Баланы психологиялық қолдау | Скачать Дипломдық жұмыс

0
МазмұныКіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … ..3

1 Тәрбие отбасынан басталады
… … … … … … … … … … … … … … … …5
1.1 Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
… … … … … … … … … … 6
1.2 Қазақ халқы – ғажап тәлімгер
… … … … … … … … … … … … … … … … 8

2 Отбасы татулығы бағдарламасы
… … … … … … … … … … … … … …9
2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
… … … … … … … … … … 9
2.2 Отбасы татулығы бағдарламасының негізгі
бағыттары … … … …17

3 Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама
… … … … … … … … 21
3.1 Мақсаты мен міндеттері
… … … … … … … … … … … … … … … … … … .2
1
3.2 Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары
… … … … … … … .26
3.3 Баланың жеке басын дамыту мектебі
… … … … … … … … … … … ..27

Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … …63

Пайдаланған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … 65

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы
мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық,
зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі
қиын балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер
үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша
өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Біз аға ұрпақты, ана мен
баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған
қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы
қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз (34.)
деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей
білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты
тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге
қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында
әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз
бала туып, ол баланы тастап тастанды қатарын көбейтіп жүрген қаракөз
қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін
алдын алу қажет.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің Тәрбиесіз берілген
білім, ол адамзаттың қас жауы(50.) дегені дәл бүгінгі күнге айтылған
секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде
қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, Қиын балалар дегеніміз кімдер?
— деген сұраққа, былай жауап беруге болады: Олар мектеп тарапынан ерекше,
қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар.
Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен,
топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау
қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан)
балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай
балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін
тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік
жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты — қиын балалардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістерін анықтау.
2. Қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының өткізу мазмұны мен
әдістемесін жетілдіру.
3. Қиын балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық тұрғыда отбасы және
мектептің өзара байланысын арттыру.
4. Қиын балалар үшін жүргізілетін арнайы тәрбие жұмыстарын жаңарту.
Зерттеудің нысаны – орта мектептердегі оқу — тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні — қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
мәселесін ғылыми — әдіснамалық тұрғыда зерттеу.
Әдіснамалық негіздер. Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын
зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым
саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт
қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа
енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар
қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В.Г.Баженов,
Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов,
В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов,
В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов және А.Байсымақ). Бұл зерттеушілер
қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына
әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш
мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт,
өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту,
отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру
арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті. Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың
бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда.
Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, А.С.Бехкин,
Л.М.Зюбин, М.Р.Мягков және тағы басқа); клиникалық (Г.А.Власова,
В.Я.Гиндикин, О.В.Кербиков, В.В.Ковалев, М.З.Певзнер, Г.Е.Сухарев тағы
басқа); криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев,
Г.М.Миньковский және тағы басқа) аспектiде қарастыруда.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
— әлеуметтік педагогикалық тұрғыда тәрбиесі қиын балаларды қайта тәрбиелеу
жолдар арқылы қоғамға қайта қосуға болатынын және олар қоғамымыздың болашақ
азаматтары екенін сендіру керек. Мысалы, ұрпақ жалғастырушы және балалар
болашағымыз.
— зерттеу барысында тәрбиесі қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын
анықтау. Соның ішінде қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрінде
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында – қиын баланың ой-
пікірлерін, анықтау және қиын атаудан арылту олардың қоғамдағы ролін
биіктету.
— Қазақстан Республикасында балалар қоғамын құру олардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тәрбие отбасынан басталады

Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі
ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-
қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол
баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-
өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін
бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын
түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта
келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын
қажеті сан қырлы . Отан отбасынан басталады десек, адам тәрбиесі –Отанды
сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда
басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен
ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің
өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде,-деген ғой.Баланы жас кезінен
бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-
қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы
тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор
болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде
қиын оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін
түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен
,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп
берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті
қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы
керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа
бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономи калық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және
бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы
ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-
тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев Педагогика ғылыми еңбегінде жас бала –жас бір шыбық, жас
кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ
деп түйін жасайды.

1.1 Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар

Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін
анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай
жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым
ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз
сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын
балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойы н дамыту үшін өзін-өзі
басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-
тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың
қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру
көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене
еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері
мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа
өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни
өзіндік менгің басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-
әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі
тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-
жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс –
талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу,
ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе,
оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда
болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын –
отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын
қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс
туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң –
мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан
дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы
мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы
дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға
жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне
кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін –
бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт –
бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның
негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым –
қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және
творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту,
қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым
– қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп,
одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие
процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны
ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен
жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы
қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың
бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін
ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі –
олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс
жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру,
мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция
қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс
ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде
моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет
ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б.
Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта
құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін — өзі
тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған
қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады.
Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына
байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды
тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы
тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
— дайындық кезеңі;
— қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда
аңықтау;
— екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора – жолдастары арасындағы
байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан
дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс
қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті
сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы
адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін — өзі тәрбиелеуге
талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу,
алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен
жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес
жүргізулері керек.

2. Қазақ халқы-ғажап тәлімгер

Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие
беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-
дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа
адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-
тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан,
ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын
ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы
мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен
балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің
дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-
мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының Бала біздің
болашағымыз деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор
ықпалы тигізері анық.
Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың, -деп Қ.
Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-
қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда
мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман
талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

2 Отбасы татулығы бағдарламасы

2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

— Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын
көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;
— Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу.
— Жеке отбасы және оның әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және
дифференциялды ықпалды қамтамасыз ету.

Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы
Құрылымы. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға
болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы
болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар:
күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен
тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ
диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ — ата-
ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі
шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс
теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін
болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен,
көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.Отбасының
түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері

( менять слова внутри круга ) 1шеңбер.центр- — мен немесе индивид
2- шеңбер: ері-әйелі жүйе бөліктері.
Ата-ана-бала жүйе бөліктері:нуклеарлы отбасы; сиблинг жүйе бөліктері.
3-шеңбер;аға-әпкелері; апа-аталары; екі ата-анасы бар кеңейтілген отбасы;
немере аға- әпкесі;
4-шеңбер: денсаулық сақтау жүйесі; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі;
демалулар мен көңіл көтерулер; жұмыс; тәртіп және құқық сақтау жүйесі; діни
жүйе; әскери жүйе,көршілер;білім беру жүйесі;саяси жүйе.

Қызметтер. Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз
байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің
өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1. әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі
өзекті міндеттер.
2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты
қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы
мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі,
балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік,
эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру,
бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-
ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір
кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің
дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің
арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау
жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік –
психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген
отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне
психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен
кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір
әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне
үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен
қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие
екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан
жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының
тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде
меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін
айқындайды.
Даму. Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының
әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол
деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы
және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда
ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды
деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік
тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі.
Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы
жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады.
Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен
сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен
қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің
басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай
қиындататын болады.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше
кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да,
бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге
өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп
– бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала
арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне
ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін
қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде,
ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады.
Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-
жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке
дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата –
аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл
ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа
қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
Отбасы дағдарыстары.
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген
түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі — дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға
дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір
сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты
үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше Ұқсастық дағдарысына соқтыруы
мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда
болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы
жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай
некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа
ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып,
түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ
сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге
өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың
туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып,
махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді,
отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен
айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың
жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды,
баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты
болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты
көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың
мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада
кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан
байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды,
өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен
туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті
төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе
мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық
жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал
көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана
қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле
бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі:
жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып
табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал
баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың
қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл
осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың
бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін
кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын
болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса,
онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын
сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын
деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде
болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей
бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір
сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші
өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты –
дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала
болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық
тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз
етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз — өзіне қол жұмсауға бару дәл
осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана
қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып
кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі –
зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын
болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы:
соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің
кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден
кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға
кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген
отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын
алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар,
жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол
жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен
бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар
тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында
қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының
кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған
қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола
білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық
қатынастың қажеттілігін түсінеді.

Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген
кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу
дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп
қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );
2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты,зорлану
т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты
немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-
зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:
• Отбасы дағдарыс жағдайы.
• Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
• Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы
• Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
• Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.
Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар,
жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-
қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі
балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша
жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа
дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл
сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды кезең деп аталды.
Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты
қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және
жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере
бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық
құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон [8]да
өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір
сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты.
Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі
элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму
циклы бірге эволюцияланған болып табылады.
Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін ) негізгі сенім сенімсіздікке
қарама-қарсы деген атқа ие болды. [9] Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы
жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына
қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен
мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің
басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен
қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді,
ұятқа қарама-қарсы автономия деген атқа ие болып, оның аяқталуы Мен
өзім дағдарысын туындатады.
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау,
шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз
қажетсіздігін сезінуге негіз болады. Шектен шығара ұялту жасанды мінез-
құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім
шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде
секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр
сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын
сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада
әділеттік қалыптасып, кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік деген жас
ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.
Үшінші кезең бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі 4-5 жаста балада
айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған
қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және
қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі
жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде
қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң
сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі
сезінуге әдеттенеді.
Төртінші Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі. 6-11 жаста
мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін
дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің
артуы Мен сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен
мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда
өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.
Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы Мен өзім
дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған
дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
1. Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді
2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм
фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға,
тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі
толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда
негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.
Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті
емес.
Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді. [8]
Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын
байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.
Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның
теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық
қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі.
Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.
Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-
де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат,
қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.
Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу
және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс,
құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа
түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне
деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.
Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс
беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік
қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып
келетін жеткіншіктер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс
жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата – анасының
қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын
жоғалтқандар, ата – ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң,
ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан
өткізгендер және өз құрбы – құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге
жетіп үлгерген дарынды балалар.
Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта
құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған
ортаға — деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды,
дөрекілік, сыншылдық пайда болады.
Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де
ұқсамауға ұмтылады.
Зерттеушілердің бір қатары 18-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс
кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.
Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік
бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық
жағдайларды тиімді шешу болып табылады.
Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты
мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда
болады.
Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан
қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты
болып табылады.
Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең
эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу
іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну
мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын
кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.
Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды
эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады.
Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп,
нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

2. Отбасы татулығы бағдарламасының негізгі бағыттары

Отбасы татулығы бағдарламасы балалар және ата-анамен, жалпы отбасымен
тұтас жұмыс жасауға арналған.
Ата-аналары қамтамасыз ететін тәрбиелеу жағдайлары және әр балаға
жекелік және дифференцияланған ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып
табылады.
Ұсынылған бағдарлама отбасының және оның жеке мүшелерінің психологиялық
диагностикасы; отбасылық кеңес беру; жас ерекшелік және отбасылық
психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коррекция;
отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коррекция; ата-ананың тұлғалық
қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті
дамыту және қалыптастыру; отбасы мүшелерінің психологиялық сауаттылық;
психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-
психологиялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.
Жалпы сағат саны — 240, олардың ішінде ата-анамен жүргізілетін
психологиялық жұмыс үшін- 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат.
Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.
Бағдарлама екі бағыттан тұрады:
1) Тұрақты қызмет ететін жоба Бала жеке басын дамыту мектебі
2) Тұрақты қызмет ететін жоба Ата-аналар мектебі

Отбасы татулығы қызметі

баланың жеке басын дамыту мектебі Ата-аналар мектебі

Отбасы татулығы бағдарламасы бағыттары 5 бөлімнен тұрады.
1. Психологиялық диагностика.
Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді
және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-
психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар
тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі
көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық
жұмысын анықтауда Баланың жеке басын дамыту мектебі және ата-аналар
мектебі тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс
түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту,
алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
2. Психологиялық коррекция.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде бір
жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды,
тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші
жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын
ықшамдау.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен
ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу
ерекшеліктерін қолдайды.
3. Психологиялық ағарту. Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда
отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта
оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтар оқытушы, дамытушы,
қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала
мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік
сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт
арлығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты дамыту, жас және баланың
жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық саулығын сақтау туралы
білімдер ұсынылады. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде
отбасы жағдайының сақталуыда жауапкершілікті сезіну маңызды.
4. Психологиялық кеңес беру- психолог шағымданып келген бала мен ата-
ана мәселесін шешуге көмек береді.
5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу
жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
— балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой
даму деңгейіне, үлгерімі т.б тәуелсіздігіне) ықпал ету;
— баланың ең алдымен жас ерекшеліктерін, қалыптасушы тұлға типін және
қасиеттерін есепке алу;
— ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік
ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында қиындықты түсінуі және білім
мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын
көзқарасты ескеру;
— Баланың жеке бас дамуында зияндық сипат психологиялық қорғану
механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

Алдын-алу жұмыстарының түрлері:
— Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі
психикалық бұзылыстың алдын-алуға негіз болады.
— Стресс жағдайының пайда болуы тұрақты, қолайлы хал-ахуал жасау
мүмкіндіктерін төмендетеді.
Отбасы татулығы қызметінің мазмұны осы әдістемелік құралдың 4
тарауында толық көрсетілген.
Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылықтарына қатысты мәселелер
көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-аналардың құқықтық сауаттылығын
көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана
мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасы
қалыптасуының алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.
Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:
1. Баланы психологиялық қолдау;
2. Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары.
3. Отбасы татулығы н сақтау жұмыстары.
Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық
Институты базасында Баланың жеке басын дамыту мектебі және Ата-аналар
мектебі отбасына қолдау көрсету қызметі, Шымкент қаласындағы
психологиялық орталықтарының негізі болып табылады.

3 Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама

3.1 Мақсаты мен міндеттері

— Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын
көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;

— Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық- ағарту ұйым мен
азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
— Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді
дамуына жағдай жасау.
— Баланың биологиялық отбасында мәнді дамуын қамтамасыз ету жіне балаға
психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде
қарастырылады.

Отбасын әлеуметтік – психологиялық зерттеудің әдістемелік негіздері
Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі
жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен
жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл
бөле отырып, алдына қойған мақсат — міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде
қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық
шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын,
ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін
жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы
ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Э.Г. Эйдемиллер отбасы диагнозы деген терминді ұсынған [10]. Отбасы
диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы
отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына
әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай
отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді.
Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық
диагностикалық әдістер : сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық
әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест

Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын
анықтауда: топтасуын(эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің
бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты,
отбасының бір –біріне икемділігі мен болады.

Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3 сауалнамасы
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама,
мақсаты-отбасы құрылымын бағалау.Сауалнама авторлары
Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре
ұсынған
Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі
және коммуникациясы жинастыра дөңгелек моделі қарастырылады.
Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл –күйде бір-бірімен
байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс,
отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы
қарастырылады.
Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері стестік жағдайға қаншалықты икемді
(иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі
Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже
және ролдері.
Дөңгелек моделіотбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше
жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін,осыған сәйкес аталуы:
бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу
Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және
бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.
Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара
сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып,
жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға:
коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.
Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындаубарысында
кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара
түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.
Нұсқау:Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге
болады.Зерттеуді отбасы мүшесінің бәрімен толық жүргізгені абзал, ол
коммуникацияерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан
тұрады.
• Ешқашанда
• Сирек
• Оқтын-оқтын
• Жиі
• Барлық уақытта
Бұл әдістеме екі рет қолданылады : біріншіде сіз шынайы өміріңізде
отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін
армандайсыз идеалдыдеңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама
беріледі.

Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3
Вариант А-шынай өміріңізді бағалап жазуыңызды өтінемін.
Вариант В-идеалды өмірін жазуын сұрану.
Аты жөні_______________________________ _______________________
Жасы_______________________________ ___________________________
Зерттеу уақыты_____________________________ _____________________

Бекітулер Ешқа сирек Оқтын- жиі Барлық
шанда оқтын Уақытта
1.Бізде отбасы мүшелері бір-бірінен
көмек сұрай алады.
2.Мәселені шешубарысында … жалғасы