Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы

0
169
Баланы балабақшаға беру керек болды. Бірақ, үйде, анасының жанында әбден үйреніп қалған бала жаңа ортаға бірден бейімделе алмауы мүмкін. Ондай сәттерде көптеген ата-аналар мынадай қателіктер жіберіп жатады:

– Дұрыс бейімдемеу. Бала жылағанда «балабақшаға апарып тастаймын» деп қорқыту.
– Баланың өзі балабақшаға үйрене алмай жүргенінде оны зоопаркке, циркке апарып көңілін аулаймын деу – қателік, ол керісінше, баланың жүйкесіне одан сайын ауырлық түсіреді. Алғашқы кездерде демалысында үйде, жайлы атмосферада баламен бірге болған дұрыс.
– Балаға тым жанашырлық таныту. Апарып тастағанда «мұңды» көздермен қарап, ұзақ қоштасу, алып қайтқанда құлап, жарақаттанған жерлеріне «шошып» қарау – барлығы балаға теріс әсер етеді.
– Үйге келген соң «балабақша жаман ба», «апайың ұрысты ма, ұрды ма» деп сұрай беру де баланың тез үйренуіне кедергі келтіреді.
– Барғысы келсе барып, барғысы келмей жыласа, бармай қоя салу – дұрыс емес.