Балабақша сабақ жоспары: Рәміздер айтысы


Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
— Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке — тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
— Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
— Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір — қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық. …..
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!