Балабақша сабақ жоспары: ӨЗІМ ТУРАЛЫ БІЛГІМ КЕЛЕДІ

0

Өзім туралы білгім
келеді
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты:
Білімділік: өзі және өзінің
жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін
кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың
атқаратын қызметі туралы түсініп,
айтып беруге үйрету.
Дамытушылық: Өзіне деген
сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты
қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзіне-өзі қызмет
етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Көрнекіліктер:дене
мүшелерінің суреттері, слайд.
Алдын
ала орындалған жұмыс: балалар өздері туралы әңгімелейді
Сөздік жұмыс: Мен, ұл,қыз
Блингвалды компонент: Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога,т.б.
Оқу
іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғау -Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Доброе утро!
— Good morning !
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз!
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге.
Шаттық
шеңбері:
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз
Сәлемет пе! Міне мен!
Доспын енді сенімен.
Балаларды шеңбер бойында тұрғанда сұрақтар қойылып әңгіме
жүргізіледі. Кімнің жанында кім тұрғанын сұрау, ұл немесе қыз екендерін айту. -Сәлеметсіздер ме!
-Доброе утро, всем вам, доброе утро всем гостям!
-Good morning dear
teachers!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл қозғалыстарды орындайды.
Балалар
педагогтің
сұрақтарына
жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік — Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі
екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Бүгін біз өзіміз және өзіміздің дене мүшелеріміз
туралы толықтай ақпарат аламыз.
— Балалар, алдарында тұрған айнаны алыңдар, не байқадыңдар?
Кімді көрдіңдер?
— Ал, енді бастарыңды алдыға, артқа, оңға, солға қозғалтып
көріңдерші, қозғала ма?
— Демек, басты не қозғалтып тұр?
— Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен.
— Енді мен қазір допты
лақтырамын,
сендер қағып алуға тырысыңдар. (педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,
бірақ лақтырмайды).
— Сендер допты қағып
алу үшін не
істедіңдер?
— Яғни қол бізге не үшін керек екен?
— Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді
алыңдар.
— Дәптерді ұстап түру үшін не қажет екен?
— Саусақ қайда орналасқан?
— Ал қолымыз қайда орналасқан?
— Аяқ адамға не үшін керек?
-Бас, қол, аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен?
-Мен
қазір сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне
байланысты алдарындағы тұрған суретте жұмбақтың жауаптарын түрлі түсті
қарындаштармен сурет салу керексіңдер. Педагог ауыз, мұрын,
құлақ туралы жұмбақтар
жасырады.

Екі бала қатар тұрса да,
Бірін –бірі көрмейді.(Көз)
-Алқапта бар биiк тау,
Алды тiк жар қиық тау.
Қос үңгiрi желдетiп,
Ауа жұтар селдетiп. (Мұрын)
-Бір нәрсе жегеніне тіпті қоймас
-Адамның ол нәрсесіз күні болмас
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас (Ауыз)
Сергіту
сәті.
Ән «Көңілді күн» (музыка қойылып
экрандағы қимыл –қозғалысты қайталай отырып сергіту сәтін орындайды).
-Кәне, көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар.
-Ал енді көздеріңді ашыңдар да, үстелдің үстінде
жатқан заттарды атап беріңдерші?

Оны қалай
білдіңдер?

Демек, көз, балалар, көру
үшін керек екен.
-Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын
ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып
бересіңдер (педагог өлең шумақтарын оқып
береді).
— Не себепті
естімей қалдыңдар?
— Демек, құлақтың қызметі қандай екен?
— Жарайсыңдар балалар, тағы да бір зерттеу
жұмысымыз қалды. Бұл зерттеуде бізге қапшық берілді, бұнда әртүрлі заттар
жатыр. Сендер көздеріңді жұмып қапшықтағы затты сипап-сезу арқылы қандай зат
екенін анықтау керексіңдер.
«Сыңарын
тап» ойыны.
Ойын шарты бойынша киндердің ыдысына құм, күріш, бұршақ, үн,тары т.б.
дәнді-дақылдар салынады. Ішіне құм салынған ыдысты алған бала дәл сондай
ішіне құм салынған ыдысты алуы тиіс.

— Білеміз.
— Бар.

— Өзімізді
көрдік
Балалар
бастарын
қозғалтып,
қозғалатындығын айтады.
— Мойын
қозғалтады.
Балалар қолдарын жоға¬рыға созып,
допты қағып алатындай қимыл жасайды.
— Қолымызды жоғарыға создық.
«Еңбек ету үшін», «бір затты алу үшін», «зат¬ты бір жерге қою
үшін», «бетімізді жуу үшін» керек.
Балалар дәптерді алып, ұстап тұрады.

Саусақтар
қажет.

Қолымызда.

Денемізде.
-Аяқ жүру
үшін, жүгіру үшін, отырып- тұру үшін керек.
— Адамның дене
мүшелері

Жұмбақтың жауабына қарай көз, мұрын, ауыздың суретін салады.

Балалар көздерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештеңе
көрмей тұрғандығын айтады.
Балалар үстелдің үстінде тұрған зат-тарды
атап береді.
Өйткені, үстелдің үстіндегі зат¬тарды көріп тұрмыз.

Балалар құлақтарын жауып, педагогке қарайды. Балалар
педагогтің оқыған өлеңін естімегендерінің себеебін айтады.
Балалар өздерінің
пікірлерін айтады.
Балалар қапшықтағы заттарды көрмей алып
қандай зат екенін айтады.

Рефлексиялық — түзетушілік Педагог балалардан
бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін
сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап
қорытындылайды
Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: адамның дене
мүшелерін, олардың атқаратын қызметін
Қандай түсініктерді игереді: өз дене
мүшелерінің (бас, мойын,
қол, аяқ, көз, құлақ) атқаратын қызметін біледі. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!