Балаларды судың қасиетімен таныстыру, Қарапайым зерттеу әдістеріне тарту

0

«Судың қасиеті»(Ересек тобы)

Білім беру саласы: Таным. Коммуникация. Әлеумет.
Оқу қызметі: Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Қарапайым зерттеу әдістеріне тарту. Жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылығын ояту. Алғашқы тәжірибе жасау дағдыларын дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, оған қамқорлық танытуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс.
Таным: Сумен күрделі емес тәжірибелер жасау. Судың қасиетін зерттеу процесінде бекіту. Білуге құмарлығын дамыту.
Қатынас: Сөздік қорын кеңейту және жандандыру.
Денсаулық: Судың адам өмірінде маңызы жайлы түсінік беру.
Әлеумет: Балалардың арасында зерттеу жұмысы барысында тығыз әріптестік қарым — қатынас қалыптастыру.
Көрнекілік: Су, тұз, қант, құм, стакан, сүт, қасық, бояу, мақталы таяқша.
Билингвальды компонент: Су — вода, сүт — молоко, мөлдір — прозрачный.
Әдіс — тәсілдері: М. Монтессори элементтері, зерттеу, сұрақ — жауап, ойын.
Шаттық шеңбері:
— Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Тосын сәт: Қолына шырын ұстаған Жалқаубектің келуі.
Жалқаубек: Балалар, сәлеметсіңдер ме. Мен жолда келе жатып су сатып алдым.
— Балалар, мынау су ма? (Жоқ, шырын).
— Жалқаубек, сен су туралы не білесің? (Су туралы білмеймін).
— Балалар, Жалқаубек су туралы білмейді екен, қане, біз айтып берейікші. Су қай жерде кездеседі? Су бізге не үшін қажет? (Балалардың жауабы).
— Балалар, біз Жалқаубекке судың пайдасы туралы айтып түсіндірдік. Жалқаубек, сен судың қандай қасиеттері бар екенін көргің келе ме? Ол үшін балалармен біздің зертханаға жүр.
Жалқаубек: Зертхана деген не? (Ол жерде тәжірибелер жасаймыз).
Жалқаубек: Ой менде судың қандай қасиеттері бар екенін білгім келеді.
— Су туралы қандай мақал — мәтел білесіңдер?

Нұрали: Судың да сұрауы бар.
Балым: Сусыз өмір жоқ.
Жұбаныш: Бұлақ көрсең көзін аш.
— Бүгін мен зерттеуші ғалым боламын, ал сендер менің көмекшілерім боласыңдар. Ол үшін біз арнайы киімдерімізді киеміз. Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз. (Айқайламаймыз, апайдың рұқсатынсыз еш нәрсеге тиіспей, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз).
— Олай болса, тәжірибелер жасай отырып, судың қасиеттерімен танысайық.
1 — тәжірибе: Үй тапсырмасы: экран арқылы үй тапсырмасын көру: «Су сұйық — сондықтан ағады». Балалар экран арқылы Балымның үйден жасаған тәжірибесін көреді.
2 — тәжірибе: «Су — мөлдір». Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. (Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт құйылған ыдыстан қасық көрінбейді).
3 — тәжірибе: «Суда дәм жоқ». Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді.
4 — тәжірибе: «Судың иісі жоқ». Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді.
5 — тәжірибе: «Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді». Суы бар екі стакан алып, біреуіне құм салып, екіншісіне қант салып араластырып көреді. Қайсысының ерігенін айтады.
Сергіту сәті.
7 — тәжірибе: Ойын: «Түсті сүт».
Ыдыстағы сүтке бірнеше түсті бояу тамшысын қосу. Сонда сүт қозғалып түрлі түсті отшашу пайда болады.
— Жалқаубек, сен бүгін балалармен бірге тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерін білдің. Балалар, біз бүгін судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік. Сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері бар? (Балалардың жауабы).
Қорытынды.

Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
тәрбиешісі Турганбаева Нурсауле