Home Lifestyle балаларды түстермен таныстыру және түстерді ажырата білуге үйрету

балаларды түстермен таныстыру және түстерді ажырата білуге үйрету

0
185

Сабақ тақырыбы: Түрлі – түсті бояулар әлемі
Мақсаты:
Білімділік: балаларды түстермен таныстыру және түстерді ажырата білуге үйрету.
Түзете – дамытушылық: ой – өрісін, ойлау қабілетін, тілін дамыту. Ойынға деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды тазалыққа, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі – құралдары: слайд, суреттер, акварель бояуы, түрлі – түсті себеттер, түрлі – түсті геометриялық пішіндер, кесінді суреттер, жұлдызқұрттар сандықшасы, сюжетті суреттер.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
– Сәлеметсіңдер ме балалар!
– Балалар, бүгінгі көңіл – күйлерің қалай?
– Тамаша (Балалардың жауабы.)
– Ендеше балалар осындай тамаша көңіл – күймен біз түстермен танысайық.
ІІ. Жаңа сабақ
Слайд арқылы балаларды түстермен таныстыру
Бұл – қызыл түс. Қызыл түс бізге қуанышты көңіл – күй сыйлайды.
Осы қызыл түсті қандай заттар бар екенін экранға қарап атап көрейік: қызғалдақ, қызанақ, қызыл қалпақ, қызыл алма және тағы басқа да қызыл түсті заттар көп екен.
Бұл – жасыл түс. Жасыл жағымды көңіл – күй сыйлайтын түс болып табылады. Енді жасыл түсті қандай заттар бар екенін көрейік: жапырақ, қарбыз, жасыл трактор, жасыл көйлектер және тағы басқа да жасыл түсті заттар көп екен.
Бұл – сары түс. Сары түс ашық көңіл – күй сыйлайды. Сары түсті қандай заттар бар екенін экранға қарап, атап көрейік: күн, бақ – бақ гүлі, қауын, сарғалдақ гүлі және тағы басқа да сары түсті заттар көп екен.
Бұл – көк түс. Көк жақсы көңіл – күй сыйлайтын түс болып табылады. Енді көк түсті қандай заттар бар екенін көрейік: аспан, көбелек, көк доп, көк машина және тағы басқа да көк түсті заттар көп екен.
– Қараңдаршы балалар, мұнда түрлі – түсті жолдар бар және де бұл жолдар әр түрлі екен. Қызыл түсті жолымыз – қисық, жасыл түсті жолымыз – ирек, ал көк жолымыз – үзік – үзік, сары түсті жолымыз – түзу екен. Біз осы жолдармен жүріп, әр жолдың тапсырмаларын орындап көреміз бе?
– Ия (балалардың жауабы )
• Қызыл түсті қисық жолдың тапсырмасы: «Кім жылдам» ойыны
Ойын шарты: қиылған суреттерді құрастыру
Ойын мақсаты: баланың ойлауын дамыту

• Жасыл түсті қисық жолдың тапсырмасы:
Ойын шарты: пішіндерді пайдаланып суреттегі бейнені құрастыру.
Ойын мақсаты: балалардың пішіндер жайлы танымын, ойлауын дамыту

• Сары түсті жолдың тапсырмасы: суретте бейнеленген заттарды түсіне қарай себеттерге орналастыру.
Ойын шарты: түрлі – түсті себеттерге жердегі суреттерді түстеріне қарай топтастырып салу және оның аттарын атау.
Ойын мақсаты: баланың ойлауын дамыту, түстерді ажыратуға үйрету.

• Көк түсті үзік жолдың тапсырмасы саусақпен сурет бояу
Ойын мақсаты: баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: берілген суреттерді саусақпен сурет салу арқылы аяқтау.

Сергіту сәті
Көктем келді тамаша
Ойнайықшы балаша.
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Айналада түстер көп.
Шат – шадыман жүрейік,
Ойнайық та, күлейік.

Бекіту.
«Түрлі – түсті жұлдызқұрттар» ойыны
Ойын шарты: сандықшадағы жұлдызқұртты қармақпен іліп, түсіне қарай берілген сюжетті суретке әңгіме құрау.
Ойын мақсаты: баланың сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол мотрикасын белсендіру, түстерді ажыратуға үйрету.

Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау.