Балалар текшелермен ойнайды

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары:Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Балалар текшелермен ойнайды (сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру).
Мақсаты: Балаларды сюжеттік сурет(жеке заттарды,кейіпкерлердің әрекеттерін атау) бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Педагогтің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап,зат есім мен етістіктерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыра білу және етістіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын,құраймыз, ойнаймын, ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.Балаларды достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: № 4 демонстрациялық материал (балалардың текшелермен ойын суреттері), № 4 үлестірмелі материал (түрлі заттардың суреттері, оларды түсі бойынша қосу). Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалардың текшелермен ойыны. Сөздік жұмыс: қақпа, қорған, мұнара, текше. Қостілділік компонент/ билингвальный: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.
Оқу іс –әрекетінің кезеңдері
Педагогтың іс –әрекеттері
Балалардың іс -әрекеттері

Мотивациялық — қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!

Тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық -ізденістік
Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.
Тәрбиеші балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдауын сұрайды. – Балабақша бөлмесінде Олжас пен Марат текшелерден мұнара салып жатыр. Мұрат пен Самат машиналарымен текшелерді әкеліп, түсіріп алуын өтініп тұр. Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. Сөрелерде көп ойыншықтар тізіліп тұр. Тәрбиеші балалардан Олжас пен Миша не құрастырып жатқанын сұрайды. (Мұнара).

Билингвальды компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.

— Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? (кітап оқып отыр) — Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр? — Балаларға тағы да текшелер не үшін қажет? (Үлкен қорған құрастырмақшы). – Қараңдаршы, балалар, шынында да өте әдемі көк қақпа құрастырды. – Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайық.
Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан а-е-о дыбыстарының айтылуын қайталату.

Сергіту сәті
Санайықшы жаңаша, Бір, екі, үш! Желбіре, жалауша, Достықта біздің күш!

№ 4 үлестірмелі материалмен жұм Түсі бойынша қос. Ойын шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар қайталайды.

— Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр.

Қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня сөздерін қайталайды.

— Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. – Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр. – Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, құрастырған мұнарасы туралы әңгімелейді.

Балалар қайталайды. Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.

Суреттегі заттарды түсімен ажыратып, бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады.

Рефлексиялық – түзетушілік
Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. – Балалар, сендер текшелермен мұнара, қақпа, қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дидактикалық ойын: Не құрастырдың? Баларды мадақтау.
Балалардың жауабы.
— Құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Түсінеді:артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды ( а, ә, о, ө ) қалай айту керектігін;
Қолданады: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.