Балабақша сабақ жоспары: Жайнай бер Қазақстаным
Таңертеңгі қабылдау,
Таңғы жаттығу,
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалармен жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.Ата-аналарға арналған кеңестер медбике,психолог,мамандары.
Жаттығулар кешені: балалардың дене қалыптарын дұрыс дамытып,қимыл қозғалысын арттыру мақсатында,ертеңгілік гимнастикалық жаттығулар кешенін орындату.
Жалпы дамытушы жаттығулары
1.Б.Қ Қол белді аяқ алшақ басты оңнан солға қарай айналдыру 4-5рет
2.Б.Қ Қол белде,аяқ алшақ ,иық пен шынтақты алға созып,басты оңға бұру,б.қ келу, сол жаққа бұру,иық шынтақ алға б.қ 5-6 рет
3.Б.Қ Аяқ алшақ,қол төмен,жанымыздан қолды созып бастан жоғары шапалақтау,қолды жанынан созып төмен тұру б.қ 5-6рет
4.Б.Қ қол белде,аяқ қосып түру,тізені еңкейіп отыру,жартылай басты түзу ұстау б.қ келу,түзелу 5-6 рет
5. Б.Қ Өкшені бірге,ақтың басы алшақ,қол белде отыру,қолды алға созу,шапалақтау,түру,б.қ келу 5-6 рет
6.Б.Қ Түзу түру,қол белде,секіру 7-8 сек
Дастархан әдебін сақтай отырып, жақсы көңіл күйде таңғы ас қабылдау. Ас ішіп болған соң ас қайтару.
Ойын түрінде өткізілетін сауықтыру іс-шаралары
9.30-10.20 Тақырыбы:«Астана бас қала»
(құмнан ғимараттар жасау)
Мақсаты:Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, балаларды отан сүйгіштікке әсемдікке баулау,шығармашылық қабылеттерін дамыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларға өз қиялымен әр түрлі ғимараттар жасату.
Барысы: Баларды жылулық шеңберіне жинап сәлемдесу.Балалар ға астана еліміздің бас қаласы екенін, ол өте әдемі қала екенін, біз-осы елдің болашақ ұрпағы екенімізді түсіндіру.
Астана күн санап көркейіп келе жатқан қала екенін, Астана ғажайып, әдемі, үлкен қала екенін құман өз қиядарымен ғимараттар жасату арқылы көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Астана қаласы туралы, бас қаламыздың мәдени орындары туралы.
Игереді: Отанын сүюді.
Меңгереді: Астана қаласының ғимараттарын құмнан жасай алуды, қиялдарында астананы суреттей біліуді.
Тақырыбы:«Астана- арман қала» мерекелік іс-шара.
Мақсаты: Балаларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Президент туралы әңгімелеу. Іс- шара арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Астана туралы бала қиялын дамыту.
Барысы: Баларды жылулық шеңберіне жинап үш тілде сәлемдесу. Слайдттар арқылы Астана туралы түсіндіру. Суреттер көмегімен Астанаға саяхат жасау. Астананың көрнекті жерлерін суреттеп көрсету. Балаларға Астана туралы тақпақ, өлең үйрету, білетін тақпақтарын айтқызу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Астана қаласы туралы, ғимараттар туралы, бас қаламызға арналған өлең, тақпақтарды.
Игереді: Мерекелік іс- шараларда өз ойларын айта білуді.
Меңгереді: Астана туралы өлеңдер, суреттер арқылы бас қаламызда қандай мәдени орындар бар екенін. Тақырыбы:
«Астана ғимараттары»танымдық ойын.
Мақсаты: Балаларға танымдық ойын арқылы Астана ғимараттарын таныстыру. Танымдық ойын барысының арқасында балалардың сөздік қорларын дамыту, оларды күнделікті қолдануға үйрету.
Барысы: Баларды жылулық шеңберіне жинап үш тілде сәлемдесу. Астана қаласының ғимараттарының суреттерін көрсету арқылы, ғимараттар туралы мәліметтер беру. Олардың қандай ғимарат екенін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Астана қаласының ғимараттары туралы.
Игереді: Астана қаласының ғимараттары туралы.
Меңгереді: Танымдық ойындар арқылы Астана қаласының ғимараттары туралы.
Тақырыбы: «Тарихи ескерткіштерге саяхат»
Мақсаты: Қазалы қаласындағы Ғани Муратбаев мұражай туралы балаларға түсінік қалыптастыру.
Балаларды мұражайға алып барып мұражайдын ішкі дүниесімен таныстырып өту. Мұражайда қандай ескерткіштер сақталғанын көрсету. Олармен таныстыру, мәлімет беру.
Барысы: Балаларды муражайда сақталып тұрған құнды бұйымдармен таныстырып шығу. Әрқайысының өз ерекшелігінен таныстыру. Балаларға мұражай тарихын таныстыру. Балаларға ескерткіштердің тарихымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мұражайдағы ескеркіштердің тарихын, қандай заттар ескерткіш ретінде сақталғаны туралы
Игереді: тарихты заттар туралы мәліметтер. Олардың маңызын.
Меңгереді:
Ғ.Мұратбаевтың қандай тұлға екенін. Оның атындағы мұражайда қандай ескерткіштер бар екенін.
Тақырыбы: «Денің сау болсын»
Мақсаты:Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәриелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Дене жаттығулары арқылы бір- біріне деген қарым -қатынасын жақсарту.
Барысы: Балалар колоннада, сап бойымен жүреді. Балалар жан-жақты денені жаттықтыратын жатығуларды, яғни бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Шеңберде тұрып, дем алу жаттығуын орындайды..
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойын шартын, күнделікті жаттығуларды орындау. Денені қалай шынықтыруды.
Игереді: Дене жаттығуларын дұрыс орындауды.
Меңгереді: Сап бойымен жүруді, дұрыс жаттығуды. Бойды шынықтыруды.
«Табиғат аясында»
Серуен
Бақылау
Еркін ойындар
10.20-11.40
Балаларды серуенге шығару.
Бақылау:Ауа- райын бақылау.
Мақсаты:Ауа райындағы өзгерістерді аңғару және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру.
Еңбек: Гүлдерге су құю.
Мақсаты: еңбек сүйгіштікке баулу, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қимылды ойын: «Кім аталған ағашқа тез жетеді?».
Мақсаты: ағаш аттарын дұрыс атай білу, ойлау қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа баулу.
Балабақша ауласының тазалығын бақылау.
Мақсаты:тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендердің еңбегін бақылауға тәрбиелеу.Еңбек:Аула қоқысын тазалау.
Мақсаты:Еңбек әрекетін орындауға үйрету.
Қимылды ойын: «Кім шапшаң?». Мақсаты:Балаларға шапшаң ойындар ойнату арқылы қызығушылықтарын ояту.
Ағаштың жапырықтарын салыстыра бақылау.
Мақсаты:
Ағаштардың түрлеріне қарай жапырақтарының да әр түрлі болатынын көрсету.
Еңбек:
Ауладағы бұтақтарды жинау.
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген құлшыныстарын қалыптастару.
Қимылды ойын: «Теңге алу».
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалысын дамытып,ептілікке, жылдамдыққа, жеңіске жетуге деген құлшыныстарын қалыптастыру, көңілдерін көтеру.
Жаңбырдың жауғанын бақылау. Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру.
Еңбек:Ауладағы қағаз қоқыстарды жинау.
Мақсаты:
бірлесе жұмыс жасай білу іскерліктерін тиянақтау.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр».
Мақсаты:Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Жәндіктерді бақылау.
Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Еңбек:Құмды бір жерге үйіп, үстіне су шашу.
Мақсаты:Жұмыс уақытында ұқыпты болуға баулу.
Қимылды ойын:
«Ұшты- ұшты» Мақсаты: Балалардың аяқ- қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
Шынықтыру-сауықтыру шаралары.
Гигиеналық шаралар.
Түскі ас
11.40-13.00
Су ваннасы. Су ваннасын қабылдап майтабанның алдын алу, аяқтарына массаж жасау. Жуындырып кеуде, іш, арқа, дене мүшелерін ысқылау.
Ауа ваннасы. Дене шынықтыру іс-әрекетін таза ауада өткізу. Қимылды ойындар өткізу арқылы қабылдау. Тыныс алу жаттығуларын таза ауада жасау.
Күн ваннасы. Балалардың басына күн қағар кигізіп, құмда, төсеніш үстінде қабылдау.
Балалардың өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту.(киімдерін ретімен шешіп,өз шкафтарына ретімен орналастыру,достарының киімдерін шешінуіне көмектесіп,киімдері су болған жағдайда кептіруге үйрету)Мәдени-гигиеналық дағдыларды өздігінен атқару қабілеттерін қалыптастырып тазалыққа баулу(қолды дұрыс таза жууға, құрғатып сүртуге үйрету)
Астарың дімді болсын.Балаларға үстел үстінде отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру.(таза және ұқыпты тамақтануға, қасық,кесе,сүлгіні дұрыс,орынды қолдануға,тамақтану кезінде сөйлемеуге,ас ішіп болған соң рахмет айтуға үйрету).
Түскі ұйқы
13.00-15.00 Балаларға ертегі оқып беру.Тәтті ұйқы. Ұйқыларының тыныш болуына жағдай жасау.
Ұйқыдан ояну, Шынығу,
Бесін ас. 15.00-16.00 Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.Хатка-йога жатығуларын жасау.Мәдени гигиеналық шараларын орындау.
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.
«Қайық» — Төсекте ішпен жатып ,қолды иекке таяп қою,жартылай тұрып оңға- солға тербелу.
«Кемпірқосақ» — Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.
«Созылу» — Төсекте аяқтары бірге,қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.
«Тышқандар» — Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу
Астарың дәмді болсын. Балаларға үстел үстінде отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру.(таза және ұқыпты тамақтануға, қасық,кесе,сүлгіні дұрыс,орынды қолдануға,тамақтану кезінде сөйлемеуге,ас ішіп болған соң рахмет айтуға үйрету). Бата беріп, ас қайыру.
Серуен, шығармашылық, ермек ойындар 16.00-17.40 Қимылды ойын:
«Күн мен түн»
Мақсаты:
Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу. Қимылды ойын: «Кім тез жүкіреді?».
Мақсаты: Оңды-солды жүруге жаттығу. Балаларды жылдамдыққа үйрету.
Қимылды ойын:
«Алысқа лақтыр»
Мақсаты:Қапшықты нысанаға тигізу икемдігін дамыту. Қимылды ойын:
«Паравоз» Мақсаты:Ойынның тәртібін сақтай отырып, бір біріне ілесіп жүгіру. Қимылды ойын:
«Кім шеңберде қалады?»
Мақсаты:балаларды жылдам жүгіруге, ептілікке, байқампаздыққа, белгі бойынша қимыл жасауға үйрету.
Үйге оралу.
Ата-аналармен қарым-қатынас жұмыстары 17.40-18.30 Тәрбиеші:Ата -аналарға кеңес:Үйге берілген тапсырмаларды балалармен бірігіп орындау керектігін айту.
Тәрбиеші:
Психологтың кеңесі:Ата –аналарға баланы шектен тыс еркелетпеу жөнінде кеңес беру. Тәрбиеші: Медбикенің кеңесі:Ата- анаға балаларды жұқпалы аурудың алдын алу жайлы кеңес беру. Тәрбиеші:Баласының балабақшада не үйренгенін сұрап, қадағалауларын тапсыру.
Тәрбиеші:Ата- аналарға балаларын жылы киіндіріп,әкелулеріне кеңес беру. …..