Балабақша сабақ жоспары: Өзіңе және өзгелерге көмектес
— Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету;
— Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру;
— Қамқор болуға тәрбиелеу;
Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, ылғалды сүрткіш, түрлі-түсті қарандаш.
Мотивациялық — қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі
Ұйымдастырушылық — ізденушілік 1. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды балапандарды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі оқу қызметіне келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлеметсіздер ме!
Міне, тамаша! Енді, қанекей бір — бірімізді қарсы алайық!
Біз қамқоршы баламыз,
Үлкендерге панамыз.
Аялаймыз, сүйеміз,
Әрқашанда үлкенге
Біз қамқоршы боламыз.
Ал, енді мен сендерді ыңғайлап отыруға шақырамын.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі
Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай бар
Үш айды барлығымыз қайталап айтайық бірге.
Қырқүйек, Қазан, Қараша.
Педагог қолындағы қаламды түсіріп алады. Сол кезде бір бала көмекке келеді. Педагог балаға рахмет айтады. Үлкендерге және өзінен кіші немесе достарына әрдайым көмек көрсету керек. Бүгінгі біздің оқу қызметімізде бір бірімізге көмек беру жайлы болмақ. Ендеше балалар слайдқа назар аударайық.
Балалар қандай ертегі болды?
Шалқан ертегісі. Дұрыс айтасыңдар Шалқан ертегісі екен.
Балалар Ата ненің тұқымын екті?
Шалқанның тұқымы. Дұрыс. Бұл ертегіде кімдер бір біріне көмек көрсетті?
Атаға, Әже. Атасына, Әжесіне, Қызы. Атасына,Әжесіне,Қызға, Иті. Атасына, Әжесіне, Қызыға, Итіне,Мысық.Атасына, Әжесі; Қызға,Итіне, Мысығына, Тышқан.
Тышқан келіп көмеек көрсеткенде Шалқан алынып кетеді.
Балалар барлығы бірлесу арқылы, бір-біріне көмек көрсете отырып Шалқанды орнынан қозғалта алды. Бізде әрқашан бір-бірімізге көмек беру арқылы достығымызды және бірлігімізді көрсетеміз.
Осы кезде Қоян көңілсіз кіріп келеді.
Салематсызба. Қоян сізге не болды көңіл күйіңіз жоққо.
Қоян. Менің азығым таусылып қалды, менің енді қатты қарным ашып тұр сондықтан көңіл күйім жоқ.
Балалар Қоянның сүйікті азығын білеміз бе?
Қоянның сүйікті азығы ол Сәбіз. Дұрыс айтасыңдар балалар.
Қоян: балалар маған сіздердің көмеектерін қажет маған көмек көрсетесіңдер ме?
Йа біз көмек береміз.
Олай болса Айзере тақпағынды айтамыз.
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпын
Мен жазықсыз сәбізбін.
Ендеше балалар менің қолымда түрлі-түсті текшелер бар. Сол түрлі-түсті текшелерді өздеріңіз таңдап алыңыздар.
Таңдаған түстердегі текшелермен өз орнымызға отырамыз.
Мүсіндеу.Жапсыру. Сурет салу жұмыстары жүргізіледі.
Қоян жапсыруға балаларға көмек көрсетеді. Педагог сурет салу мен мүсіндеуді түсіндіреді.
Сергіту жаттығу.
Көзім қайда? қайда? қайда?
Көзім мында, мында, мында.
Мұрным қайда? қайда? қайда?
Мұрным мында, мында, мында.
Басым қайда? қайда? қайда?
Басым мында, мында, мында.
Қолым қайда? қайда? қайда?
Қолым мында, мында, мында.
Аяғым қайда? қайда? қайда?
Аяғым мында, мында, мында.
Жұмыстарын жалғастырады. Педагог барлығын қарап шығады. Жұмысты аяқтайды. Балаларды ортаға шақырып жұмыстарын қоянға тапсырады.
Қоянның көңілі көтеріледі. Балалар Қоян үйшігіне баруына көмек көрсетіп жолын табауып берейік.
Д/о: «Қоянға жол табуға көмеектес»
Балалар барлығы жолын тауып Қоянды шығарып салады.
Қоян балалар мен сіздерге өте ризамын менің енді кететін уақытым келді сіздерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар.
Қоян қоштаып шығып кетеді.
Балалар жарайсыңдар.
Балалар оқу қызметімізде қандай ертегіні тыңдадық?
Шалқан ертегісін. Шалқан ертегісінде кімдерді кездестірдік? Олар бір біріне не жасады? Көмнек көрсетті бір-біріне.Жарайсыңдар. Қонаққа кімдер келді?
Қоян. Қоянның азығы не болды?
Сәбіз. Сәбіздің суретін салдық, мүсіндеп бердік және де жапсыру арқылыда көрсеттік. Өте жақсы балалар сендер бүгін сабаққа белсенді қатыстындар Сендерге өте ризамын. Оқу қызметі осымен аяқталды. Сау болыңдар.
Балалар шеңбер құрады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Адамгершілік, инабаттылық, ізеттілік, ибалық т. б. жайлы мәліметтерді білді.
Меңгеру: Осы қасиеттерді бойына сіңіріп, меңгерді.
Жасай алу: Бір — бірлеріне қамқорлық көрсете алады. …..