Балабақша сабақ жоспары: Жау-жау жаңбыр
Мақсаты: 1.Балаларға әннің сөзін,әуенін үйрету.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын,таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жаңбыр жауып тұрған бейненің суреті.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Күзде,көктемде,жаз мезгілдерінде аспанды бұлт торласа не жауады?
-Жаңбыр
-Бүгін жау-жау жаңбыр әнін үйренеміз.
V Жаңа сабақ
-Жаңбырдың пайдасы қандай?
-Жазды күні жаңбыр жаумаса не болады?
Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев
Алатаудың бауырында
Атам,әжем ауылында
Ақша бұлттар ауа берші
Жау-жау жаңбыр жауа берші
Қ-сы:
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің әсем қалама
Бақыт болып жаушы жаңғбыр
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама
Менің байтақ далама 2-рет
2Алматыдай ақ қалама
Жасыл желек жас қалама
Ақша бұлттар ауа берші
Жау-жау жаңбыр жауа берші
Қ-сы:
Әннің сөзін әуенімен жаттатқызу.
VII Қорыту
-Балалар қандай ән үйрендік?
-Бұл өлеңде не туралы айтылған?
-Екі-үш оқушыдан тақтаға шығарып әнді айтқызу.
-Хормен айтқызу.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау …..