Home Lifestyle “Балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыстарда педагогтың жаңа көзқарасын қалыптастыру»

“Балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыстарда педагогтың жаңа көзқарасын қалыптастыру»

0
355







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




“Балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыстарда педагогтың жаңа көзқарасын қалыптастыру»

Автор: Абдікамал Мөлдір Жүсіпқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-26



Материал туралы қысқаша түсінік

мектепке дейінгі мекемедегі психологтардың іс-тәжірибесімен бөлісу







“Балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыстарда педагогтың жаңа көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін кадрлармен әдістемелік жұмыстың жүйесі”Психолог: Абдікамал Мөлдір Жүсіпқызы №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы КММ Жоспары: І. Кіріспе Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі.ІІ. Негізгі бөлімМектепке дейінгі мекемеде педагог-психологтың ата-аналармен бірріккен жүйелі жұмыс бағыттарыҚорытынды Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір – бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.Н. Ә. Назарбаев Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі жаста қаланады.Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Баланы қимылына, іс-әрекетіне қарай бағалау керек. Жиі мадақтаған дұрыс. Бірақ теріс әрекетін байқаған сәтте уақыт оздырмай баланың жанына үңілу қажет.Кейбір адамдар балаға «оңбағансың» деп ұрсып жатады. Осы сөзді айтудың өзі дұрыс емес. Немесе көршінің баласымен, сыныбындағы басқа баламен салыстырып, «Ана баланы қарашы, керемет» деп кінәлау да баланың жүрегін жаралайды. Әр баланың жаратылысы бөлек. Сондықтан баланы өзге баламен салыстырып ұрсу да оны теріс әрекетке итеруі мүмкін. Жазалау – менің түсінігімде баланың кемшілігі туралы жеке сөйлесу. Ешқашан да баланы көптің көзінше жазалауға жол бермеу керек. Үнемі оңаша сөйлесіп, түсіндірген абзал. Отбасында мадақтау әдісін жиі қолданған дұрыс, бірақ баланы түзу жолға салып жіберу үшін орынды жерінде жазалау да қажет. Сонымен әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі – өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата – ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата – ананың қолында. ψ Психолог Ата-ана Бала Педагог Психологиялық бағыт: Ата – анамен Ұжыммен Балалармен
Тәрбиеленушілердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.  4.Ата-анамен жұмыстарМақсаты: педагогикалық үрдістерге қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай – ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.  1.Психологиялықағартушылық жұмыстарМақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.  Психологиялық бағыт: 2.Психодиагностикалық жұмыстар 5. Педагогикалық-ұжыммен жұмысМақсаты: білімділік, біліктілік деңгейін анықтау, қарым-қатынасын нығайту 6.Психологиялық кеңес жүргізу.Мақсаты: педагогикалық үрдістерге қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету. 3.Психокоррекциялық жұмыстар. II.Негізгі бөлім Бүгінгі таңда болып жатқан өмірміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Осыған орай ата-аналармен біріккен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдармен құралады: бірлік, жүйелілік, әр балаға және әр отбасына жекелей тұрғыдан қарау, ата-аналардың бір-біріне сенімі мен өзара көмегі. Осы аталған ұстанымдарды жүзеге асыруда мекеме педагог-психолог жылдық жоспарда көрсетілген «Ата-аналармен жұмыс» сызбасына сүйенеді. Мақсаты: Ата-аналармен өз балаларының білім және тәрбие алатын ортасымен таныстыру. Яғни сол әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, қосымша мамандармен таныстыру арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру. Достық қарым-қатынас құру. 1. Әр топтардың ата-аналар жиналысына қатысуМақсаты: өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналарға қолдау көрсету  2. Ата-аналармен дөңгелек үстел Мақсаты: Дөңгелек үстел еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. «Баланыз мектепке дайынба?» тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен талдануы мүмкін. Семинарлар. Мақсаты: Ата-аналар өздері жеке немесе тәрбиешімен бірлескен түрде белгілі бір тақырып бойынша талқылау жұмыстарын жүргізеді. Басқа ата-аналарға өз беттерінше мәселе шешу жолдарын тауып, еркін түрде жүзеге асыра алады. 2018 жылдың 10 мамыр күні №2 “Бөбек” санаториялық балабақшасы КММ-де Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыруымен “Денсаулық күні” орай “Ойымды ашық айтсам деп едім…” ток-шоу өткізілді. Демікпе туралы өзекті сұрақтар қойылып, Салауатты өмір салты орталығының маманы Маханбетова Зәуреш Наурызбайқызы, ата-ана , балабақша медбикесі Қожатаева Күлайхан Беркінбайқызы, жоғары санатты педагог, ақылшы ұстаз Ысқақова Нағима Сейдахметқызы қатысты. 3. Ата-аналармен жұмыстың бір формасы- тренингтер Мақсаты: Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беру. Ата-аналар мен бала арасындағы жақындықты қалыптастыру. Қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. 2017 жылдың 10 қараша күні “Балапан” І кіші тобының “Ата-ана махаббаты” тренингіне ата-аналар өздерінің ойларын айтып, жылы сөздерін білдірді. 2018 жылдың 31 қаңтарда “Болашақ” ересек” тобында“Бала жанының сұлулығын түсін, Ана!” тренингіне ата-аналар жақсы көңіл-күймен қатысып, күннің жылы шуақтарына балдарының еркелетіп айтатын сөздерін жазды.

4.Педагогикалық кеңеске қатыстыру. Мақсаты: Бұл жұмыс түріне ата-аналар комитеті мүшелерін немесе төраға, төрағайымдары жылына бір рет қатыстыруға болады. Педагогикалық кеңес барысында ата-ана қаралып отырған тақырыптың бала тәрбиесіндегі өзектілігі бойынша ой бөлісе алады. 6. Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу.Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету. Қорытынды.Ата- ананың басты қуанышы- бала.Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. «Әкеден-ақыл, анадан мейір алады», «Әке – асқар тау болса, ана – бауырындағы бұлақ, ал бала – жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала – отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.