық мұндай тоқтаусыз дамуы, бір жағынан өте күрделі спорттық бәсекелестікпен және осының салдарынан жаттықтырушылар мен спортшылардың жеңіске деген жаңа жолдарды іздеуімен, ал екінші жағынан жастар тәртібіндегі өзгерістермен түсіндіріледі [10,11]. Күрес жөніндегі мамандар мен жаттықтырушылар техника мен тактиканы бөлінбес байланыс ретінде қарайды және осының негізінде техникалық-тактикалық әрекет туралы айтады [12].
Зерттеу проблемаларын жеке-дара қарар алдында үйрену ғылымилығы терминдерді дәл қолдануды талап етеді деген сияқты жұмыста одан әрі қолданылатын негізгі терминдерді белгілеу қажет. Дегенмен, қазіргі уақытта спорттық күрес теориясы мен практикасында жалпы танылған терминдер мен түсініктердің дәл жүйесі жоқ екенін атап көрсету қажет.
Әдетте, мамандар өз монографияларында мағынасы жағынан бір-бірінен ерекшеленбейтін, бірақ негізінен ерекшеліктер мен толықтырулар болатын терминдер мен түсініктерді анықтау кезінде өз тұжырымдарын қолданады. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы техника деп, әдетте, қозғалмалы міндет мақсатты және тиімді шешілетін әрекет көмегімен оны орындау тәсілі түсіндіріледі [13].
Техниканы беомеханика тұрғысынан әр тараптан: әрекет ретінде, қозғалыс сапасының сипаттамасы, қозғалыс туралы мәлімет ретінде қарастырады [14].
Техниканы жарыс әрекетін суреттеуді жарыс әрекетінің үлгісі және біреу шынайы қолданылған нақты әрекет тәсілі ретінде қарастырады [15].
Балуандардың ұстасу мақсаты жарыстың қолданыстағы тәртіптерін қолдану негізінде шабуылдау әрекеттерін және қарсыластың осындай әрекеттерінен қорғануды қолдана отырып, бір-бірімен тікелей күресте қарсыласты жеңуімен қорытындыланады. Сөйтіп, спорттық жекпе-жек шарттылығының шынайы күрестен ерекшелігі жарыс тәртіптерімен реттеледі, бұл белгілі бір кеңістік жағдайы сияқты спортшылар арасындағы өзара әрекет нәтижелерін қарастыруға мүмкіндік береді… Спортшының бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі техникалық-тактикалық әрекеттер арқылы жүргізіледі.
Балуандарды техникалық-тактикалық даярлауда мынадай анықтамалар қолданылады. Жеңіске жету үшін қолданылатын тиімді,рұқсат етілген ережелер жиынтығы күрес техникасы деп аталады… Күрес әдісі — қарсыластың кілемге қатысты жағдайын өзгертуге бағытталған балуанның жекелеген ақырғы әрекеті [16], ал техника тараулары — бұл олардың тұрып немесе партер жағдайында орындау ерекшеліктеріне байланысты техникалық әрекеттер жиынтығы.
Тактика — ұстасуда тұтастай алғанда жарыста жеңіске жету мақсатында жағдай ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық, физикалық және ерік мүмкіндіктерін шебер пайдалана білу. Спорттық күресте тактикаға үйрету спортшыны тактикалық әрекеттерді дұрыс таңдай білу, онда күрес мақсатына жету жолдары мен құралдарын дұрыс анықтай білу, тактикалық әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатын ұстанады.
Жоғарыда келтірілген сәттердің аса елеулісі спорттық күрестегі техникалық әрекеттің негізгі мақсаты қарсылас жағдайын кілемге қатысты өзгерту болып табылады. Ал егер техникалық әрекеттерді орындау тактикасы туралы айтар болсақ, онда негіз балуандардың ұстасу барысындағы өзара әрекет кезінде туындайтын әдістер мен жағдайлардың өзара байланыстылығымен қорытындыланады. Іс жүзінде спорттық күресте өз араларында әр түрлі вариацияларды шырмалатын өте көп техникалық және тактикалық әрекеттер қолданылады. Осының негізінде ұстасудағы қозғалыс әрекеттерінің негізгі белгісі ұдайы өзгеріп отыратын жағдайларда балуанның тағайындау немесе қорғаныс жағдайында оларды қолдануы болып табылады.
Балуанның негізгі техникалық әрекеттеріне: әдістер, қорғаныс, қарсы әдіс және амал жатады [17]. Біз айтып өткендей, әдіс деп балуанның қарсыластың кілемге қатысты жағдайын өзгертуге бағытталған жекелеген ақырғы әрекеті, ал қарсы әдіс деп — қарсыластың жауапты әдісі орындауға кедергі келтіретін әрекет түсіндіріледі [18]. Амал — әдістерден және қарсы әдістерден тұратын балуанның күрделі техникалық-тактикалық әрекеті, онда қорғаныс немесе қарсы әдіс алғашқы әдістен кейінгі келесі әдісті немесе қарсы әдісті орындау үшін қолайлы жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әдістер амалдары [19] терминінің орнына күрделі техникалық-тактикалық әрекет [20] немесе техникалық-тактикалық кешен [21] термині жиі қолданылады.
Жаңа бағдарламалық материалды немесе техникалық-тактикалық даярлық әдістерін жасау кезінде, біздің пікірімізше, мыналарға; біріншіден, балуандардың жарыс әрекетіне, яғни, спортшылар белсенді де тиімді қолданатын техникалық және тактикалық әрекеттер көлеміне, ал екіншіден осы мәселе жөніндегі жаттықтырушылар мен мамандар пікіріне сүйену керек. Жарыс әрекетінің оқу-жаттығу процессіне қатысының алғашқылығы туралы ереже В.А.Демин [22] ұсынды және А.А.Новиков пен Р.А.Пилоян [23] дамытты. Балуандардың арсеналындағы техникалық-тактикалық әрекеттердің рөлі мен маңызын анықтау үшін спортшылардың жарыс әрекеттерін зерттеу қажеттілігі жарыс спорттың шарықтауы болып табыла отырып, балуандырдың жеке ерекшеліктерін зерттеуге, оқу-жаттығу процессінде қолданылатын техникалық-тактикалық әрекеттердің күрделілігін және маңыздылығын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін басты критерий ретінде беріледі [24]. Сондықтан да балуандарды техникалық-тактикалық даярлау мазмұнын анықтау кезінде спорттық күрес жөніндегі мамандар [25] жарыс әрекеті мен анықталатын мазмұн арасында байланыс орнату қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл байланыс жарыс жекпе-жектерінде техникалық-тактикалық әрекеттерді қолдануды және нәтижелілігінің оқу бағдарламаларындағы есеп талаптарында көрсетілген [26].
Спорттық күрес тәжірибесі жетістікке жету үшін бүгінде күрес әдістерін жақсы білу және өз арсеналында олардың көп болуы жеткіліксіз. Ең бірінші, бұл әдістерді шабуыл кезінде де, қорғаныста да үйлестіре, яғни, оларды тактикалық әрекеттермен байланыстыра білу керек [27]. Тактикалық-техникалық күрделі әрекеттерді орындауға тырысу, бірнеше әдістен шабуыл жасау көзге көрініп тұр. Бұл бір тәсілмен шабуылдау екі және одан да көп тәсілден тұратын амалдарға орын беріп, уақыты өткенін растайды [28]. Техника мен тактиканың дамуындағы осы тенденция күрестегі бір тәсілді қолдану оны дайындау және жүргізу уақытты талап ететіндіктен, әрқашан да тиімді бола бермейтінімен, сонымен бірге шабуылдаушы спортшының пиғылын білу қиын еместігімен түсіндіріледі.
Сараптамалық бағалау әдістерін, тактикалық-техникалық әрекеттердің өсиеттік жазбаларын, бейне және кинотүсірілімдерді қолдана отырып, авторлар еркін күрестен ел чемпионатын талдады. Қазақстан балуандарының Еуропа, Азия, Әлем кубоктарында және олимпиадалық ойындарды жоғарғы дәрежелерге жету үшін балалар мен жасөспірімдерді дайындау, жаттықтыру жүйесін қайта жасауға тура келеді. А.А. Хмелевтің ойынша жаттығудың алғашқы және екінші жиында күрестің тұрып жасалатын тәсілдердің 45 түрін және жатып жасалатын тәсілдердің де осынша түріне үйрету техникалық әрекеттердің тек беткі жағын үйретуге әкеп соқтырады.
Одан қалса аяқтан ұстап тастау тәсілдерді үйрететін болса, онда жас балуандар осы тәсілдерді көбірек қолданады да, ал құшақтап лақтыру, артынан және алдынан шалу сияқты тәсілдер дамымай қала береді мұндай дайындықтар күрестің дәстүрін, стилін бұзып тұратын, күрес үстінде спортшының төмен қарап жүруіне барлық уақытта шықса да шықпаса да аяққа жабыса беруіне әкеліп соқтырады. Сол үшш спотршының қиын қимыл қозғалыстарды үйлестіруіне, қорғанықа қарсыласының бұрылу кезінде жасалатын тәсілдеріне, қимыл мен, аяқпен, бөксемен, көбінесе құлай жатып жасалатын тәсілдерге көбірек көңіл бөлген жөн.
Сол кезде алғышқы орындар санындағы басымдық айлалы стилдегі балуандарға тән екенін анықтады, қарқындыларда бұл көрсеткіш екі есе аз, ал күшке салу стиліндегі спортшылар арасында турнир жеңімпаздары жоқ; 1-ден 6-шы орындарды айлалы стильдегі балуандар жиі алады, оларда орындардың сомасы ерекше жақсы. Сонымен бір уақытта, Р.А.Пилоян, В.Т.Джапаралиев [29] жүргізген талдау техникалық-тактикалық даярлыққа уақыттың 84%-н бөлгенін анықтады.
1.2 Спорттық күрестегі техникалық-тактикалық даярлық құралдары мен әдістері
Спортық күрес тактикасына жарыстарға қатысу тактикасы, ұстасу жүргізу тактикасы және техникалық әрекеттер жүргізу тактикасы жатады [29], техникалық даярлыққа техникалық әрекеттерді зерттеу және оларды жетілдіру кіреді, техника мен тактиканың интегралдық факторы техникалық әрекеттерді орындау тактикасы болып табылады. Сондықтан да біз балуанды техникалық-тактикалық даярлаудың негізгі сәттеріне осы тарауды арнаймыз. Балуандарды техникалық-тактикалық даярлау дидақтикалық қағидаларға: санаға, белсенділікке, көрнекілікке, жүйелілікке, қол жетерлікке және ашықтыққа сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге спорт физиологиясында да, теориясында да дағдыларға үйрету жөніндегі зерттеулер стандартты жағдайларда жүргізілгендіктен дәл осындай жағдайлардағы қозғалыс дағдыларын қалыптастыру әдістері жалпы танылған болып табылады. Бұл зерттеулер шартты рефлекторлы теорияға негізделеді, осыдан шыға отырып, оқылатын әрекетті көп мәрте қайталай отырып, қозғалыс дағдысы қалыптасады [30]. Сонымен бірге, спорттық күрестегі техниканы үйренудің негізгі күрделілігі дағды құрылымы қарсыластың белсенді қарсыласуынан вариативтіліктің жоғары дәрежесінен туындайды. Сондықтан да техникалық-тактикалық даярлық мазмұны мен әдістерін анықтауда әртүрлі тәсілдер болады.
Кең таралған тәсілдердің бірі Н.М.Галковский ұсынған техникалық әрекеттерді орындау қағидаларын таңдауға негізделген тәсіл болып табылады. Автор қарапайым және күрделі техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіруді қарастыра отырып, негізгі көңілді шабуылдаушы әрекеттер рөліне аударды.
Балуандар меңгеретін ең қарапайым құрылым даярлық күш әрекетінен және шабуылдаушы әдістің техникалық құрылымынан тұрады. Құрылымдық топтардың әрі қарай күрделенуі шабуылдаушының белгілі бір әрекетіне жауап ретінде туындайтын қарсыластың реакциясын балуан пайдаланған жағдайларда болады. Шабуылдаушы балуан сөйтіп шабуылдаушы спортшы үшін қолайлы ырғақты ахуал жасайды. Қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі қағидасы осымен қорытындыланады, ол үшін балуан айла, жалған қозғалыс, амалдар пайдаланады. Сөйтіп, шабуылдаушы балуанның техникалық қозғалысы ұдайы күрделеніп отыруы тиіс. Сонымен бірге, спорты күрделі қозғалыстың биомеханикалық өлшемдерінің өзгеруін, өзінің де, қарсыластың да әсер ету мен шешімдер қабылдау сәттерін ескеру қажет. Н.М.Галковский қарысластың күрделі сезінуінің шабуылдаушы әрекетін жасау кезінде пайдалану артықшылығын айта отырып, күрделі шабуылдаушы әрекеттің екінші қозғалысы қарсылас реакциясының моторлы бөлігінің шабуылдаушы қозғалысының бірінші бөлігімен (шабуылдың екінші бөлігінің бағытымен сәйкес келетін), не болмаса, күрделі шабуылдаушы әрекеттің екінші бөлігіне реакцияның латентті мерзімімен (шабуылдаушы денесінің шешуші әрекет орындау үшін ыңғайлы жағдайы) сәйкес келетінін атап көрсетті. Сонымен, балуандарды техникалық-тактикалық даярлауды жетілдіру кезінде мынадай маңызды сәттерді: 1) балуан бір қозғалысты орындаудан бірнеше қозғалыстар арасында байланыс орнатуға, жалған қозғалыстан шешуші қозғалысқа ауысу сәтін орнатуға көшу кезінде қозғалыс дағдысы құрылымын өзгертуді.
2) амалдардан бастапқы фазасында әр түрлі даярлықтарды қолдана білуді (қимылдатпай тасту, айла жасау, көнілін басқа жаққа аудару) [31].
3) шабуылды бастау жағдайын атап көрсете білуді [32] бөліп айтуға болады.
Тактикалық-техникалық міндеттерді күрделендіру арқылы шабуылдаушы техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіруді Р.А.Пилоян ұсынды. Автор ұсынып отырған тәсілді оң ұрығы — тактикалық-техникалық әрекеттерді құрылымдауды атап көрсету керек. Екінші бір тәсіл әрбір балуанда өзіндік кешен — өзіне тән деп аталатын әдістерді қалыптастыруда техникалық-тактикалық даярлықты жүргізуді ұсынады. Мұндай кешенге, біріншіден, ұстап алу, іліп алу, айла жасау сияқты даярлық әрекеттерді; екіншіден, олардың тұратын сүйікті әдістер мен амалдар; үшіншіден, басқа әдістермен байланыстыра отырып, өзіне тән әдістер кіреді.
Әдістерді үйрену мен меңгеру қарсыластың қозғалысы, кездейсоқ туындаған қолайлы сәттер кезінде, қарсыластың шабуылдаушы нүктелер көрінбейтін кездегі, қайталап жасау және қарсы шабуылдар кезіндегі күрделі жағдайларда жүргізіледі. Самбодағы түрегеп тұрып күресу кезінде самбошы белгілі бір бағытта бағытта әр түрлі қозғалыстар жасайды. Қозғалыстарды шабуылға шығардың алдында немесе қарсыласының шабуылына қорғаныс ретінде жасайды. Барлық жағдайлардағы самбошы кез-келген қозғалысы кеңістіктегі қандай-да бір нүктеге (объектіге) қатысты жасалады. Қозғалыстың бағытынан басқа дылдамдығын да еске алу қажет. Палуанның қозғалыс кезіндегі жылдамдығын ішкі (палуанның дене дайындығы, оның психикалық жағдайы, денсаулығы т.б.) және сыртқы қарсылас (табиғи жағдайлар, кілемнің сапасы), деп бөлінетін бірнеше факторларға байланысты.
Қозғалыстар бір немесе бірнеше адымдардан түуы мүмкін. Олардың барлығы нақты қозғалыстың мақсатына байланысты. Кез-келген жағдайда кілем үстінде қозғалыста жүрген күрескер мыналарды естен шығармаы керек. Кез-келген бағытта қозғалу кезінде аяқтың басуы оның бұрылған жағына қарай бағытталады.
Дененің салмағы сүйенішсіз тұрған кезде аяққа түсірілмейді. Кез-келген бағытта адымдағанда аяқ кілемнен бірнеше миллиметр қашықтықта ғана көтерілуі керек (жанаса немесе жанама адым).
Сонымен бірге үйрену әдістерін таңдау көп емес және спорттық күрес практикасының талаптары негізінде спортшыларды тиімді даярлауды жүргізуге мүмкіндік бермейді. әбден әзірленген және қолданатын әдістерді қарастырайық.
И.Д. Свищев [33] келтірген жаттықтырушыларға сауалнама жаттықтырушылар күрестің техникалық-тактикалық әрекеттерін үйрету кезінде: сөз әдісін; көрсетуді; жаттығулар әдісін; ойын әдісін; жарысу әдісін және жаттығу құрастырмаларын қолдана отырып үйрету әдісін пайдаланатынын көрсетті.
Е.М.Чумаков [34] өз тәжірибесін және күрестің жетекші жаттықтырушылар тәжірибелерін қорытып, үйретудің үш әдісін бөліп көрсетті:
1 Қорытылған тіртіптер, заңдар және аксиомалар әдісі. Оған спортшы күрестің нақты жағдайларында әрекеттерді орындау кезінде қолдануы тиіс қағидалар мен нұсқаулар жасау;
2 Проблемалы әдіс — өзіне тәжірибе жинақтау және қорыту, эксперименттер жасау;
3 Эвристикалық әдіс — әртүрлі жағдайларда әрекеттер жасаудың жинақталған тәжірибесі негізінде спортшыда сезгіштікті дамыту. Бұл әдісте үш әдістемелік амал көрсетіледі: 1) белгілеу — проблемалы жағдайды қайта қалпына келтіру және оны шешу жолдарын табу; 2) құбылту — күрестің әр түрлі жағдайларында тактикалық шешімдер табу; 3) уақытты шектеу — спортшының оқу-жаттығу ұстасуларындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде тез тактикалық шешімдер қабылдай білу қабілеттілігі.
Балуандарды техникалық-тактикалық даярлауда үйретудің ойын әдісін қолдану жаттықтырушылар мен мамандарда зор қызығушылық туғызып отыр [35]. Сөйтіп, үйретудің ойын әдісін пайдалана отырып, жаттықтырушы техниканы да, тактиканы да жүйелі түрде үйрете отырып, үйрету мен жарыстың бір тәртіпке келтірілген қатаң әдісі арасындағы айырмашылықты толытра алады. Бұл әдіс, әсіресе жас балуандарда сабақты жандандыруға, күрделі үйлестіру әрекеттерін меңгеру кезіндегі жарыс аспектілерін енгізуге мүмкіндік береді, сабақтардың бірқалыптылығын азайтады. Техникалық-тактикалық әрекеттерге үйретудің проблемалы-оқиғалық әдісі айналысушылардың саналы белсенділігін арттыруға, бұл балуанның тактикалық ойлауын белсенді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Күрес техникасына проблемалы — оқиғалық үйрету проблемалы үйретуге бейімдеуге және жекпе-жектегі спортшылардың өзара даулы әрекеті тұрғысынан үйретілетін техника мазмұнын құрылымдауға негізделеді. Дегенмен, осы әдістің кемшілігі жоғары білікті балуандар даярлауда жаттықтырушының жоғары тактикалық және техникалық сауаттылығы кезінде тиімді пайдалануға болатындықтан оны қолдану күрделілігі болып табылады.
Іс жүзінде жаттықтырушы балалар-жасөспірімдердің спорт мектебінде немесе дене шынықтыру емес ЖОО-да жұмыс істей жүріп, айналысушылар санының көптігіне кезігеді және жаттықтыруда жеке тәсіл жүргізу қиын болады. Осының негізінде мамандар қозғалыс және сол қозғалысты меңгеру туралы түсініктер қалыптастыру кезінде бағдарламалық үйретуге және үйретудің техникалық құралдарын тиімді пайдалануға көңіл аударды [36]. Техникалық — тактикалық процессте тактикалық ептіліктер мен дағдыларды дамыту үшін оқу сабақтарын, оқу-жаттығу және жарыс ұстасуларын талдауға, жекпе-жектің стандартты эпизодтарын қарауға және зерттеуге, балуандардың өзара әрекетінің техникалық-тактикалық үлгісін құрастыруға мүмкіндік беретін бейнетехниканы кеңінен қолдану ұсынылады [37]. Техникалық ойлануды дамыту үшін жаттықтырушы алдын-ала шабуылдаушы мен қорғанушы балуандар мінезіне бағдарлама жасалып қойылатын әртүрлі тапсырмалар мен бағдарламаланған ұстасуларды қолдану тәжірибесі қызықты. Осы тәсілді техникалық-тактикалық даярлауды жетілдіруде қолданудың тиімділігін басқа да мамандар атап көрсетті. Келтірілген әдістердің көп болғанына қарамастан жаттықтырушылардың басым көпшілігі өз жұмысында бұрынғысынша түсіндіру-түрлі-түсті әдістерді қолданатындықтан жағадан бастаған балуандарды техникалық-тактикалық әрекеттерге үйретудің белсенді әдістерін пайдалану туралы айтуға әлі ерте [38].
Балуандарды техникалық — тактикалық даярлаудағы түсіндіру-түрлі-түсті әдістерді қолдануды талқылайық. Техникалық — тактикалық әрекеттерді үйрену және меңгеру осы әрекетті, яғни оның мақсатты бағытын, спорттық жекпе-жектегі оны мен маңызын түсіндіруден басталады. Сонан соң оқытушы үйретілетін әрекетті дұрыс, тез, анық көрсетеді, техникалық орындауға тән бөлшектерді көрсетеді және спорттық жекпе-жектің әртүрлі жағдайлардағы тәсілдерді тактикалық қолдануды түсіндіреді [39]. Техникалық — тактикалық әрекеттерді меңгеру, егер, үйретілетін әрекет қарапайым болса, толықтай, егер күрделі болса бөлшектеліп жүргізіледі. Басында спортшылар, егер, осы әрекетті жасау үшін динамикалық орын ауыстыру талап етілмейтін болса, статиктегі әріптестің қарсылығынсыз қарапайым жағдайларда немесе, егер, әрекетті тиімді жасау үшін отырн ауыстыру қажет болса әріптестің келісілген көмегімен динамикада жасалып үйретіледі Вариативті жағдайларда көп мәрте қайталау нәтижесінде балуандарда үйретілетін техникалық — тактикалық әрекетті орындау дағдысы қалыптасады. Спорттық жекпе-жекте әртүрлі жағдайлардағы меңгерілетін әдісті тиімді орындау үшін тактикалық нұсқаларды зерттеу оқу-жаттығу және жарыстағы ұстасуларда, яғни, сынау және қателер әдісі арқылы қарсыласпен жекпе-жектің шынайы жағдайларында жүргізіледі. Түсіндіру — түрлі-түсті әдісті қолдану кезіндегі жаттықтырушының негізгі міндеттерінің бірі техниканы дұрыс пайдалануды үйрену қажеттілігінен үйретілетін әрекеттерді техникалық орындауда кемшіліктер жібермеу болып табылады. Сондықтан, егер балуанда әрекет туралы бұрыс түсінік туындаса, оқытушы қайталап көрсету және түсіндіру арқылы оның қатесін дұрыстайды. Ондай кезде ол бұрыс түсінің қалыптасқан қозғалысқа (әдісфазасына, бөлігіне) күш салады. Іс жүзінде жаттықтырушы әдістің дұрыс жасалуын бақылауды мынадай тәсілмен жүргізіледі — топтың көпшілігне тән бір-екі қатені көріп, жаттықтырушы айналысушыларды тоқтатады да бұл әдісті қалай дұрыс жсау керектігін көрсетеді. Жаттықтырушы түсіндіре отырып, көрсетеді [40]. Дегенмен, бұл әдістің мынадай кемшіліктері бар екенін атап көрсету керек: 1) сынау және қателер тәсілімен оқу-жаттығу және жарыстардағы ұстасуларда тактикалық және техникалық әрекеттердің өзара байланысын меңгеру; 2) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде немесе жоғары (мамандандырылған) оқу орнында жаттықтырушы жаңадан бастаған балуандардың үлкен тобымен жұмыс істейді және оған үйрету мен жаттығуда іс жүзінде жеке үйрету мүмкін емес.
1.3 Балуандардың техникалық-тактикалық даярлық мазмұны
Қазіргі уақытта көптеген маман мен жаттықтырушы балуандардың техникалық — тактикалық даярлығының мазмұнын анықтау кезінде жарыс әрекеттері есебінің қажеттілігін, яғни, техникалық-тактикалық әрекеттердің қолданылуын және тиімділігін атап көрсетеді [41]. Бұл ереже алғашқы жарыс және қайталап жаттығу қағидасына негізделеді.
Жарыс спорттың шарықтау шегі бола отырып, критерий негізінде спортшының жеке ерекшеліктерінің сипаттамасын іріктеп қана қоймай, сонымен бірге жаттығуда қолданылатын жаттығулардың мақсаттылығын да диференциялау критерийі болып табылады. Сондай-ақ мамандар даярлық әдістемесінің заңдылығы жарыс әрекеттері талаптарынан шығуы тиіс екенін атап көрсетеді [42].
Отандық және жапондық мамандар ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі негізгі талаптардың бірі ретінде жарыстарда мақұлданған және табысты қолданылған техникалық-тактикалық әрекеттерді талдау және сипаттау қажеттілігін бөліп көрсетеді. Сонымен бірге авторлардың бірқатар бөлігі бастапқы техникалық — тактикалық даярлық мазмұны жарыстарда қолданылатын әдістердің ғана емес, сондай-ақ дидақтикалық талаптардан, сол сияқты қозғалыс дағдысын оң ауыстыру тиімділігін ескере отырып та анықталуы тиіс.
Сөйтіп, жоғарыда аталған негізінде техникалық-тактикалық әрекеттерге үйретудің және жетілдірудің негізгі проблемасы зерттелетін әрекеттердің күрделі үйлестіру құрылымы мен олардың вариативтілігі болып табылады.
Жеткілікті техника көлемі көлемі спортшыға жекпе-жек барысында туындайтын барлық тактикалық міндеттерді шешуін қамтамасыз ететін техникалық әрекеттердің төменгі жиынтығын көрсетеді. Жеткілікті техника көлемі спортшы техникасын әлеуметті қарсыластар техникасымен салыстыру арқылы анықталады, ал жеткіліксіз техникалық әрекеттер әртүрлі жіктеу топтарынан іріктеледі. Қажетті техника көлемі спортшы нақты жаттығу процессі есебінен және оның жеке мүмкіндіктерінен меңгеруі мүмкін техникалық әрекеттер жиынтығын көрсетеді. Егер жеткілікті техника көлемі балуан даярлығының әрбір белгілі деңгейін сипаттаса, онда қажетті техника көлемі спортшы техникалық — тактикалық даярлық барысында меңгеруі мүмкін барынша болатын көлемді көрсетеді [43].
Бүгінгі таңда спорттық күрес теориясы мен практикасында спортшылардың техникалық-тактикалық даярлығы мазмұнын анықтау тәсілдеріндегі кейбір ерекшеліктерге қарамастан мыналар ұсынылады:
1) бірініші сабақтан бастап жарыс жекпе-жектерінде қолданылуына байланысты техникалы-тактикалық әрекеттерді үйретуге және жетілдіруге бөлінетін, яғни, сирек қолданылатын немесе нәтижелілігі аз болып табылатын әдістерге қарағанда нәтижелі және жиі қолданылатын әдістерді зерттеу үшін уақытша пропорцияларды сақтау.
2) спортшының жеке арсеналы аса тиімді әдістерден қалыптасуы керек.
3) сондай-ақ балуан арсеналына техникалық — тактикалық шеберліктер қалыптасуы үшін қажетті жарыстарда сирек кездесетін әдістер (мысалы, тепе-теңдіктен шығару, жамбасқа салу) кіруі тиіс.
Жоғарыда аталғандардан жарыстар кезінде балуанның техникалық — тактикалық даярлығының барлық оң және теріс жақтары анық көрінентінін білуге болады [44]. Осының негізінде спорттық жетістіктер деңгейін арттырудың негізгі құралының бірі жетекші балуандар практикасы мен тәжірибесінде тексерілген техниканың үздік үлгілері жасөспірімдер жасындағы жастарға берілуі болып табылады [45]. Техника жеке спортшыда да, тұтастай спортта да аса тиімді бола отырып, өзгеріп, жетілдіріліп және жаңаланып тұратындықтан оның тиімділігі әрбір сәтке қатысты.
Өткен тарауда біз техникалық-тактикалық әдістерге үйрету құралдары мен әдістерін қарап, әрекеттерді үйретудің негізгі әдістері мыналар болып табылатынын атап көрсеттік:
1) егер әрекет қарапайым болса, техникалық — тактикалық әрекетті тұтастай үйрету;
2) егер әрекет күрделі болса бөлшектеп үйрету. Техникалық — тактикалық даярлық мазмұны туралы айта отырып, спорттық күрес арсеналын құрайтын әдістер күрделі үйлестірілген құрылымнан тұратынын және белгілі бір тактикалық мақсаттармен және мәндеттермен байланыстылығын атап көрсетпеуге болмайды. Сондықтан да жаттықтырушылар өздерінің проактикалық жұмыстарында мынадай тәсілді пайдаланады. Басында балуандар бастапқы әрекетті (фазаны, кезеңді), сонан соң ақырғы (келесі блокта бастапқы болатын) және ақырында бастапқы жағдайдан ақырғы және әрекет аяқталғанға дейінгі жағдайға ауысуын меңгереді. Әрекеттің жекелеген бөліктерін зерттеуге күш салуда әрекетті тұтастай меңгеру сапасының нашарлау қауіптілігі туындайды [46].
Жекелеген құраушылардың техникалық-тактикалық әрекетінің өзара байланысатын түсіндіру және меңгеру үшін спортышының қозғалысты талдай білуі қажет. Сондықтан да практика көрсетіп отырғандай келтірілген жаттығулар ойланып істелуі тиіс, ал Әдісті орындауға дайындық, оны бүркемелеу, қарсыласты шатыстыру, әртүрлі жағдайларды пайдалан білу балуан әрекетінің бөлшектенбес бөлігі болып табылады және спорттық жекпе-жектің мағыналық негізін көрсетеді. Күрестегі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеру кезіндегі мағыналық асепктілерді бөліп көрсету маңыздылығын М.Вахун да атап көрсетті [47]. Автор әдісті меңгерудің бастапқы сатысында ұстап алуды және қозғалыс бағытын құбылтуға көңіл аудару керек деді.
Сөз соңында іс жүзінде спортшының техникалық-тактикалық арсеналы көбіне стихиялы түрде қалыптасады. Жаттықтырушылар барлық жіктеу топтарындағы балуандардың әдістер мен әрекеттерді (спорттық мектептерге арналған бағдарламалар негізінде) зерттеуіне және меңгеруіне күш салады. Сонымен бір уақытта олар спортшылар жақсы үйрене алатын және аса маңызды, нәтижелі әрі тиімді деп есептейтін әдістерге көп көңіл аударады. Әдетте, жаттықтырушылар өз тәжірибелеріне сүйене отырып, интуициялы түрде өз оқушыларының жеке ерекшеліктерін пайдалануға тырысады. Бұл әрбір жаттықтырушы техникалық-тактикалық әрекеттерді өзіндік үйрету әдістері және олардың жек арсеналы болатынымен байланысты.
1.4 Жарыс жекпе-жектеріндегі балуандардың өзара әрекеттерін үлгілеу
Жарыс жекпе-жектеріндегі балуандардың өзара әрекеттерін үлгілеу және оқу-жаттығу процессінде оны қолдану қажеттілігі мен маңыздылығын спорттық күрестегі бір қатар жаттықтырушылар мен мамандар атап көрсетті [48].
Спорттық күресте, әдетте, нысанды бақылау барысында зерттеуші алатын және оның жұмыс істеу тетігін көрсететін үлгілер әзірлемесін және оны пайдалануды білдіретін концепциялық үлгіеу қолданылады.
Бұл үлгілер зерттеу нысанының әртүрлі өлшемдері арасындағы байланысты бекітеді, тұтастық қасиеттерінің маңыздылығын бағалау, жүйегін қасиеттерін анықтау мүмкіндігін береді, оынң жеке құрылымын анықтайтын кейбір жағдайға келтіреді.
Үлгілеу әдісінің мәні ерекше нысан ақпаратын алу және (немесе) сақтау мақсатында жасалатын жалпы мағынадағы (қорытылған үлгі) үлгі алудан тұрады (ойша бейне түрінде, таныс құралдармен, не болмаса материалданған жүйемен сипаттау).
Осы әдістің негізінде зерттеу міндетті зерттелетін нысанның елеулі сипаттамалары мен қасиеттері бөліп көрсетуге, ал бастысы оларды оңтайлы мөлшерге дейін шектеуге мүмкіндік беретіндіктен үлгілеудің барлық процессі үшін орталық буын болып табылады. Сондықтан да шынайы нысанды қарауда нысанның қысқартылған бейнесіне көшуге болады, ол зерттеу нысанын көрсетеді зерттеу үшін соншалықты күрделі емес түрде бейнелейді. Сонымен бір уақытта оны зерттеу кезінде жаңа ақпарат алуға мүмкіндік беретіндей етіп алмастырады.
Спорттық күресті үлгілеудің негізгі және әзірленген бағыттарының бірі күшті балуан үлгісін сипаттамаларын әзірлеу болып табылады.
Бұл бағыт: біріншіден, балуандардың спорттық шеберлігін ресми жарыстарда алған орындарымен ғана емес, сондай-ақ үлгінің әртүрлі сипаттамаларымен салыстыру үшін; екіншіден, спортшылар дайындаудағы кемшіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын белгілеу үшін әзірленеді.
Күш спортшы үлгісінің сипаттамаларын жасауда мамандар 50-жылдардың соңында бастады. Аса таралған тәсіл авторламен бірігіп В.В.Кузнецов ұсынған күшті спортшы бейнесінің блок-сызық болып табылады [49].
Блок-сызбаның негізі кіруге, шығуға, негізгі элементке және кері байланысқа ие кибернетикалық жүйе қағидасымен қорытындыланады. Жарыстың ақырғы нәтижесін ала отырып, мынадай блоктар бөліп көрсетіледі: жасы, спорттық өтілі, морфологиялық ерекшеліктері арнайы дене және психологиялық дайындығы, дененің функционалдық мүмкіндіктерінің даму деңгейі.
А.А.Новиков [50] осы тәсілдерді ескере отырып күшті балуан үлгісінде үш деңгейді:
1) спортшының жарыстағы меніз-құлық үлгісін;
2) дайындалушылықтың әртүрлі тарапатарының өзара байланысы және деңгей үлгісін;
3) дененің негізгі жүйелері жағдайының үлгісін анықтайды.
Басында мамандар жекпе-жектің әртүрлі тактикалық жағдайларындағы
күшті спортшы үлгісінің сипаттамасын анықтау тырысты, зертханалық жағдайларда зерттеулер жүргізіледі, содан соң манекенмен жұмыс кезіндегі балуанның техникалық әрекеттері зерттелді. Бұл кезде балуанның белсенділіг көзбен, ал кейін құралдар көмегімен бағаланды.
Осы тәсіл негізінде оқу-жаттығудағы сияқты жарыстардағы да жекпе-жектердегі спортшы мінезінің үлгісі әзірленеді.
Осы тәсілдің қорытынды сатысы еуропа және әлем чемпионаттарындағы, Олимпиада ойындарындағы жетекші спортшылардың техникалық-тактикалық әрекеттерін тіркеу және жарыстардағы жекпе-жектерді қадағау негізінде күшті балуан үлгісін әзірлеу болып табылады [51]. Бұл саты күшті балуан үлгісінің сипаттамаларын зерттеудегі нәтижелісі болды. Үлгілеудегі осы тәсілдің негізгі нәтижесі техникалық-тактикалық әрекеттерді шартты белгілер жазбасында спортшының жарыстағы әрекетін зерттеу және оларды кейіннен санақты өңдеу әдісін алу болды. Сонымен бір уақытта, күшті спортшы үлгісінің сипаттамасы негізінде балуандарды техникалық-тактикалық дайындау өзінің тиімділігінің аз екенін көрсетті.
Еркін тәсіл үйрету және жаттығудағы үлгілеуді пайдаланумен қорытындыланады. Спорттық күрес жекпе-жектің басқа да түрлері сияқты спорттың оқиғалық түрлеріне жатады [52], онда техника мен тактика органикалық шырмалған және оларды өзара байланыста қарау орынды (6,80 және т.б.).
Күрделі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеру кезіндегі техникалық-тактикалық процессінде тактикалық дайындықтың маңызы техникалықтан асып түседі. Мамандар спортшының өзара байланысын және қандай да болмасын айлаларды орындау кезіндегі жекеленген әрекеттердің бір-бірімен бағыныштылығы меңгерілген әдістердің немес аздығы емес, жекпе-жектің тактикалық жағдайындағы айла жасау үшін оңтайлы санныі болуы маңызыд екенін атап көрсетті. Балуанды тактикалық дайындаудың негізіг міндеті белгілі жағдайларда оның дайын тактикалық шешімдермен қамтамасыз ету бөліп көрсетіледі, себебі таныс жағдайларда бағдар алу аз зерттелгенге қарағанда әлдеқайда жеңіл. Осыдан спорттық жекпе-жектегі тактикалық жағдайды бағалау туралы мәселе қойылды.
Жарыс жекпе-жегіндегі балуанның әрекеті құбылмалы даулы жағдайларда өтеді [53]. Әрекеттің техникалық-тактикалық әрекетін құруды балуан ұстасу жағдайында бейнеленетін және қажетті болашақ үлгі — мақсатындағы оны ойша түрлендіру негізінде жүргізеді [54]. Сөйтіп, балуанның негізгі міндеті қалыптасқан жағдайды тез бағалау және оларға дәл уақытылы әрекеттермен сезіну, сондай-ақ өз әрекеттерімен шабуылдауға қолайлы сәтке дайындау қажеттілігі болып табылады. Техникалық-тактикалық дайындық әдістемесінде техника мен тактиканың өзара байланысы белгілі бір динамикалық жағдай арқылы мынадай бейнеде өз көрнісін тапты: Тактикалық дайындық тәсілін қолдана отырып,қолайлы динамикалық жағдайда әдісті меңгеруден кейін жаңадан меңгерілетін тактикалық дайындық тәсілдері және қолайлы динамикалық жағдайды пайдалану есебінен балуанның ептілігі мен дағдысы кеңейту керек.
Бұл кезде тактикаға үйретудің негізгі міндеті спортшының тактикалық әрекеттерді меңгеруі және әртүрлі жағдайларда шешімдер қабылдауы болып табылады.Ол үшін балуан мамандар мен жаттықтырушылар көп айтатын әртүрлі даулы жағдайларды бағдарлай білуі, жекпе-жектің әрі қарай дамуы мүмкін болатын барысын үлгілеу білуі тиіс [55]. Балуан мен жаттықтырушыда жарыс алдындағы дайындықтың орталық әдістемелік проблемасы алдағы жарысты толық үлгілеуі мүмкіндігімен қорытындыланатындықтан жарыс жекпе-жегінің жағдайлық үлгісі болуы тиіс.
Жекпе-жектегі нақты осындай проблеманы С.Д. Бойченко, Д.А.Тышлер тактикалық әрекеттің осындай үлгісінің мәнін айқын түсіну фиктования теориясы мен практикасы үшін үлкен қызығушылық көрсетеді деп қалыптастырды. Авторлар спорттық ұстасудың жалпы тактикалық үлгісін жасау, сондай-ақ жаттығу және жарыс жағдайларында оны жүзеге асыру үшін сенімді және оңтайлы құралдарды білу: … білікті спортшылар тәрбиелеудің дәстүрлі процессінде өте елеулі түзетулер енгізуге, бірінші кезекте, тактикалық шеберлікті меңгерудің сатысын қысқартуға мүмкіндік береді деп атап көрсетті.
Ұстасудың тактикалық үлгісін жасауда көптеген мамандар белгілі бір жағдайларды, ұстап алуларды, әдістерді және т.б. бөліп көрсету жолымен техникалық-тактикалық әрекеттерді алгоритмдеу негізінде жүргізуге тырысты.
А.Г.Станков, В.П.Климин, И.А.Письменский спорттық күрестегі техникалық-тактикалық әрекеттерді үйрету процессін талқылай отырып: Самбо және самбо күресінде үлгілік жағдайдың негізгі белгілері ұстап алу, қарсылас қалпы және өзара орналасу болады деп атап өтті [56].
И.И.Алиханов ұстасудағы әрекеттерді алгоритмдердің топталған әдісін ұсынады, ал құрылымдық негіз ретінде басты элементі белгілі бір ұстап алу болатын бірегей немесе көбіне ұқсас динамикалық жағдайды бөліп көрсетеді. Осы бағытты дамыта отырып, А.Н.Ленц практикалық материал негізінде белгілі бір әдістерді жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасай отырып, олардың өзара байланысындағы тактикалық нұсқаларды анықтады және бір жүйеге келтірді. Бірақ, спортшының қарсы тұру барысында туындайтын бұл жағдайлар бір жүйеге келтірілмеді және алгоритм жасалмады.
Логикалық-алгоритмдік бағдарламалау негізінде Р.Петров үйрету және жетілдіру үшін техникалық-тактикалық кешендерді қолдануды ұсынады. Бұл кешендерге қорғаныс, қарсы әдіс және тактикалық құралдар кірді, оларды жүйелі қолдануды бастапқы жағдайға байланысты қисынды түсіндіруге болады. Оларды оқу-жаттығу процесінде қолдану алдын-ала таңдалынған жоспар бойынша шеберлгін жетілдіруді, немесе жоспарда қаралмаған кездейсоқ жағдай туған кезде тең шешім табуды білдіреді.
А.А. Харлампиев Әрбір, тіпті бір қарсыласпен ұстасуда дәл сондай жағдай ешқашан кезпейді деп жазды. Осы жағдай техникалық-тактикалық әрекеттердің алгоритмдері мен ұстасу үлгілерін әрі қарай … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz